Об утверждении Правил проведения квалификационного экзамена для подтверждения квалификаций кандидатов в оценщики, эксперты Қолданыста
Басқа 0
Бағалаушыға, сарапшыға кандидаттардың біліктіліктерін растау үшін біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Бағалаушыға, сарапшыға кандидаттардың біліктіліктерін растау үшін біліктілік емтиханын өткізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналардың:
Тармақша 1
1) «Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарға біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 382 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10145 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 54 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16285 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 қаңтарда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) 1-тармағы 4) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2018 жылғы 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Басқа 0. Бағалаушыға, сарапшыға кандидаттардың біліктіліктерін растау үшін біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын
Қазақстан Республикасы Қаржы министрі
2018 жылғы 5 мамырдағы
№ 517 бұйрығымен
бекітілген
Бағалаушыға, сарапшыға кандидаттардың біліктіліктерін растау үшін біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Бағалаушыға, сарапшыға кандидаттардың біліктіліктерін растау үшін біліктілік емтиханын өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 23-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленген және бағалаушыларға, сарапшыларға кандидаттардың біліктілігін растау үшін біліктілік емтиханын өткізудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.
Тармақ 2
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) біліктілік емтиханы – «бағалаушы», «сарапшы» біліктілігін беру туралы куәліктерді алуға үміткер тұлғалардың біліктілік деңгейін анықтау рәсімі;
Тармақша 2
2) біліктілік комиссиясы – «бағалаушы», «сарапшы» біліктілігін беру туралы куәліктерді алуға үміткер тұлғалар үшін біліктілік емтиханын өткізу үшін құрылған бағалаушылар палатасының мамандандырылған органы;
Тармақша 3
3) біліктілік комиссиясының жұмыс органы - біліктілік емтиханын өткізуді ұйымдастыру мақсатында бағалаушылар палатасы құрған орган;
Тармақша 4
4) кандидат – біліктілік комиссиясына емтихан тапсыратын «бағалаушы» немесе «сарапшы» біліктілігін беру туралы куәліктерді алуға үміткер тұлға;
Тармақша 5
5) тест тапсырмалары – бағалау қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісілген құқықтық мәселелерді, бағалау теориясы бойынша мәселелерді, тиісті мамандық бойынша модульдік міндеттерді және ахуалдық тапсырманы қамтитын «бағалаушы» немесе «сарапшы» біліктілігін беру туралы куәліктерді алуға үміткер тұлғалардың білімі мен дағдыларын тексеру үшін жасалған тапсырмалар көлемі.
Тарау 2. 2-тарау. Біліктілік емтиханы өту үшін құжаттарды қабылдау тәртібі
2-тарау. Біліктілік емтиханы өту үшін құжаттарды қабылдау тәртібі
Тармақ 3
3. Біліктілік емтиханға рұқсат алу үшін кандидат біліктілік комиссиясына маманданудың әрбір түрі бойынша осы Қағидалардың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Тармақ 4
4. Өтініш электрондық пошта не бағалаушылардың интернет-ресурсы арқылы жіберіледі, тапсырылады (автоматтандырылған веб-портал болмаған жағдайда сканерленген көшірмесі).
Тармақ 5
5. Кандидат өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:
Тармақша 1
1) «Бағалау» мамандығы бойынша жоғары білімі және (немесе) жоғары техникалық немесе экономикалық білім мамандығы бойынша жоғары білім туралы диплом көшірмесін («сарапшы» біліктілік куәлігіне үміткер талап етілмейді);
Тармақша 2
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) үміткердің бағдарламаға сәйкес және бағалаушылар палатасы бекіткен сағаттардың көлемінде оқу немесе қайта даярлаудан өтуін растайтын құжаттар;
Тармақша 4
4) бағалаушыда кемінде бір жыл мерзімге тағылымдамадан өткенің куәландыратын құжаттар («сарапшы» біліктілік куәлігіне үміткер талап етілмейді).
Тармақ 6
6. Кандидаттың өтінімі мен құжаттарын бағалау палатасы құрған біліктілік комиссиясының жұмыс органы олар түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарайды.
Құжаттары қойылатын талаптарға сәйкес келетін кандидаттарға бағалаушылар палатасы шешімінің негізінде біліктілік емтиханынан өтуге рұқсат беріледі, олар кандидаттарға емтихан өткізілетін күнге дейінгі 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.
