О некоторых вопросах Национальной академии наук Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының кейбір мәселелері туралы
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.11.27. N 1191 қаулысымен.
"Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес және "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы;
Тармақша 2
2) қызметін "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі үйлестіретін республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың тізбесі;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) қызметін "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі үйлестіретін республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың жарғыларына, сондай-ақ "Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция" және "Академик Қ.И. Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемелерінің жарғыларына тиісті өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне жалдау төлемін алмай мемлекеттік ғылыми ұйымдарды орналастыру үшін мынадай: Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28 мекен-жайы бойынша орналасқан ғимараттар кешенін берсін;
Тармақша 3
3) "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі үшін 6 бірлік санында қызметтік автомобильдерге лимит белгіленсін.
📌 Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.11.07. N 1178
қаулысымен .
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 22 мамырдағы
N 550 қаулысымен
бекітілген
"Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы (бұдан әрі - Ғылым академиясы) - Ғылым академиясының толық мүшелерін (академиктерді), мүше-корреспонденттерін және Қазақстанның ғалымдарын біріктіретін мемлекеттік ғылыми мекеме.
Тармақ 2
2. Ғылым академиясы басқару, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-мәдени және өзге де функцияларды жүзеге асыру үшін құрылған республикалық мемлекеттік мекеме болып табылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Президенті тұлғасында мемлекет Ғылым академиясының құрылтайшысы болып табылады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - уәкілетті орган) Ғылым академиясын мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып табылады.
Тармақ 5
5. Ғылым академиясы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдеріне, уәкілетті органның кесімдеріне сәйкес және осы Жарғының негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Ғылым академиясының толық атауы:
мемлекеттік тілде - "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде - республиканское государственное учреждение "Национальная академия наук Республики Казахстан".
Тармақ 7
7. Ғылым академиясының орналасқан жері: 480100, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28.
Тарау 2. 2. Ғылым академиясының заңдық мәртебесі
2. Ғылым академиясының заңдық мәртебесі
Тармақ 8
8. Ғылым академиясы мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап заңды тұлға құқығына ие болады.
Тармақ 9
9. Ғылым академиясының заңнамаға сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, мемлекеттік және орыс тіліндегі өз атауымен бланкілері, мөрлері мен мөртаңбалары болады.
Тармақ 10
10. Ғылым академиясына белгіленген тәртіппен мемлекеттік меншікті иелену, пайдалану, билік ету құқығы берілген жағдайды қоспағанда, Ғылым академиясы басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды, оны құра алмайды.
Тармақ 11
11. Ғылым академиясы өз міндеттемелері бойынша оның қарамағындағы ақшамен жауап береді. Ғылым академиясының ақша жетпеген жағдайда, оның міндеттемелері бойынша Үкімет жауап береді.
Ғылым академиясының шарттық міндеттемелер бойынша жауапкершілігі заңнамаға сәйкес оны ұстауға арналып бекітілген смета шегінде туындайды.
Тармақ 12
12. Ғылым академиясы жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелер Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тіркелуі тиіс.
Тарау 3. 3. Ғылым академиясының мақсаты және қызметінің түрлері
3. Ғылым академиясының мақсаты және қызметінің түрлері
Тармақ 13
13. Ғылым академиясының мақсаты және қызметінің негізгі бағыттары:
Тармақша 1
1) ғылыми-зерттеу қызметі;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы ғылымының жай-күйін талдау және оның дамуын болжау;
Тармақша 3
3) ғылымды дамыту мен ғылыми кадрлар даярлаудың басым бағыттарын айқындау;
Тармақша 4
4) ғылыми-сараптамалық қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыру және олардың орындалуын үйлестіру;
Тармақша 6
6) өз құзыреті шегінде халықаралық ғылыми ынтымақтастықты, инновациялық және инвестициялық қызметті дамытуға көмек көрсету;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де мақсаттар болып табылады.
