Об утверждении Санитарных правил «Санитарно-эпидемиологические требования к детским оздоровительным и санаторным объектам» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Санаториялық және сауықтыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 233 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11056 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 11 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 4
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 5
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі ______________ Е. Сағадиев 2018 жылғы 24 сәуір «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі ______________ Ж. Қасымбек 2018 жылғы 20 сәуір «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ______________ Т. Сүлейменов 2018 жылғы 2 мамыр
Басқа 11. «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 146 бұйрығымен бекітілген «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 7-1 бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 144-бабының 6-тармағына, 145-бабына сәйкес әзірленген және
Тармақша 1
1) объекті құрылысына жер учаскесін таңдауға, жобалауға, реконструкциялауға, пайдалануға;
Тармақша 2
2) сумен жабдықтауға, су бұруға, жылумен жабдықтауға, жарықтандыруға, желдетуге, ауасын баптауға;
Тармақша 3
3) жөндеуге және күтіп-ұстауға;
Тармақша 4
4) тұру жағдайларына;
Тармақша 5
5) тамақтану жағдайларына;
Тармақша 6
6) өндірістік бақылауға, персоналдың еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына;
Тармақша 7
7) балалар мен ересектерді медициналық қамтамасыз етуге, сауықтыру (маусымдық және жыл бойғы) және санаторий объектілерінің, базалар мен демалыс орындарының (бұдан әрі – объектілер) персоналын медициналық қарап-тексеруге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтиды.
Тармақ 2
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) арнайы санитариялық киім (бұдан әрі – арнайы киім) – шикізатты, қосымша материалдарды және дайын өнімді механикалық бөлшектермен, микроорганизмдермен және басқа да ластанулармен ластанудан қорғауға арналған қызметкерлердің қорғаныш киімінің жиынтығы;
Тармақша 2
2) аэрарий – ауа ванналарын қабылдау үшін жабдықталған алаң, қалқа;
Тармақша 3
3) балаларды сауықтыру объектiлерi (бұдан әрі – БСО) – 6 жастан балаларды сауықтыруға арналған объектілер, оның iшiнде балаларды сауықтыру, демалыс уақытында жалпы бiлiм беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдай жасайтын, жыл бойы жұмыс iстейтiн БСО;
Тармақша 4
4) бракераж – тамақ өнімдері мен дайын тамақтардың сапасын органолептикалық көрсеткіштері бойынша бағалау;
Тармақша 5
5) Генча сынамасы – баланың тыныс алу жүйесінің функционалдық жағдайын бағалайтын көрсеткіш;
Тармақша 6
6) желдету – үй-жайларда табиғи немесе жасанды реттелетін ауа алмасуы, ауаның талап етілетін гигиеналық және технологиялық параметрлерін ұстап тұруға мүмкіндік беретін ұйымдастырылған ауа алмасу, сондай-ақ ауа алмасуды іске асыруға арналған техникалық құралдар кешені;
Тармақша 7
7) инсоляция – үй-жайды гигиеналық бағалауға арналған күн радиациясының нормаланатын көрсеткіші;
Тармақша 8
8) Кетле индексі – баланың дене дамуының үйлесімділігін бағалау көрсеткіші;
Тармақша 9
9) палатка (киіз үй) типіндегі балаларды сауықтыру объектілері – бұл жазғы каникул кезінде табиғат аясында ұйымдастырылатын, балалар мен жасөспірімдерді орналастыру және оларға қызмет көрсету үшін палаткаларды (киіз үйлерді) пайдалану арқылы олардың демалу түрі іске асырылатын объектілер;
Тармақша 10
10) санитариялық-аулалық қондырғылар (бұдан әрі – САҚ) – орталықтандырылған кәрізбен байланысы жоқ, объектінің аумағында орналасқан, жер үсті бөлігі мен қазылған шұңқыры бар дәретхана;
Тармақша 11
11) солярий – күн ванналарын қабылдау үшін жабдықталған алаң, үй-жай;
Тармақша 12
12) туберкулезге қарсы күрес санаторийі – табиғи емдiк физикалық факторларды (климат, минералды сулар, балшықтар), физиотерапиялық әдiстердi, емдiк дене шынықтыруды басым пайдалана отырып, профилактикаға, медициналық оңалтуға және демалуға арналған объекті.
Тарау 2. 2-тарау. Объектiлердің құрылысына жер учаскесін таңдауға, оларды жобалауға, реконструкциялауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
2-тарау. Объектiлердің құрылысына жер учаскесін таңдауға, оларды жобалауға, реконструкциялауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 3
3. Объектілердің жер учаскесі құрғақ, желденетін болып таңдалады. Учаске атмосфералық ауаны ластау көздерінің жел жағында, ыңғайлы кіріс жолдары мен шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауды ұйымдастыру үшін жағдайы болады.
Тармақ 4
4. Объектілердің құрылысына жер учаскесін күйдіргі бойынша қолайсыз стационарлық пункттердің аумағына, бұрын қоқыс тастайтын жер, полигон, ассенизациялау және сүзгілеу алқабы, мал қорымы, мал шаруашылығы және құс шаруашылығы фермалары, бейіттер, радиоактивті қалдықтарды көму пункттері болған жер учаскелеріне орналастырмайды.
Тармақ 5
5. Объектілерді жобалау және реконструкциялау кезінде үй-жайлардың жиыны мен ауданы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 20-бабы 23-16) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына (бұдан әрі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер) сәйкес айқындалады .
Тармақ 6
6. Объектілерді жобалау және реконструкциялау кезінде ғимаратта және учаскеде әкімшілік-шаруашылық, тұрмыстық үй-жайлардан топтық оқшаулау қағидаты сақталады.
Тармақ 7
7. БСО-ны жобалау және реконструкциялау кезінде бір жатын бөлмедегі орын саны бір балаға 4 шаршы метр (бұдан әрі – м2) есебінен көзделеді.
Тармақ 8
8. Объектілерді жобалау және реконструкциялау кезінде ойын бөлмесінің ауданы бір балаға 2 м2 есебінен көзделеді. Объектілерді жобалау және реконструкциялау кезінде санаторийдегі тұрғын бөлменің ауданы бір орынға кемінде 6 м2 есебінен көзделеді.
Тармақ 9
9. Үй-жайларды әрлеу үшін жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді, олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары бар әрлеу материалдары пайдаланылады.
Тармақ 10
10. Барлық үй-жайлардағы төбелер, қабырғалар, еденнің беті тегіс, жуу және дезинфекциялау құралдарының әсеріне төзімді, саңылаулары, жарықтары жоқ, деформацияланбаған, зеңмен зақымдалу белгілері жоқ болады. Ылғалды режимде жұмыс істейтін үй-жайлардың (медициналық мақсаттағы үй-жайлар, ас блогы, санитариялық тораптар, себезгі бөлмесі, кір жуу, жуыну орындары) қабырғаларын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптары сәйкес материалдармен қаптайды, едендерді жабу үшін су өткізбейтін материалдар қолданылады.
Тармақ 11
11. Маусымдық жазғы БСО-да балаларды сауықтыру бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар пайдалану алдында «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) нысан бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алады.
Тармақ 12
12. Объектілерде Кодекске және 2015 жылы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабына сәйкес тексерулер кезінде осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес зертханалық зерттеулер жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Авариялық ғимараттар мен үй-жайлардағы объектілерді пайдалануға жол берілмейді.
Тармақ 14
14. Объектілердің аумағында бұзылмаған қоршауы болады.
Тармақ 15
15. Объектілердің учаскесіне кiру жолдары, көлiкпен өту жолдары, шаруашылық құрылыстарға, қоқыс жинағыштарға арналған алаңдарға, санитариялық-аулалық қондырғыларға өтетiн жолдар асфальтпен, бетонмен немесе тазалауға қолжетімді басқа да қатты жабынмен жабылады.
Тарау 3. 3-тарау. Объектiлердi сумен жабдықтауға, суды бұруға, жылумен жабдықтауға, жарықтандыруға, желдетуге және ауасын баптауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
3-тарау. Объектiлердi сумен жабдықтауға, суды бұруға, жылумен жабдықтауға, жарықтандыруға, желдетуге және ауасын баптауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 16
16. Объектілерде орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су, ыстық сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау көзделеді.
Тармақ 17
17. Объектілер Кодекстің 144-бабының 6-тармағына және 145-бабына сәйкес санитариялық қағидалар, гигиеналық нормативтер талаптарына сәйкес қауіпсіз және сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 18
18. Объектілерде ауыз су режимі ұйымдастырылады. Ауыз су, оның ішінде ыдыстарға (графиндерге, шәйнектерге, бөшкелерге) құйылған немесе шөлмектердегі су сапасы мен қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша Кодекстің 144-бабының 6-тармағына және 145-бабына сәйкес санитариялық қағидаларда, гигиеналық нормативтерде белгіленген талаптарына сәйкес келеді. Шөлмектегі суға оның шыққан жерін, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар қоса беріледі. Суға арналған кулер (диспансер) өндірушінің нұсқаулығына сәйкес тұрақты түрде тазартылады. Ішу үшін таза ыдысты (шыны, фаянс, пластмасса, бір рет қолданылатын стақандар) пайдаланады. Қайнатылған ауыз суды үш сағаттан асырмай сақтаған жағдайда пайдалануға жол беріледі.
Тармақ 19
19. Балалардың объектілерде болатын барлық уақыты ішінде олардың ауыз суға еркін қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.
Тармақ 20
20. Стационарлық ауыз су бұрқақтарының конструктивтік шешімдері судың тік ағынының айналасында биіктігі кемінде 10 сантиметр (бұдан әрі – см) болатын шектеу дөңгелегінің болуын көздейді.
Тармақ 21
21. Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі болмаған жағдайда ішкі су құбыры мен су бұру құрылғылары бар ауыз су мақсатындағы жергілікті көздерден алынған суды пайдалануға жол беріледі. Жеке гигиенаны сақтау үшін қолмен су құятын қолжуғыштарды қосымша орнатуға жол беріледі.
Тармақ 22
22. Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесі болмаған жағдайда су жылытқыштар орнатылады. Ыстық және суық су барлық ванналарға, тұратын орындардағы, медициналық мақсаттағы үй-жайлардағы себезгі бөлмелеріне, сондай-ақ ас блогындағы қажетті технологиялық жабдықтарға тартылады. Сумен жылыту жүйесінің ыстық суын технологиялық және шаруашылық-тұрмыстық мақсаттар үшін пайдалануға жол берілмейді.
Тармақ 23
23. Объектілерді кәрізделмеген және (немесе) ішінара кәрізделген жерлерде орналастырған жағдайда жергілікті кәріздеу құрылғысы көзделеді. Кәрізделмеген жерде САҚ құрылғысына жол беріледі. Сарқынды суларды, оның ішінде САҚ-тың сарқынды суын қабылдау гидравликалық бекітпелері (сифондары) бар қақпақтармен жарақталған, тазарту уақтылы жүргізілетін объекті аумағының шаруашылық аймағында орналасқан жалпы немесе бөлек жерасты су өткізбейтін сыйымдылықтарға (шұңқыр, септик) жүзеге асырылады. Сарқынды суларды ашық су қоймаларына және іргелес аумаққа шығару, сондай-ақ су сіңіретін құдықтарды орнатуға жол берілмейді.
Тармақ 24
24. САҚ-ты жинауды дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып күн сайын жүргізеді.
Тармақ 25
25. Жылумен жабдықтаудың орталықтандырылған көзі болмаған жағдайда сұйық, қатты, газ түріндегі отынмен жұмыс істейтін автономды қазандық көзделеді.
Тармақ 26
26. Жылыту кезеңінде ауаның температурасы мынадай болып көзделеді:
Тармақша 1
1) жатын және оқу үй-жайларында, кабинеттерде, кітапханада, мәдени-көпшілік іс-шараларға және демалуға арналған үй-жайларда, компьютер сыныптарында, қызметтік-тұрмыстық, кір жуатын орындарда +18 - +220C;
Тармақша 2
2) тамақтану залдарында, буфеттерде, киім үтіктейтін, кептіретін бөлмелерде, қоймаларда және киім-кешек бөлмелерінде +160C;
Тармақша 3
3) физиотерапиялық кабинеттерде, массаж кабинеттерінде +280C;
Тармақша 4
4) медициналық үй-жайларда +20 - +220C;
Тармақша 5
5) спорт залында және секциялық сабақтарды өткізуге арналған бөлмерде, рекреацияларда, вестибюль мен киім ілетін орындарда, асүйде, киімдер мен аяқ киімдерді кептіру бөлмелерінде +15 - +170C;
Тармақша 6
6) спорт залының киім шешетін орнында +19 - +230C;
Тармақша 7
7) ваннасы бар бассейн үй-жайларында +29 - +300C;
Тармақша 8
8) себезгі бөлмелерінде +250C; Үй-жайлардағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 40 - 55%-ды, ас үйде және кір жуатын бөлмелерде 60 - 70%-ға дейін құрайды.
Тармақ 27
27. БСО-ның жатын үй-жайларын жылытылмайтын ғимараттарға орналастырған кезде балалардың кіруіне сыртқы ауаның орташа тәулiктiк температурасы күнтізбелік бес күн iшiнде кемiнде + 160C болғанда жол беріледі.
