Об утверждении Временного положения о капитане морского и речного (устьевого) торгового порта Күшін жойған
Басқа 0
Теңіз және өзен (сағалық) сауда портының капитаны туралы уақытша ережені бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Көлік және коммуникациялар министрінің ҚР 10.02.2004 № 55-І.
Теңіз және өзен (сағалық) сауда портының капитаны туралы уақытша ережені халықаралық нормалар мен ережелерге сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Теңіз және өзен (сағалық) сауда портының капитаны туралы уақытша ереже бекітілсін (қоса берілген).
Тармақ 2. Теңіз және өзен (сағалық) сауда портының капитаны туралы УАҚЫТША ЕРЕЖЕ
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 1997 ж. 30.06. N 500 бұйрығы күшін жойды деп танылсын.
Теңіз және өзен (сағалық) сауда портының капитаны туралы УАҚЫТША ЕРЕЖЕ
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Теңіз және өзен (саға) сауда портының капитаны - саудамен теңізде жүзуді және жүзу қауіпсіздігі мен порттағы тәртіпті қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасының заңдарын, ережелері мен Халықаралық шарттарын сақтауда мемлекеттік бақылау өкілеттіктері мен міндеттері дербес жүктелген порт басшылығының құрылымындағы ерекше лауазымды тұлға.
Тармақ 2
2. Порт капитаны порттың құрылымдық бөлімшесі және оның шаруашылық қамтуында болып табылатын Портты мемлекеттік бақылау инспекциясын (ПМБИ) басқарады.
Мемлекеттік бақылау инспекциясы өзіне мыналарды қосып алады: инспекция бөлімін, лоцмандық қызметті, кеме қозғалысын басқару қызметі (КҚБҚ), дипломдық паспорттық бюроны.
Теңізде жүзу қауіпсіздігін, теңіз кемелерінің командалық және қатардағы құрамдарының тұлғаларын дипломдау, теңіз және өзен апаттарын зерттеуді бақылауға қатысты мәселелерде капитан порты мен ПМБИ қызметкерлері Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі Бас инспекциясының нұсқауларын басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. ПМБИ қызметкерлерінің штат кестесі, нысаны, жалақы жүйесі мен мөлшері Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес порт бастығымен белгіленеді.
ПМБИ мамандарының саны жүзу қауіпсіздігі мен порт алаңында тәртіпті тәулік бойы бақылаудың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 4
4. Теңіз және өзен (сағалық) сауда порты капитанының теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өкімі барлық кәсіпорындар, ұйымдар, заңды және жеке тұлғалар үшін, олардың ведомостволық қатыстылығы мен меншіктік нысанына қарамастан, міндетті. Порт капитанының осы өкімдері, сондай-ақ теңіз кемелерінің командалық және қатардағы құрамының тұлғаларын дипломдау мәселелері бойынша оның шешімі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Су көлігі басқармасының бастығымен немесе Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі Бас инспекторымен күшін жоюы мүмкін.
Тармақ 5
5. Теңіз және өзен (сағалық) сауда портының капитандары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі Бас инспекциясының келісімімен порт бастығының бұйрығымен қызметке тағайындалады және босатылады.
Тармақ 6
6. Теңіз және өзен (сағалық) сауда портының капитанының қызметіне жоғарғы немесе орта білімі, шағын жүзу капитанынан төмен емес атағы бар және кеме капитаны қызметіндегі еңбек өтілі кемінде үш жыл болған тұлғалар тағайындалады.
Порт капитанының орынбасарының қызметіне жоғарғы және орта білімі және шағын жүзу капитанынан төмен емес атағы бар тұлғалар тағайындалады.
Тармақ 7
7. Ауысылым бастығының, аға капитанның және инспекция бөлімі капитанының қызметіне жоғарғы немесе орта арнаулы білімі және шағын жүзулер капитанынан төмен емес атағы бар тұлғалар тағайындалады.
Аға инспектор және инспекция бөлімінің инспекторының қызметіне орта арнаулы білімі және шағын жүзулер штурманынан кем емес атағы бар тұлғалар тағайындалады.
Тармақ 8
8. Портты мемлекеттік бақылау инспекциясының қызметкерлері нысандық киіммен жүру тәртібін сақтауы тиіс.
Тармақ 9
9. Порт капитанына осы Ережеде анықталған міндеттерден басқа міндеттер жүктелмеуі тиіс.
Тармақ 10
10. Порт капитанына тәртіп бұзу айыптарын салу, оны сыйақысынан айыру немесе олардың мөлшерін азайту тек Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі Бас инспекциясының келісімімен жүргізілуі мүмкін.
