Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» акимата города Астаны Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Астана қаласы әкімдігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңы 33-бабының 5-тармағына, «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығына (Нормативтық құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 болып тіркелген) сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Астана қаласы әкімдігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Астана қаласы әкімдігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 18 наурыздағы № 04-540 қаулысының (Нормативтық құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1101 болып тіркелген, 2017 жылғы 25 сәуірдегі «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Астана қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;
Тармақша 4
4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 5
5) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Б.О. Жакеновке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 11. Астана қаласы әкімдігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі
Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 04-584 қаулысымен бекітілді Астана қаласы әкімдігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Астана қаласы әкімдігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңы 33-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – «Б» корпусының қызметшілері) қызметін бағалау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Әдістемеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) тікелей басшы – дербес бағынысында болып табылатын бағаланушы қызметшіге қатысты тұлға;
Тармақша 2
2) жоғары тұрған басшы – дербес бағынысты болып табылатын, бағаланушы қызметшінің тікелей басшысына қатысты тұлға;
Тармақша 3
3) нысаналы мақсатты индикаторлар (бұдан әрі – НМИ) – мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына, саяси мемлекеттік қызметшінің меморандумына «А» корпусы қызметшісінің келісіміне, не болмаса «Б» корпусы қызметшісінің қызметінің ерекшелігіне сәйкес (процесстік жұмысты қоспағанда) белгіленетін, қол жеткізген жағдайда олардың қызметінің тиімділігін дәлелдейтін көрсеткіштер;
Тармақша 4
4) жеке жұмыс жоспары – «Б» корпусы қызметшісінің бағалау кезеңіне НМИ қарастырылған және тікелей басшысымен бірлесіп құрылатын, жоғары тұрған басшымен бекітілген құжат;
Тармақша 5
5) құзыреттер – нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың жиынтығы;
Тармақша 6
6) мінез-құлық индикаторы – «Б» корпусы қызметшісінің мінез-құлық және құзыреттер деңгейі көрінісінің сипаттамасы.
Тармақ 3
3. «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының сапасы мен тиімділігін айқындау үшін өткізіледі.
Тармақ 4
4. «Б» корпусы қызметшісінің нақты лауазымға келу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда, соның ішінде әлеуметтік демалыстан шыққаннан немесе оқуды аяқтағаннан кейін, сондай-ақ сынақ мерзімінде бағалау өткізілмейді. Бағалауды өткізу кезінде «Б» корпусы қызметшілері еңбек демалысында, жалақы сақталмайтын демалысында, уақытша еңбекке жарамсыздығы кезеңінде, іс-сапарда немесе тағылымдамада болғанда, сондай-ақ қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілгенде жұмысына қайта кіріскеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде бағалаудан өтеді.
Тармақ 5
5. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі-уәкілетті тұлға) «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі (бұдан әрі персоналды басқару қызметі) жұмыс органы болып табылатын бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі Комиссия) құрылады. Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады. Комиссия мүшелерінің саны 5 (бес) адамнан кем болмауы тиіс.
Тармақ 6
6. Бағалау мына бағыттар бойынша жүргізіледі:
Тармақша 1
1) НМИ жетістіктерін бағалау;
Тармақша 2
2) «Б» корпусы қызметшілерінің құзыреттерін бағалау.
Тармақ 7
7. НМИ орындалуын бағалау нәтижелері бонустар төлеу, көтермелеу, ротациялау, мемлекеттік лауазымнан төмендету немесе босату үшін шешім қабылдауға негіз болып табылады. Құзыреттерді бағалау нәтижелері «Б» корпусы қызметшісінің қажетті құзыреттерін дамыту бойынша шешім қабылдау үшін негіз болып табылады. Құзыреттерді бағалау нәтижелері бонустар төлеуге, көтермелеуге, ротациялауға, мемлекеттік лауазымнан төмендетуге немесе босатуға әсер етпейді.
Тармақ 8
8. Бағалауға байланысты құжаттар персоналды басқару қызметінде бағалау аяқталған күннен бастап 3 (үш) жыл бойы сақталады.
Тарау 2. 2. НМИ анықтау тәртібі
2. НМИ анықтау тәртібі
Тармақ 9
9. «Б» корпусы қызметшісінің НМИ тікелей басшымен бағалау кезеңі басталғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жасалатын жеке жұмыс жоспарында Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысанда анықталады.
Тармақ 10
10. Жеке жұмыс жоспары тиісті НМИ әзірленген соң, ол бекіту үшін жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.
Тармақ 11
11. «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы мемлекеттік органның (жергілікті атқарушы органның) бірінші басшысы болған жағдайда жеке жұмыс жоспары осы лауазымды тұлғамен бекітіледі.
Тармақ 12
12. НМИ Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе жоғары тұрған басшы жеке жұмыс жоспарын түзетуге қайтарады. Жеке жұмыс жоспарын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, түзетуге жолданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. НМИ:
Тармақша 1
1) нақты (күтілетін оң өзгерістер көрсетіле отырып қол жеткізуге тиісті нәтиже анық белгіленеді);
Тармақша 2
2) өлшемді (НМИ өлшеу үшін нақты критерийлер белгіленеді);
Тармақша 3
3) қолжетімді (НМИ қолда бар ресурстарды, құзыреттер мен шектеулерді ескере отырып белгіленеді);
Тармақша 4
4) уақытпен шектеулі ( бағалау кезеңі ішінде НМИ қол жеткізу мерзімі белгіленеді);
Тармақша 5
5) мемлекеттік органның стратегиялық мақсатын жүзеге асыруға бағытталған болуы тиіс.
Тармақ 14
14. НМИ саны 5 (бес) құрайды.
Тармақ 15
15. Жеке жұмыс жоспары персоналды басқару қызметінде сақталады.
Тарау 3. 3. НМИ жетістігін бағалау тәртібі
3. НМИ жетістігін бағалау тәртібі
Тармақ 16
16. Жеке жұмыс жоспарында көрсетілген НМИ жетістігіне бақылау жүргізу мақсатында тікелей басшы НМИ-да белгіленген жетістіктерге тоқсан сайын мониторинг жүргізеді. Тоқсан сайынғы мониторинг қортындысы бойынша тікелей басшы бағалауға жататын «Б» корпусы қызметшісіне НМИ-ге жету және сол үшін қажетті шаралар бойынша жазбаша ұсыныстар береді.
Тармақ 17
17. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда НМИ бойынша бағалау парағын толтырады және оған қол қояды.
Тармақ 18
18. Жеке жұмыс жоспарының жүзеге асырылуын бағалау жеке жұмыс жоспары жасалған жыл қорытындысы бойынша НМИ бағалау негізінде мынадай тәртіпте жүзеге асырылады: НМИ барлығы орындалған жағдайда «өте жақсы» деген баға қойылады; НМИ санының 5-тен 4-і орындалған жағдайда «тиімді» деген баға қойылады; НМИ санының 5-тен 3-і орындалған жағдайда «қанағаттанарлық» деген баға қойылады; НМИ санының 5-тен 3-тен азы орындалған жағдайда «қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады. НМИ-дің орындалуы жеке жоспарда қарастырылған барлық көрсеткіштердің толық орындалуын көздейді.