Тармақ 28
28. Үй-жайларды табиғи және жасанды жарықтандыру сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге және Кодекстің 144-бабының 6-тармағына және 145-бабына сәйкес санитариялық қағидаларда, гигиеналық нормативтерде белгіленген талаптарға сәйкес айқындалады.
Тармақ 29
29. Жасанды жарықтандыру үшін жарық диодты, люминесцентті, энергия үнемдейтін шамдар және қыздыратын шамдар пайдаланылады. Жалпы жасанды жарықтандыру барлық үй-жайларда көзделеді. Бір үй-жайда бір типтегі шамдар қолданылады. Шамшырақтар плафондармен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 30
30. Үй-жайларды жасанды жарықтандыру деңгейлері осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес келеді.
Тармақ 31
31. Істен шыққан шамдар ауыстырылады. Жарамсыз, құрамында сынабы бар шамдарды және медициналық аспаптарды балалардың қолы жетпейтін үй-жайларда сақтайды. Істен шыққан құрамында сынабы бар шамдар мен аспаптарды кәдеге жаратуға жібереді.
Тармақ 32
32. Объектінің аумағында, оның ішінде САҚ-та сыртқы жасанды жарықтандыру болады.
Тармақ 33
33. Желдету және ауа баптау жүйелерін пайдалану кезінде Кодекстің 144-бабының 6-тармағына және 145-бабына сәйкес санитариялық қағидалардың, гигиеналық нормативтердің талаптары сақталады. Ас блогында механикалық іске қосылатын желдету көзделеді. Жылу және ылғал бөлу көзі болып табылатын жабдықтың үстінде сыртқа тарту жүйелері орнатылады. Себезгі бөлмелері мен санитариялық тораптар және балшықпен емдеу үй-жайлары дербес сыртқа тарту желдеткішімен жабдықталады.
Тармақ 34
34. Барлық үй-жайларда ашылатын терезелер, фрамугалар арқылы табиғи желдету көзделеді.
Тарау 4. 4-тарау. Объектiлердiң үй-жайларын жөндеуге және күтiп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
4-тарау. Объектiлердiң үй-жайларын жөндеуге және күтiп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 35
35. Жазғы сауықтыру маусымының ашылуы алдында БСО-да мынадай жөндеу-қалпына келтіру және профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылады және жүргізіледі: - үйлерді жөндеу жұмыстары; - инженерлік желілердің, желдету, ауа баптау жүйелерінің жұмыс істеу тиімділігін тексеру; - ауыз суын зерттей отырып, сумен жабдықтау желілері мен құрылыстарын профилактикалық жуу және дезинфекциялау; - аумақты тазарту және аббаттандыру; - профилактикалық дезинфекциялық, дезинсекциялық, дератизациялық іс-шараларды жүргізу.
Тармақ 36
36. Жыл сайын объектілерде ағымдағы жөндеу жүргізіледі.
Тармақ 37
37. Объектілер жұмыс істеп тұрған кезде авариялық жағдайларды жою жұмыстарын қоспағанда, күрделі және ағымдағы жөндеуді жүргізуге жол берілмейді.
Тармақ 38
38. Желдету үшін ашылатын терезелерге, желкөздерге, фрамугаларға москит торлары орнатылады.
Тармақ 39
39. Объектілердің аумағы және қоршау сыртындағы оған іргелес аумақ таза ұсталады.
Тармақ 40
40. Сауықтыру кампаниясы басталар алдында және әрбiр ауысым аяқталған соң техникалық персонал күрделi жинау жүргiзедi. Объектілердің барлық үй-жайлары мен жабдықтары таза ұсталады. Үй-жайларды ағымдағы жинау күн сайын жуу және дезинфекциялау құрадарын қолдана отырып ылғалды тәсілмен, кейіннен желдету арқылы жүргiзiледi. Қолдануға рұқсат етілген, қолданылатын дезинфекциялау ерітінділері нұсқаулыққа сәйкес, ерітінді дайындалған күні көрсетіле отырып, таңбаланған ыдыстарда дайындалады. Дезинфекциялау және жуу құралдары және олардың жұмыс ерітінділері балалар үшін қол жетпейтін орындарда сақталады.
Тармақ 41
41. Жинау мүкәммалы (легендер, шелектер, жөкелер, шүберектер) таңбаланады және жеке үй-жайларға (санитариялық тораптар, медициналық пункт, ас блогының өндірістік үй-жайлары, тамақтану залы, рекреациялар, оқу кабинеттері, өндірістік шеберханалар) бекiтiледі және арнайы бөлiнген орындарда сақталады. Санитариялық тораптарды жинауға арналған жинау мүкәммалының сигналды таңбасы болады.
Тармақ 42
42. Қоқыс жинағыштар шаруашылық аймақта, үш жағынан қоршалған, тазалауға және дезинфекциялауға қол жетімді, су өткізбейтін жабындысы бар алаңға орнатылады, тығыз жабылатын қақпақтармен жабдықталады. Қоқыс жинағыштар (контейнерлер) тазартылады, жуылады және дезинфекцияланады. Объектілердің аумағына қоқыс жинауға арналған жәшіктер орнатылады.
Тармақ 43
43. Жәндіктердің, кенелердің және буын аяқтылар мен кеміргіштердің болуына жол берілмейді. Объектілерде дератизациялық, дезинсекциялық іс-шаралар жүргізіледі.
Тармақ 44
44. Қоғамдық тамақтану, бөлшек сауда, сауықтыру және демалу мақсатындағы, тұрмыстық қызмет көрсету объектілері, объекті аумағындағы демалушылар тұратын орындар Кодекстің 144-бабының 6-тармағына және 145-бабына сәйкес санитариялық қағидалардың, гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес келеді.
Тарау 5. 5-тарау. Тұру жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
5-тарау. Тұру жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 45
45. Балалар Кодекстің 144-бабының 6-тармағына және 145-бабына сәйкес санитариялық қағидалардың, гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес бой-жас ерекшелiктерiне байланысты жиһаздармен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 46
46. Жиһаз, жұмсақ, қатты мүкәммал, жабдық, санитариялық-техникалық аспаптар жарамды жағдайда болады және мақсатына сай пайдаланылады. Үй-жайларды әрлеудегі ақаулар мен жабдықтың, жиһаздың сынуы жөндеуге немесе ауыстыруға жатады.
Тармақ 47
47. БСО-ның жатын үй-жайлары қоршалатын қатты төсегі бар бір немесе екі қабатты кереуеттермен, кереует жанындағы тумбалармен, киімге арналған шкафтармен жабдықталады. Санаторийлердің жатын үй-жайлары мен тұрғын бөлмелері кереуеттермен, кереует жанындағы тумбалармен, киімге арналған шкафтармен жабдықталады.
Тармақ 48
48. Балаларды шомылдыру күнтізбелік 7 күнде 1 реттен сиретпей жүргізіледі. 1 жатын орынға төсек жабдықтары жинағының (кемінде үшеу) болуы көзделеді.
Тармақ 49
49. Төсек жабдықтарын, сүлгiлердi ауыстыру ластануына қарай, бiрақ күнтізбелік жеті күнде бiр реттен сиретпей және тұратындар кеткеннен кейін жүргiзiледi. Лас киім-кешек кір жуу орнына (клеенка немесе мата) қаптармен жеткізіледі.
Тармақ 50
50. Кір жуатын орына таза және лас киім-кешектің қарама-қарсы ағынын болдырмайтын технологиялық процестің ағындылығы сақталады. Төсек жабдықтары жылына кемінде бір рет камералық дезинфекциялануға жатады.
Тармақ 51
51. Киiм-кешектi жуу объектінің кiр жуатын орнында жүзеге асырылады. Кiр жуатын орын болмаған жағдайда киім-кешек басқа кір жуатын орындарда орталықтандырып ұйымдастыруға жол беріледі. Инфекциялық аурумен ауыратын науқастардың киім-кешектері жуу алдында таңбаланған ванналарда дезинфекциялануға жатады.
Тармақ 52
52. Сатып алынған өнімге (ыдыс-аяқ, төсек жабдықтары, парфюмерлік-косметикалық өнім, ойыншықтар, жиһаз) олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар қоса беріледі.
Тарау 6. 6-тарау. Объектілердегі тамақтану жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
6-тарау. Объектілердегі тамақтану жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 53
53. Объектілердің ас блогтарына осы Санитариялық қағидалардың талаптарына қайшы келмейтін бөлікте Кодекстің 144-бабының 6-тармағына және 145-бабына сәйкес қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық қағидалар талаптары қолданылады.
Тармақ 54
54. Объектілердің ас блогында технологиялық процестердің бірізділігі көзделеді, шикі және дайын өнімнің, шикі жартылай фабрикаттар мен дайын өнімнің, пайдаланылған және таза ыдыстардың қарама-қарсы ағынына жол берілмейді.
Тармақ 55
55. Объектілерде объекті басшысы бекіткен перспективтік маусымдық (жаз-күз, қыс-көктем) екі апталық мәзір жасалады. Мәзір жасау кезінде өңірде шығарылатын отандық өнімдер ассортименті ескеріледі. Балаларды тамақтандыру рационында витаминді-минералдық кешенмен байытылған тамақ өнімдері көзделеді.
Тармақ 56
56. Тамақтанудың іс жүзіндегі рационы бекітілген перспективтік ас мәзіріне сәйкес келеді. Қажетті өнімдер болмаған жағдайда осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшаның 1-кестесінде көрсетілген өнімдерді алмастыру кестесіне сәйкес өнімдерге алмастыру жүргізіледі.
Тармақ 57
57. Тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау температурасы төмен тоңазытқыш жабдықтарында және (немесе) тоңазытқыш камераларында және (немесе) тоңазытқыштарда жүзеге асырылады. Температураны бақылау үшін термометрлер орнатылады. Сынап термометрлерін пайдалануға жол берілмейді.
Тармақ 58
58. Күн сайын тамақтанатын балалардың саны, жасына байланысты граммен берілген дайын тағам порциясының массасы, сондай-ақ әрбір тағам бойынша өнімдер шығысы («брутто» салмағында) көрсетіле отырып, әрбір тамақтануға тағамдар тізбесі көрсетілетін тарату-ас мәзірі жасалады және ілінеді.
Тармақ 59
59. Тамақтану арасындағы интервал 3,5-4 сағаттан асырмай, қосымша екінші таңғы ас немесе кешкі ас бар кемінде бес реттік тамақтандыру көзделеді. Тамақ арасындағы аралықта ас мәзіріне қымызды немесе қышқыл сүт өнімін енгізу ұсынылады.
Тармақ 60
60. Тамақ дайындау тағамға кіретін өнімдердің тізбесі, олардың граммен массасы («брутто»), дайын тағамның «нетто» салмағы (тағамның шығысы), химиялық құрамы (граммен), құнарлылығы, тағамды дайындау технологиясы туралы мәліметтер көрсетілген технологиялық карталарға сәйкес тағамдар картотекасын пайдалана отырып жүргізіледі.
Тармақ 61
61. Күн сайын тамақтану рационына ет, сүт, сары май және өсімдік майы, қара бидай және (немесе) бидай наны, көкөністер және қант қосылады. Балық, жұмыртқа, ірімшік, сүзбе, құстың еті екі- жеті күнде бір рет қосылады.
Тармақ 62
62. Ас мәзірінде бірдей тағамдарды немесе аспаздық өнімдерді бір күнде немесе келесі күнтізбелік екі – үші күнде қайталауға жол берілмейді.
Тармақ 63
63. БСО үшін күніне бір балаға ұсынылатын азық-түлік жиыны («брутто» салмағында) осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшаның 2- кестесінде көрсетілген.
Тармақ 64
64. Балалар мен жасөспірімдерге жасына (жылмен) қарай ұсынылатын порцияның массасы (граммен) осы Санитариялық қағидаларға  5-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.
Тармақ 65
65. Туберкулезге қарсы санаторийлердегі тамақтану нормалары «Республиканың мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тамақтанудың заттай нормаларын және жұмсақ мүкәммалмен жабдықтаудың ең төменгі нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 128 қаулысына сәйкес қабылданады.
Тармақ 66
66. Гиповитаминоздың алдын алу және балаларды тиімді сауықтыру мақсатында салқындатылған сусындарды (компот, кисель) «С» витаминімен жасанды витаминдеу жүргізіледі, осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаның 1-нысаны бойынша «С» витаминдеу журналына жазба жазылады.
Тармақ 67
67. Компоттарды витаминдеу оларды өткізуден бұрын +150С-тан аспайтын температураға дейін салқындатқаннан кейін жүргізіледі, кисельге аскорбин қышқылының ерітіндісін +30 +350С температураға дейін салқындатқан кезде, кейіннен араластырып, өткізу температурасына дейін салқындата отырып қосады. «С» витаминінің тәуліктік нормасы бөбектер үшін 50 миллиграмм (бұдан әрі – мг), мектепке дейінгі балалар үшін – 60 мг, мектеп жасындағы балалар үшін – 70 мг. Витаминделген тағамдар жылытылмайды.
