Қызылорда облыстық ауылшаруашылығы басқармасының Ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 11 шілдедегі № 239-11 Заңына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Қызылорда облыстық ауылшаруашылығы басқармасының Ережесін бекіту туралы от 23.04.2002 г. № 498 (Қызылорда облыстық ауылшаруашылығы басқармасының Ережесін бекіту туралы)
1. Қызылорда облыстық ауылшаруашылығы басқармасының Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының 2001 жылғы 29 желтоқсандағы бекітілген Ережесі күшін жойған болып танылсын.
Облыс әкімінің
2002 жылғы 23 сәуірдегі
№ 498 шешіміне қосымша
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы облыс әкімінің атқарушы органы болып табылады және өзіне берілген құзыреті шегінде облыста ауыл шаруашылығы саласын басқаруды іске асырады.
2. Ауыл шаруашылығы басқармасы өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Елбасының, Үкіметтің жарлықтары, қаулылары мен әкімдеріне, облыс әкімиятының қаулыларына, облыс әкімінің шешімдері мен әкімдеріне, басқа да заңды, құқықтық актілерге және осы ережеге сәйкес атқарады.
3. Ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі мен «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы негіздерінде құрылған заңды тұлға болып табылады. Ұйымдық құқықтық нысаны-мемлекеттік мекеме. Ауыл шаруашылығы басқармасы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының банкілерінде шоттарға, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрі, мемлекеттік және ресми тіліндегі өзінің атауы жазылған мөртабандарға, белгіленген түрде бланкілерге ие болады.
4. Толық атауы - облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы - мемлекеттік мекеме.
5. Ауыл шаруашылығы басқармасын қаржыландыру облыстық бюджеттен атқарушы органдарды қаржыландыруға қаралған қаржы есебінен жүзеге асырылады.
6. Ауылшаруашылығы басқармасының құрылымы мен Ережесін облыс әкімі бекітеді.
2. Ауыл шаруашылығы басқармасының негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
2.1. Ауыл шаруашылығы басқармасының негізгі міндеті - ауыл шаруашылығын басқару саласында халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуге, өндірісті-шикізатпен, нарықтық қатынастардың даму жағдайында аграрлық сектордың экспорттық мүмкіндігін арттыруға бағытталған бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
2.2. Ауыл шаруашылығы басқармасы өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес, белгіленген тәртіппен, өз құзыреті шегінде келесі функцияларды атқарады:
1) мал және егін шаруашылығында облыс халқын азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз етуге бағытталған бірыңғай мемлекеттік және аумақтық саясатын жүргізу, ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің жаңа технологиялары мен озық тәжірибелерін өндіріске ендіруді жүзеге асыру және облыстың аграрлық секторын дамытудың тұжырымдамаларын жасау, іске асыру;
2) ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру, асыл тұқымды мал басын көбейту мен олардың гендік қорын сақтау шараларын жүзеге асыру;
3) саланы дамытудың мемлекеттік басымдық бағдарламаларының, ұзақ мерзімді және ағымдағы жоспарлардың жасалуына және іске асырылуына қатысу, саланың даму тенденцияларын талдау, айқындау, болжау;
4) өндіріс субъектілерінің нарықтық жағдайлардағы жұмысының экономикалық механизмін жетілдіруге бағытталған жоғары орындардың жасаған ұсыныстарын жүзеге асыруға қатысу, ауылдағы экономикалық реформаларды тереңдетуге байланысты жұмыстарды үйлестіру, қаржылық-экономикалық сауықтыру бағдарламаларын орындауға қатысу;
5) маркетингілік және нарықтық зерттеулер жүргізу, тауар өндірушілер мен кәсіпорындар арасында маркетингілік-нарықтық ақпараттармен алмасу жұмыстарын үйлестіру;
6) агроөнеркәсіптік секторларға инвестиция тарту жөніндегі жобалардың басым бағыттарын анықтау және жүзеге асыру.
2.3. Ауыл шаруашылығы басқармасы облыстағы ауылшаруашылық ұйымдарының (республикалық меншіктегі ұйымдарды қоспағанда) банкроттық рәсімдерінде уәкілетті орган болып табылады және соған байланысты тиісті заңдарды көрсетілген міндеттерді атқарады, аудан әкімдерімен бірге ауылшаруашылық ұйымдарының қаржы жағдайын зерттеп, олардың қаржылай оңалту рәсімдерін жүргізуге методикалық кеңес береді, көмек көрсетеді.
