О порядке отнесения в зачет налога на добавленную стоимость, подлежащего уплате поставщикам товаров, импортируемых в Республику Казахстан, в отношении которых в соответствии с международным договором применяется иной порядок налогообложения экспорта и импорта товаров Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.05.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Халықаралық шартқа сәйкес оларға қатысты тауарлар экспорты мен импортына салық салудың өзгеше тәртібі қолданылатын, Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды берушілерге төленуге тиісті қосылған құн салығын есепке жатқызу тәртібі туралы Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.05.26. N 516 қаулысымен. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) 235-бабына, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Өзара саудада жанама салықтарды өндіріп алу қағидаттары туралы" 2000 жылғы 9 қазандағы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына импортталатын табиғи газ конденсатын қоса алғанда, табиғи газды, мұнайды берушілерге төленуге тиісті қосылған құн салығын қосылған құн салығын төлеушілер есепке жатқызады деп белгіленсін. Есеп осы тармақта көрсетілген тауарларды берушінің Ресей Федерациясынан жөнелтуі сәтінде Ресей Федерациясының аумағында қолданылып жүрген салық ставкасы мөлшерінде онда қосылған құн салығы бөліп көрсетілген сомасымен Ресей Федерациясынан беруші ұсынған шот-фактура негізінде жүргізіледі. Қосылған құн салығын төлеушіде салық салынатын және салық салынбайтын, оның ішінде қосылған құн салығынан босатылған айналымдар болған жағдайда Ресей Федерациясынан берушілерге төленуге тиісті қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) 239-бабында көзделген тәртіппен есепке жатқызылады.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.