Тармақ 19
19. Бағалау парағы тікелей басшымен толтырылғаннан кейін, ол жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.
Тармақ 20
20. «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы мемлекеттік органның бірінші басшысы болған жағдайда бағалау парағы оның қарауына енгізіледі.
Тармақ 21
21. «Б» корпусы қызметшісінің бағалау парағын қарау қорытындысы бойынша жоғары тұрған басшымен мынадай шешімдердің бірі қабылданады:
Тармақша 1
1) бағалаумен келісу;
Тармақша 2
2) түзетуге жіберу.
Тармақ 22
22. Бағалау парағы НМИ қол жеткізуін дәлелдейтін фактілердің жеткіліксіздігі немесе дәйексіздігі болған жағдайда түзетуге жолданады.
Тармақ 23
23. Бағалау парағын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, оны түзетуге жолдағаннан кейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Тармақ 24
24. Жоғары тұрған басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін персоналды басқару қызметі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.
Тарау 4. 4. Құзыреттерді бағалау тәртібі
4. Құзыреттерді бағалау тәртібі
Тармақ 25
25. Құзыреттерді бағалау тікелей басшымен жүргізіледі, оның нәтижесі бойынша Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағы толтырылады.
Тармақ 26
26. Бағалау парағын толтыру кезінде әр құзырет бойынша «Б» корпусы мемлекеттік лауазымдар санаттары үшін Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес мінез-құлық индикторларының жиынтығын басшылыққа алу қажет. Бір құзырет бойынша мінез-құлық индикаторларының саны 10-нан (он) аспайды.
Тармақ 27
27. Қызметші құзыретінің даму деңгейі бағалау кезеңінде оның қызметінде көрінген мінез-құлық индикторларының санымен мына тәртіпте анықталады:
Тармақша 1
1) қызметшінің қызметінде белгілі бір құзыретпен көзделген мінез-құлық индикторларының 3/4 және одан көбі байқалған жағдайда «күтілген нәтижеге сәйкес» деген бағасы қойылады;
Тармақша 2
2) қызметшінің қызметі нақты құзыретпен көзделген мінез-құлық индикторларының 3/4-нен кеміне сәйкес келмесе, бағаланатын құзырет бойынша «күтілген нәтижеге сәйкес емес» деген баға қойылады.
Тармақ 28
28. Тікелей басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін персоналды басқару қызметі 2 (екі) жұмыс күннен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.
Тарау 5. 5. Бағалау нәтижелерін Комиссиямен қарау және бағалау нәтижесіне шағымдану
5. Бағалау нәтижелерін Комиссиямен қарау және бағалау нәтижесіне шағымдану
Тармақ 29
29. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады және бағалауды өткізуге дейін 7 (жеті) жұмыс күні аралығында бағалауды жүргізетін тұлғаларды бағалау жүргізу туралы хабарлайды.
Тармақ 30
30. Комиссияның отырысы оның құрамының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.
Тармақ 31
31. Комиссияның төрағасын немесе жоқ мүшесін алмастыру Комиссияны құру туралы бұйрыққа өзгерістер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 32
32. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Тармақ 33
33. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 34
34. Комиссияның хатшысы персоналды басқару қызметінің қызметшісі болып табылады. Комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
Тармақ 35
35. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасымен келісілген мерзімдерге сәйкес Комиссия отырысының өткізілуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 36
36. Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына мына құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) толтырылған бағалау парақтарын;
Тармақша 2
2) Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын.
Тармақ 37
37. Комиссия бағалау нәтижелерін қарайды және мына шешімдердің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) бағалау нәтижелері бекітілсін;
Тармақша 2
2) бағалау нәтижелері қайта қаралсын.
Тармақ 38
38. Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылданған жағдайда Комиссия бағалау нәтижесін түзетіп, оны хаттаманың «Бағалау нәтижелері Комиссиямен түзетілуі (бар болған жағдайда)» бағанында көрсетеді.
Тармақ 39
39. Бағалаудың нәтижелері уәкілетті тұлғамен бекітіледі және Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті хаттамада тіркеледі.
Тармақ 40
40. Персоналды басқару қызметі «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң 2 (екі) жұмыс күні ішінде таныстырады.
Тармақ 41
41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт жасалып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Тармақ 42
42. «Б» корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметімен «Б» корпусы қызметшісіне бағалау нәтижесі мемлекеттік органдардың интернет-порталы арқылы жолданады.
Тармақ 43
43. «Б» корпусы қызметшісінің Комиссия шешіміне шағымдануы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда немесе оның аумақтық департаментінде шешім шыққан күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Шағымды қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган мына шешімдердің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органға Комиссия шешімін жойып, «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қарау бойынша ұсыныс беру;