Біліктілік емтиханынан өту үшін тіркелген үміткерлер тізімдері бағалаушылар палатасының интернет-ресурсына орналастырылады.
Тармақ 7
7. Осы Қағидаларда 5-тармақта көзделген құжаттарды тиісінше ұсынбаған жағдайда біліктілік емтиханына рұқсат беруден бас тарту туралы шешімді электрондық пошта, не бағалаушылардың интернет-ресурсы арқылы жіберіледі, тапсырылады (автоматтандырылған веб-портал болмаған жағдайда сканерленген көшірмесі) бағалаушылар палатасы үміткерге өтініш түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.
Тармақ 8
Тармақ 9
Тармақ 10
Тарау 3. 3-тарау. Біліктілік емтиханын өткізу тәртібі мен шарттары
3-тарау. Біліктілік емтиханын өткізу тәртібі мен шарттары
Тармақ 11
11. Біліктілік комиссиясы жеті мүшеден тұрады және бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінен және бағалаушылар палаталарының мүшелерінен құрылады. Бұл ретте, бағалаушылар палаталары өкілдерінің саны біліктілік комиссиясы құрамының жалпы санының көпшілігін және бағалау қызметі саласында уәкілетті органнан бір өкілді құрайды.
Тармақ 12
12. Біліктілік комиссиясының отырыстары қажет болу жағдайына қарай өткізіледі, бірақ кемінде алты айда бір рет өткізіледі.
Тармақ 13
13. Бағалау қызметі саласындағы білімі мен дағдыларын растау үшін кандидаттар компьютерлік техниканы пайдалана отырып тестілеуден өту арқылы тиісті мамандық бойынша құқықтық мәселелер, бағалау теориясы және модульдік міндеттер бойынша тест тапсырмаларын тапсырады.
Кандидаттар компьютерлік тестілеуден өткеннен кейін ахуалдық есепті жазбаша түрде шешуді орындайды.
Тармақ 13-1
13-1. Тест тапсырмаларын келісу үшін бағалаушылар палатасы бағалау қызметі саласындағы уәкілетті органға дұрыс жауаптар мен оларға шешімдер ұсынылады.
Тест тапсырмалары мемлекеттік, орыс тілдерінде жасалады және жариялануға жатпайды.
Тармақ 13-2
13-2. Тест тапсырмалары таратылуы шектеулі мәліметтерге жатады.
Тармақ 14
14. Үміткерлер өз таңдауы бойынша біліктілік емтиханын мемлекетітк немесе орыс тілдерінде тапсырады.
Тармақ 15
15. Кандидаттар біліктілік емтиханын тапсырады:
Тармақша 1
1) «бағалаушы» біліктілік куәлігін алу үшін:
жылжымайтын мүлікті бағалау;
жылжымалы мүлікті бағалау;
зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын, бизнесті бағалау және бизнестің қатысу құқығын бағалау.
Тармақша 2
2) «сарапшы» біліктілік куәлігін алу үшін:
Қазақстан Республикасының бағалау қызметі саласындағы заңнаманы, бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен бағалау стандарттарын қамтиды.
Тармақ 16
16. Біліктілік емтиханына келген кезде үміткер өзінің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады, ал ол болмаған жағдайда үміткер біліктілік емтиханына жіберілмейді.
Тармақ 17
17. Бағалаушылар палатасы біліктілік емтиханын техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 18
18. Біліктілік емтиханы өткізілетін үй-жай:
Тармақша 1
1) «Интернет» ақпараттық-телекоммуникация желісіне қосылмай, орнатылған лицензиялық (сертификатталған) мамандандырылған емтихан бағдарламасы бар пернетақпен, тінтуірмен, монитормен жабдықталған әрбір үміткерге арналған дербес компьютер;
Тармақша 2
2) тестілеу нәтижелерін басып шығару үшін кемінде 1 принтер.