Тармақ 68
68. Объектілерде:
Тармақша 1
1) мыналарды: қатық, сүзбе мен қышқыл сүт өнімдерін; туралған ет қосылған құймақтарды; флотша макаронды; зельцтерді, форшмактарды, сілікпелерді, паштеттерді; кремі бар кондитерлік бұйымдарды; морстар, квастарды; фритюрде қуырылған бұйымдарды; шала пісірілген жұмыртқаны, қуырылған жұмыртқаны; күрделі (4 компоненттен артық) салаттарды, қаймақ пен майонез қосылған салаттарды; окрошканы; тез дайындалатын құрғақ тағамдық концентраттар негізіндегі тағамдарды; ащы тұздықтар, кетчуптарды дайындауға және өткізуге;
Тармақша 2
2) мыналарды: газдалған, емдік және емдік-асханалық минералдық суды (қапталған минералды және ауыз судан басқа), тәтті алкогольсіз сусындарды, алкогольсіз энергетикалық (сергітетін) сусындарды, диффузиялық қойылтылған шырындарды; чипсілер, кептірілген нан, гамбургерлер, ход-догтарды өткізуге;
Тармақша 3
3) мыналарды: пастерленбеген сүтті, термиялық өңдеуден өтпеген сүзбені және қаймақты; суда жүзетін құстың жұмыртқасы мен етін; алдында ішкен тамақтарды, сондай-ақ алдында дайындалған тамақты; ауыл шаруашылығы малының сырқаттанушылығы бойынша қолайсыз шаруашылықтардың сүтін және сүт өнімдерін; тіл, жүрек пен бауырды қоспағанда, мал мен құстың қосымша ет өнімдерін; механикалық түрде еті сылынып алынған құс етін және құрамында коллаген бар шикізатты; генетикалық түрлендірілген шикізатты және (немесе) генетикалық түрлендірілген көздері бар шиізаттарды; банкалардың тұншалануы бұзылған консервілерді, қақпағы көтерілген консервілерді, тот басқан, пішіні өзгерген, заттаңбасы жоқ банкаларды; йодталмаған тұзды және құрамында темір бар витаминдермен, минералдармен байытылмаған (фортификацияланбаған) жоғарғы және бірінші сұрыпты ұнды пайдалануға жол берілмейді.
Тармақ 69
69. Балаларды ыстық тамақты таратуға, нан кесуге, дайын тамақтарды порцияға бөлуге, орауға, ыдыс жууға, санитариялық тораптарды, аумақтарды жинауға, бассейндерді тазалауға тартпайды.
Тармақ 70
70. Тамақ өнімдерін және азық-түлік шикізатын қабылдауды осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаның 2-нысанына сәйкес «Тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізатының бракераж журналына» деректерді енгізе отырып, олардың сапасы және қауіпсіздігін куәландыратын құжаттары болған жағдайда жүзеге асырады. Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттар объектілердің ас блогында сақталады.
Тармақ 71
71. Объектінің жауапты тұлғалары ас блогына келіп түскен өнімдердің сапасын, өнімдерді сақтау және өткізу мерзімдерінің сақталу шарттарын, тәуліктік сынаманы алу мен сақтаудың дұрыстығын, тағам дайындау технологиясының сақталуын, персоналдың және асхана кезекшісінің жеке гигиена қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 72
72. Дайын тағамды беру медицина қызметкері осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаның 3-нысанына сәйкес «Тағамдар мен аспаздық бұйымдардың сапасын органолептикалық бағалау журналына» жазба енгізе отырып, дайын тағамдардың сапасына органолептикалық бағалау жүргізгеннен кейін жүзеге асырылады.
Тармақ 73
73. Күн сайын ас блогында дайын өнімнің тәуліктік сынамасы алынады. Сынамаларды қақпағы бар таза (қайнатылып өңделген) ыдысқа (гарнирді бөлек ыдысқа салады) толық көлемде алады және +20С-тан +60С-қа дейінгі температурада тоңазытқышта арнайы бөлінген орында сақтайды. Тәуліктік сынама келесі күні немесе демалыстан кейінгі (демалыс күндерінің санына қарамастан) күні дайындалатын тағаммен – таңғы аспен, түскі аспен, бесін немесе кешкі аспен ауыстырғанға дейін сақталады.
Тарау 7. 7-тарау. Өндірістік бақылауға, персоналдың еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына қойылатын талаптар
7-тарау. Өндірістік бақылауға, персоналдың еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына қойылатын талаптар
Тармақ 74
74. Объектілерде персоналға жеке гигиена қағидаларын сақтау үшін жағдай жасалады. Қол жуу үшін ыстық және салқын су келтірілген, қолды жууға және кептіруге арналған құралдар бар қол жуатын раковиналар, қоқыс жинауға арналған урналар орналастырылады.
Тармақ 75
75. Жұмыскерлер басы артық арнайы киіммен (халат немесе шалбары бар күртеше, бас киім, аяқ киім) қамтамасыз етіледі. Арнайы кімді ауыстыру күн сайын және ластануына қарай жүзеге асырылады.
Тармақ 76
76. Объектілердің жұмыскерлері қолының тазалығын бақылайды, таза арнайы киім мен аяқ киім киеді, объектіден шығатын кезде және дәретханаға барар алдында арнайы киімді шешеді, жұмыс басталар алдында және дәретханаға кіріп шыққаннан кейін, сондай-ақ жұмыстағы әрбір үзілістен соң және лас заттармен жанасқаннан кейін қолды сабынмен жуады.
Тармақ 77
77. Ас блогының жұмыскерлері жұмысты бастар алдында шаштарын орамалдың немесе қалпақтың астына жинайды, зергерлік әшекейлерді, сағат және басқа да сынатын заттарды шешіп қояды, тырнақты қысқартып қияды және оны лакпен боямайды. Шикізат пен дайын өнімге бөгде заттардың түсіп кетуін болдырмау үшін өндірістік үй-жайларға ұсақ шыны және металл заттарды (технологиялық мүкәммалдан басқа) алып кіруге және сақтауға, арнайы киімді түйреуішпен, инемен түйреуге және халаттың қалтасына жеке қолданатын заттарды салып жүруге жол берілмейді. Жұмыскерлердің өндірістік үй-жайларға арнайы киімсіз кіруіне, оның үстіне жеке сыртқы киімін киюіне жол берілмейді. Арнайы киімді жеке заттарынан бөлек сақтайды.
Тармақ 78
78. Іріңді тері аурулары бар, кесілген, күйік алған, көгерген жерлері іріңдеген адамдар, инфекциялық аурулармен ауыратын науқастар немесе қоздырғыштарын тасымалдаушылар, сондай-ақ науқастармен немесе тасымалдаушылармен байланыста болғандар жұмыстан уақытша шеттетіледі және дәрігердің қорытындысы бойынша, тиісті медициналық тексеру өткізілгеннен кейін жұмысқа жіберіледі.
Тармақ 79
79. Объектілердің жұмыскерлерінде міндетті медициналық тексеруден өткендігі туралы, жұмысқа жіберілгені туралы белгісі бар санитариялық кітапшасы, гигиеналық оқудан өткендігі туралы мәліметтер болады.
Тармақ 79-1
79-1. Инфекциялық аурулардың әкеліну және таралу қаупі төнген жағдайда объектілерде шектеу іс-шаралары енгізіледі және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау қамтамасыз етіледі.
Тармақ 79-2
79-2. Шектеу іс-шараларын енгізу кезеңінде санаторлық-курорттық мақсаттағы объектілердің, демалыс үйлерінің қызметі осы Санитариялық қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес талаптарға сай жүзеге асырылады.
Тармақ 79-3
79-3. Меншік нысанына қарамастан балаларды сауықтыру лагерьлерінің (мектеп жанындағы, қала сыртындағы) қызметі осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес талаптарға сай күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жүзеге асырылады.
Тарау 8. 8-тарау. Медициналық қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
8-тарау. Медициналық қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 80
80. Объектілерде медициналық қызмет көрсету қамтамасыз етіледі.
Тармақ 81
81. Объектіде медицина қызметкерлері мынадай іс-шараларды жүргізеді:
Тармақша 1
1) балалардың сырқаттанушылығын төмендетуге және денсаулығын нығайтуға бағытталған сауықтыру іс-шараларының кешенді жоспарын әзірлеу;
Тармақша 2
2) ауыз су және тамақтану режимін тексеру;
Тармақша 3
3) үй-жайлардың, аумақтың, шомылатын және спортпен айналысатын орындардың дайындығын тексеру;
Тармақша 4
4) балалардың денсаулық жағдайын серпінді бақылау, шынықтыру, сауықтыру жүргізу және басқалары;
Тармақша 5
5) объектілердегі қызметкерлердің профилактикалық медициналық тексеріп-қараудан уақтылы өтуін есепке алуды және осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаның 4-нысанына сәйкес «Ас блогы қызметкерлерінің денсаулық жағдайын тіркеу журналына» деректерді тіркеу арқылы ас блогы қызметкерлерінің денсаулығына күн сайын бақылау жүргізу;
Тармақша 6
6) осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаның 5-нысанына сәйкес тамақ өнімдерінің нормаларын орындауды бақылау тізімдемесін кейіннен түзетіп және жүргізе отырып, негізгі өнімдер бойынша тәуліктік нормалардың орындалуына талдау жүргізу;
Тармақша 7
7) осы Санитариялық қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес БСО жағдайларында балаларды сауықтырудың тиімділігіне бағалау жүргізу;
Тармақша 8
8) дене шынықтыру сабақтары үшін медициналық топтарға бөлу, дене шынықтыру және спорт жөніндегі нұсқаушыларға балалардың денсаулық жағдайлары, спорт сабақтарының ұсынылатын режимі туралы ақпарат беру;
Тармақша 9
9) қабылдау жүргізу, науқастарға медициналық көмек көрсету;
Тармақша 10
10) жазатайым оқиғалар туындаған кезде алғашқы медициналық көмек көрсету, жақын жердегі стационарға тасымалдау;
Тармақша 11
11) санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу арқылы инфекциялық және паразиттік аурулар жағдайлары немесе оларға күдіктену туралы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне шұғыл хабарлама беру;
Тармақша 12
12) ас блогының ұсталуына, тамақ өнімдерінің сақталу жағдайына және мерзімдеріне, тағам дайындау технологиясына, дайын тағамның сапасына, барлық үй-жайлар мен аумақтың, сумен жабдықтау көздерінің санитариялық жағдайына және күтіп-ұсталуына күн сайын тексеру жүргізу;
Тармақша 13
13) объектідегі туризм жөніндегі нұсқаушының немесе басқа да жауапты қызметкердің балаларды жорыққа жіберуден 1–2 күнтізбелік күн бұрын маршрутты және шомылу орындарын тексеру;
Тармақша 14
14) балалар басссейндерде және су қоймаларында шомылған кезде судың температурасын (ауаның температурасы +230С-тан төмен емес кезде судың температурасы +200C-тан төмен емес) бақылау.
Тармақ 82
82. Объектілерде инфекциялық аурулар тіркелген жағдайда «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген инфекциялық ауруларды есепке алу және микробиологиялық және паразитологиялық зерттеулерді тіркеу журналдары жүргізіледі.
Тармақ 83
83. Медициналық жабдықтарды, мүкәммалды өңдеу және медициналық қалдықтарды жинау Кодекстің 144-бабының 6-тармағына және 145-бабына сәйкес санитариялық қағидалардың, гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Тарау 9. 9-тарау. Жағажайларды күтіп-ұстауға және палаткалы (киіз үй) типтегі БСО-ға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
9-тарау. Жағажайларды күтіп-ұстауға және палаткалы (киіз үй) типтегі БСО-ға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 1. 1-параграф. Жағажайларды күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1-параграф. Жағажайларды күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 84
84. Жағажай оқшауланған учаскеде, айлақтардан, шлюздерден, гидроэлектр станцияларынан, сарқынды суларды жіберу орындарынан, малдың қорасы мен суатынан алыста немесе көрсетілген ластану көздерінен жоғары орналастырлады.
Тармақ 85
85. Су қоймасының түбі ұйық, балдырлары, бұжыр ағаштары, үшкір тастары жоқ, құмды болып таңдалады. Балалардың шомылатын орындарындағы су қоймасының тереңдігі 0,7-ден 1,3 м-ге дейін құрайды.
Тармақ 86
86. Жағажайды күннен қорғайтын қалқалармен, жатақтармен және отырғыштармен жабдықтауға жол беріледі. Аумақта киім ауыстыратын кабиналар, САҚ немесе биодәретханалар, қоқыс жинауға арналған жәшіктер орнатылады, олар таза ұсталады.
Тармақ 87
87. Жағажай балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес ойын құрылғыларымен, сондай-ақ емшараларды дозалап қабылдау үшін солярийлермен, аэрарийлермен жабдықталады.
Тармақ 88
88. Шомылу маусымы басталар алдында объектінің әкімшілігі су қоймаларына санитариялық-химиялық, микробиологиялық, вирусологиялық, радиологиялық көрсеткіштерге зерттеу жүргізуді және топыраққа паразитологиялық көрсеткіштерге зерттеу жүргізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 89
89. Шомылуға арналған су бетінің шекарасы ашық түсті, жақсы көрінетін қалқитын белгілермен белгіленеді.