Тармақша 2
2) «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қараусыз қалдыру.
Тармақ 44
44. «Б» корпусы қызметшісі бағалау нәтижелеріне сот тәртібінде шағымдануға құқылы.
Басқа 1. «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары
Астана қаласы әкімдігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 1-қосымша «Бекітемін» Жоғары тұрған басшы __________________________________ (тегі, аты-жөні) күні __________________________ қолы _________________________ «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары Қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)____________________ Қызметшінің лауазымы: ______________________________________________ Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:__________________________ Р/с № НМИ-лар­дың ата­уы Са­я­си мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­нің неме­се «А» кор­пу­сы қыз­мет­ші­сі ке­лі­сі­мі­нің қай көр­сет­кі­ші­нен неме­се мем­ле­кет­тік жос­пар­лау жүй­е­сі­нің құ­жа­ты­нан түй­ін­де­ле­ді Өл­шем бір­лі­гі Жос­пар­лы мәні Қол жет­кі­зу мер­зім­де­рі Түп­кі­лік­ті нәти­же* 1 2 3 4 5 6 7 1. 2. … * НМИ қол жеткізуден күтілетін оң өзгерістер Қызметші ___________________________ (тегі, аты-жөні) күні _______________________ қолы ______________________ Тікелей басшы ___________________________ (тегі, аты-жөні) күні _______________________ қолы ______________________
Басқа 2. НМИ бойынша бағалау парағы
Астана қаласы әкімдігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 2-қосымша «Бекітемін» Жоғары тұрған басшы __________________________________ (тегі, аты-жөні) күні __________________________ қолы _________________________ НМИ бойынша бағалау парағы Р/с № НМИ ата­уы Өл­шем бір­лі­гі Жос­пар­лы мәні Нақ­ты мәні Көр­сет­кіш­ке қол жет­кі­зіл­ді/көр­сет­кіш­ке қол жет­пе­ді 1 2 3 4 5 6 1. 2. ... Бағалау нәтижесі __________________________________________________ (қанағаттанарлықсыз, қанағаттанарлық, тиімді, өте жақсы) Қызметші ___________________________ (тегі, аты-жөні) күні _______________________ қолы ______________________ Тікелей басшы ___________________________ (тегі, аты-жөні) күні _______________________ қолы ______________________
Басқа 3. Құзыреттер бойынша бағалау парағы
Астана қаласы әкімдігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 3-қосымша Құзыреттер бойынша бағалау парағы Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _____________________________________________________ Бағаланатын қызметшінің лауазымы: __________________________________ Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: __________________________________________________________________ Р/с № Құ­зы­рет­тер ата­уы Ба­ға­лау нәти­же­ле­рі (кү­ті­ле­тін нәти­же­ге сәй­кес/кү­ті­ле­тін нәти­же­ге сәй­кес емес) Қыз­мет­ші­де бай­қа­ма­ған мі­нез-құлық ин­ди­ка­тор­лар­дың ата­уы («кү­ті­ле­тін нәти­же­ге сәй­кес емес» ба­ға­сын ал­ған жағ­дай­да) 1 2 3 4 1. Қыз­мет­ті бас­қа­ру 2. Ын­ты­мақ­та­стық 3. Ше­шім қа­был­дау 4. Же­дел­ді­лік 5. Өзді­гі­нен да­му 6. Қыз­мет­ті тұ­ты­ну­шы­ға бағ­дар­ла­ну * 7. Қыз­мет­ті тұ­ты­ну­шы­лар­ды ха­бар­лан­ды­ру * 8. Адал­дық 9. Жа­у­ап­кер­ші­лік 10. Ба­ста­ма­шыл­дық 11. Стрес­ске ор­нық­ты­лық *Лауазымдық міндеттемеге мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жатпайтын «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері «Қызметті тұтынушыға бағдарлану» және «Қызметті тұтынушыларды хабарландыру» құзыреттері бойынша бағаланбайды. Қызметші ___________________________ (тегі, аты-жөні) күні _______________________ қолы ____________________ Тікелей басшы ___________________________ (тегі, аты-жөні) күні _______________________ қолы ____________________
Басқа 4. Құзыреттердің мінез-құлық индикаторлары
Астана қаласы әкімдігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 4-қосымша Құзыреттердің мінез-құлық индикаторлары Құ­зы­рет­тер ата­уы Мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік ла­у­а­зым­дар са­на­ты Ти­ім­ді мі­нез-құлық ин­ди­ка­тор­ла­ры Ти­ім­сіз мі­нез-құлық ин­ди­ка­тор­ла­ры 1 2 3 4 Қыз­мет­ті бас­қа­ру D-1 D-О-1 E-1 E-R-1 Стра­те­ги­я­лық ба­ғыт­тар­ға сәй­кес нақ­ты мін­дет­тер қо­яды және тап­сыр­ма­лар бе­ре­ді; бө­лім­ше­нің бе­рі­л­ген мін­дет­тер­ді са­па­лы және уақ­ты­лы орын­да­уы­на ұжым­ды ба­ғыт­тай­ды және жағ­дай жа­сай­ды; бө­лім­ше жұ­мысын ба­сым­ды­лы­ғы­на қа­рай ти­ім­ді ұй­ым­да­сты­ра­ды Стра­те­ги­я­лық ба­ғыт­тар­ға сәй­кес нақ­ты мін­дет­тер қоя ал­май­ды және тап­сыр­ма­лар бе­ре ал­май­ды; бе­рі­л­ген мін­дет­тер­ді са­па­лы және уақ­ты­лы орын­да­уы­на ұжым­ды ба­ғыт­та­май­ды және жағ­дай жа­са­май­ды; бө­лім­ше жұ­мысын ба­сым­ды­лы­ғы­на мән бер­мей ти­ім­сіз ұй­ым­да­сты­ра­ды D-2 D-3 (құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы) D-О-2 D-О-3 E-2 E-3 (құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы) E-R-2 E-R-3 E-G-1 E-G-2 (құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы) * осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа Бө­лім­ше­нің қыз­ме­тін жос­пар­лау мен қам­та­ма­сыз ету­ге қа­жет­ті ақ­па­рат­тар­ды жи­нақ­тап, тал­дай­ды және бас­шы­лық­қа ен­гі­зе­ді; се­ніп тап­сы­ры­л­ған ұжым­ның жұ­мысын жос­пар­лай­ды және ұй­ым­да­сты­ра­ды, олар­дың жос­пар­лан­ған нәти­же­лер­ге қол жет­кі­зу­іне ық­пал ете­ді; қыз­мет­кер­лер­дің қой­ы­л­ған мін­дет­тер­дің орын­да­луы ба­ры­сын­да­ғы қыз­ме­тіне ба­қы­лау жүр­гі­зе­ді; бө­лім­ше жұ­мысы­ның нәти­же­ле­лі­лі­гін және са­па­сын қам­та­ма­сыз ете­ді Бө­лім­ше­нің қыз­ме­тін жос­пар­лау мен қам­та­ма­сыз ету­ге қа­жет­ті ақ­па­рат­тар­ды жи­нақ­тап, тал­да­май­ды және бас­шы­лық­қа ен­гіз­бей­ді; се­ніп тап­сы­ры­л­ған ұжым­ның жұ­мысын жос­пар­ла­май­ды және ұй­ым­да­стыр­май­ды, олар­дың жос­пар­лан­ған нәти­же­лер­ге қол жет­кі­зу­іне ық­пал ет­пей­ді; қыз­мет­кер­лер­дің қой­ы­л­ған мін­дет­тер­дің орын­да­луы­на ба­қы­лау жүр­гіз­бей­ді; бө­лім­ше жұ­мысы­ның нәти­же­ле­лі­лі­гін және са­па­сын қам­та­ма­сыз ет­пей­ді D-3 * D-4 D-5 D-О-4 D-О-5 D-О-6 E-3 * E-4 E-5 E-R-4 E-R-5 E-G-2 * E-G-3 E-G-4 * осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа Ба­сым­ды­лы­ғы­на қа­рай тап­сыр­ма­лар­ды ма­ңы­зды­лы­ғы ре­ті­мен қо­яды; бас­шы­лық­қа са­па­лы құ­жат­тар дай­ын­дай­ды және ен­гі­зе­ді; өл­ше­улі уа­қыт жағ­дай­ын­да жұ­мыс жа­сай ала­ды; бел­гі­лен­ген мер­зім­дер­ді сақ­тай­ды Тап­сыр­ма­лар­ды жүй­е­сіз орын­дай­ды; са­па­сыз құ­жат­тар әзір­лей­ді; же­дел жұ­мыс жа­са­май­ды; бел­гі­лен­ген мер­зім­дер­ді сақ­та­май­ды Ын­ты­мақ­та­стық D-1 D-О-1 E-1 E-R-1 Өз құ­зы­ре­ті ше­гін­де қыз­мет­кер­лер­ді мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­мен және ұй­ым­дар­мен ти­ім­ді қа­рым-қа­ты­на­сқа бағ­дар­лай­ды; қой­ы­л­ған мін­дет­тер­ге қол жет­кі­зу үшін әр­бір қыз­мет­кер­дің әле­уе­тін пай­да­ла­на­ды; бас­қа бө­лім­ше­лер­мен бір­ле­сіп жос­пар­ды жү­зе­ге асы­ра­ды және ор­тақ нәти­же­ге қол жет­кі­зе­ді Өз құ­зы­ре­ті ше­гін­де қыз­мет­кер­лер­ді мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­мен және ұй­ым­дар­мен ти­ім­ді қа­рым-қа­ты­на­сқа бағ­дар­ла­май­ды; қой­ы­л­ған мін­дет­тер­ге қол жет­кі­зу үшін кей­бір қыз­мет­кер­лер­дің әле­уе­тін пай­да­ла­на­ды; бас­қа бө­лім­ше­лер­мен бір­ле­сіп жос­пар­ды жү­зе­ге асы­ра ал­май­ды және ор­тақ нәти­же­ге қол жет­кіз­бей­ді D-2 D-3 (құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы) D-О-2 D-О-3 E-2 E-3 (құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы) E-R-2 E-R-3 E-G-1 E-G-2 (құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы) * осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа Ұжым­да се­нім­ді қа­рым-қа­ты­нас ор­на­та­ды; бө­лім­ше­нің қо­ғам­мен ти­ім­ді жұ­мысын ұй­ым­да­сты­ру бой­ын­ша ұсы­ныс жа­сай­ды; бір­ле­сіп жұ­мыс ат­қа­ру үшін әріп­те­сте­рі­мен тә­жі­ри­бе­сі­мен және бі­лі­мі­мен бө­лі­се­ді; әр­қай­сысы­ның нәти­же­ге же­ту­ге қо­с­қан үле­сін анық­тай­ды Ұжым­да өза­ра се­нім­сіз қа­рым-қа­ты­нас ор­на­та­ды; бө­лім­ше және қо­ғам­мен ти­ім­ді жұ­мыс ұй­ым­да­сты­ру бой­ын­ша ұсы­ныс жа­са­май­ды; бір­ле­сіп жұ­мыс ат­қа­ру үшін әріп­те­сте­рі­мен тә­жі­ри­бе­сі­мен және бі­лі­мі­мен бөл­іс­пей­ді; ба­ғы­ны­с­та­ғы тұ­лға­лар­дың нәти­же­ге же­ту­ге қо­с­қан үле­сін анық­та­май­ды. D-3 * D-4 D-5 D-О-4 D-О-5 D-О-6 E-3 * E-4 E-5 E-R-4 E-R-5 E-G-2 * E-G-3 E-G-4 * осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа Ұжым­ның жұ­мысы­на үле­сін қо­са­ды және қа­жет болған жағ­дай­да тү­сін­дір­ме үшін аса тә­жі­ри­бе­лі әріп­те­сте­ріне жү­гі­не­ді; мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұжым­дар­дың өкіл­де­рі­мен және әріп­те­сте­рі­мен қа­рым-қа­ты­на­сты да­мы­та­ды; тал­дау ба­ры­сын­да пі­кір ал­ма­са­ды және тал­қы­лау нәти­же­сін ес­ке­ре оты­рып, тап­сыр­ма­лар­ды орын­дай­ды Жұ­мыста тұй­ық­тық ұста­ны­мын біл­ді­ре­ді және тү­сін­дір­ме үшін аса тә­жі­ри­бе­лі әріп­те­сте­ріне жү­гін­бей­ді; әр­түр­лі мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар­дың өкіл­де­рі­мен және әріп­те­сте­рі­мен өза­ра әре­кет­тес­пей­ді; әріп­те­сте­рі­мен мә­се­ле­лер­ді тал­қы­ла­май­ды. Ше­шім қа­был­дау D-1 D-О-1 E-1 E-R-1 Мін­дет­тер­ді дұ­рыс бө­ле ала­ды; ше­шім қа­был­дау ба­ры­сын­да мүм­кін бо­ла­тын қа­уіп­тер ту­ра­лы ха­бар­лай­ды; ше­шім қа­был­дау ба­ры­сын­да ба­ла­ма­лы ұсы­ныс жа­сай­ды; ти­ім­ді және жүй­е­лі ше­шім қа­был­дай­ды; же­ке тә­жі­ри­бе­сіне, бас­қа да ма­ңы­зды бо­лып та­бы­ла­тын мә­лі­мет­тер­ге негіз­дел­ген ше­шім қа­был­дай­ды Бө­лім­ше­де мін­дет­тер­ді дұ­рыс бө­ле ал­май­ды; орын алуы мүм­кін қа­уіп­тер ту­ра­лы ха­бар­ла­май­ды; ше­шім қа­был­дау ба­ры­сын­да ба­ла­ма­лы ұсы­ныс жа­са­май­ды; ти­ім­сіз