Тармақ 14
14. Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Ғылым академиясы заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбе бойынша іргелі ғылыми зерттеулер саласындағы ғылыми ұйымдардың (бұдан әрі - ғылыми ұйымдар) ғылыми және ғылыми-техникалық қызметін үйлестіру, соның ішінде:
ғылыми ұйымдардың ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары мен жоспарларын бекітеді, ғылыми ұйымдар жүргізген, аяқталған ғылыми зерттеулерді қабылдауды жүргізеді және оларды уәкілетті органға ұсынады;
ғылыми ұйымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметі туралы жыл сайынғы есептерін тыңдайды және осы есептер бойынша қорытындылары мен ұсынымдарын уәкілетті органға ұсынады;
заңнамада белгіленген тәртіппен ғылыми-техникалық сараптама жүргізу үшін сарапшылар ретінде Ғылым академиясы мүшелерін, ғылыми ұйымдардың қызметкерлерін және басқа да адамдарды тартады;
ғылыми ұйымдардың штат кестесін, осы ұйымдардың жарғыларын, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтыруларды келіседі;
ғылыми ұйымдардың кірістері мен еңбекақы қорын бөлу тәртібін келіседі;
ғылыми ұйымдардың бірінші басшыларын қызметіне тағайындауға және қызметінен босатуға уәкілетті органға ұсынымдар береді, олардың орынбасарларын қызметіне тағайындауға және қызметінен босатуға келіседі, сондай-ақ ғылыми ұйымдардың бірінші басшыларының жеке еңбек шарттарының қағидаларын келіседі;
Тармақша 2
2) іргелі ғылыми зерттеулер бойынша мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу;
Тармақша 3
3) ғылым саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді келісуі;
Тармақша 4
4) іргелі ғылыми зерттеулер бойынша бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру сомасын белгілеу үшін оның қаржылық негіздемесін уәкілетті органға ұсыну;
Тармақша 5
5) іргелі ғылыми зерттеулер саласындағы басқа да ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірге пәнаралық бағдарламаларды қалыптастыру, ғылыми зерттеу қызметін үйлестіру;
Тармақша 6
6) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, саяси, ғылыми, мәдени және рухани дамуы стратегиясын әзірлеу мен ғылыми негіздеуге қатысу;
Тармақша 7
7) ғылым, білім беру және мәдениет саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;
Тармақша 8
8) ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттарын әзірлеуге қатысу;
Тармақша 9
9) ғылыми ұйымдармен, әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындармен тікелей байланыстар орнату және зерттеулерді ғылыми-ақпараттық қамтамасыз ету, өнертапқыштықты дамыту үшін жағдай туғызу;
Тармақша 10
10) бірлестіктер мен қауымдастықтарға ену, бірлескен жобаларды іске асыру және халықаралық ғылыми орталықтар мен ұйымдарда тағлымдамалар, симпозиумдар мен семинарлар, сондай-ақ конференциялар мен өзге де іс-шаралар өткізу жолымен ғылыми ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Тармақша 11
11) ғылым жетістіктерін насихаттауды жүзеге асыру, ғылыми журналдарды, еңбектерді басып шығару және жұртшылықпен байланыс орнатуға әрі қолдауға бағытталған акцияларды жүзеге асыруды қамтитын ақпараттық қызметті жүзеге асыру;
Тармақша 12
12) заңнамаға сәйкес ғылым бағыттары бойынша ғылымдар бөлімшелерін, соның ішінде толық мүшелерін (академиктерді), мүше-корреспонденттерін және Қазақстан Республикасының жетекші ғалымдарын біріктіретін аймақтық бөлімшелерін құру;
Тармақша 13
13) Ғылым академиясының жалпы жиналысын ұйымдастыру, шақыру әрі өткізу;
Тармақша 14
14) Ғылым академиясы мүшелерін сайлауды өткізу;
Тармақша 15
15) ғылыми және ғылыми-сараптамалық кеңестердің, ғылыми комиссиялардың тиімді жұмысын қамтамасыз ету;
Тармақша 16
16) Ғылым академиясының ғылыми кеңестері мен қоғамдарында Қазақстан Республикасының ғалымдарын біріктіру;
Тармақша 17
17) ғылыми кадрларды даярлау мен қайта даярлау, диссертациялық кеңестерді қалыптастыру мен олардың қызметін бағалауға қатысу;
Тармақша 18
18) аса көрнекті ғылыми еңбектер, ашылымдар мен жасалымдар үшін аса көрнекті ғалымдар атында сыйлықтар тағайындау туралы мәселелерді дайындау және уәкілетті органмен келісу;
Тармақша 18-1
18-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін аса көрнекті ғалымдардың атындағы сыйлықтарды тағайындау;
Тармақша 19
19) Ғылым академиясы басылымдарын шығару жоспарларын және Ғылым академиясының ғылыми конференцияларын өткізу жоспарларын бекіту;
Тармақша 20
20) ғылыми-техникалық саладағы инновациялық қызметті дамытуға
жәрдемдесу;
Тармақша 21
21) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асыру.