Тармақ 11
11. Порт капитаны өзінің қызмет дәрежесі бойынша порт басшысының бірінші орынбасары болып табылады және елтаңбалық мөрі мен вымпелі болуы тиіс.
Тармақ 12
12. Бақылау міндеттерін және теңізде жүзу қауіпсіздігін бақылауды тікелей жүзеге асыратын ПМБИ қызметкерлерінде қызметі көрсетілген мөртаңба болады.
Порт капитаны және ПМБИ қызметкерлері өздерінің қызметтерін орындау кезінде көлікпен қамтамасыз етілуі тиіс, оны порт басшылығы жасайды.
Тармақ 13
13. Теңіз және өзен (сағалық) сауда портының капитаны туралы уақытша ережелерінің күші 2001 жылға дейін ұзартылсын.
Тармақ 2. 2. Теңіз және өзен (сағалық) сауда порты капитандарының құқықтары мен міндеттері
2. Теңіз және өзен (сағалық) сауда порты капитандарының құқықтары мен міндеттері
Тармақ 14
14. Порт капитанына мынадай міндеттер жүктеледі:
Тармақша 1
1) қолданылып жүрген заңдардың, саудалық теңізде жүзу бойынша Халықаралық теңіз конвенцияларының және халықаралық шарттардың, теңізде жүзу қауіпсіздігіне қатысты қаулылардың, өкімдердің, ережелердің сақталуын, алдын алуға және бұзуларды тоқтатуға шаралар қабылдауды бақылау;
Тармақша 2
2) жүзу қауіпсіздігі мен порт алаңында тәртіпті тәулік бойы бақылау;
Тармақша 3
3) кеменің теңізге шығу әзірлігін және теңіз және өзен (сағалық) сауда порттарының капитандарымен теңізге кемелерді шығару туралы Нұсқаулыққа сәйкес теңізде жүзуге жарамды күйде шығуға рұқсат беруді тексеру;
Тармақша 4
4) кемелердің портқа келуі мен шығуын ресімдеу;
Тармақша 5
5) кеме құжаттарын, сондай-ақ кемелердің командалық және қатардағы құрамының дипломдарын, біліктілік куәліктерін дипломдарының айғақтары мен рұқсат жеңілдіктерін тексеру;
Тармақша 6
6) кемелерді мемлекеттік кеме реестріне енгізу, кеме кітабына тіркеу және кеме құжаттарын беру;
Тармақша 7
7) кемелердің команда құрамының тұлғаларына атақ беру біліктілік куәліктерін, дипломдарды, дипломдар мен рұқсат жеңілдіктерін растайтын куәліктерді беру;
Тармақша 8
8) белгіленген тәртіппен, сондай-ақ кеме роліне сәйкес теңізші паспорттарын кемеде тіркеу бойынша беру (ұзарту);
Тармақша 9
9) кемелерде біліктілік, апат жағдайлары себебін ашу мен есепке алу тәртібі туралы Ережеге сәйкес апаттардың себебін ашу;
Тармақша 10
10) лоцмандық қызмет жұмыстарын басқару мен ұйымдастыру;
Тармақша 11
11) порт алаңы шеңберінде, кіру арналары мен фарватерлерде кемелердің қозғалысын реттеу, ПМБИ құрамына кіретін ДХБЖ жедел басқару;
Тармақша 12
12) портқа кірерде және оның алаңында мұз жарып жол ашуды жедел басқару;
Тармақша 13
13) порт алаңында, кірер арналарда және фарватерлерде тиісті тереңдікті, навигациялық қоршау құралдарының жарамдылығын сақтауды бақылау;
Тармақша 14
14) теңіздің ластануын болдырмау және порт алаңының мұнай өнімдерінен тазалау бойынша, сондай-ақ кеме қатынасына кедергі жасайтын жүзудегі және суға батқан заттардан тазалау жөніндегі Ережелерді кемелердің сақтауын бақылау;
Тармақша 15
15) тиеу және жүктерді тасымалдау Ережелеріне сәйкес кемелердің тиелуін бақылау;
Тармақша 16
16) айлақтардың, кеме байлау және оны босату қондырғыларының
техникалық күйін бақылау; айлақтардың кемелерді байлауға әзірлігін тексеру;
Тармақша 17
17) порт алаңында және оған кірерде апатқа ұшыраған адам мен кемелерге көмек көрсету бойынша үдерістерді ұйымдастыру;
Тармақша 18
18) қауіпті гидрометеорологиялық жайлар жөнінде ескерту алынған кезде кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар жүргізу;
Тармақша 19