және жүй­е­сіз ше­шім қа­был­дай­ды; ше­шім қа­был­дау ба­ры­сын­да тек өзі­нің же­ке тә­жі­ри­бе­сіне және көз­қа­ра­сы­на се­не­ді D-2 D-3 (Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы) D-О-2 D-О-3 E-2 E-3 (Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы) E-R-2 E-R-3 E-G-1 E-G-2 (Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы) * осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа Бө­лім­ше қыз­ме­тін ұй­ым­да­сты­ру­да тап­сыр­ма­лар­ды дұ­рыс бө­ле ала­ды; ше­шім қа­был­да­уда қа­жет­ті ақ­па­рат­тар­ды жи­на­уды ұй­ым­да­сты­ра­ды; ше­шім қа­был­да­уда­ғы тә­сіл­дер­ді ұжым­мен тал­қы­лай­ды; әр­түр­лі де­реккөз­дер­ден алын­ған ма­ғлұ­мат­тар­ды ес­ке­ре оты­рып, мүм­кін бо­ла­тын қа­уіп­тер­ді тал­дай­ды және бо­лжам­дай­ды; мүм­кін бо­ла­тын қа­уіп­тер мен сал­дар­лар­ды ес­ке­ре оты­рып, құ­зы­ре­ті ше­гін­де ше­шім қа­был­дай­ды Бө­лім­ше қыз­ме­тін ұй­ым­да­сты­ру­да тап­сыр­ма­лар­ды дұ­рыс бө­ле ал­май­ды; ше­шім қа­был­да­уда қа­жет­ті ақ­па­рат­тар­ды жи­на­уды си­рек ұй­ым­да­сты­ра­ды; ше­шім қа­был­да­уда­ғы тә­сіл­дер­ді ұжым­мен тал­қы­ла­удан бас тар­та­ды және бас­қа­лар­дың пі­кі­рін ес­кер­мей­ді; әр­түр­лі де­реккөз­дер­ден алын­ған ма­ғлұ­мат­тар­ды ес­кер­мей­ді, мүм­кін бо­ла­тын қа­уіп­тер­ді тал­да­май­ды және бо­лжа­май­ды; ше­шім қа­был­дау ба­ры­сын­да мүм­кін бо­ла­тын қа­уіп­тер мен сал­дар­лар­ды ес­кер­мей­ді D-3 * D-4 D-5 D-О-4 D-О-5 D-О-6 E-3 * E-4 E-5 E-R-4 E-R-5 E-G-2 * E-G-3 E-G-4 * осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа Қа­жет­ті мә­лі­мет­тер­ді та­ба ала­ды; мүм­кін бо­ла­тын қа­уіп­тер­ді ес­ке­ре оты­рып, мә­се­ле­лер­ді ше­шу­дің бір­не­ше жо­лын ұсы­на­ды; өзі­нің пі­кі­рін негіз­дей ала­ды Қа­жет­ті мә­лі­мет­тер­ді та­ба ал­май­ды; мүм­кін бо­ла­тын қа­уіп­тер­ді ес­кер­мей­ді неме­се мә­се­ле­лер­ді ше­шу­дің аль­тер­на­ти­ва­сын ұсын­бай­ды; негіз­сіз пі­кір біл­ді­ре­ді Қыз­метт­ті тұ­ты­ну­шы­ға бағ­дар­ла­ну D-1 D-О-1 E-1 E-R-1 Стра­те­ги­я­лық мақ­сат­тар мен ба­сым­ды­лық­тар­ды ес­ке­ріп, нақ­ты мін­дет­тер қоя ала­ды; қыз­мет көр­се­ту­дің ти­ім­ді әді­сте­рін бі­ле­ді; көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің қол­же­тім­ді­лі­лі­гін қам­та­ма­сыз ете­ді; қыз­мет тұ­ты­ну­шы­лар­дың қа­на­ғат­та­ну­шы­лы­ғы­на тал­дау жүр­гі­зе­ді және қыз­мет көр­се­ту­ді же­тіл­ді­ру­дің жол­да­рын қа­рас­ты­ра­ды Стра­те­ги­я­лық мақ­сат­тар мен ба­сым­ды­лық­тар­ды ес­кер­мей, анық емес мін­дет­тер қоя ала­ды; қыз­мет көр­се­ту­дің әді­сте­рі ту­ра­лы ша­ла-шар­пы бі­ле­ді; көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің қол­же­тім­ді­лі­лі­гін қам­та­ма­сыз ет­пей­ді; көр­се­ті­ле­тін қыз­мет бой­ын­ша тұ­ты­ну­шы­лар­дың қа­на­ғат­та­ну­шы­лы­ғы­на тал­дау жүр­гіз­бей­ді және қыз­мет көр­се­ту­ді же­тіл­ді­ру­дің жол­да­рын қа­рас­тыр­май­ды D-2 D-3 (Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы) D-О-2 D-О-3 E-2 E-3 (Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы); E-R-2 E-R-3 E-G-1 E-G-2 (Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы) * осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа Са­па­лы қыз­мет көр­се­ту жө­нін­де­гі жұ­мыстар­ды ұй­ым­да­сты­ра­ды және туын­да­ған мә­се­ле­лер­ді ше­ше­ді; ке­рі бай­ла­ны­сты қам­та­ма­сыз ету мақ­са­тын­да қа­на­ғат­та­ну­шы­лық дей­гей­ін анық­та­у­ға жағ­дай жа­сай­ды; қыз­мет көр­се­ту­дің са­па­сын ба­қы­лай­ды, сон­дай-ақ же­ке үл­гі бо­лу ар­қы­лы көр­се­те­ді Са­па­лы қыз­мет көр­се­ту жө­нін­де­гі жұ­мыстар­ды ұй­ым­да­стыр­май­ды және туын­да­ған мә­се­ле­лер­ді ше­шпей­ді; ке­рі бай­ла­ны­сты қам­та­ма­сыз ету мақ­са­тын­да қа­на­ғат­та­ну­шы­лық дей­гей­ін анық­та­у­ға жағ­дай жа­са­май­ды; са­па­сыз қыз­мет көр­се­ту­ге жол бе­ре­ді, қы­зық­па­у­шы­лық біл­ді­ре­ді D-3 * D-4 D-5 D-О-4 D-О-5 D-О-6 E-3 * E-4 E-5 E-R-4 E-R-5 E-G-2 * E-G-3 E-G-4 * осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа Сы­пайы және ті­лек­те­стікпен қыз­мет көр­се­те­ді; қыз­мет көр­се­ту­ге қа­на­ғат­та­ну­шы­лық дең­гей­ін тал­дай­ды және олар­ды же­тіл­ді­ру­дің жө­нін­де ұсы­ны­стар ен­гі­зе­ді; қыз­мет көр­се­ту са­па­сын жақ­сар­ту бой­ын­ша ұсы­ныс ен­гі­зе­ді Қыз­мет алушы­ға дө­ре­кі­лік және нем­құ­рай­лы­лық біл­ді­ре­ді; тұ­ты­ну­шы­ның сұ­рақ­та­ры мен мә­се­ле­ле­ріне мән бер­мей­ді; қыз­мет көр­се­ту са­па­сын жақ­сар­ту бой­ын­ша бел­сен­ді­лік та­ныт­пай­ды Қыз­мет­ті тұ­ты­ну­шы­ға ақ­па­рат­тан­ды­ру D-1 D-О-1 E-1 E-R-1 Ұжым­ға қыз­мет алушы тұ­ты­ну­шы­лар ара­сын­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер ту­ра­лы ақ­па­рат­тар­ды жет­кі­зу қа­жет­ті­лі­гі ту­ра­лы үне­мі тү­сін­ді­ре­ді; көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер ту­ра­лы ақ­па­рат­тан­ды­ру­дың ти­ім­ді тә­сі­лін құ­ра­с­ты­ра­ды Ұжым­ға қыз­мет алушы тұ­ты­ну­шы­лар ара­сын­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер ту­ра­лы ақ­па­рат­тар­ды жет­кі­зу