О проведении смотра готовности оздоровительных учреждений к работе в летний период Күшін жойған
Басқа 0
Сауықтыру мекемелерінің жазғы кезеңдегі жұмысқа дайындығының байқауын өткізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысы әкімдігінің 21.12.2004 № 08-3/2691 хаты.
"2002 жылды Денсаулық жылы деп жариялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 30 желтоқсандағы № 751 Жарлығын орындау, жазғы сауықтыру мекемелерінің Материалдық базасын жақсарту мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстың Ақтөбе қаласы мен аудандарының әкімдері 2002 жылғы мамыр айында сауықтыру мекемелерінің жазғы кезеңдегі жұмысқа дайындығыңың "байқауын өткізсін.
Тармақ 2
2. Жазғы сауықтыру мекемелерінің басшыларына:
Тармақша 1
1) сауықтыру мекемелерін тиісті санитарлық-техникалық қалыпқа келтіру және балаларды уақытында қабылдауды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) сауықтыру мекемелерін тоңазытқыштық және технологиялық қондырғылармен, қатты және жұмсақ жиһаздармен, асханалық ыдыс-аяқтармен, тиісті сандағы жуушы және дезинфекциялаушы заттармен қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) сауықтыру мекемелері ашылғанға дейін облыстың санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің зертханаларында ауыз суға бактериологиялық және химиялық сараптама жүргізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) оларды шаюды және дезинфекциялауды қарастыра отырып, ауыз сумен қамтамасыз ету көздерін тиісті санитарлық-техникалық қалыпқа келтіру;
Тармақша 5
5) жазғы сауықтыру мекемелерінің аумақтарын тазарту және көріктендіру, ойын және спорт алаңдарын дайындау;
Тармақша 6
6) балалардың тамақтануының үйымдастырылуына тұрақты зертханалық бақылау жүргізу;
Тармақша 7
7) тез бұзылатын азық-түліктерге ерекше назар аудара отырып, азық-түлік тағамдарын сақтау, тасымалдау, дайындау шарттары мен өткізу мерзіміне қатаң бақылауды қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) медициналық тексеруден өтпеген адамдарды жұмысқа жібермеу, бактериологиялық сараптама ұйымдастыру және адамдарға гигиеналық білім беруді ұйымдастыру;
Тармақша 9
9) жазғы сауықтыру мекемелері объектілерінің санитарлық жай-күйін, дезинфекциялық режимін, тағамблогы жұмысының және дайындалатын ас түрлерінің сапасына бақылау жасауды қамтамасыз ету;
Тармақша 10
10) облыстық санэпидемстанция (Ғ. А. Естекбаев), облыстық білім басқармасы (А. А. Құдайбергенов) байқауды өткізу нәтижелері туралы облыс Әкімінің аппаратын 2002 жылғы 10 маусымға хабардар ету ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары А. Қ. Есіркеповке жүктелсін.