Тармақ 90
90. Қажеттілігіне қарай жағажайда таза құм, малта тас себіледі. Құмды жағажайларда аптасына бір реттен сиретпей жиналған қалдықтарды шығара отырып, құмның беткі қабатына механикалық қопсыту жүргізіледі.
Тармақ 91
91. Адамдардың шомылуына арналған орындарда киім-кешекті жууға және жануарларды шомылдыруға жол берілмейді. Объектінің аумағында орналасқан жағажайды және су қоймаларының жағалау аймағын қауіпсіздік мақсатында объектінің әкімшілігі бақылап отырады.
Тармақ 2. 2-параграф. Палаткалы (киіз үй) типтегі БСО-ны күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
2-параграф. Палаткалы (киіз үй) типтегі БСО-ны күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 92
92. Таңдалған учаскеде демалушылардың тіршілік етуі және тұрмысының қажетті жағдайларын жасау үшін палаткалар немесе киіз үйлер жабдықталады. Палаткаларды (киіз үйлер) шөптесін немесе тапталған топырақты алаңқайларда орналастырады. Палаткалардың (киіз үй) айналасында атмосфералық су (палаткадан) ағатын еңісі бар жыралар жабдықталады.
Тармақ 93
93. Палаткалы (киіз үй) типтегі БСО-ның аумағы периметрі бойынша жақсы көрінетін белгілермен (жалаушалар, ленталар және басқалар) белгіленеді немесе қоршалады.
Тармақ 94
94. Қалдықтарды өртеуге және көмуге, осы мақсатқа арналмаған орындарға шығаруға, сарқынды суларды ашық су объектілеріне, жыраларға және іргелес аумақтарға шығаруға, сондай-ақ су сіңіретін құдықтарды орнатуға жол берілмейді.
Тармақ 95
95. Палаткалардың типтері (бір, екі, үшқабатты) елді мекеннің табиғи-климаттық ерекшеліктеріне байланысты қолданылады.
Тармақ 96
96. Жылу оқшаулау қасиеттерімен, қансорғыш жәндіктердің кіруінен қорғауды (терезеге және есікке москитті тор, айқас тігіс түріндегі ілгек) қамтамасыз ететін, ашылатын клапаны бар – желдету үшін терезесі, берік жабылатын есігі, тақтай едені және жел үрлемейтін жақтауы бар берік, су өткізбейтін (сыртқы палатка – тент) палаткаларды (киіз үйлерді) пайдаланады.
Тармақ 97
97. Палаткадағы (киіз үйдегі) жатын орындардың саны өндірушінің қолдану жөніндегі нұсқаулығына сәйкес оның сыйымдылығымен айқындалады. Әрбір демалушы үшін ұйықтайтын қаптарды пайдалану арқылы жеке жатын орын көзделеді.
Тармақ 98
98. Палаткаларды кереуеттермен немесе жайылмалы төсектермен, киім мен аяқ киімді сақтайтын тумбалармен жабдықтаған кезде оларды жердің бетінен кемінде 0,2 м биіктікте орналастырады.
Тармақ 99
99. Балаларды орналастыруға арналған барлық палаткалар (киіз үйлер) күн сайын желдетіледі, жуу құралдарын қолдана отырып ылғалды тәсілмен жиналады, 7-10 күнде бір реттен сиретпей дезинфекцияланады.
Тармақ 100
100. Палаткалы (киіз үй) типтегі БСО-да САҚ тұрғын аймағы мен ас блогынан кемінде 25 метр және шомылатын жерден кемінде 50 метр қашықтықта орнатылады. Палаткалы (киіз үй) типтегі БСО-да қажет болған жайғдайда биодәретханалар пайдаланылады.
Тармақ 101
101. Палаткалы (киіз үй) типтегі БСО-ны орналастыру орындарында жеке гигиена қағидаларын сақтау үшін жағдайлар жасалады. Қолжуғыштарды тапталған топырақты алаңқайда қалқа астында тұрғын аймаққа жақын орналастыру керек. Аяқ жууға, киім-кешек жууға, киімдерді кептіруге арналған орындар, қоқыс жинайтын орын көзделеді. Себезгі бөлмелерін ыстық сумен қамтамасыз ету үшін суды жылыту жағдайымен себезгі бөлмелерін, ас блогын жабдықтауға жол беріледі.
Тармақ 102
102. Палаткалы (киіз үй) типтегі БСО-да балалардың тамақтануын ұйымдастыру үшін тамақтандыруды ұйымдастырудың мынадай түрлеріне жол беріледі:
Тармақша 1
1) жақын жердегі қоғамдық тамақтану ұйымында тамақтану;
Тармақша 2
2) тасымалды ыстық тамақ (дайын тағамды термоконтейнерлермен жеткізу);
Тармақша 3
3) тамақты далалық ас үйді пайдалану арқылы дайындау;
Тармақша 4
4) тамақты ас блогында дайындау;
Тармақша 5
5) тамақты алауда дайындау.
Тармақ 103
103. Жекелеген жағдайларда ыстық тамақ өнімдеріне қолдануға рұқсат етілген бір рет қолданылатын ыдыс-аяқты пайдалануға рұқсат етіледі. Бір рет қолданылатын ыдысты қайталап пайдалануға жол берілмейді.
Тармақ 104
104. Асхана және шай ішетін ыдыстар жиынтығының, асхана аспаптарының саны палаталы (киіз үй) типтегі БСО қатысушыларының бір уақытта тамақтануын (тамақты топтар бойынша бөлек дайындаған кезде – топтың барлық мүшелерінің бір уақытта тамақтануын) қамтамасыз етеді.
Тармақ 105
105. Палаткалы (киіз үй) типтегі БСО-да тамақ дайындаған кезде тамаққа жауапты адам болады.
Тармақ 106
106. Палаткалы (киіз үй) типтегі БСО-да тамақтанған кезде қалқа (тент) астында немесе арнайы палаткада (киіз үйде) орнатылған үстелдер, отырғыштар (орындықтар) пайдаланылады.
Тармақ 107
107. Ыстық тамақ стационарлық асханадан термоспен жеткізіледі. Дайын тамақты жеткізу кезінде тамақ өнімдерімен жанасу үшін қолдануға рұқсат етілген термоконтейнерлерді пайдаланады.
Тармақ 108
108. Дайын бірінші және екінші тағамдар үлестіру температурасынан төмен емес температураны ұстап тұруды қамтамасыз ететін уақыт ішінде термоконтейнерлерде (термостарда) болады. Термоконтейнерлердегі дайын тағамы жеткізу уақыты дайындалған сәттен бастап өткізгенге дейін 2 сағаттан аспауы тиіс.
Тармақ 109
109. Далалық ас үйді пайдаланған кезде азық-түлік шикізатын сақтау, өңдеу және дайындау, тамақ дайындау, нан кесу, асхана және ас үй ыдыстарын (мүкәммалын) жуу, тамақ ішу осы мақсатқа бейімделген уақытша өндірістік және қосалқы құрылыстарда: палаткаларда (киіз үйлерде) жүргізіледі, олар қажетті технологиялық жабдықпен және тиісті таңбасы бар мүкәммәлмен жарақталады.
Тармақ 110
110. Тез бұзылатын өнімдерді сақтау үшін мұздық жабдықтауға жол беріледі.
Тармақ 111
111. Жорыққа арналған өнімдердің типтік жиыны:
Тармақша 1
1) қара және ақ нан немесе кептірілген нан, печенье, кепкен тоқаш, галеттер, қытырлақ нандар;
Тармақша 2
2) жарма, макарон өнімдері, ботқаның дайын концентраттары немесе пакеттердегі сорпа концентраттары;
Тармақша 3
3) қорытылған сары май, өсімдік майы;
Тармақша 4
4) өнеркәсіптік өндірістің ет консервілері;
Тармақша 5
5) қант, кәмпит, шоколад, өнеркәсіптік қаптамадағы бал;
Тармақша 6
6) табиғи және (немесе) майлы балық консервілері;
Тармақша 7
7) балғын немесе құрғақ көкөністер;
Тармақша 8
8) құрғақ сүт, құрғақ кілегей немесе қойылтылған, консервіленген сүт;
Тармақша 9
9) ірімшіктің қатты сұрыптары;
Тармақша 10
10) балғын жемістер, кептірілген жемістер, жаңғақтар;
Тармақша 11
11) шөлмектегі су, шырындар, шай, какао ұнтағы.
Тарау 10. 10-тарау. Туберкулезге қарсы санаторийлерді және балшықпен емдеуге және физиотерапияға арналған үй-жайларды күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
10-тарау. Туберкулезге қарсы санаторийлерді және балшықпен емдеуге және физиотерапияға арналған үй-жайларды күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 1. 1-параграф. Туберкулезге қарсы санаторийлерді күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1-параграф. Туберкулезге қарсы санаторийлерді күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 112
112. Зиянды заттарды бөлуге байланысты емшараларды өткізуге арналған үй-жайларды бір корпуста жатын үй-жайлармен орналастыруға жол берілмейді.
Тармақ 113
113. Жатын үй-жайлары палаталы секциялардан тұрады.
Тармақ 114
114. Зертханаларда, емшара, таңып-байлау бөлмелерінде, палаталарда, изоляторда, қақырық жинайтын бөлмеде, туберулезге қарсы препараттарды қабылдайтын үй-жайда, медициналық қалдықтарды уақытша сақтауға арналған үй-жайларда экрандалған ультракүлгін бактерицидті сәулелегіштер орнатылады.
Тармақ 115
115. Барлық үй-жайларды күн сайын ылғалды жинау және апта сайын күрделі жинау кейіннен жатын бөлмелердегі ауаны ультракүлгін шамдармен сәулелендіру арқылы жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып жүргізіледі.
Тармақ 116
116. Туберкулезге қарсы санаторийлерде қорытынды дезинфекция жылына 2 рет және барлық қайта бейіндеу, көшу, реконструкциялау, жөндеу жағдайларында жүргізіледі. Туберкулезге қарсы санаторийде әр науқас шыққаннан кейін және жоспарлы түрде жылына бір рет төсек жабдықтарын камералық зарарсыздандыру жүргізіледі.
Тармақ 2. 2-параграф. Санаторийлерде балшықпен емдеуге және физиотерапияға арналған үй-жайларды күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
2-параграф. Санаторийлерде балшықпен емдеуге және физиотерапияға арналған үй-жайларды күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 117
117. Физиотерапия кабинеттерін пайдалану және күтіп-ұстау Кодекстің 144-бабының 6-тармағына және 145-бабына сәйкес санитариялық қағидалардың, гигиеналық нормативтердің талаптарына сай болады.
Тармақ 118
118. Сумен, балшықпен емдеуге арналған емдеу корпустарының ғимараттары жеке тұрған ғимаратта орналастырылады. Жобалық оқшауланған кезде жапсарлас ғимаратқа орналастырады. Үй-жайлар киім ауыстыратын орын, санитариялық торап және себезгі бөлмесі арқылы жеке кіретін есіктері бар жеке блоктарға топтастырылады. Балшықтарды сақтау үшін тек таза балшықты пайдалануға есептелген бірнеше бассейндер көзделеді.
Тармақ 119
119. Табиғи көздердің (минералды балшықтар, саз) балшығымен емдеуге арналған құралдар бір рет қолданылады. Олардың негізіндегі заттарды (балшық маскалары және басқалары) дайындаушының қаптамасында сақтайды және заттаңбасындағы, қаптамасындағы деректерге сәйкес пайдаланады.
Тармақ 120
120. Емшараларға дайын емдік балшықтар мынадай талаптарға сәйкес келеді:
Тармақша 1
1) табиғи және емшараларға дайындалған емдік балшықтардың нормаланатын физикалық-химиялық және токсикологиялық көрсеткіштері осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес келеді;
Тармақша 2
2) табиғи және емшараларға дайындалған емдік балшықтардың нормаланатын микробиологиялық көрсеткіштері осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес келеді.
Тармақ 121
121. Пайдаланылған емдік балшық көп жылдық ұзақ қалпына келуі үшін табиғи ортаға тасталады.
Тармақ 122
122. Фито-барлар өнімді сақтауға, ыдысты жууға, өңдеуге және сақтауға арналған тиісті жағдайлар, сапасы мен қауіпсіздігі туралы құжаттар бар болғанда ұйымдастырылады.
Тармақ 123
123. Ингаляторий, оттегімен емдеу кабинетi және дәрiлiк препараттар кабинетi көршілес орналасады және дәрiлiк шөптердi сақтау үшін ортақ қосалқы үй-жайы болады.
Тармақ 124
124. Бальнеологиялық емшараларды жүргізу үшін бөлек бальнеологиялық құрылғысы бар жеке үй-жайларды жабдықтайды. Асқазанды жуу емшараларын қызыл иекті шаюмен, ішек себезгісін және ішекке минералды су мен емдік балшықтың қоспасын енгізе отырып, ішекті сифонмен жуумен біріктірмейді. Емшара кабинеттерінде әр кушетка (кресло) жеке кабиналарда орнатылады.