қа­жет­ті­лі­гі ту­ра­лы тү­сін­ді­ру жұ­мыста­рын жүр­гіз­бей­ді; көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер ту­ра­лы ақ­па­рат­тан­ды­ру­дың ти­ім­сіз тә­сі­лін құ­ра­с­ты­ра­ды D-2 D-3 (құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы) D-О-2 D-О-3 E-2 E-3 (құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы) E-R-2 E-R-3 E-G-1 E-G-2 (құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы) * осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа Ба­ғы­ны­с­та­ғы­лар­ды қыз­мет алушы­лар­ды қол­же­тім­ді ақ­па­рат­тан­ды­ру­ға бағ­дар­лай­ды; тұ­ты­ну­шы­ға ақ­па­рат­тар­ды құр­мет­пен және игі­лік­пен жет­кі­зе­ді; қыз­мет тұ­ты­ну­шы­ла­ры­ның пі­кі­рін құр­мет­тей­ді Ба­ғы­ны­с­та­ғы­лар­мен қыз­мет алушы­лар­ды ақ­па­рат­тан­ды­ру бой­ын­ша жұ­мыс жүр­гіз­бей­ді; тұ­ты­ну­шы­ға ақ­па­рат­тар­ды жет­кіз­бей­ді неме­се нем­құ­рай­лы және жақ­тыр­май жет­кі­зе­ді; қыз­мет тұ­ты­ну­шы­ла­ры­ның пі­кі­рін еле­мей­ді D-3 * D-4 D-5 D-О-4 D-О-5 D-О-6 E-3 * E-4 E-5 E-R-4 E-R-5 E-G-2 * E-G-3 E-G-4 * осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа Қыз­мет алушы­лар­ды ақ­па­рат­тан­ды­ру­дың ти­ім­ді тә­сіл­де­рін қол­да­на­ды; тұ­ты­ну­шы­ға ақ­па­рат­ты қол­же­тім­ді ауыз­ша және жа­з­ба­ша түр­де жет­кі­зе­ді; көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер ту­ра­лы ақ­па­рат­ты уақ­ты­лы қа­был­дай және жі­бе­ре ала­ды Қыз­мет алушы­лар­ды ақ­па­рат­тан­ды­ру­дың ти­ім­сіз тә­сіл­де­рін қол­да­на­ды; тұ­ты­ну­шы­ға ақ­па­рат­ты ауыз­ша және жа­з­ба­ша түр­де жет­кіз­бей­ді неме­се тү­сі­нік­сіз жет­кі­зе­ді; көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер ту­ра­лы ақ­па­рат­ты уақ­ты­лы қа­был­дай және жі­бе­ре ал­май­ды Же­дел­ді­лік D-1 D-О-1 E-1 E-R-1 Ұжым­ға жа­ңа ба­сым­дық­тар­ды уақ­ты­лы жет­кі­зе­ді; өзге­рі­стер­ді уақ­ты­лы елеу үшін ти­ім­ді ша­ра­лар қа­был­дай­ды; бө­лім­ше­ні ти­ім­ді бас­қа­ра­ды және іш­кі және сырт­қы өзге­рі­стер ке­зін­де нәти­же­ге қол жет­кі­зе­ді; жұ­мыстың жа­ңа ба­ғыт­та­рын қол­да­ну бой­ын­ша ұсы­ны­ста­рын тал­дай­ды және бас­шы­лық­қа ен­гі­зе­ді Ұжым­ға жа­ңа ба­сым­дық­тар­ды жет­кіз­бей­ді неме­се мер­зім­нен кеш жет­кі­зе­ді; өзге­рі­стер­ді уақ­ты­лы елеу үшін ша­ра­лар қа­был­да­май­ды неме­се ти­ім­сіз ша­ра­лар қа­был­дай­ды; бө­лім­ше­ні ти­ім­сіз бас­қа­ра­ды және іш­кі және сырт­қы өзге­рі­стер ке­зін­де нәти­же­ге қол жет­кіз­бей­ді; жұ­мыстың жа­ңа ба­ғыт­та­рын қол­да­ну бой­ын­ша ұсы­ны­ста­рын тал­да­май­ды және бас­шы­лық­қа ен­гіз­бей­ді D-2 D-3 (Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы) D-О-2 D-О-3 E-2 E-3 (Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы) E-R-2 E-R-3 E-G-1 E-G-2 (Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы) * осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа Жұ­мыстың жа­ңа ба­ғыт­та­рын пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі ұсы­ны­стар­ды қа­рай­ды және бас­шы­лық­қа ен­гі­зе­ді; бо­лып жа­тқан өзге­рі­стер­ге тал­дау жа­сай­ды және жұ­мысты жақ­сар­ту бой­ын­ша уақ­ты­лы ша­ра­лар қа­был­дай­ды; өзге­рі­стер­ді дұ­рыс қа­был­да­уды өзі­нің үл­гі өне­ге­сі­мен көр­се­те­ді Жұ­мыстың жа­ңа ба­ғыт­та­рын пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі ұсы­ны­стар­ды қа­ра­май­ды және бас­шы­лық­қа ен­гіз­бей­ді; бо­лып жа­тқан өзге­рі­стер­ге тал­дау жа­са­май­ды және жұ­мысты жақ­сар­ту бой­ын­ша ша­ра­лар қа­был­да­май­ды; бо­лып жа­тқан және кү­тіл­ме­ген өзге­рі­стер ке­зін­де өзін-өзі ба­қы­ла­май­ды D-3 * D-4 D-5 D-О-4 D-О-5 D-О-6 E-3 * E-4 E-5 E-R-4 E-R-5 E-G-2 * E-G-3 E-G-4 * осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа Жұ­мысты жақ­сар­ту жө­нін­де ұсы­ны­стар ен­гі­зе­ді; олар­ды ен­гі­зу­дің жа­ңа ба­ғыт­та­ры мен әді­сте­рін үй­ре­не­ді; өзге­ріс жағ­дай­ла­рын­да өзін -өзі ба­қы­лай­ды; өзге­ріс жағ­дай­ла­рын­да тез бей­ім­де­ле­ді Жұ­мыстың қол­да­ны­с­та­ғы рә­сім­де­рі мен әді­сте­рін ұста­на­ды; жа­ңа ба­ғыт­тар мен әді­стер­ді зерт­теп олар­ды ен­гіз­бей­ді; өзге­ріс жағ­дай­ла­рын­да өзін-өзі ба­қы­лай ал­май­ды; өзге­ріс жағ­дай­ла­рын­да бей­ім­дел­мей­ді неме­се ба­яу бей­ім­де­ле­ді Өзді­гі­нен да­му D-1 D-О-1 E-1 E-R-1 Үл­гі­лі қыз­мет­кер­лер­ді жо­ға­ры­ла­ту ту­ра­лы ұсы­ны­стар­ды қа­рас­ты­рып, ен­гі­зе­ді; қыз­мет­кер­лер­ді да­мы­ту бой­ын­ша жүй­е­лі ша­ра­лар­ды қа­был­дай­ды; әріп­те­сте­рі­мен жи­нақ­тал­ған тә­жі­ри­бе­сі­мен, бі­лі­мі­мен бө­лі­се­ді, сон­дай-ақ, олар­дың да­му дең­гей­ін анық­тай­ды; өзді­гі­нен да­му­ға ұм­ты­лы­сын өзі­нің же­ке үл­гі­сін­де көр­се­те­ді Үл­гі­лі қыз­мет­кер­лер­ді анық­та­май­ды және олар­ды жо­ға­ры­ла­ту ту­ра­лы ұсы­ны­стар­ды қа­рас­тыр­май­ды; қыз­мет­кер­лер­ді да­мы­ту бой­ын­ша жүй­е­лі ша­ра­лар­ды қа­был­да­май­ды неме­се жүй­е­сіз ша­ра­лар­ды қа­был­дай­ды; әріп­те­сте­рі­мен жи­нақ­тал­ған тә­жі­ри­бе­сі­мен, бі­лі­мі­мен бөл­іс­пей­ді, сон­дай-ақ, олар­дың да­му дең­гей­ін