О внесении изменений в некоторые приказы Министра юстиции Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
кейбір бұйрықтарына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) «Сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі комиссия туралы Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 333 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14987 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 6 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі комиссия туралы Ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сот сарапшылары біліктілігін беру жөніндегі комиссия туралы Ереже (бұдан әрі – Ереже) «Сот-сараптама қызметі туралы» 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабы 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және Сот сарапшылары, сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сарапшылары біліктілігін беру жөніндегі комиссияның қызметін (бұдан әрі - Комиссия) айқындайды.»;
4-тармақ алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Комиссия төрағасы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сараптама қызметін ұйымдастыру жөніндегі департаментінің директоры (бұдан әрі - Департамент) болып табылады.
Комиссия төрағасы болмаған кезде, (іссапарда, уақытша еңбекке жарамсыздық кезінде, демалыста) оның қызметтерін Комиссияның бекітілген құрамындағы тізім бойынша келісі адам атқарады.»;
6-тармақ алып тасталсын;
Тармақша 2
2) Сот сарапшыларын аттестаттауды өткізу жөніндегі комиссия туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 334 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14990 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 17 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сарапшыларын аттестаттауды өткізу жөніндегі комиссия туралы Ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сот сарапшыларын аттестаттауды өткізу жөніндегі комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Сот-сараптама қызметі туралы» 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабы 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және аттестаттауды өткізу жөніндегі комиссияның қызметін (бұдан әрі - Комиссия), сонымен қатар Сот сарапшыларын, сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сарапшыларды кезектен тыс аттестаттауды айқындайды.»;
4-тармақ алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Комиссия төрағасы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сараптама қызметін ұйымдастыру жөніндегі департаментінің директоры (бұдан әрі - Департамент) болып табылады.
Комиссия төрағасы болмаған кезде, (іссапарда, уақытша еңбекке жарамсыздық кезінде, демалыста) оның қызметтерін Комиссияның бекітілген құрамындағы тізім бойынша келісі адам атқарады.»;
6-тармақ алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелері қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.