О нормах потребления жилищно-коммунальных услуг при предоставлении льгот отдельным категориям граждан Қолданыста
Басқа 0
Жекелеген санаттағы азаматтарға тұрмыстық-коммуналдық қызметтерді қолдануда жеңілдіктер көрсетудегі нормалар туралы
№ 6 Жылу электр орталығындағы болған апатқа және Қызылорда қаласын жылумен қамтамасыз етудегі қалыптасқан жағдайларға байланысты ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. 1998 жылдың12 қаңтарынан жылу берілгенге дейін (биылғы жылдың 1 сәуірінен аспау керек) №6 Жылу электр орталығы қызмет көрсететін аумақта тұратын жекелеген санаттағы азаматтар жеңілдіктер көрсетуде тұтыну нормасы келесі мөлшерде белгіленсін:
газ - тамақ дайындау мерзіміне, тұрмыстық-шаруашылық қажеттілікке тиесілі: суды жылытуға - бір адамға 13,7 кг;
электрқуаты - жеңілдіктерге құқы бар бір азаматқа айына 90 квт/сағ мөлшерінде.
Тармақ 2
2. Қызылорда қаласының әкімі (Б. Досмамбетов) кейбір санаттағы азаматтарға жеңілдіктер көрсетуте байланысты қосымша шығыстарды төлеуге қаржы қарастырсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Қ. Әжібековке жүктелсін.