📌 Ескерту. 14-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.12.23. N 1344
қаулысымен
Тармақ 15
15. Ғылым академиясының Ғылым академиясын құру мақсаттарына сай келмейтін қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
Тарау 4. 4. Ғылым академиясын басқару
4. Ғылым академиясын басқару
Тармақ 16
16. Ғылым академиясын жалпы басқару мен оның қызметін үйлестіруді уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Уәкілетті орган мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Ғылым академиясына мүлкін бекітеді;
Тармақша 2
2) Ғылым академиясын ұстауға арналған сметаны (шығыстар жоспарын) бекітеді;
Тармақша 3
3) Ғылым академиясына берілген қаржылық қаражат пен мүліктің тиімді пайдаланылуы мен оның сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) жылдық қаржы есебін бекітеді;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Қазақстан Республикасының Президенті Ғылым академиясы мүшелері Жалпы жиналысының пікірін ескере отырып, қызметіне тағайындайтын және қызметінен босататын Ғылым академиясының Президенті Ғылым академиясының атқарушы басқару органы болып табылады.
Тармақ 19
19. Ғылым академиясының Президенті Ғылым академиясының жұмысын ұйымдастырады әрі оған басшылық жасайды және Ғылым академиясына жүктелген міндеттер мен оның функцияларының жүзеге асырылуына жеке жауап береді.
Тармақ 20
20. Ғылым академиясының Президенті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген оның құзыретіне және осы Жарғыға сәйкес айқындалатын дара басшылық қағидатын алқалылықпен ұштастырып әрекет етеді. Ғылым академиясы Президентінің Ғылым академиясы Төралқасымен (бұдан әрі - Төралқа) келісім бойынша Ғылым академиясының Президенті тағайындайтын төрт вице-президенті болады.
📌 Ескерту. 20-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.11.07. N 1178
қаулысымен .
Тармақ 21
21. Ғылым академиясы мүшелері Жалпы жиналысы Ғылым академиясының консультативтік-кеңесші органы болып табылады.
Тармақ 22
22. Ғылым академиясында Төралқа құрылады. Ғылым академиясының Президенті Төралқаның төрағасы болып табылады. Төралқаның мүшелерін Ғылым академиясының Президенті Ғылым академиясы мүшелері Жалпы жиналысының пікірін ескере отырып, Ғылым академиясы мүшелерінің және жетекші ғалымдардың ішінен тағайындайды.