Тармақ 125
125. Емдік массажды жүргізуге арналған үй-жайлар массажға және себезгіге арналған кабинеттерден тұрады. Массажға арналған кабинеттің ең аз ауданы бір кушеткаға кемінде 6 м2 есебінен қабылданады. Кабинет қол жууға және кептіруге арналған құралдары бар раковинамен жабдықталады. Массажға арналған кабинет механикалық желдеткішпен жабдықталады.
Тармақ 126
126. Алмалы-салмалы және адамның организмімен жанасатын құралдарды (резеңке түтікшелер, ұштықтар, үштіктер және басқалар) дезинфекциялау қоса берілетін нұсқаулықтарына сәйкес жұмыс орнында жүзеге асырылады. Жуу және стерильдеу Кодекстің 144-бабының 6-тармағына және 145-бабына сәйкес санитариялық қағидалардың, гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 1. Зертханалық-құрал-саймандық зерттеулер
«Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 1-қосымша Зертханалық-құрал-саймандық зерттеулер Кесте Р/с № Сы­на­ма алу ор­ны Зерт­ха­на­лық-құ­рал-сай­ман­ды зерт­те­улер, са­ны (бір­лік) Зерт­теу жи­і­лі­гі 1 2 3 4 1 ас бло­гы та­мақ өнім­де­рі­нің (ши­кі­заттың) мик­ро­био­ло­ги­я­лық көр­сет­кіш­тер­ге сы­на­ма­сы, бір­лік ағым­да­ғы қа­да­ға­лау тәр­ті­бі­мен, эпи­де­мио­ло­ги­я­лық көр­се­ті­лім­дер бой­ын­ша мик­ро­био­ло­ги­я­лық зерт­те­улер­ге дай­ын өнім сы­на­ма­сы ағым­да­ғы қа­да­ға­лау тәр­ті­бі­мен, эпи­де­мио­ло­ги­я­лық көр­се­ті­лім­дер бой­ын­ша мик­ро­био­ло­ги­я­лық және са­ни­та­ри­я­лық-хи­ми­я­лық көр­сет­кіш­тер­ге су­дың сы­на­ма­сы, бір­лік ағым­да­ғы қа­да­ға­лау тәр­ті­бі­мен, эпи­де­мио­ло­ги­я­лық көр­се­ті­лім­дер бой­ын­ша та­мақ­тың то­лық са­лы­нуы, тәу­лік­тік құ­нар­лы­лы­ғы, бір­лік ағым­да­ғы қа­да­ға­лау тәр­ті­бі­мен сырт­қы ор­та объ­ек­ті­ле­рі­нен ішек та­яқ­ша­ла­ры то­бы­ның бак­те­ри­я­ла­ры­на зерт­теу, бір­лік ағым­да­ғы қа­да­ға­лау тәр­ті­бі­мен, эпи­де­мио­ло­ги­я­лық көр­се­ті­лім­дер бой­ын­ша дез­ин­фек­ци­я­лау құ­рал­да­ры ері­т­ін­ді­сін­де­гі әре­кет ете­тін заттар­дың бел­сен­ді­лі­гін ай­қын­дау ағым­да­ғы қа­да­ға­лау тәр­ті­бі­мен, эпи­де­мио­ло­ги­я­лық көр­се­ті­лім­дер бой­ын­ша бак­те­рио­ло­ги­я­лық, са­ни­та­ри­я­лық-хи­ми­я­лық зерт­те­улер­ге жер­гі­лік­ті су­мен жаб­дық­тау көз­де­рі­нен (ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған, құ­дық­тар, ұң­ғы­ма­лар, кап­таж­дар) алын­ған ауыз су жаз мау­сы­мы ба­ста­лар ал­дын­да, ағым­да­ғы қа­да­ға­лау тәр­ті­бі­мен, сон­дай-ақ эпи­де­мио­ло­ги­я­лық көр­се­ті­лім­де­рі бой­ын­ша 2 жа­бық жү­зу бас­сей­ні және ван­на­лар, жа­ға­жай бак­те­рио­ло­ги­я­лық, са­ни­та­ри­я­лық-хи­ми­я­лық, ви­ру­со­ло­ги­я­лық, па­ра­зи­то­ло­ги­я­лық зерт­те­улер­ге су сы­на­ма­ла­ры жаз мау­сы­мы ба­ста­лар ал­дын­да, ағым­да­ғы қа­да­ға­лау тәр­ті­бі­мен па­ра­зи­то­ло­ги­я­лық көр­сет­кіш­тер: бас­сейн шұң­қы­ры­ның суы ағым­да­ғы қа­да­ға­лау тәр­ті­бі­мен 3 ем­дік бал­шық­тар мик­ро­био­ло­ги­я­лық, фи­зи­ка­лық-хи­ми­я­лық, ток­си­ко­ло­ги­я­лық, ра­дио­ло­ги­я­лық көр­сет­кіш­тер­ге ағым­да­ғы қа­да­ға­лау тәр­ті­бі­мен, эпи­де­мио­ло­ги­я­лық көр­се­ті­лім­дер бой­ын­ша 4 ас бло­гы жел­дет­кіш­тің ти­ім­ді­лі­гі, шу ағым­да­ғы қа­да­ға­лау тәр­ті­бі­мен, эпи­де­мио­ло­ги­я­лық көр­се­ті­лім­дер бой­ын­ша 5 ой­ын үй-жай­ла­ры, оқу ка­би­не­ті, ме­ди­ци­на­лық үй-жай­лар жа­сан­ды жа­рық­тан­ды­ру дең­гейі ағым­да­ғы қа­да­ға­лау тәр­ті­бі­мен, эпи­де­мио­ло­ги­я­лық көр­се­ті­лім­дер бой­ын­ша 6 қыз­мет­кер­лер­ді тек­се­ру бак­те­рио­ло­ги­я­лық та­сы­мал­да­у­шы­лық­қа эпи­де­мио­ло­ги­я­лық көр­се­ті­лім­дер бой­ын­ша 7 то­пы­рақ, құм па­ра­зи­то­ло­ги­я­лық, бак­те­рио­ло­ги­я­лық көр­сет­кіш­тер­ге жаз мау­сы­мы ба­ста­лар ал­дын­да, ағым­да­ғы қа­да­ға­лау тәр­ті­бі­мен, эпи­де­мио­ло­ги­я­лық көр­се­ті­лім­дер бой­ын­ша
Басқа 2. Үй-жайларды жасанды жарықтандыру деңгейлері
«Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 2-қосымша Үй-жайларды жасанды жарықтандыру деңгейлері Кесте Үй-жай­лар­дың ата­уы Жа­рық­тан­ды­ру (люкспен) Жа­рық­тан­ды­ру нор­ма­ла­ры қа­ты­сты бет лю­ми­нис­цент­ті шам­дар ке­зін­де қы­зды­ру шам­да­ры ке­зін­де 1 2 3 4 оқу, ой­ын бөл­ме­ле­рі және үй­ір­ме­лер­ге ар­нал­ған бөл­ме­лер 300 150 үстел­дің жұ­мыс бе­ті жа­тын бөл­ме­лер 75 30 еден­нен 0,5 м дең­гей­де дене шы­нық­ты­ру за­лы 200 100 еден ре­кре­а­ци­я­лар 150 75 еден
Басқа 3. Өнімдерді алмастыру
«Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 3-қосымша Өнімдерді алмастыру 1-кесте № Ал­ма­сты­ру­ға жа­та­тын өнім Грам­мен сал­ма­ғы Ал­ма­сты­ру­шы өнім Грам­мен сал­ма­ғы 1 2 3 4 5 1 Сиыр еті 100,0 1-са­нат­ты сүй­е­гі бар ке­сек ет: қой еті, жыл­қы еті, қо­ян еті 100,0 1-са­нат­ты сүй­е­гі жоқ ке­сек ет: қой еті, жыл­қы еті, қо­ян еті 80,0 1-са­нат­ты жыл­қы еті 104,0 құс еті 100,0 1-са­нат­ты қо­сым­ша өнім­дер: ба­уыр, тіл, жү­рек 116,0 пі­сі­рі­л­ген шұ­жық 80,0 ет кон­сер­ві­ле­рі 120,0 ба­лық 150,0 2 Майы алын­ба­ған сүт 100,0 ке­фир, ай­ран 100,0 қой­ы­л­ты­л­ған сте­рил­ден­ген сүт 40,0 кі­ле­гей 20,0 май­лы сүз­бе 30,0 3 Қай­мақ 100,0 кі­ле­гей 133,0 сүт 667,0 4 Сүз­бе 100,0 сүт 333,0 ірім­шік 40,0 брын­за 80,0 қай­мақ 50,0 кі­ле­гей 66,0 5 Ірім­шік 100,0 сиыр­дың са­ры майы 50,0 қай­мақ 125,0 сүз­бе 250,0 брын­за 200,0 сүт 825,0 жұ­мырт­қа 3 да­на 6 Жұ­мырт­қа 1 да­на ірім­шік 33,0 қай­мақ 40,0 сүз­бе 80,0 7 Ба­сы алын­ған ба­лық 100,0 ет 67,0 тұз­дал­ған май­ша­бақ 100,0 ба­лық­тың жон еті 70,0 сүз­бе 168,0 ірім­шік 50,0 8 Же­мі­стер 100,0 же­міс-жи­дек шы­ры­ны 100,0 кеп­ті­рі­л­ген ал­ма 20,0 кеп­ті­рі­л­ген өрік 8,0 қа­ра өрік 17,0 мей­із 22,0 қар­быз 300,0 қа­уын 200,0 Балалардың сауықтыру объектілерінде бір күнде бір балаға арналған өнімдер жиыны 2-кесте Өнім­дер ата­уы Өнім­дер мөл­ше­рі грам­мен 1 2 сүт, қыш­қыл сүт өнім­де­рі 500 жар­ты­лай май­лы сүз­бе 40 қай­мақ 10 ірім­шік 10 ет 160 Ба­лық 60 ди­е­та­лық жұ­мырт­қа 1 да­на қа­ра би­дай на­ны 100 би­дай на­ны (оның ішін­де то­қаш­тар) 250 би­дай ұны 10 ма­ка­рон бұй­ым­да­ры 20 жар­ма­лар 45 бұр­шақ­тар 10 қант және кон­ди­тер­лік бұй­ым­дар 70 кар­топ ұны 8 нан ашыт­қы­сы 2 са­ры май 45 өсім­дік майы 15 кар­топ 350 жа­ңа піс­кен кө­кө­ніс 400 жа­ңа піс­кен же­мі­стер 100 құр­ғақ же­міс-жи­дек­тер 15 та­би­ғи шы­рын­дар 200 шай 0,2 ка­као 1,2 тұз 6 қо­с­па­лар 1 Балалар мен жасөспірімдер үшін жасына (жылмен) байланысты порцияның массасы (граммен) 3-кесте Та­мақ­та­ну, та­ғам Пор­ци­я­ның мас­са­сы 6-11 жас 12-18 жас 1 2 3 Таң­ғы ас Бот­қа неме­се кө­кө­ні­стен жа­сал­ған та­мақ 300 300-400 Ко­фе (шай, ка­као) 200 200 Түс­кі ас Са­лат 60-100 100-150 Сор­па 200-250 205-300 Ет, кот­лет 80-150 150-180 Гар­нир 100-150 150-180 Ком­пот және бас­қа да су­сын­дар 200 200 Бе­сін асы Ай­ран 200 200 Пе­че­нье (пі­сі­рі­л­ген нан) 40/100 40/100 Же­мі­стер 100 100 Кеш­кі ас Кө­кө­ні­стен жа­сал­ған та­ғам, бот­қа 300 400 Шай және бас­қа да су­сын­дар 200 200 Бір күн­ге ар­нал­ған нан: Би­дай на­ны 150 200 Қа­ра би­дай на­ны 100 150
Басқа 4. «С»-витаминдеу журналы
«Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 4-қосымша «С»-витаминдеу журналы 1-нысан Та­ғам­ның дай­ын­да­лу кү­ні және са­ға­ты Та­ғам­ның ата­уы Қо­сы­л­ған ви­та­мин­нің жал­пы мөл­ше­рі Бір пор­ци­яда­ғы С ви­та­ми­ні­нің мөл­ше­рі Жа­у­ап­ты тұл­ға­ның қо­лы 1 2 3 4 5 Тез бұзылатын тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттардың бракераж журналы 2-нысан Азық-тү­лік ши­кі­за­ты мен та­мақ өнім­де­рі­нің түс­кен кү­ні және са­ға­ты Та­мақ өнім­де­рі­нің ата­уы Түс­кен азық-тү­лік ши­кі­за­ты мен та­мақ өнім­де­рі­нің са­ны (кил­ло­грам­мен, литр­мен, дан­амен) Қа­был­дан­ған та­мақ өнім­де­рі­нің қа­уіп­сіз­ді­гін рас­тай­тын құ­жат­тың нө­мі­рі Түс­кен азық-тү­лік ши­кі­за­ты­ның және та­мақ өнім­де­рі­нің ор­га­но­леп­ти­ка­лық ба­ға­лау нәти­же­ле­рі Азық-тү­лік ши­кі­за­тын және та­мақ өнім­де­рін өт­кі­зу­дің соң­ғы мер­зі­мі Азық-тү­лік ши­кі­за­ты­ның және та­мақ өнім­де­рі­нің іс жү­зін­де өт­кі­зі­л­ген кү­ні және са­ға­ты Т.А.Ә. Жа­у­ап­ты адам­ның қо­лы Ес­керт­пе* 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Ескертпе: *есептен шығару, өнімдерді қайтару және басқалары көрсетіледі. Тағамдар мен аспаздық бұйымдардың сапасын органолептикалық бағалау журналы 3-нысан Та­ғам­ның дай­ын­да­лу кү­ні және са­ға­ты Бра­ке­раж алу уа­қы­ты Та­ғам­ның, ас­паз­дық өнім­нің ата­уы Та­ғам­ның, ас­паз­дық өнім­нің дай­ын­дық дә­ре­же­сі және ор­га­но­леп­ти­ка­лық ба­ға­лау нәти­же­ле­рі Та­ғам­ның, ас­паз­дық өнім­ді өт­кізу­ге рұқ­сат ету Жа­у­ап­ты адам­ның қо­лы Ес­керт­пе 1 2 3 4 5 6 7 Ескертпе: 7-бағанда өткізуге тыйым салынған дайын өнімнің атауы көрсетіледі. Ас блогы жұмыскерлерін тексеру нәтижелерінің журналы 4-нысан р/с № Жұ­мыс­кер­дің Т.А.Ә. Ла­у­а­зы­мы От­ба­сын­да ЖІИ бол­мауы ту­ра­лы жұ­мыс­кер­дің қо­лы Те­рі­нің ірің­ді ау­ру­ла­рын тек­се­ру ЖР­ВИ, бас­па­ның бо­луын тек­се­ру Ме­ди­ци­на қыз­мет­ке­рі­нің қо­лы Ес­керт­пе* 1 2 3 4 5 6 7 8 Ескертпе: * жазба: дені сау, науқас, жұмыстан шектетілді, санацияланды, еңбек демалысы, демалыс _____ жылғы _____ айдағы тамақ өнімдері нормаларының орындалуын бақылау тізімдемесі 5-нысан р/с № Өнім­нің ата­уы Өнім­нің 1 адам­ға грам­мен шақ­қан­да­ғы нор­ма­сы * (брут­то) Бір адам­ға күн­дер бой­ын­ша (бар­лы­ғы) брут­то­да іс жү­зін­де бе­рі­л­ген өнім­дер, бір адам­ға г/ та­мақ­та­на­тын адам­дар са­ны Брут­то­да 1 адам­ға 10 күн­де бе­рі­л­ген бар­лық азық-тү­лік Ор­та­ша есеп­пен 10 күн ішін­де % (+/-) –да нор­ма­дан ауыт­қу 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 1 2 3 4 5 6 7
Басқа 5. Балалардың сауықтыру объектілері жағдайларында балаларды сауықтыру тиімділігін бағалау
«Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 5-қосымша Балалардың сауықтыру объектілері жағдайларында балаларды сауықтыру тиімділігін бағалау
Тармақ 1
1. Балаларды сауықтыру тиімділігінің бағасы екі тексеріп-қарау – ауысым басында және ауысым соңында медициналық тексеріп-қарау деректерін салыстыру негізінде жүргізіледі. Мынадай көрсеткіштер талданады:
Тармақша 1
1) баланың дене бітімінің дамуы;
Тармақша 2
2) организмнің функциялық жағдайы;
Тармақша 3
3) дене дайындығының деңгейі;
Тармақша 4
4) жалпы сырқаттанушылығы.