2.4. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының өзіне жүктелген міндеттерін атқару мен шешудегі құқығы:
1) аудан әкімдерімен бірлесіп, саланың басқару жүйесін жетілдіру, білікті мамандарды іріктеу, саланың даму мониторингісін жасау, талдау мен болжамдау жұмыстарын жүргізуге, саланы жақсартуға байланысты облыс әкіміне тиісті ұсыныстар енгізу;
2) облыс агроөнеркәсіп кешенінің барлық тауар өндірушілері үшін аграрлық рыноктың, нарықтық инфрақұрылымдарды реттеу механизмін және бағынышты кәсіпорындар мен мекемелердің мемлекеттік басқару қызметін жүзеге асыру, жергілікті жерлерде оларға қажетті ұйымдастырушылық, экономикалық, құқықтық және кеңестік көмек көрсету, кәсіпорындардың қаржылық орнықтылығын нығайтудағы шаралар жүйесін жасау;
3) тиісті ұйымдар және кәсіпорындармен бірге мемлекеттік астық қорының балансын, оны сақтандыру және жұмылдыру қорларын жасау;
4) дәрменсіз ауылшаруашылық ұйымдарын (республикалық меншіктегі ұйымдарды қоспағанда) тарату және оңалту рәсімдерін бақылауға бастамашылық жасау,
5) ауыл шаруашылығы саласындағы облыс әкімінің саясатын жүзеге асыру мақсатында аудандық ауыл шаруашылығы басқармаларымен тығыз байланыста жұмыс атқарып, жұмысына жалпы басшылық жасау.
2.5. Ауыл шаруашылығы басқармасының мемлекеттік мекеменің құрылу мақсаттарына сәйкес келмейтін әрекеттерімен айналысуға құқығы жоқ
3. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мүлкі
3.1. Ауыл шаруашылығы басқармасының оперативті басқару құқында дербес мүлкі болады. Мүлік мемлекеттің берген мүлкінен құралады, негізгі және айналым қорларынан және құны баланста көрсетілген басқа мүліктен тұрады.
3.2. Ауыл шаруашылығы басқармасына бекітілген тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мүлкінен құрылған мүлік коммуналдық меншікке жатады.
3.3. Ауыл шаруашылығы басқармасының өзіне бекітілген мүлікті басқаға беруге немесе басқа түрде осындай билік жасауға дербес құқығы жоқ.
4. Ауыл шаруашылығы басқармасының қызметін ұйымдастыру
4.1. Ауыл шаруашылығы басқармасына заңды белгіленген тәртіпке сәйкес облыс әкімі тағайындап, қызметінен босататын басқарма бастығы басшылық жасайды.
4.2. Бастықтың орынбасарларын басқарма бастығы заңды түрде белгіленген тәртіппен тағайындап, қызметтен босатады.
4.3. Басқарма бастығы.
* басқарманың жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды, басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына жеке жауапкершілікте болады;
* өз орынбасарларымен басқарманың бөлім бастықтарының, басқа да жауапты қызметкерлерінің жауапкершілігі мен өкілеттік шеңберін анықтайды;
* қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес барлық ұйымдар мен мекемелерге басқарма атынан шығады;
* облыс әкіміне бекітуге басқарманың құрылымы мен Ережесін ұсынады;
* «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдау мен босату, оларға тәртіптік жаза қолдану немесе марапаттау жөнінде шешім қабылдайды;
* ауыл шаруашылығы басқармасының құзыретіне кіретін барлық кәсіпорындар, ұйымдар мен бөлімшелерге орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
* өз құзыреті негізінде басқа да шешімдер қабылдайды.
4.4. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы алдында тұрған міндеттерді орындау үшін алқа құрайды. Алқаның дербес құрамын және оның Ережесін ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы бекітеді.
5. Қайта құру және тарату
5.1. Ауыл шаруашылығы басқармасын қайта құру немесе тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жүргізіледі.
6. Мекен жайы:
467008 Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 48.