анық­та­май­ды; өзді­гі­нен да­му­ға ұм­ты­лы­сын өзі­нің же­ке үл­гі­сін­де көр­се­ту­ге кө­ңіл бөл­мей­ді D-2 D-3 (Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы) D-О-2 D-О-3 E-2 E-3 (Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы) E-R-2 E-R-3 E-G-1 E-G-2 (Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы) * осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа Ба­ғы­ны­сты­лар­дың құ­зы­рет­тер дең­гей­ін жо­ға­ры­ла­ту бой­ын­ша іс-ша­ра­лар ұсы­на­ды; мақ­сат­қа же­ту үшін өзі­нің құ­зы­рет­те­рін да­мы­та­ды және олар­ды ба­ғы­ны­сты­лар­да да­мы­ту үшін ша­ра­лар қа­был­дай­ды; ба­ғы­ны­сты­лар­мен олар­дың құ­зы­рет­те­рін, оның ішін­де да­му­ды қа­жет ете­тін құ­зы­рет­тер­ді тал­қы­лай­ды Ба­ғы­ны­сты­лар­дың құ­зы­рет­тер дең­гей­і­нің жо­ға­ры­ла­у­ы­на қызығ­у­шы­лық та­ныт­пай­ды; мақ­сат­қа же­ту үшін өзі­нің және ба­ғы­ны­сты­ла­ры­ның құ­зы­рет­те­рін да­мыт­пай­ды; ба­ғы­ны­сты­лар­мен олар­дың құ­зы­рет­те­рін тал­қы­ла­май­ды D-3 * D-4 D-5 D-О-4 D-О-5 D-О-6 E-3 * E-4 E-5 E-R-4 E-R-5 E-G-2 * E-G-3 E-G-4 * осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа Жа­ңа бі­лім­дер мен тех­но­ло­ги­я­лар­ға қызығ­у­шы­лық та­ны­та­ды; өзін­ді­гі­нен да­му­ға ұм­ты­ла­ды, жа­ңа ақ­па­рат­тар мен оны қол­да­ну­дың әді­сте­рін із­де­не­ді; тә­жі­ри­бе­де ти­ім­ді­лік­ті арт­ты­ра­тын жа­ңа дағ­ды­лар­ды қол­да­на­ды Жа­ңа бі­лім­дер мен тех­но­ло­ги­я­лар­ға қызығ­у­шы­лық та­ныт­пай­ды; өзін­ді­гі­нен да­му­ға ұм­тыл­май­ды, жа­ңа ақ­па­рат­тар мен оны қол­да­ну әді­сте­рі­мен қы­зық­пай­ды; өзін­де бар дағ­ды­лар­мен шек­те­ле­ді Адал­дық D-1 D-О-1 E-1 E-R-1 Жұ­мыс­кер­лер­мен әдеп­ті­лік нор­ма­ла­ры мен стан­дарт­та­ры­ның сақ­та­луын қам­та­ма­сыз ете­ді; ұжым­да мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің әдеп­ті­лік нор­ма­ла­ры мен стан­дарт­та­ры­на бе­рі­л­ген­дік дең­гей­ін да­мы­та­ды; бас­қа­лар­дың же­ті­стікте­рін мой­ын­дай­ды, әріп­те­сте­рі­нің на­мысы мен абы­рой­ы­на нұқ­сан кел­ті­ре­тін олар­дың же­ке және кә­сі­би қа­си­ет­те­рін тал­қы­ла­удан тар­ты­на­ды; әдеп­ті­лік нор­ма­лар­дың бұ­зы­л­ғанды­ғын елеп ес­ке­ре­ді және анық­тай­ды; ри­я­сыздық, әділ­дік, адал ни­ет­ті­лік, сон­дай-ақ, же­ке тұл­ға­ның на­мысы мен абы­рой­ы­на құр­мет та­ны­та оты­рып, ба­ғы­ны­сты­ла­ры үшін әдеп­ті мі­нез-құлық­тың үл­гі­сі бо­ла­ды; өзі­нің бө­лім­ше жұ­мысы­ның тә­жі­ри­бе­сін­де ашық­тық, шы­най­ы­лық және әділ­дік­ке ба­ғыт­тал­ған әдеп нор­ма­ла­ры мен құн­ды­лық­тар­ды бі­рік­ті­ре­ді Жұ­мыс­кер­лер­мен әдеп­ті­лік нор­ма­ла­ры мен стан­дарт­та­ры­ның сақ­та­луын қам­та­ма­сыз ет­пей­ді; мем­ле­кет­тік қыз­мет жо­лын ұста­у­шы­лық әр­кім­нің же­ке ісі деп есеп­тей­ді; бас­қа­лар­дың же­ті­стікте­рін мой­ын­да­май­ды, әріп­те­сте­рі­нің на­мысы мен абы­рой­ы­на нұқ­сан кел­ті­ре­тін олар­дың же­ке және кә­сі­би қа­си­ет­те­рін тал­қы­ла­у­ға жол бе­ре­ді; әдеп­ті­лік нор­ма­лар­дың бұ­зы­л­ғанды­ғын елеп ес­кер­мей­ді; ри­я­сыздық, әділ­дік, адал ни­ет­ті­лік, сон­дай-ақ, же­ке тұл­ға­ның на­мысы мен абы­рой­ы­на құр­мет та­ныт­пай­ды; өзі­нің бө­лім­ше жұ­мысы­ның тә­жі­ри­бе­сін­де ашық­тық, шы­най­ы­лық және әділ­дік­ке ба­ғыт­тал­ған әдеп нор­ма­ла­ры мен құн­ды­лық­тар­ды бі­рік­тір­мей­ді; D-2 D-3 (Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы) D-О-2 D-О-3 E-2 E-3 (Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы); E-R-2 E-R-3 E-G-1 E-G-2 (Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы). * осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа Бел­гі­лен­ген стан­дарт­тар мен нор­ма­лар­дың, шек­те­улер мен тый­ым­дар­дың сақ­та­луын ба­қы­лай­ды; ұжым­ның мүд­де­сін өз мүд­де­сі­нен жо­ға­ры қо­яды; жұ­мыста та­бан­ды­лық та­ны­та­ды; ұжым­да­ғы сый­ла­стық пен се­нім аху­а­лын қа­лып­та­сты­ра­ды; ба­ғы­ны­сты­лар­дың іс-әре­ке­т­ін­де шы­най­ы­лық және әді­лет­ті­лік прин­ципте­рін сақ­та­уды қам­та­ма­сыз ете­ді; ри­я­сыздық, әділ­дік, адал ни­ет­ті­лік, сон­дай-ақ, же­ке тұл­ға­ның на­мысы мен абы­рой­ы­на құр­мет та­ны­та оты­рып, ба­ғы­ны­сты­ла­ры үшін әдеп­ті мі­нез-құлық­тың үл­гі­сі бо­ла­ды Ұжым­да бел­гі­лен­ген стан­дарт­тар мен нор­ма­лар­дың, шек­те­улер мен тый­ым­дар­дың орын алуы­на жол бе­ре­ді; өз мүд­де­сін ұжым мүд­де­сі­нен жо­ға­ры қо­яды; Жұ­мыста та­бан­ды­лық та­ныт­пай­ды; ұжым­да­ғы сый­ла­стық пен се­нім аху­а­лын қа­лып­та­стыр­май­ды; ба­ғы­ны­сты­лар­дың іс-әре­ке­т­ін­де шы­най­ы­лық және әді­лет­ті­лік прин­ципте­рін сақ­та­уды қам­та­ма­сыз ет­пей­ді D-3 * D-4 D-5 D-О-4 D-О-5 D-О-6 E-3 * E-4 E-5 E-R-4 E-R-5 E-G-2 * E-G-3 E-G-4 * осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа Бел­гі­лен­ген әдеп­ті­лік нор­ма­ла­ры мен стан­дарт­та­ры­на сүй­е­не­ді; өзі­нің жұ­мысын адал орын­дай­ды; өзін адал, қа­ра­пай­ым, әділ ұстай­ды, бас­қа­лар­ға сы­пай­ы­лық және би­я­зы­лық та­ны­та­ды Бел­гі­лен­ген әдеп­ті­лік нор­ма­ла­ры мен стан­дарт­та­ры­на