Тармақ 2
2. Дене дамуын бағалау кезінде дене массасының дене ұзындығына қатынасымен – Кетле индексімен айқындалады. Дене дамуының үйлесімділігін дәлелдейтін Кетле индексінің нормасы мынаны құрайды (шаршы метрге килограммен (бұдан әрі – кг/м2):
Тармақша 1
1) 6-8 жастағы ұл және қыз балалар үшін – 16 (кг/ м2);
Тармақша 2
2) 9-10 жастағы ұл және қыз балалар үшін – 17 (кг/ м2);
Тармақша 3
3) 11 жастағы ұл және қыз балалар үшін – 18 (кг/ м2);
Тармақша 4
4) 12 жастағы ұл және қыз балалар үшін – 19 (кг/ м2);
Тармақша 5
5) 13-14 жастағы ұл және қыз балалар үшін – 20 (кг/ м2);
Тармақша 6
6) индекстің екі бірлікке артуы дене массасының артықтығын, екі бірлікке төмендеуі – жетіспеушілікті дәлелдейді.
Тармақ 3
3. Балаларды сауықтыру ұйымдары жағдайларында сауықтыру тиімділігінің маңызды өлшемшарттары организмнің функционалдық (резервтік) мүмкіндіктерінің артуы болып табылады. Осы мақсатта балалардың жүрек-қан тамыры, тыныс алу жүйелерінің функционалдық сынамаларын бағалау және еңбекке дене қабілеттерін бағалау жүргізіледі.
Тармақ 4. Ортостатикалық сынама индекстерін бағалау
4. Жүрек-қан тамыры жүйесінің функционалдық жағдайын ортостатикалық сынама көмегімен бағалау керек. Жүргізу әдістемесі: шалқасынан 3 минут жатқаннан соң жүрек соғуының жиілігі (бұдан әрі – ЖСЖ) (10 секундтық мерзім бойынша) және артериялық қысымы (бұдан әрі – АҚ) анықталады. Содан кейін тексерілетін адам тез тұрады және тұрған қалпында өлшемдер қайталанады. Бұл ретте тамыр соғуының минутына 4 соғудан көп болмауы, ал АҚ ең үлкен өсімі сынап бағанының 10 миллиметрінен аспауы қалыпты реакция болып саналады және 100-ге тең индекс ретінде қабылданады, 1-кестеде ортостатикалық сынама индекстерін бағалау келтіріледі. Ортостатикалық сынама индекстерін бағалау 1-кесте Та­мыр со­ғуы­ның бір ми­нут­та жи­і­ле­уі Ең жо­ға­ры ар­те­ри­я­лық қы­сым­ның өзге­руі ар­туы ке­муі +10 +8 +6 +4 +2 0 -2 -4 -6 -8 -10 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 0-4 100 95 90 85 80 75 70 65 50 55 55 5-8 95 90 85 80 75 70 65 60 55 50 45 9-12 90 85 80 75 70 65 60 55 50 45 40 13-16 85 80 75 70 65 60 55 50 45 40 35 17-20 80 75 70 65 60 55 50 45 40 35 30 21-24 75 70 65 60 55 50 45 40 35 30 25 25-28 70 65 60 55 50 45 40 35 30 25 20 29-32 65 60 55 50 45 40 35 30 25 20 15 33-36 60 55 50 45 40 35 30 25 20 15 10 37-40 55 50 45 40 35 30 25 20 15 10 5 41-44 50 45 40 35 30 25 20 15 10 5 0 Қолайлы индекс 100-85, рұқсат етілетін 84-75 және ең нашар 74-60 болып саналады. Динамикалық бақылау процесінде индекстің өсуі сауықтыру ұйымындағы қозғалыс режимінің жаттықтыру әсерін көрсетеді.
Тармақ 5. Балаларда дем шығару кезінде тыныс алуды кідірту көрсеткішінің шамасы (секундына)
5. Тыныс алу жүйесінің функционалдық жағдайы Генч сынамасы көмегімен бағаланады (демді шығару кезінде тыныс алуды кідірту). Генч сынамасы былайша өткізіледі: сыналатын адам мұрнына қыстырғыш салып, ауыз арқылы еркін дем шығарады және жағымсыз сезімдер пайда болғанға дейін аузын жауып отырады. Тыныс алуды кідірту уақыты секундомермен тіркеледі. №2-кестеде әртүрлі жастағы және жыныстағы балаларға арналған осы көрсеткіштің орташа мәндері келтірілген (± орташа қателік). Балаларда дем шығару кезінде тыныс алуды кідірту көрсеткішінің шамасы (секундына) 2-кесте Жа­сы жыл­мен Ер ба­ла­лар Қы­здар 1 2 3 7 10 ± 2,8 8,3 ± 4.0 8 17 ± 12,4 13,0 ±7,2 9 16,8 ±11,0 12,1 ± 6.3 10 15,5 ± 7,5 11,0 ± 4,0 11 18,2 ± 8,5 13,0 ± 8,6 12 20,0 ± 12,0 16,0 ±13,6 13 18,5 ± 11,0 16,0 ±6,2 14 19,6 ± 6,7 19,0 ± 9,2 Балаларды сауықтыру ұйымдарында балалардың болуының сауықтыру тиімділігі терең тінді биохимиялық процестерді жетілдіруде – гипоксия тұрақтылығының жоғарылауында көрінеді. Баланың демалысы кезінде тыныс алуды кідіртуді 10%-ға және одан жоғары артуы жағымды қозғалыс ретінде сипатталады; тыныс алу кідірісі уақытының 10% төмендеуі керісінше сипатталады және оттегі тапшылығына төзімділіктің төмендеуін көрсетеді.
Тармақ 6. Балалардың қолының бұлшық ет күші (килограмм)
6. Балалардың еңбекке дене қабілетін бұлшық ет күшінің және бұлшық ет шыдамдылығының көрсеткіштері бойынша бағалау ұсынылады. Балалардың бұлшық ет күші динамометр көмегімен анықталады. Қол буынының бұлшық етінің күші бір жаққа созылған күшті оң қолмен (солақайларда – сол қолмен) қол буыны динамометрі арқылы өлшенеді. Қол буыны бұлшық етінің жас-жынысына қарай орташа стандарты 3-кестеде берілген. Балалардың қолының бұлшық ет күші (килограмм) 3-кесте Жа­сы жыл­мен Оң қол (со­ла­қай­лар­ға сол қол) Ер ба­ла­лар Қы­здар 1 2 3 8 14,8 ± 3,2 12,2 ± 2,9 9 16,7 ±3,2 14,3 ± 2,7 10 18,7 ± 3,8 15,3 ±2,5 11 21,1 ±3,6 16,6 ± 3,8 12 25,9 ± 5,5 19,6 ± 4,7 13 26,2 ±7,0 21,6 ±4,4 14 28,6 ±9,0 23,5 ± 4,6
Тармақша 1
1) Бұлшық ет күшінің 10%-ға және одан жоғары өсуі балаларды сауықтыру ұйымындағы дене тәрбиесінің дұрыс жолға қойылғанын, сауықтыру іс-шаралары жүйесінде күш және жылдамдық-күшке бағытталған жаттығулардың пайдаланылатынын көрсетеді. Динамикалық бақылау прцесінде бұлшық ет күшінің 10%-ға төмендеуі көрсеткіштің теріс динамикасын көрсетеді;
Тармақша 2
2) сондай-ақ бұлшық ет төзімділігі динамометрдің көмегімен анықталады. Бала 5-7 секунд демалуға үзіліс жасап, динамометрді бар күшімен 5 рет қысады, сосын динамометрдің бірінші және бесінші көрсеткіші салыстырылады. Баланың жағдайына байланысты бұлшық ет күшінің көрсеткіші оның бастапқы мөлшеріне қарағанда 10-15%-ға төмендейді. Осы ерекшелік неғұрлым аз болса, соғұрлым күштің төзімділігі жоғары болады. «Стайер» типіне жататын төзімді балаларда динамометрде өлшеудің басындағы және соңындағы көрсеткіштері сәйкес келеді. Осы өлшеулердің арасындағы айырмашылықтардың сауықтыру ауысымының басынан бастап соңына дейін төмендеуі төзімділіктің дамуы немесе артуын көрсетеді.
