Об утверждении Правил содержания и выгула собак и кошек в городе Алматы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-2 тармағына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Алматы қаласында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының кәсіпкерлікті дамыту және коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы К.В. Авершинге жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. " КЕЛІСІЛДІ " Алматы қаласы Ауыл шаруашылық және ветеринария басқармасының жетекшісі _________________ А. Керімбек 2017 жылғы «22» қараша " КЕЛІСІЛДІ " Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша Аумақтық инспекциясы жетекшісінің уақытша міндетін атқарушы _________________ А. Султанов 2017 жылғы «24» қараша " КЕЛІСІЛДІ " Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің бастығы полиция генерал-майоры _________________С. Кудебаев 2017 жылғы «24» қараша " КЕЛІСІЛДІ " Алматы қаласы Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция подполковнигі ___________________Ж. Байкенов 2017 жылғы «24» қараша " КЕЛІСІЛДІ " Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулықтық қорғау комитетінің Алматы қаласы Қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің жетекшісі _________________А. Молдагасимова 2017 жылғы «24» қараша " КЕЛІСІЛДІ " Алматы қаласы Пәтер иелерінің кооперативтері қауымдастығының төрағасы ________________Б. Динистанов 2017 жылғы «24» қараша
Басқа 6
Алматы қаласы мәслихатының 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 223 шешіміне 1 - қосымша Алматы қаласында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Алматы қаласында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне және 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Қағида Алматы қаласында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету тәртібін реттейді.
Тармақ 3
3. Қағида мынадай қағидаттарға негізделеді:
Тармақша 1
1) жануарларға ізгілікпен қарау;
Тармақша 2
2) жануарларды қатыгездікпен қараудан қорғау;
Тармақша 3
3) жануарлардың санын ізгілік әдістермен есепке алу және реттеу;
Тармақша 4
4) ветеринариялық-санитариялық нормаларды сақтау және қалада қолайлы эпизоотиялық және эпидемиологиялық ахуалды қамтамасыз ету.
Тарау 2. 2. Иттер мен мысықтарды асырау тәртібі
2. Иттер мен мысықтарды асырау тәртібі
Тармақ 4
4. Қағида иттер мен мысықтардың барлық иелеріне қолданылады.
Тармақ 5
5. Тіркелген иттер мен мысықтар иесінің меншігі болып табылады және кез келген меншік ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалады.
Тармақ 6
6. Алматы қаласының аумағында асыраланатын барлық иттер мен мысықтар Алматы қаласының иттері мен мысықтарын Бірыңғай бірдейлендіру базасында тіркеледі.
Тармақ 7
7. Үй иттері мен мысықтарын есепке алу мына мақсаттарда жүргізіледі:
Тармақша 1
1) қаладағы жануарларды бірыңғай тіркеу, оның ішінде жоғалған жануарларды іздестіруді және оларды иелеріне қайтаруды ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) қараусыз қалған жануарлардың санын бақылау;
Тармақша 3
3) қаладағы эпизоотиялық саламаттылықты қамтамасыз ету.
Тармақ 8
8. Иттер мен мысықтардың Бірыңғай бірдейлендіру базасына тіркеу және чип енгізу рәсімін ветеринарлық тіркеу куәліктерін алған мамандандырылған кәсіпорындар мен ветеринарлық емханалар жүргізеді. Бұл рәсім бір рет жүргізіледі және жануардың бүкіл өмір бойына жарамды болып саналады. Чип енгізу рәсімі ұсынымдық сипатқа ие.
Тармақ 9
9. Иттерді және/немесе мысықтарды тіркеу кезінде иесіне ветеринарлық паспорт беріледі. Егер тіркеу кезінде жануардың ветеринарлық паспорты болса, жаңа ветеринарлық паспорт берудің қажеті жоқ.
Тармақ 10
10. Иттің және/немесе мысықтың иесі тіркеуші органға Алматы қаласының иттер мен мысықтардың Бірыңғай бірдейлендіру базасынан есептен шығару немесе қайта тіркеу үшін жануардың әкетілуі (сатылу, жоғалу, көшу, басқа бір адамға тапсырылу және өлу) туралы хабарлайды.
Тармақ 11
11. Иттерді және/немесе мысықтарды эвтаназиялау және/немесе өлген кезде ветеринарлық паспорт бұрын жануар тіркеуде болған ұйымға немесе иттер мен мысықтардың Бірыңғай бірдейлендіру базасына рұқсаты бар кез келген ұйымға оны жою үшін беріледі.