Тармақ 23
23. Ғылым академиясының Президенті Ғылым академиясының қызметін жүзеге асыру кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Ғылым академиясының атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды;
Тармақша 2
2) оның мүдделерін барлық ұйымдарда білдіреді;
Тармақша 3
3) заңнамада белгіленген тәртіппен және шегінде Ғылым академиясына бекітілген мүлікке билік етеді;
Тармақша 4
4) Бас ғылым-хатшыны тағайындайды;
Тармақша 5
5) Ғылым академиясы тиісті бөлімшесі жалпы жиналысының пікірін ескере отырып, Төралқа мүшелерінің ішінен академик-хатшыларды тағайындайды;
Тармақша 6
6) Ғылым академиясының құрылымы мен штат кестесін белгіленген саны мен берілген қаражат шегінде бекітеді;
Тармақша 7
7) Ғылым академиясының басылымдарын шығару жоспарларын бекітеді;
Тармақша 8
8) Ғылым академиясының мерзімдік ғылыми журналдарының, ғылыми басылымдарының редакциялық алқаларын бекітеді;
Тармақша 9
9) шарттар жасасады;
Тармақша 10
10) сенімхаттар береді;
Тармақша 11
11) Ғылым академиясының іссапарлар, тағлымдамалар, қазақстандық және шетелдік оқу және ғылыми орталықтарында қызметкерлерді оқытудың және өзге де түрде біліктілігін арттырудың тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
Тармақша 12
12) банк шоттарын ашады;
Тармақша 13
13) Ғылым академиясының барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 14
14) Ғылым академиясының қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
Тармақша 15
15) Ғылым академиясының қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қабылдайды және тәртіптік шаралар қолданады;
Тармақша 16
16) Ғылым академиясы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік шеңберін айқындайды;
Тармақша 17
17) заңнамада және осы жарғыда оған жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 24
24. Ғылым академиясының бөлімшесі Ғылым академиясының ғылымның аса маңызды бағыттарын үйлестіретін әрі негізгі ғылыми-ұйымдастырушылық бөлімшесі болып табылады.
Тармақ 25
25. Ғылым бөлімшесін Бөлімшенің тиісті бейініндегі іргелі зерттеулердің жай-күйі мен деңгейі үшін жеке жауап беретін Бөлімшенің академик-хатшысы басқарады.
Тармақ 26
26. Бөлімшенің академик-хатшысы:
Тармақша 1
1) Бөлімшенің қызметіне басшылық жасайды, Бөлімшенің жалпы жиналысы мен Ғылым академиясы Төралқасы алдында іргелі зерттеулердің жай-күйі мен деңгейі үшін жеке жауап береді;
Тармақша 2
2) Бөлімшенің мүдделерін білдіреді, Ғылым академиясы Төралқасы мен Бөлімшенің жалпы жиналысы шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады және бақылайды;
Тармақша 3
3) Бөлімшенің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Ғылым академиясы Төралқасының мәжілісінде баяндамашы болып табылады;
Тармақша 4
4) Бөлімшенің жалпы жиналысының мәжілістерінде төрағалық етеді.
Тармақ 27
27. Бөлімшенің ғалым-хатшысын Ғылым академиясының Президенті академик-хатшының ұсынуы бойынша Бөлімшенің бейіні бойынша ғылыми-ұйымдастыру жұмыс тәжірибесі бар ғылым кандидаттары мен докторлары ішінен тағайындайды.
Тармақ 28
28. Ғалым-хатшы:
Тармақша 1
1) Бөлімше өткізетін мәжілістерді дайындау әрі өткізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) Ғылым академиясы Төралқасының қаулылары мен өкімдерінің орындалуына ағымдағы бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) Бөлімшенің ғылыми және ғылыми-ұйымдастыру қызметі мәселелері бойынша құжаттарды, анықтамалық-ақпараттық және басқа да қорыту материалдарын дайындауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 29
29. Ғылым академиясының Төралқасы, Жалпы жиналысы, Бөлімшесі туралы ережелерді Ғылым академиясының Президенті әзірлейді және Ғылым академиясының жалпы жиналысы бекітеді.