Тармақ 7. Балаларды сауықтыру тиімділігінің көрсеткіштері динамикасы
7. Баланың функционалдық мүмкіндіктерінің өсуін білдіретін маңызды көрсеткіштер дене дайындығының оң динамикасы: жылдамдыққа (30 метрге және 60 метрге) жүгіргенде, төзімділікке жүгіргенде (300 метрге және 500 метрге), сондай-ақ басқа да нормативтерді тапсыру кезінде нәтижелердің жақсаруы болып табылады. Балаларды сауықтыру тиімділігінің көрсеткіштері динамикасы Плюс «+» жақсaру (бұдан әрі – «+»), минус «-» нашарлау (бұдан әрі – «-»), «0» - өзгеріссіз (бұдан әрі – «0»). Жиыны: тиімділігі айқын, сауықтыру тиімділігі әлсіз, сауықтыру тиімділігі жоқ балалардың үлес салмағы. 4-кесте Ба­ла­ның те­гі, аты Дене да­муы Бұл­шық ет кү­ші Тө­зім­ді­лі­гі Өк­пе­нің өмір­лік сый­ым­ды­лы­ғы Ты­ныс алу­ды кі­дір­туі Ор­то-ста­ти­ка­лық сы­на­ма Дене дай­ынды­ғы Жиы­ны + - 0 1 + + + + + - + 6+ 1- 2 + + + + + - - 5 + 2 -
Басқа 6. Табиғи және емшараларға дайындалған емдік балшықтың нормаланатын физикалық-химиялық және токсикологиялық көрсеткіштері
«Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 6-қосымша Табиғи және емшараларға дайындалған емдік балшықтың нормаланатын физикалық-химиялық және токсикологиялық көрсеткіштері Кесте Көр­сет­кіш шө­гін­ді суль­фид­ті шым­те­зек­ті тұн­ба шо­қы 1 2 3 4 5 Ылғал­ды­лы­ғы, % 25-75 50-85 60-90 40-80 мөл­ше­рі 0,25-5 мм ми­не­рал­ды бөл­шек­тер­мен ла­ста­нуы, та­би­ғи за­тқа % <3,0 <2,0 <2,0 <3,0 мөл­ше­рі 5 мм ар­тық қат­ты ми­не­рал­ды қо­с­па­лар жоқ ыды­рау дең­гейі (шым­те­зек, бал­шық үшін), ор­га­ни­ка­лық за­тқа % 40-тан тө­мен емес жы­л­жу­ға ке­дер­гі, дин/см2 1500-4000 1500-4000 1000-2000 1500-2500 Уыт­ты заттар Тех­но­ген­ді ра­ди­о­нук­лид­тер (Cs137, жұқ­тыр­ған Sr90), бек­ке­рель-ки­ло­грамм (Бк/кг) ра­ди­а­ци­а­лық қа­уіп­сіз­дік нор­ма­ла­ры­на сәй­кес Ауыр ме­тал­дар (Hg, Pb, Zn, Cu, Cd), мил­ли­грамм/ки­ло­грамм (бұ­дан әрі - мг/кг) то­пы­рақ­тың жер­гі­лік­ті та­би­ғи фо­ны­нан ар­тық емес Пе­сти­цид­тер, мг/кг жер­гі­лік­ті то­пы­рақ үшін бел­гі­лен­ген нор­ма­лар­дан ар­тық емес
Басқа 7. Табиғи және емшараларға дайындалған емдік балшықтың нормаланатын микробиологиялық көрсеткіштері
«Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 7-қосымша Табиғи және емшараларға дайындалған емдік балшықтың нормаланатын микробиологиялық көрсеткіштері Кесте Бал­шық­тың түр­ле­рі Жал­пы мик­роп­тық са­ны (ЖМС), ар­тық емес Ішек та­яқ­ша­ла­ры то­бы­ның бак­те­ри­я­ла-ры­ның ко­ли-тит­рі (ІТТБ) Эши­ре­хия ко­ли тит­рі (лак­то­за­ға оң) Кло­стри­дия пер­ф­рин­генс тит­рі Па­то­ген­ді коккты мик­ро­фло­ра, кө­кі­рің­ді та­яқ­ша, 10 г 1 2 3 4 5 6 Тұн­ба және шо­қы бал­шық­та­ры 1х106 5х105 1 және жо­ға­ры 30 және жо­ға­ры 0,1 және жо­ға­ры жоқ Шө­гін­ді ор­та­ша және на­шар ми­не­рал­дан­ған және рН ке­мін­де 3,6 шым­те­зек­ті 5х105 10 және жо­ға­ры 30 және жо­ға­ры 0,1 және жо­ға­ры жоқ Шө­гін­ді суль­фид­ті қат­ты ми­не­рал­дан­ған және рН ке­мін­де 3,6 шым­те­зек­ті 5х105 30 және жо­ға­ры 50 және жо­ға­ры 0,1 және жо­ға­ры жоқ Ескертпе: балшықтың микробиологиялық көрсеткіштері:
Тармақша 1
1) 1 г-дағы микроорганизмдердің жалпы саны – балшықтың органикалық заттармен ластануының қарқындылық көрсеткіші;
Тармақша 2
2) коли-титр немесе ішек таяқшалары тобының бактериялары (ІТТБ) болуы – ішек таяқшалары топтары бактериялары анықталатын балшықтың көлемі;
Тармақша 3
3) Escherichia coli (эширехия коли) титрі – ішінде Escherichia coli (эширехия коли) жаңа нәжістік ластану көрсеткіші ретінде анықталатын балшықтың көлемі;
Тармақша 4
4) Clostridium perfringens (клостридия перфрингенс) титрі – ішінде Clostridium perfringens (клостридия перфрингенс) дәрежесі қандай да бір ескі нәжістік ластанудың куәсі ретінде анықталатын балшықтың көлемі;
Тармақша 5
5) балшықтың белгілі бір көлемінде Pseudomonas aeruginosa(көкіріңді таяқша) патогенді коккты (стафилококктар, стрептококктар) микрофлораның болуы – терінің ауыр зақымдауларын, тамақтан улануларды және ауруларды (сіреспе) тудыратын микроорганизмдер ретінде.
Басқа 8. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде санаторлық-курорттық мақсаттағы объектілерге, демалыс үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
«Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 8-қосымша Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде санаторлық-курорттық мақсаттағы объектілерге, демалыс үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 1
1. Санаторлық-курорттық мақсаттағы объектілерде, демалыс үйлерінде эпидемияға қарсы күшейтілген режимді қамтамасыз ету мақсатында:
Тармақша 1
1) COVID-19 бойынша профилактикалық іс-шаралар қатаң сақталады;
Тармақша 2
2) персонал қашықтықтан жұмыс істеу нысанына барынша ауыстырылады және өндірістік қажеттілікке байланысты жұмыс күнін барынша қысқартады;
Тармақша 3
3) санаторлық-курорттық ұйымдардың корпустарын толтыру жобалық қуаттан асырылмайды;
Тармақша 4
4) кіреберісте (ресепшн, күзет пункті) келушілердің дене температурасына бақылау жүргізіледі;
Тармақша 5
5) жүргізілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін барынша жағдай жасалады (карталар, телефондағы қосымша), емшараларды көрсету кезектерді құрмай жазу бойынша жүзеге асырылады;
Тармақша 6
6) адамдар көп жиналатын жерлерде, қозғалыс қарқындылығы байқалатын ресепшн алдында еденге сигналдық белгі қою арқылы немесе шектеу бағандары арқылы әлеуметтік қашықтық аймағы анықталады. Дивандар, орындықтар қонақ аймақтарында өзара 1,5 метр арақашықтықта орнатылады;
Тармақша 7
7) аптасына 1 рет «санитариялық» күнді өткізу;
Тармақша 8
8) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға (температураны өлшеу, персоналға нұсқама беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау және т. б.) жауапты адам тағайындалады;
Тармақша 9
9) мекемеде демалушыларға көлік қызметтерін көрсету (трансфер, экскурсиялар өткізу және т.б.) жүргізілетін жеке көлігі болған кезде. Бұл ретте жүргізушілер қолды өңдеуге арналған антисептикпен және оларды талап етілетін жиілікпен міндетті түрде ауыстыра отырып, қорғаныш құралдарымен (арнайы киім, маска және қолғаптар, бетке арналған маска) жабдықталады, сондай-ақ әрбір рейс алдында кейіннен желдете отырып автокөлік салонын дезинфекциялау;
Тармақша 10
10) әрбір келуші/клиент шыққаннан кейін дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып, бөлмелерге күрделі тазалау жүргізу;
Тармақша 11
11) COVID 19-ға күдікті адамдарға арналған изолятор көзделеді (қонақтарға арналған үйлерден басқа).
Тармақ 2
2. Тамақтануды ұйымдастыру кезінде мынадай талаптар сақталады:
Тармақша 1
1) персоналдың жұмыс орындарында тамақтануы жүзеге асырылмайды. Тамақ ішу арнайы бөлінген бөлмеде - тамақ ішу бөлмесінде жүзеге асырылады. Тамақ ішетін бөлме болмаған кезде дезинфекциялау құралдарының көмегімен күнделікті жинауды қамтамасыз ете отырып, қол жууға арналған раковинасы бар (ыстық және суық су келтірілген) осы мақсаттар үшін үй-жай бөлу көзделеді;
Тармақша 2
2) «швед үстелі» типі бойынша тамақтануды ұйымдастыру жағдайында швед желісінде тағамдарды орналастыруды ортақ пайдаланылатын барлық орындарда демалушыларды ақпараттандыру жүйесін пайдалануды, сондай-ақ еденде сигналдық белгілеулерді салуды қоса алғанда, әлеуметтік қашықтық принципін сақтай отырып жүзеге асырады. Осындай талаптар тамақтандыруды тарату желісі принципі бойынша ұйымдастыруға да қойылады;
Тармақша 3
3) асханаларда демалушылар мен туристердің тамақтануын ұйымдастыру үстелдердің арасында 1 метрден кем емес қашықтық және 1 үстелге 1 адамнан асырмай отырғызу (демалуға және сауықтыруға келгендердің бір отбасының мүшелері болып табылатын немесе 1 нөмірде тұратын жағдайларды қоспағанда) және қонақтардың жиналуын болдырмайтын жағдайлар сақталған кезде жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Санаторлық-курорттық мақсаттағы объектілердің, демалыс үйлерінің персоналы:
Тармақша 1
1) жабық үй-жайларда медициналық маскаларды міндетті түрде киюге;
Тармақша 2
2) әлеуметтік қашықтықты сақтауға қойылатын талаптарды сақтауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 4
4. Ішкі қауіпсіздік қызметі мынадай сақтық шараларын қабылдай отырып, персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) персоналдың санитайзерлерді ғимаратқа кіру және шығу кезінде пайдалануы;
Тармақша 2
2) ғимарат ішіндегі адамдар арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтауды бақылайды;
Тармақша 3
3) ғимаратқа персонал жеке қорғаныш құралдарынсыз (медициналық маскаларсыз) кірмейді;
Тармақша 4
4) ғимаратқа кіру кезінде персоналдың температурасын өлшейді, ғимаратқа жоғары температура мен ЖРВИ белгілері бар персоналды жібермейді. Симптомдар анықталған немесе пайда болған жағдайда әкімшілікті хабардар етеді.
Тармақ 5
5. Бөлімше басшылары:
Тармақша 1
1) персонал бір үй-жайда әлеуметтік қашықтықты сақтайтын жағдайларды; санаторлық-курорттық мекемелердің аумағында демалушылардың жеке қорғаныш құралдарын сатып алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) алдын ала тексеру жүргізе отырып (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысын, желдету режимін сақтауды;
Тармақша 3
3) болмау себептерін анықтай отырып, персоналдың жұмысқа шығуының күн сайынғы мониторингін, ЖРВИ, тұмау және басқа да вирустық аурулармен ауыратындарға қағаз немесе электрондық тасығышта тіркей отырып, ерекше назар аударуды;
Тармақша 4
4) жедел медициналық жәрдем бригадасы келгенге дейін температурасы жоғары және ЖРВИ белгілері бар персоналды оқшаулауды;
Тармақша 5
5) персоналдың жеке гигиенасын сақтауға арналған жағдайларды (санитариялық тораптардың жұмыс істеуі, жуу құралдарымен, санитайзерлермен, қағаз сүлгілермен қамтамасыз ету);
Тармақша 6
6) бір рет қолданылатын медициналық маскалардың (жұмыс ауысымы мен маскаларды ауыстыру ұзақтығына қарай 3 сағатта кемінде 1 рет) немесе көп рет қолданылатын қорғаныш маскаларының (келесі қолдану алдында кейіннен жуу және термиялық өңдеу арқылы), сондай-ақ бір рет қолданылатын немесе көп рет қолданылатын қолғаптардың (ауысымына кемінде 2 рет ауыстыруға жататын және тұтастығы бұзылған кезде), қолды өңдеуге арналған дезинфекциялайтын сулықтар немесе тері антисептиктерінің азаймайтын қорын. Бір рет қолданылатын маскаларды қайта пайдалануды болдырмауды. Пайдаланылған ЖҚҚ-ны шығару үшін арнайы бөлінген орындарда пакеттерге жинауды, одан әрі қатты тұрмыстық қалдықтар ретінде кәдеге жаратуды;
Тармақша 7
7) қызметкерлер арасында: қонақтар келген кезде немесе болған кезде аурудың кез келген белгілері (жөтел, әлсіздік, жоғары температура және т.б.) байқалатын болса, ден қою жоспары туралы. жеке/өндірістік гигиена ережелерін сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау қажеттілігі туралы нұсқама өткізуді;
Тармақша 8
8) қолды өңдеу үшін тері антисептиктерін орнату, коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша жаднамалар орналастыруды;
Тармақша 9
9) есептік қажеттілікке, ауданына және өңдеу жиілігіне қарай дезинфекциялау құралдарының азаймайтын қорын қамтамасыз етеді.