Тармақ 12
12. Санитарлық-гигиеналық, зоогигиеналық талаптарды және осы Қағиданың келесі шарттары сақталған жағдайда иттерді және/немесе мысықтарды асырауға рұқсат етіледі:
Тармақша 1
1) бірнеше отбасыдан тұратын тұрғын үй-жайларда, тек өзіне тиесілі тұрғын алаңында (жатақханадағы көршілердің жазбаша келісімімен);
Тармақша 2
2) итті кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, азаматтардың бау-бақша шаруашылықтары мен коммерциялық емес саяжайлар бірлестіктерінің аумағында, демалыс орындарында, жеке ауладағы және оған іргелес аумақтағы адамдардың қауіпсіздік нормалары сақталған жағдайда аталған аумақта;
Тармақша 3
3) балалар және жасөспірімдер мекемелерінде, жазғы және қысқы сауықтыру санаториялық-курорттық мекемелерде (санаторийлер, Демалыс үйлері, пансионаттар) уәкілетті органның рұқсатымен;
Тармақша 4
4) иесі қонақ үйде тұрақтаған жағдайда, жануарды әкімшіліктің келісімі бойынша.
Тармақ 13
13. Иттер, жануардың қашуын, адамдарға және/немесе басқа жануарларға шабуылдауын және/немесе қауып алуын болдырмайтын аумақта асыралуы қажет.
Тармақ 14
14. Иттер күзететін аймақтарда «Абайлаңыз қабаған ит!» жазуы бар, ескерту тақтайшалары болуы қажет.
Тармақ 15
15. Жануарды тиісінше күтіп-асырамаған, көршілерге мазасыздық туғызған жағдайда (үнемі шу, үру, пәтерде, үйде жағымсыз иістің болуы, жануарларға қатыгездікпен қарау, жануарларды бақылаусыз өсіру) жануарды асырауға тиым салу немесе жануарды алып қою соттың шешімі бойынша жүргізіледі.
Тармақ 16
16. Иттің және/немесе мысықтың иелеріне тоқсанына кемінде бір рет жануарларды тері паразиттері және гельминттерінен профилактикалық өңдеуден өткізу ұсынылады.
Тармақ 17
17. Иттер мен мысықтардың иелері құтыруға қарсы вакцинацияны жасына қарай өтуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 18
18. Адамды тістеп алған, жарақаттаған жағдайда иттің және/немесе мысықтың иесіне жануарды тексеру үшін ветеринарлық емханаға әкелу қажет. Жануарды ветеринарлық емханаға әкелу мүмкін болмаған жағдайда иесі ветеринар дәрігерді үйге шақыра алады. Жануар кемінде 10 (он) күнтізбелік күн мерзімге бақылауға алынады. Бақылау мерзімі өткен соң ветеринар дәрігер жануардың денсаулық жағдайы туралы анықтама жазып береді. Иесі жапа шеккен адамға жануардың денсаулық жағдайы туралы анықтама береді.
Тармақ 19
19. Мамандандырылған кәсіпорындардан ветеринарлық-алдын алу іс-шараларын өткізу туралы ақпараттың түсуіне қарай (бұқаралық ақпарат құралдары, сайтта хабарландыру орналастыру) иттердің және/немесе мысықтардың иелеріне егер жануар вакцинация рәсімінен өтпеген жағдайда өз жануарларын тексеру, диагностикалық тексеру және емдеу-алдын алу өңдеулерінен өту үшін аталған орындарға кедергісіз әкелу қажет.
Тармақ 20
20. Иттер және/немесе мысықтардың жұқпалы аурумен ауырғанына күдіктенген жағдайда иесіне мамандандырылған кәсіпорындарға, не ветеринарлық емханаға жүгіну және зерттеу нәтижелері бойынша ветеринар маманның нұсқауларын қатаң сақтау қажет.
Тармақ 21
21. Иттер және/немесе мысықтардың қатысуымен өтетін көрмелер, жарыстар және басқа да бұқаралық іс-шараларда зоогигеналық, ветеринариялық-санитариялық нормалар мен қағидалар сақталған жағдайда жүргізіледі.
Тармақ 22
22. Иттердің және мысықтардың өлекселері әрі қарай жою және тиісті құжаттарды алу үшін қаңғыбас иттерді және мысықтарды аулау және жоюмен айналысатын мамандандырылған кәсіпорындарға беріледі.
Тармақ 23
23. Алматы қаласының аумағында мыналарға рұқсат етілмейді:
Тармақша 1
1) тұрғын үйлерде иттер және мысықтарға арналған паналар, қонақ үйлер және питомниктер ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) иттерді және/немесе мысықтарды жалпы пайдаланымдағы орындарда (баспалдақ алаңдары, жертөлелер, шатырдың асты, іргелес балкондар немесе лоджиялар, және жалпы пайдаланымдағы басқа да қосалқы үй-жайлар) және үйдің маңындағы аумақтарда (жеке тұрғын үйлердің үй маңындағы аумақтарынан басқа), жатақханалардың асханаларында және дәліздерінде ұстау;
Тармақша 3
3) жануарларды саяжай және бау-бақша бірлестіктерінің аумақтарында тиісті қараусыз және күтімсіз қалдыру;
Тармақша 4
4) иттерді және мысықтарды бақылаусыз өсіру;
Тармақша 5
5) иттерді және мысықтарды олардың терісін және етін әрі қарай пайдалану, сату, қайта өңдеу және тұтыну мақсатында асырау, аулау;
Тармақша 6
6) зорлық көрсету (ұрып-соғу, жарақаттау, өлтіру);
Тармақша 7
7) иттерді адамдарға немесе жануарларға айдап салу.