19) портта дабыл қағу қызметін ұйымдастыру;
Тармақша 20
20) кемелерді барлық навигациялық және гидрометеорологиялық ақпараттармен қамтамасыз ету;
Тармақша 21
21) дипломдар мен біліктілік куәліктерді беру Ережелеріне сәйкес арнаулы біліктілік комиссияларында төрағалық ету;
Тармақша 22
22) су астындағы және теңізге батқан мүліктерді көтеру жұмыстарына, сондай-ақ порт алаңында құрылыстық және өзге жұмыстарға рұқсат беру;
Тармақша 23
23) мұнайдан ластану шығыны үшін азаматтық жауапкершілікті қамтамасыз ету туралы куәлік беру;
Тармақша 24
24) порт жөніндегі міндетті қаулыларды әзірлеу және өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
Тармақша 25
25) порттың навигация жабдықтары құралдарын дамыту, ДХБЖ, гидротехникалық құрылыстарды салу, оларды пайдалануға беру туралы жобаларды және болашақтағы жоспарларды қарауға қатысу;
Тармақша 26
26) порттарда жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы ұйымдастырушылық-техникалық Жоспарлардың орындалуын бақылау;
Тармақша 27
27) тексерілген кемелерде байқалған кемшіліктерді жалпылау және оларды кеме иелерінің мекен-жайына жіберу.
Тармақ 15
15. Теңіз және өзен (сағалық) порты капитанының мынадай құқықтары бар:
Тармақша 1
1) кеменің порттан шығуына мынадай жағдайларда рұқсат беруден бас тартады:
- кеменің жүзуге жарамсыздығы, оны тиеу, жасақтау, экипажбен жинақтау туралы талаптардың бұзылғандығы және жүзу қауіпсіздігіне немесе адамдар денсаулығына қауіп төндіретін кеменің басқа кемшіліктері болғанда, сондай- ақ кеме құжаттарына қатысты талаптарды бұзғанда;
- белгіленген алымдар мен айыппұлдарды төлемеу.
Осы тармақшада (қарау, куәландыру бойынша және т.б.) көзделген құқықтарды порт капитанының жүзеге асыруына байланысты шығындар кеме иесіне жүктеледі;
Тармақша 2
2) апатқа душар болған адамдар мен кемелерді құтқару үшін портта тұрған кемелердің капитандарынан, ведомостволық қатыстылығына қарамастан порт шеңберінде орналасқан барлық ұйымдардан, мекемелерден және кәсіпорындардан, сондай-ақ портта жүрген жеке тұлғалардан жүзу-құтқару және басқа құтқару құралдарын беруді сұрау;
Тармақша 3
3) теңізде жүзгіш күйін бақылау үшін порттағы барлық кемелерді тексеру;
Тармақша 4
4) заңдарды, Халықаралық теңіз конвенцияларын, теңізде жүзу қауіпсіздігіне қатысты қаулыларды, ережелерді бұзған тұлғаларды жауапқа тарту туралы кепілдеме бастау;
Тармақша 5
5) белгіленген тәртіппен әкімшілік айыппұлдар салу;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы кемелер құрамындағы тұлғалардың дипломдары мен біліктілік куәліктеріне бақылау талондарын тесуді белгіленген тәртіппен жүргізу;
Тармақша 7
7) ПМБИ қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекіту;
Тармақша 8
8) ПМБИ қызметкерлеріне белгіленген тәртіппен айыптар салу және оларға қатысты көтермелеу шараларын қолдану;
Тармақша 9
9) оның құзырына кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік және өзге органдарда өкілдік ету.
Тармақ 16
16. Порт капитаны және оның орынбасарлары теңіз атағына сәйкес дипломдарымен кәсіби тәжірибелерін көтеру үшін кемелердің экипаж құрамында рейстерге шығуы мүмкін.
Тармақ 3. 3. Жауапкершілік
3. Жауапкершілік
Тармақ 17
17. Порт капитаны Мемлекеттік қадағалау инспекциясының өзіне жүктеген міндеттерін жүзеге асыруы, қызметкерлерді дұрыс таңдауы және орындарына бөлуі, берілген тапсырмаларды дер кезінде және біліктілікпен орындауы, тәртіп пен ПМБИ ережелеріне бағынуы үшін жауапкершілік алуға міндеттенеді.