Об утверждении индексов, наименований и перечня автомобильных дорог общего пользования районного значения по Шалкарскому району и признании утратившими силу некоторых постановлений акимата района Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Шалқар ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының индекстерін, атаулары мен тiзбесiн бекiту және аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 3 бабының 7 тармағына, 6 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шалқар ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының индекстері, атаулары мен тiзбесi осы қаулының қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Шалқар ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) Шалқар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 04 желтоқсандағы № 268 «Ақтөбе облысының Шалқар ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн бекiту туралы» (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4660 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 15 қаңтарда жарияланған);
Тармақша 2
2) Шалқар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 мамырдағы № 97 «Шалқар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 04 желтоқсандағы № 268 «Ақтөбе облысының Шалқар ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн бекiту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5502 болып тіркелген, аудандық «Шалқар» газетінде 2017 жылғы 01 маусымда жарияланған).
Тармақ 3
3. «Шалқар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Шалқар аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Алибековке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
«Ақтөбе облысының жолаушылар көлiгi
және автомобиль жолдары
басқармасы» ММ басшысы ____________ А. Османгалиев
Басқа 10
Шалқар ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 14 мамырдағы
№ 122 қаулысымен бекітілген
Шалқар ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының индекстері, атаулары мен тiзбесi
№ р/с
Автожолдың
индексі
Автожолдың атауы
Жалпы ұзындығы, шақырым
1
KD-SH-001
Шалқар қаласының оңтүстік айналма жолы
7,1
2
KD-SH-002
Мөңке би ауылына кіре беріс
0,595
3
KD-SH-003
Сарысай ауылына кіре беріс
3,38
4
KD-SH-004
Қайдауыл ауылына кіре беріс
1,94
5
KD-SH-005
Алабас ауылына кіре беріс
9,8
6
KD-SH-006
Шетырғыз ауылына кіре беріс
83
7
KD-SH-007
Жылтыр ауылына кіре беріс
2,26
8
KD-SH-008
Бершүгір бекетіне кіре беріс
1,5
9
KD-SH-009
Тұмалыкөл ауылына кіре беріс
1,78
10
KD-SH-010
Аққайтым ауылына кіре беріс
1,86
11
KD-SH-011
Қауылжыр ауылына кіре беріс
1,45
12
KD-SH-012
Қотыртас ауылына кіре беріс
2,04
13
KD-SH-013
Байқадам ауылына кіре беріс
1,83
14
KD-SH-014
Бегімбет ауылына кіре беріс
1,74
15
KD-SH-015
Тоғыз ауылына кіре беріс
4,4
16
KD-SH-016
Шілікті ауылына кіре беріс
3,5
Барлығы
128,175