сай кел­мей­тін мі­нез-құлық­тар та­ны­та­ды; өзі­нің жұ­мысын орын­дау ба­ры­сын­да нем­құ­рай­лы­лық біл­ді­ре­ді; өзін адал­сыз, шам­дан­ған және бас­қа­лар­ға дө­ре­кі­лік және мен­сіз­бе­у­ші­лік қа­си­ет­те­рін та­ны­та­ды Стрес­ске ор­нық­ты­лық D-1 D-О-1 E-1 E-R-1 Сын­ға са­быр­лық­пен қа­рай­ды және негіз­ді болған жағ­дай­да, кем­ші­лік­тер­ді жою жө­нін­де ша­ра­лар қа­был­дай­ды Сын­ға са­быр­сыз қа­рай­ды және негіз­ді болған жағ­дай­да, кем­ші­лік­тер­ді жою жө­нін­де ша­ра­лар қа­был­да­май­ды; D-2 D-3 (Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы) D-О-2 D-О-3 E-2 E-3 (Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы) E-R-2 E-R-3 E-G-1 E-G-2 (Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы) * осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа сын­ға са­быр­лық­пен қа­рай­ды және негіз­ді болған жағ­дай­да, кем­ші­лік­тер­ді жою жө­нін­де ша­ра­лар қа­был­дай­ды сын­ға са­быр­сыз қа­рай­ды және негіз­ді болған жағ­дай­да, кем­ші­лік­тер­ді жою жө­нін­де ша­ра­лар қа­был­да­май­ды D-3 * D-4 D-5 D-О-4 D-О-5 D-О-6 E-3 * E-4 E-5 E-R-4 E-R-5 E-G-2 * E-G-3 E-G-4 * осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа Сын­ға са­быр­лық­пен қа­рай­ды және негіз­ді болған жағ­дай­да, кем­ші­лік­тер­ді жою жө­нін­де ша­ра­лар қа­был­дай­ды Сын­ға са­быр­сыз қа­рай­ды және негіз­ді болған жағ­дай­да, кем­ші­лік­тер­ді жою жө­нін­де ша­ра­лар қа­был­да­май­ды Жа­у­ап­кер­ші­лік D-1 D-О-1 E-1 E-R-1 Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің қыз­ме­тін ұй­ым­да­сты­ру­ды же­ке жа­у­ап­кер­ші­лі­гіне ала­ды Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің қыз­ме­тін ұй­ым­да­сты­ру жа­у­ап­кер­ші­лі­гін бас­қа ла­у­а­зым­ды тұл­ға­ға ар­та­ды D-2 D-3 (Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы) D-О-2 D-О-3 E-2 E-3 (Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы) E-R-2 E-R-3 E-G-1 E-G-2 (Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы) * осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше қыз­ме­тін ұй­ым­да­сты­ру­ды же­ке жа­у­ап­кер­ші­лі­гіне ала­ды Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің қыз­ме­тін ұй­ым­да­сты­ру жа­у­ап­кер­ші­лі­гін бас­қа ла­у­а­зым­ды тұл­ға­ға ар­та­ды D-3 * D-4 D-5 D-О-4 D-О-5 D-О-6 E-3 * E-4 E-5 E-R-4 E-R-5 E-G-2 * E-G-3 E-G-4 * осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа Өз ісі мен нәти­же­ле­рі үшін жа­у­ап­ты­лық­та бо­ла­ды Өз ісі мен нәти­же­ле­рі үшін жа­у­ап­ты­лық­ты бас­қа тұл­ға­ға ар­та­ды Ба­ста­ма­шыл­дық D-1 D-О-1 E-1 E-R-1 Қыз­мет ти­ім­ді­лі­гін жо­ға­ры­ла­ту­ға ба­ғыт­тал­ған ин­но­ва­ци­я­лық тә­сіл­дер мен ше­шім­дер ен­гі­зу жө­нін­де­гі ұсы­ны­стар­ды тү­зе­ді және қа­рас­ты­ра­ды Қыз­мет ти­ім­ді­лі­гін жо­ға­ры­ла­ту­ға ба­ғыт­тал­ған ин­но­ва­ци­я­лық тә­сіл­дер мен ше­шім­дер ен­гі­зу жө­нін­де­гі ұсы­ны­стар­ды әзір­ле­мей­ді және қа­рас­тыр­май­ды D-2 D-3 (Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы) D-О-2 D-О-3 E-2 E-3 (Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы) E-R-2 E-R-3 E-G-1 E-G-2 (Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы). * осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа Қыз­мет ти­ім­ді­лі­гін жо­ға­ры­ла­ту­ға ба­ғыт­тал­ған ин­но­ва­ци­я­лық тә­сіл­де­рін және ше­шім­де­рін ен­ді­ру бой­ын­ша ұсы­ны­стар­ды тал­дай­ды және ен­гі­зе­ді Қыз­мет ти­ім­ді­лі­гін жо­ға­ры­ла­ту­ға ба­ғыт­тал­ған ин­но­ва­ци­я­лық тә­сіл­де­рін және ше­шім­де­рін ен­ді­ру бой­ын­ша ұсы­ны­стар­ды тал­да­май­ды және ен­гіз­бей­ді D-3 * D-4 D-5 D-О-4 D-О-5 D-О-6 E-3 * E-4 E-5 E-R-4 E-R-5 E-G-2 * E-G-3 E-G-4 * осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа Ұсы­ны­стар мен ба­ста­ма­ла­рын ен­гі­зе­ді және өзі­нің негіз­гі мін­дет­те­рі­нен бас­қа қо­сым­ша жұ­мыстар­ды орын­дай­ды Ұсы­ны­стар мен ба­ста­ма­ла­рын ен­гіз­бей­ді және өзі­нің негіз­гі мін­дет­те­рі­нен бас­қа қо­сым­ша жұ­мыстар­ды орын­да­май­ды
Басқа 5. Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
Астана қаласы әкімдігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 5-қосымша Лауазымды тұлға ________________________________ (тегі, аты-жөні) күні ____________________________ қолы ____________________________ Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы Р/с № Қыз­мет­ші­лер­дің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да) Ба­ға­лау нәти­же­ле­рі ту­ра­лы мә­лі­мет Ба­ға­лау нәти­же­ле­рі ко­мис­си­я­мен тү­зе­ті­луі (бар болған жағ­дай­да) Ко­мис­си­я­ның ұсы­ны­ста­ры 1 2 3 4 5 1. 2. ... Комиссия қорытындысы: _______________________________________________________________________ Тексерілді: Комиссияның хатшысы: _______________________________ Күні: ____________ (тегі, аты-жөні, қолы) Комиссияның төрағасы: ______________________________ Күні: ____________ (тегі, аты-жөні, қолы) Комиссияның мүшесі: ________________________________ Күні: ____________ (тегі, аты-жөні, қолы)