Тарау 5. 5. Ғылым академиясының мүлкін құраудың тәртібі және оның қызметін қаржыландыру
5. Ғылым академиясының мүлкін құраудың тәртібі және оның қызметін қаржыландыру
Тармақ 30
30. Ғылым академиясы штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Тармақ 31
31. Ғылым академиясының мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен құралады және құны мемлекеттік мекеменің теңгерімінде көрсетілетін негізгі қорлардан, айналым қаражатынан, сондай-ақ өзге де мүліктен тұрады.
Тармақ 32
32. Ғылым академиясының мүлкі жедел басқару құқығындағы республикалық меншік болып табылады.
Тармақ 33
33. Ғылым академиясының қызметін қаржыландыру заңнамалық кесімдерде өзгеше белгіленбесе, республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 34
34. Ғылым академиясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізеді және есептер тапсырады.
Тармақ 35
35. Ғылым академиясының қаржы-шаруашылық қызметін тексеру мен тексеріс Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тарау 6. 6. Ғылым академиясы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
6. Ғылым академиясы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
Тармақ 36
36. Ғылым академиясы мүшесінің негізгі міндеті көрнекті еңбегімен ғылымды байыту, ірі ғылыми және ғылыми-техникалық проблемаларды талдауды жүзеге асыру болып табылады.
Тармақ 37
37. Ғылым академиясы мүшелері ғылыми кадрлар даярлауға тікелей қатысады.
Тармақ 38
38. Ғылым академиясы мүшелері мерзімді түрде мыналарды ұсынады:
Тармақша 1
1) ол бойынша сайланған ғылыми бағыттың әлемдегі даму үрдістері, Қазақстандағы кадрлық қамтамасыз ету мен ғылыми зерттеулердің жай-күйі, өзінің қосқан жеке үлесі туралы талдау баяндамаларын;
Тармақша 2
2) ғылымға, жоғары білікті кадрлар даярлауға өзінің қосқан жеке үлесі мен ғылыми еңбектердің жариялануы туралы мәліметтер бар ғылыми, ғылыми-техникалық, ғылыми-ұйымдастыру және педагогикалық қызмет туралы жыл сайынғы есепті.
Тармақ 39
39. Ғылым академиясы мүшелері Ғылым академиясы Президентінің, бейінді Бөлімшенің академик-хатшысының тапсырмаларын орындауға, Ғылым академиясының, тиісті Бөлімшенің жалпы жиналыстарының жұмысына қатысуға және олардың шешімдерін өмірге енгізуге міндетті.
Тармақ 40
40. Ғылым академиясының мүшелері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Жарғыда белгіленген тәртіппен Ғылым академиясының жұмысына қатысуға;
Тармақша 2
2) ғылыми зерттеулер, материалдық-техникалық әрі кадрлық қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге әрі оларды талдауға қатысуға құқылы.
Тарау 7. 7. Ғылым академиясы мүшелерін сайлаудың тәртібі
7. Ғылым академиясы мүшелерін сайлаудың тәртібі
Тармақ 41
41. Ғылым академиясы Ғылым академиясы мүшелерін сайлауды өткізеді.
Тармақ 42
42. Ғылым академиясының жаңа мүшелерін сайлау үшін мамандықтар атауларын және олардың әрқайсысы бойынша бос орын санын уәкілетті органмен келісім бойынша Ғылым академиясы айқындайды.
Тармақ 43
43. Ғылым академиясы мүшелері ғұмыр бойы сайланады.
Тармақ 44
44. Ғылым академиясы мүшелерін сайлау тәртібін Ғылым академиясының Төралқасы әзірлейді, Ғылым академиясы Жалпы жиналысымен келіседі және Ғылым академиясының Президенті бекітеді.
Тармақ 45
45. Әлемдік ғылымның, Қазақстан Республикасы ғылымының, мәдениеті мен экономикасының дамуында ғылыми жетістіктерін Ғылым академиясы ерекше деп таныған шетелдік ғалымдар Ғылым академиясының шетелдік мүшелері болып сайлануы мүмкін. Ғылым академиясының Төралқасы шетелдік мүшелерді ұсыну құқығына ие. Ғылым академиясының шетелдік мүшелерін сайлауды Жалпы жиналыс, әдетте, ашық дауыс беру арқылы жүргізеді. Дауыс беруге қатысқан жиналыста Ғылым академиясы мүшелерінің кемінде 2/3 дауыс берсе, сайлау құқылы болып саналады.
Тармақ 46
46. Олардың еңбегі әлемдік ғылым мен Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына ықпал еткен Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктер Ғылым академиясының құрметті мүшелері болып сайлануы мүмкін. Ғылым академиясының Президенті құрметті мүшелікке ұсыну құқығына ие. Ғылым академиясының Төралқасында Ғылым академиясының құрметті мүшелерін сайлау Ғылым академиясы Төралқасы мүшелерінің жай көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы жүргізіледі.
Тармақ 47
47. Ғылым академиясының шетелдік және құрметті мүшелері туралы ережені Ғылым академиясының жалпы жиналысы бекітеді.
Тарау 8. 8. Ғылым академиясын қайта ұйымдастыру және тарату
8. Ғылым академиясын қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 48
48. Ғылым академиясын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 22 мамырдағы
N 550 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде:
11-тармақтың 7) тармақшасында "бағдарламаларын" деген сөздің алдынан "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының ұсынуы бойынша" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 қаулысына :
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерінде:
"1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген бөлімде:
3-бағанда "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" деген жолда "20" деген сан "53" деген санмен ауыстырылсын.
Тармақ 3
3. "Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 2-3, 14-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мекемелер қызметшілері болып табылмайтын қызметкерлер лауазымдарының санаттар бойынша тізілімінде:
"F" деген санат мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы".
Басқа 2. Қызметін "Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі үйлестіретін республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 22 мамырдағы
N 550 қаулысымен
бекітілген
Қызметін "Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі үйлестіретін республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың тізбесі
Тармақ 1
1. "Ботаника және фитоинтродукция" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Тармақ 2
2. "Зоология институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Тармақ 3
3. "Адамның және малдың физиологиясы институты" республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Тармақ 4
4. "Жалпы генетика және цитология институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Тармақ 5
5. "Микробиология және вирусология институты" республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Тармақ 6
6.
Тармақ 7
7. "М.А. Айтхожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Тармақ 8
8. "Экономика институты" республикалық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорны
Тармақ 9
9. "А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Тармақ 10
10. "М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнертану институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Тармақ 11
11. "Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Тармақ 12
12. "Философия және саясаттану институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Тармақ 13
13. "Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Тармақ 14
14. "Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Тармақ 15
15. "Сейсмология институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Тармақ 16
16. "У.М. Ахметсафин атындағы Гидрогеология және гидрофизика институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Тармақ 17
17. "Қ.И. Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Тармақ 18
18. "Металлургия және кен байыту институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Тармақ 19
19. "География институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Тармақ 20
20. "Информатика және басқару проблемалары институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Тармақ 21
21. "Ғарыштық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Тармақ 22
22. "Математика институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Тармақ 23
23. "Қолданбалы математика институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Тармақ 24
24. "В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Тармақ 25
25. "Ионосфера институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Тармақ 26
26. "Физикалық-техникалық институт" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Тармақ 27
27. "Механика және машинатану институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Тармақ 28
28. "А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Тармақ 29
29. "Д.В. Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Тармақ 30
30. "Фитохимия институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Тармақ 31
31. "Ғалымдар үйі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Тармақ 32
32. "Орталық ғылыми кітапхана" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Тармақ 33
33. "Ғылым" ғылыми-баспа орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
📌 ЕСКЕРТУ. 6-жол алып тасталды - ҚР Үкіметінiң 2003.06.27. N 623
қаулысымен .