Об установлении норматива отчисления части чистого дохода районных коммунальных государственных предприятий Күшін жойған
Басқа 0
Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы
«Мемлекетік мүлік туралы» Қазақстан Республикасынаң 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұзынкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Мемлекеттік аудандық кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Әкімдіктің
2018 жылғы 23 сәуірдегі
№ 70 қаулысына
қосымша
Мемлекеттік аудандық кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Жергілікті бюджетке мемлекеттік аудандық кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі мынадай түрде айқындалады:
Таза кіріс 500 000 теңгеге дейін
таза кіріс сомасынаң 3 пайыз
Таза кіріс 1 000 000 теңгеге дейін
таза кіріс сомасынан 5 пайыз