Тармақша 8
8) иттердің айқасын ұйымдастыру және өткізу.
Тарау 3. 3. Иттерді серуендету тәртібі
3. Иттерді серуендету тәртібі
Тармақ 24
24. Иттерді және/немесе мысықтарды серуенге шығарған кезде иелері мына талаптарды сақтауы қажет:
Тармақша 1
1) үш айлық жасқа дейінгі күшіктер және шоқтығындағы бойы 25 сантиметрге дейінгі декоративтік иттерді, сонымен бірге тұмылдырықсыз серуендетуге шығаруға болатын брахицефал-иттерді (қысқа тұмсықты тұқымдағы иттер) қоспағанда, жалпы пайдаланымдағы орындарға қысқа мойын жіппен және тұмылдырықпен шығару;
Тармақша 2
2) серуенге шығарғанда айналасындағыларға мазасыздық және кедергі келтірмеу;
Тармақша 3
3) аулаларды, кіреберістерді, баспалдақ алаңдарын, лифтілерді, балалар алаңдарын, жолдарды, тротуарларды, гүлзарларды, саябақтары, демалу орындарын ластамау. Серуендету орындарында иттердің және/немесе мысықтардың табиғи физиологиялық мұқтаждықтарын қанағаттандырған жағдайда, иелері өз иттерінің экскременттерін жинауды қамтамасыз етеді.
Тармақша 4
4) иттің иесі көшеден өткен немесе магистральдарға жақын жерлерде жол-көлік оқиғаларын және жол бойында иттің өлімін болдырмау үшін мойын жібін қысқартып ұстауы қажет;
Тармақша 5
5) иттің иесіне итті белгілі бір уақытқа қысқа мойын жіппен және тұмылдырықпен дүкендердің немесе басқа да мекемелердің алдына байлаулы қалдыруға рұқсат етіледі. Бірақ, ит адамдардың және автокөліктің жүруіне кедергі келтірмеуі тиіс.
Тармақ 25
25. Қала аумағында рұқсат етілмейді:
Тармақша 1
1) алкогольмен және есірткімен мас күйіндегі адамдарға қоғамдық орындарда итті серуендетуге және көлікте алып жүруге;
Тармақша 2
2) иттерді ауладағы балалар ойнайтын және спорттық алаңдарда, мектепке дейінгі және оқу орындарының аумақтарында, емдеу мекемелерінде, тыйым салынған ескерту белгілері орнатылған жерлерде серуендетуге;
Тармақша 3
3) иттерді жағажайда серуендетуге, қоғамдық шомылу орындарында, тоғандарда, су бұрқақтарда және су айдындарында жануарларды шомылдыруға және жуындыруға;
Тармақша 4
4) жануарды жабық жүк салу бөліктерінде тасымалдауға, сондай-ақ терезесі тығыз жабылған автокөліктертің салонында қараусыз қалдыруға.
Тарау 4. 4. Қағида талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік
4. Қағида талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік
Тармақ 26
26. Осы Қағида талаптарын бұзғаны үшін, жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
Басқа 65
Алматы қаласы мәслихатының 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 223 шешіміне 2 - қосымша Алматы қаласы мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізімі
Тармақ 1
1. V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІХ сессиясының 2013 жылғы 28 тамыздағы № 157 «Алматы қаласында мысықтарды ұстау және серуендету Қағидасын бекіту туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1003 болып тіркелген, 2013 жылғы 12 қазандағы № 124 «Алматы ақшамы» және № 128 «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған);
Тармақ 2
2. V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІХ сессиясының 2013 жылғы 28 тамыздағы № 158 «Алматы қаласында иттерді ұстау және серуендету Қағидасын бекіту туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1002 болып тіркелген, 2013 жылғы 12 қазандағы № 126 «Алматы ақшамы» және № 128 «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған);
Тармақ 3
3. VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының V сессиясының 2016 жылғы 18 мамырдағы № 17 «Алматы қаласында мысықтарды ұстау Қағидасын бекіту туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1291 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 маусымдағы № 76 «Алматы ақшамы» және № 77 «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған);
Тармақ 4
4. VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының V сессиясының 2016 жылғы 18 мамырдағы № 18 «Алматы қаласында иттерді ұстау Қағидасын бекіту туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1292 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 маусымдағы № 76 «Алматы ақшамы» және № 77 «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған).