Об утверждении Правил пополнения и использования кредитных ресурсов акционерного общества "Фонд развития малого предпринимательства" Қолданыста
Басқа 0
"Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының несие ресурстарын толықтыру мен пайдаланудың ережесін бекіту туралы
📌 Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.16. N 203 қаулысымен.
"2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының несие ресурстарын толықтыру мен пайдаланудың ережесі бекітілсін.
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.16. N 203 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 3. "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының несие ресурстарын толықтыру мен пайдаланудың ережесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 22 мамырдағы
N 555 қаулысымен
бекітілген
"Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының несие ресурстарын толықтыру мен пайдаланудың ережесі
📌 Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.16. N 203 қаулысымен.
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысына сәйкес әзірленді және 2002 жылға арналған республикалық бюджетте 083 "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" ЖАҚ несие ресурстарын толықтыру" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қор) несие ресурстарын 300 000 000 (үш жүз миллион) теңге (бұдан әрі - Қаражат) сомасында толықтыру мен пайдаланудың тәртібін және шарттарын айқындайды.
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.16. N 203 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Қаржымині) Қорға шағын кәсіпкерлік субъектілеріне (бұдан әрі - Заемшылар), оның ішінде әйелдер кәсіпкерлігіне кейіннен несие беру үшін 6 (алты) жыл мерзімге 150 000 000 (жүз елу миллион) теңге сомасында қаражат береді. Қаражатты қайтаруды Қор мерзімнің аяғында жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Қаржымині, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi (бұдан әрі - Әкімші) Қормен республикалық бюджеттен Қорға қаражат бөлу тәртібін, Қор міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етудің тәсілдері мен өзге де шарттарын реттейтін тиісті несие келісімін (бұдан әрі - Несие келісімі) жасасады. Несие келісімін Қаржымині оның жасалған күнінен бастап үш күн мерзімде тіркейді.
📌 Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.16. N 203 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Қор қаражатын алу өтініші негізінде Несие келісімі тіркелгеннен кейін Қаржымині Қаражатты Әкімшінің бюджеттік шотынан Қордың шотына есептеуді жүргізеді.
Тармақ 5
5. Қорға бөлінген Қаражат қаражатты алған күннен бастап 9 ай ішінде игерілуге тиіс. Игерілмеген Қаражатты Қор игеру мерзімі аяқталған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде республикалық бюджетке қайтаруға тиіс.
📌 Ескерту. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.01.14. N 5 қаулысымен.
Тармақ 2. 2. Несие ресурстарын пайдаланудың негізгі шарттары
2. Несие ресурстарын пайдаланудың негізгі шарттары
Тармақ 6
6. Қордың несие ресурстарын Заемшыларға бөлу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Қордың ішкі несие саясатына сәйкес айқындалады.
Тармақ 7
7. Несие берілетін жобалардың салалық бағыттарының тізбесі мен Қаражатты республиканың аймақтары бойынша бөлу лимиттерін Әкімші айқындайды.
Тармақ 8
8. Әйелдер кәсіпкерлігін айқындаудың негізгі өлшемі ұйымның еңбек ұжымында жалпы құрамның кемінде 50%-ы әйел жынысты адамдардың болуы және басшысының әйел болып табылуы деп белгіленеді.
Тармақ 9
9. Несие ресурстары Заемшыға тек мынадай өлшемдер бойынша кепілді қамтамасыз етуге беріледі:
Тармақша 1
1) несие валютасы - теңге;
Тармақша 2
2) несие беру мерзімі - 5 жылға дейін;
Тармақша 3
3) несиенің ең төменгі сомасы - 300 000 теңге;
Тармақша 4
4) несиенің ең жоғарғы сомасы - 5 000 000 теңге;
Тармақша 5
5) сыйақы (мүдде) ставкасы - 9%-ды құрайтын және Қор маржасынан 2% құралатын әйел кәсiпкерлiгi желiсi бойынша сыйақы ставкасынан, сондай-ақ Қаржыминiнiң жылдық 7% сыйақы ставкасын қоспағанда, жылдық 12%, Қор маржасынан жылдық 5,0% және Қаржыминінің сыйақы ставкасынан жылдық 7% құралады. Заемшылармен жасасқан несие келісімдеріндегі сыйақы ставкасы инфляция қарқындарын ескере отырып өзгеруі мүмкін;
Тармақша 6
6) негізгі қарызды өтеудегі жеңілдік кезең - 1 жылға дейін;
Тармақша 7
7) сыйақыны (мүддені) өтеу - ай сайын;
Тармақша 8
8) негізгі қарызды өтеу - тең төлемдермен тоқсан сайын.
📌 Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.16. N 203 қаулысымен.
Тармақ 3. 3. Жобаларды қабылдау және қарау тәртібі
3. Жобаларды қабылдау және қарау тәртібі
Тармақ 10
10. Заемшы өзінің бюджет алдында берешектерінің жоқ екенін Қорға салық органынан алған анықтамасын беру жолымен құжаттық растауға тиіс.
Тармақ 11
11. Заемшылар беретін құжаттарға қойылатын талаптарды (бұдан әрі - Талаптар) Қор өзі қабылдаған ішкі несие саясатына сәйкес белгілейді.
Тармақ 12
12. Талаптарға жауап беретін және Қорға қарауға енгізілген жобалар бойынша шешімдер 14 жұмыс күні ішінде қабылданады. Талаптарға жауап бермейтін жобаларды Қор Заемшыға пысықтауға қайтарады, ал несие беру мүмкін емес жағдайларда бас тарту туралы қорытындыны ресімдейді.
Тармақ 13
13. Қордың оң шешімін алған жобалар бойынша Заемшылармен несие шарттары мен несиеге байланысты басқа да құжаттар жасалынады.
Тармақ 14
14. Несие ресурстары Заемшыға әрбір жоба бойынша бес жұмыс күні ішінде несие шарты мен несиелерге байланысты басқа да құжаттарға қол қойылғаннан және оларды бергеннен, сондай-ақ ақшаны алуға өтінімдерді бергеннен кейін бөлінеді.
Тармақ 4. 4. Қаражаттың пайдаланылуын бақылау
4. Қаражаттың пайдаланылуын бақылау
Тармақ 15
15. Қор Қаржымині белгілеген нысандар бойынша:
Тармақша 1
1) ай сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Қаржыминіне, Әкімшіге және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияға бөлінген несие қаражатының игерілуі туралы есепті береді;
Тармақша 2
2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Қаржымині мен Әкімшіге түпкі заемшылардан түскен төлемдер туралы есеп береді.
📌 Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.02.28 N 138 , 2008.06.20 N 597 Қаулыларымен.
Тармақ 16
16. Қаражаттың игерілуін, мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақытылы әрі толығымен өтелуін бақылауды Қаржымині жүзеге асырады.