Тармақ 19
19. «Бағалаушы» біліктілік куәлігін алуға кандидаттар үшін тест тапсырмалары тапсырмалар базасы негізінде әрбір мамандық бойынша бөлек қалыптастырылады және мынадай модульдерге кіретін 100 (жүз) тапсырмадан тұрады:
Тармақша 1
1) құқықтық реттеу және бағалау стандарттары – 19 сұрақ әрбір мамандандыру;
Тармақша 2
2) жылжымайтын мүлікті бағалау теориясы – 45 сұрақ;
Тармақша 3
3) жылжымалы мүлікті бағалау теориясы – 45 сұрақ;
Тармақша 4
4) зияткерлік меншік және материалдық емес активтерді бағалау теориясы – 25 сұрақ;
Тармақша 5
5) бизнесті бағалау және бизнеске қатысу құқықтары теориясы – 30 сұрақ;
Тармақша 6
6) бағалау бойынша модульдік міндеттер:
жылжымайтын мүлік – 30 тапсырма бойынша;
жылжымалы мүлік – 30 тапсырма бойынша;
зияткерлік меншікті бағалау, материалдық емес активтердің құны – 10 міндет бойынша;
бизнесті және бизнеске қатысу құқығы – 10 тапсырма;
Тармақша 7
7) әрбір мамандық бойынша жеке жазбаша ахуалдық міндет – 1 міндет бойынша;
Тармақша 8
8) бағалаушылар әдеп кодексі – 5 сұрақтан.
Тармақ 20
20. «Сарапшы» біліктілігін беру туралы куәлік алуға үміткер кандидаттардың тест тапсырмалары әрбір мамандық бойынша тапсырмалар негізінде қалыптастырылады және модульдерге енгізілген 50 (елу) тапсырмадан тұрады:
Тармақша 1
1) құқықтық реттеу – 14 сұрақ;
Тармақша 2
2) бағалау стандарттары, оның ішінде бағалаудың халықаралық стандарттары – 10 сұрақ;
Тармақша 3
3) бағалау әдіснамасы – 10 сұрақ;
Тармақша 4
4) бағалау туралы есептерге сараптама жүргізу әдіснамасы –10 сұрақ;
Тармақша 5
5) жазбаша ахуалдық міндет – 1 міндет;
Тармақша 6
6) бағалаушылар әдеп кодексі – 5 сұрақ.
Тармақ 21
21. Біліктілік емтиханының уақыты «бағалаушы» біліктілігін беру туралы куәліктерді алуға үміткер кандидаттар үшін 180 (жүз сексен) минутты, оның ішінде 90 (тоқсан) минут жазбаша ахуал міндетке және 180 (жүз сексен) минут «сарапшы» біліктілігін беру туралы куәліктерді алуға үміткер кандидаттар үшін, оның ішінде жазбаша ахуал міндетке 120 (жүз жиырма) минутты құрайды.
Тармақ 22
22. Біліктілік емтиханы басталғанға дейін үміткер толық нұсқаулық алады.
Біліктілік емтиханын тапсырған кезде басқа үміткерлермен сөйлесуге, материалдар алмасуға, қағаз және электронды тасығыштардағы ақпаратты пайдалануға, интернет-ресурстары мен мобильді байланыстарды пайдалануға жол берілмейді.
Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда үміткер біліктілік емтиханынан шығарылуы тиіс, ол туралы хаттамаға тиісті жазбаны біліктілік комиссиясы енгізеді.
Тармақ 23
23. Жазбаша нысанда орындалған ахуал міндеті біліктілік комиссиясы мүшелерінің тексеру парағының көмегімен тексеріледі.
Компьютерлік техниканы пайдалана отырып, біліктілік емтиханның нәтижелері екі данада басылады, оның біреуі үміткерге беріледі, екіншісі біліктілік комиссиясына беріледі.
Тармақ 24
24. Егер компьютерлік техниканы пайдалана отырып, жүргізілген біліктілік емтиханының нәтижелері ұсынылған сұрақтардың жалпы санының кемінде 75 (жетпіс бес) пайызын құраса және ахуалдық міндеттің шешімі кем дегенде 75 (жетпіс бес) пайызын құраса, үміткер біліктілік емтиханын тапсырған болып есептеледі.
Тармақ 25
25. Біліктілік комиссиясының отырысында хаттама жүргізіледі, онда мыналар: отырыстың күні, уақыты және орны, біліктілік комиссиясының құрамы, үміткердің аты, тегі, әкесінің аты (ол болған жағдайда), біліктілік комиссиясының мұрағатында 5 (бес) жыл бойы сақталатын емтихан қорытындысы көрсетіледі. Хаттамада үміткерге жасалған ескерту тіркеледі.
Хаттамаға біліктілік комиссиясының барлық мүшелері қол қояды.
Тармақ 26
26. Мамандығы көрсетілген куәліктің нөмірін, шығарылған күнін, атын, тегін және әкесінің атын (ол болған жағдайда) көрсете отырып, біліктілік емтиханын тапсырған үміткерлер «бағалаушы» немесе «сарапшы» біліктілігі туралы куәлікті алады.