Тармақ 6
6. Нөмір қоры қызметінің бастығы мыналарды қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) персоналдың ұялы телефондарын, гаджеттерді, компьютерлік техниканы, есік тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқалықтарын (креслолардың шынтақшаларын), жиһазды, қол жууға арналған раковиналарды, терезе алды, есік ойықтарын, қосқыштар мен розеткаларды, лифт батырмаларын міндетті түрде өңдеу арқылы күнделікті ылғалды жинау және дезинфекциялау жүргізуді қамтамасыз етеді. Кілем жабынын ылғалды жинау жуу химиялық құралдары бар кілем жуу машиналарымен орындалады, одан кейін кілемнің таза бетін шаю жүргізіледі. Дезинфекциялау үшін оларға қоса берілген нұсқаулықты қатаң сақтаған кезде вирусқа қарсы тиімділігі бар (әдістемелік нұсқауларға немесе нұсқаулыққа сәйкес), белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен құралдарды қолданады;
Тармақша 2
2) ылғалды жинау және дезинфекциялау орнына қағаз тұсқағаздары бар нөмірлерде қабырғалар мен төбелерді құрғақ жинауды пайдалану, содан кейін оларды пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес адамдар бар кезде қолдануға рұқсат етілген ауаны зарарсыздандыруға арналған жабдықпен өңдеу жүргізіледі;
Тармақша 3
3) үй-жайларды және жабдықтардың жекелеген түрлерін (үстелдер, панельдер, есіктер, терезелер, еден) жуу және өңдеу үшін жеке шүберекті пайдалану;
Тармақша 4
4) дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітінділерін арнайы бөлінген орында дайындау, өнім берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, затбелгідегі жарамдылық мерзімін көрсетіп сақтау. Ыдыстық затбелгі дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңінде сақталады;
Тармақша 5
5) мынадай жеке қорғаныш құралдарын пайдалана отырып дезинфекция жүргізу: униформа, қолғап, медициналық маска;
Тармақша 6
6) денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ адамдарды дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге жіберу;
Тармақша 7
7) 15 минут ішінде күніне кемінде 2 рет желдету.
Тармақ 7
7. Қонақтарға арналған үйлердегі эпидемияға қарсы күшейтілген режимді қамтамасыз ету мақсатында әкімшілік:
Тармақша 1
1) персоналдың жеке қорғаныш құралдарын (маскаларды) киюін;
Тармақша 2
2) персоналдың температурасын қағаз немесе электрондық тасымалдағышта тіркей отырып, күн сайын өлшеуді қамтамасыз етеді. Температурасы жоғары және ЖРВИ белгілері бар персонал жұмысқа жіберілмейді.
Тармақша 3
3) персоналдың ұялы телефондарын, гаджеттерді, компьютерлік техниканы, есік тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқалықтарын (креслолардың шынтақшаларын), жиһазды, қол жууға арналған раковиналарды, терезе алды, есік ойықтарын, қосқыштар мен розеткаларды міндетті түрде өңдеу арқылы күнделікті ылғалды жинау және дезинфекциялау жүргізуді. Дезинфекциялау үшін оларға қоса берілген нұсқаулықты қатаң сақтаған кезде вирусқа қарсы тиімділігі бар (әдістемелік нұсқауларға немесе нұсқаулыққа сәйкес), белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен құралдарды қолданады;
Тармақша 4
4) үй-жайларды және жабдықтардың жекелеген түрлерін (үстелдер, панельдер, есіктер, терезелер, еден) жуу мен өңдеуге жеке шүберекті пайдалануды;
Тармақша 5
5) дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітінділерін арнайы бөлінген орында дайындау, өнім берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, затбелгідегі жарамдылық мерзімін көрсетіп сақтауды;
Тармақша 6
6) мынадай жеке қорғаныш құралдарын пайдалана отырып дезинфекция жүргізу: униформа, қолғап, маска;
Тармақша 7
7) денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ адамдарды дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге жіберуді;
Тармақша 8
8) бір рет қолданылатын медициналық маскалардың (жұмыс ауысымы мен маскаларды ауыстыру ұзақтығына қарай 3 сағатта кемінде 1 рет) немесе көп рет қолданылатын қорғаныш маскаларының (келесі қолдану алдында кейіннен жуу және термиялық өңдеу арқылы), сондай-ақ бір рет қолданылатын немесе көп рет қолданылатын қолғаптардың (ауысымына кемінде 2 рет ауыстыруға жататын және тұтастығы бұзылған кезде), қолды өңдеуге арналған дезинфекциялайтын сулықтар немесе тері антисептиктерінің азаймайтын қорын. Бір рет қолданылатын маскаларды қайта пайдалануды болдырмауды. Пайдаланылған ЖҚҚны шығару үшін арнайы бөлінген орындарда пакеттерге жинауды, одан әрі қатты тұрмыстық қалдықтар ретінде кәдеге жаратуды;
Тармақша 9
9) көрінетін жерлерге қолды өңдеуге арналған тері антисептиктерін, коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі жаднамаларды орнатуды;
Тармақша 10
10) есептік қажеттілікке, өңдеу ауданы мен жиілігіне қарай дезинфекциялау құралдарының азаймайтын қорын;
Тармақша 11
11) COVID-19 кезінде жеке гигиенаны арттыру және қажетті шаралар мен іс-қимыл жоспарын іске асыру үшін персоналды мерзімді оқытуды қамтамасыз етеді.
Басқа 9. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде меншік нысанына қарамастан (мектеп жанындағы, қала сыртындағы) балаларды сауықтыру лагерьлерінің қызметіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
«Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 9-қосымша Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде меншік нысанына қарамастан (мектеп жанындағы, қала сыртындағы) балаларды сауықтыру лагерьлерінің қызметіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 1
1. Күн сайын жұмыс басталғанға дейін балаларды сауықтыру лагерінің (бұдан әрі – лагерь) персоналына жанаспайтын термометрия арқылы респираторлық аурулар симптомдарының бар-жоғына, оның ішінде отбасы мүшелерінде, шетелден келгендермен байланыстың болуына сауалнама жүргізіледі.
Тармақ 2
2. ЖРВИ және тұмау симптомдары, сондай-ақ COVID-19 (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) жоққа шығармайтын симптомдары бар персонал жедел жәрдем келгенше оқшауланады.
Тармақ 3
3. Персоналды жұмысқа жіберу лагерь жұмысы басталғанға дейін 72 сағаттан кешіктірмей жүргізілген коронавирустық инфекцияға зертханалық зерттеуден кейін жүзеге асырылады. Тізімдер мен тексеру кестелерін лагерь әкімшілігі санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен бірлесіп жасайды.
Тармақ 4
4. Лагерьге кіру кезінде журналдарда нәтижелерді рәсімдеу арқылы әрбір балаға және алып жүретін ересектерге жанаспайтын термометрлермен термометрия жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Лагерь аумағына бөгде адамдардың кіруіне және автокөліктің кіруіне жол берілмейді. Лагерь аумағына автокөлік кіру жабдықталған арнайы алаң (дезкедергі) арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Тауарларды қойма үй-жайларына орналастырғанға дейін олардың қаптамасының сыртқы бетін дезинфекциялау құралдарымен сүрту жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Балаларды қабылдауға, тамақ өнімдері мен тауарларды қабылдап-беруге қатысатын персонал жеке қорғаныш құралдарында (маскалар, қолғаптар) болады.
Тармақ 8
8. Мектеп жанындағы лагерьлер мен қосымша білім беру объектілерін ашу карантин кезеңінде санитариялық қағидалар талаптары және санитариялық-эпидемияға қарсы талаптар қамтамасыз етіле отырып, короновирустық инфекция бойынша қолайлы аумақтарда жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Әр ауысым басталғанға дейін дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күрделі жинау жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Ғимаратқа кіреберісте және асханаға кіру алдында және санитариялық тораптарда қолды өңдеуге арналған тері антисептиктері бар дозаторлар орнатылады.
Тармақ 11
11. Лагерьдің әкімшілігі мыналарды қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) ауыз су режимінің ұйымдастырылуын, бір рет қолданылатын ыдыспен қамтамасыз етілуін және кулерлер мен дозаторларға өңдеудің жүргізілуін бақылау;
Тармақша 2
2) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға (температураны өлшеу, персоналға нұсқама беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау) жауапты адамды анықтайды;
Тармақша 3
3) жанасатын беттерді, есік тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқалықтарын, жиһазды, қол жууға арналған раковиналарды, терезе алды, есік ойықтарын, қосқыштар мен розеткаларды және т. б. міндетті түрде өңдей отырып, жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, үй-жайларды күнделікті ылғалды жинау және дезинфекциялау жүргізу;
Тармақша 5
5) респираторлық аурулардың белгілері бар және дене температурасы жоғары балаларды заңды өкілдері (ата-аналары, қамқоршылары) немесе «жедел жәрдем» бригадасы келгенге дейін изоляторға немесе арнайы бөлінген үй-жайға дереу оқшаулау;
Тармақша 6
6) есептік қажеттілікке, ауданына және өңдеу жиілігіне қарай дезинфекциялау құралдарының азаймайтын қоры;
Тармақша 7
7) алдын ала тексеру жүргізе отырып (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысы, желдету режимін сақтау;
Тармақша 8
8) гигиеналық тәрбие, жеке гигиена ережелерін сақтау қажеттілігі, профилактика шараларын сақтау, әлеуметтік қашықтық туралы ақпараттандыру бойынша жұмыс.
Тармақ 12
12. Үй-жайларды толассыз желдету балалар болмаған жағдайда жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Тәулігіне бір рет (таңертеңгі немесе кешкі сағаттарда) ашық кеңістіктерді дезинфекциялау жүргізіледі.
Тармақ 14
14. Күркелер, орындықтар, ойын алаңдары, кіре берістердің жанындағы алаңдар, сыртқы есіктер, жанасатын қоршау конструкциялары, тұтқалар, урналар дезинфекциялауға жатады.
Тармақ 15
15. Дезинфекциялау үшін вирусқа қарсы тиімділігі бар құралдар қолданылады (әдістемелік нұсқауларға немесе нұсқаулыққа сәйкес).
Тармақ 16
16. Лагерьге инфекцияның әкелінуіне жол бермеу мақсатында:
Тармақша 1
1) ауысым жұмысы кезінде персоналды лагерьден тыс жерлерге ауыстыруға (оның ішінде қоса атқарылатын жұмысқа) жол берілмейді;
Тармақша 2
2) барлық балалардың лагерьге бір мезетте келуі (бір күнде), сондай-ақ ауысым арасында 2 күннен кем емес үзіліспен бір мезетте шығуы (қорытынды дезинфекция жүргізу үшін) жүзеге асырылады;
Тармақша 3
3) ауысым кезінде балалардың келген күнінен кейін балаларды қабылдауға және уақытша кетуіне жол берілмейді;
Тармақша 4
4) топтардың толуы жобалық қуаттың 50%-нан аспауы тиіс;
Тармақша 5
5) әрбір балада келу кезінде денсаулық жағдайы туралы құжаттар (086/У нысаны) және инфекциялық аурулармен, оның ішінде COVID-19 бойынша байланыстың жоқтығы туралы анықтамалар болуы тиіс;
Тармақша 6
6) балалар саны есебінен медицина қызметкерлерінің (дәрігер және (немесе) мейіргер) тәулік бойы болуы қамтамасыз етіледі;
Тармақша 7
7) COVID-19-ға күдікті адамдар үшін изолятор көзделеді.
Тармақ 17
17. Лагерьде жағажай бар болған жағдайда жағажай жабдықтарын орналастыру (шезлонг, аяқ жуу, суға арналған кулерлер және т.б.) әлеуметтік қашықтықты есепке ала отырып, мүмкіндік бойынша сигналдық белгілерді салу, кіретін жерде әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттілігі туралы ақпаратты көрсете отырып жүргізіледі.
Тармақ 18
18. Балаларды тасымалдауға арналған автокөлік салоны (отырғызғанға дейін) дезинфекцияланып, кейіннен желдетіледі. Жүргізушілерді рейс алдында тексеру міндетті түрде термометрия және жол парағында нәтижелерді ресімдеу арқылы жүргізіледі, жүргізушілер мен еріп жүретін адамдар маскада және қолғапта болады. Жүргізушілер қорғаныш құралдарымен (маскалар, қолғаптар, антисептиктер) қамтамасыз етіледі.
Тармақ 19
19. Балаларды көліктің басқа түрлерімен (теміржол, авиа) тасымалдау кезінде ұйымдасқан топтарды бөтен адамдармен қарым-қатынастан барынша оқшаулауды қамтамасыз ету, алдын ала дайындалған маршруттар бойынша жеткізуді жүзеге асыру.
Тармақ 20
20. Қызметкерлердің жұмыс орындарында тамақ ішуі жүзеге асырылмайды, тамақ дезинфекциялау құралдарының көмегімен күнделікті жинауды қамтамасыз ете отырып, қол жууға арналған раковинамен (ыстық және суық су келтірілген) жабдықталған арнайы бөлінген тамақ ішетін бөлмеде ғана қабылданады.
Тармақ 21
21. Балалардың бөлмелерде тамақтануы жүзеге асырылмайды.
Тармақ 22
22. Асханаларда балалардың тамақтануын ұйымдастыру үстелдердің арасында 1 метрден кем емес қашықтық сақталған жағдайда жүзеге асырылады.
Тармақ 23
23. Балалардың жұмыс режимі мен бос уақытын ұйымдастыру отрядтарды барынша оқшаулау жағдайында (үйірмелер, қызығушылықтары бойынша сабақтар) жүзеге асырылады.