Тармақ 26-1
26-1. Біліктілік емтиханын тапсыра алмаған адамдар біліктілік комиссиясы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) ай өткен соң одан қайта өтуге жіберіледі.
Тармақ 26-2
26-2. «Сарапшы» біліктілік куәлігін алу үшін бағалаушының біліктілік емтиханынан өтуі тек бағалаушының «бағалаушы» біліктілік куәлігі бар мамандық бойынша ғана болады.
Тармақ 27
27. Біліктілік емтиханын және «бағалаушы» немесе «сарапшы» біліктілігін тағайындау туралы шешім бағалаушылардың палатасы бағалау бекітілгеннен кейін келесі күні интернет-ресурсында орналастырылады.
Тарау 4. 4-тарау. Біліктілік емтиханының қорытындысы бойынша
шағымдарды қарау тәртібі
4-тарау. Біліктілік емтиханының қорытындысы бойынша
шағымдарды қарау тәртібі
Тармақ 28
28. Үміткер емтиханның нәтижелерімен келіспеген жағдайда емтиханның нәтижелері туралы жазбаша хабарланған күнінен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей емтихан нәтижесіне өзінің негізделген келіспеуін көрсете отырып, жазбаша нысанда біліктілік комиссиясына жүгінуі.
Тармақ 29
29. Өтініш берген үміткер емтихан жұмысымен танысады.
Тармақ 30
30. Емтихан нәтижесімен келіспеуі туралы жазбаша өтінішті қарау үшін бағалаушылар палатасы құрамына біліктілік комиссиясының өкілі мен «сарапшы» біліктілік куәлігі бар және бағалаушылар палатасының сараптамалық кеңесі мүшелері болып табылатын екі сарапшы кіретін апелляциялық комиссияны қалыптастырады.
Тармақ 31
31. Өтінішті апелляциялық комиссия үміткерден жазбаша өтініш түскен күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күні ішінде қарастырады.
Тармақ 32
32. Өтініш берген үміткер хаттамада көрсетілетін апелляциялық комиссияның бағалау нәтижелерімен танысады. Қайта берілген өтініш қайта қарауға қабылданбайды.
Тармақ 33
33. Егер шағым қанағаттандырылса, біліктілік комиссиясы отырысының хаттамасы қайта тіркеледі және бірінші хаттаманың нәтижелері «Бағалау «___ № _______ апелляциялық комиссияның хаттамасымен ____ » парағында қаралып, қатысқан барлық біліктілік комиссия мүшелерінің қолы қойылып жазылады.
Тармақ 34
34. Өтінішті қарау нәтижелерімен келіспеген жағдайда бағалаушыға немесе сарапшыға үміткер сот тәртібінде комиссия шешіміне шағымданады.
Басқа 1. ӨТІНІШ
Бағалаушыларға, сарапшыларға
үміткерлердің біліктілігін
растау үшін біліктілік емтиханын
өткізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Кімге___________________
(бағалаушылар палатасының
толық атауы)
________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда))
ӨТІНІШ
________________________ бойынша «бағалаушы» біліктілігін беру
(мамандандыруды көрсетіңіз)
туралы куәлігін алу үшін біліктілік емтиханын тапсыруға рұқсат етуіңізді сұраймын.
Қоса беріліп отырған құжаттар:
1)
2)
3)
4)
...
__________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
________________
(қолы)
20 __ жылғы «___» ____________
Өтініш қарауға қабылданды 20__ жылғы «___»_______________
______________________________________________________________
(жауапты тұлғаның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Басқа 2. ӨТІНІШ
Бағалаушыларға, сарапшыларға
үміткерлердің біліктілігін растау
үшін біліктілік емтиханын
өткізу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Кімге___________________
(бағалаушылар палатасының
толық атауы)
________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда))
ӨТІНІШ
________________________ бойынша «сарапшы» біліктілігін беру
(мамандандыруды көрсетіңіз)
туралы куәлігін алу үшін біліктілік емтиханын тапсыруға рұқсат етуіңізді сұраймын.
Қоса беріліп отырған құжаттар:
1)
2)
3)
4)
...
__________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
________________
(қолы)
20 __ жылғы «___» ____________
Өтініш қарауға қабылданды 20__ жылғы «___»_______________
______________________________________________________________
(жауапты тұлғаның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)