О лицензировании деятельности по организации и проведению тотализаторов и казино Күшін жойған
Басқа 0
Тотализаторлар мен казинолар ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау туралы
📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 18.01.2006 № 2 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тотализаторлар мен казинолар ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 9 қарашадағы № 1432 қаулысына сәйкес ШЕШIМ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. Мыналар бекітілсін:
Тармақша 1
1) тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу кезінде өтініш берушінің қаржылық жағдайын анықтау үшін қажетті құжаттар - тізбесі (№1 қосымша);
Тармақша 2
2) тотализаторлар мен казинолар ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу кезінде өтініш берушінің қаржылық жағдайын анықтау үшін қажетті көрсеткіштер тізбесі (№2 қосымша).
Тармақ 2
2. Облыс әкімінің "Лицензиялар беру туралы" 1997 жылғы 14 қарашадағы №221 шешімінің және облыс әкімі бірінші орынбасарының 1997 жылғы 24 желтоқсандағы №2-91 өкімінің күші жойылды деп саналсын.
Басқа 5. Өтiнiш берушiнiң қаржылық жағдайын анықтауға қажеттi құжаттар тiзбесi
Келiсiлдi: Бекiтiлсiн:
Қазақстан Республикасының Батыс Қазақстан
қаржы Вице-Министрi облысы Әкiмiнiң
Б. Жәмішев 2002 ж. 3 мамыр
2002 ж. 27 сәуір № 56 шешiмiне
№ 1 қосымша
Өтiнiш берушiнiң қаржылық жағдайын анықтауға қажеттi құжаттар тiзбесi
1. Бухгалтерлiк баланс;*
2. Қаржы-шаруашылық қызметтiң нәтижелерi туралы есеп;*
3. Ақша қозғалысы туралы есеп;*
4. Ұсынылған қаржылық есептiң растығы және объективтiгi туралы аудиторлық есеп.
Ескерту
* Бухгалтерлiк есептiң стандарттарына және оларға әдiстемелiк ұсынымдарға сәйкес өтiнiм берiлген айдың I-шi күнiне жасалады.
Басқа 6. Өтiнiм берушінiң қаржылық жағдайын анықтауға қажеттi көрсеткiштердiң тiзбесi
Келiсiлдi: Бекiтiлсiн:
Қазақстан Республикасының Батыс Қазақстан
қаржы Вице-Министрi облысы Әкiмiнiң
Б. Жәмішев 2002 ж. 3 мамыр
2002 ж. 27 сәуір № 56 шешiмiне
№ 1 қосымша
Өтiнiм берушінiң қаржылық жағдайын анықтауға қажеттi көрсеткiштердiң тiзбесi
Көрсеткiш
Көрсеткiштi тағайындау
Есеп айырысу формуласы
Көрсеткiштің оңтайлы маңызы
1. Тәуелсiздiк коэффициентi (капиталдың, автономияның меншiктерiн шоғырландыру)
Кәсiпорын активтерiн қалыптастыру көзiнiң жалпы көлемiнде меншiк капиталының үлесін сипаттайды. Ол бойынша кәсіпорын заем қаражатына қаншалықты тәуелсіз және өз қаражатын реттеуге қаншалықты бейiм екендiгiн анықтайды.
Меншікті капитал жиынтық капитал-баланс валютасы
0,5-0,6
2. Қаржыландыру коэффициентi
Меншiктi тартылған (заем) капиталының ара салмағын сипаттайды. Ол кәсiпорын активтерінiң қандай бөлiгi өз қаражаты есебiнен, қайсысы заем есебінен қаржыландырылатының көрсетедi.
Меншікті капитал
Тартылған (заем) капитал (міндеттемелер)
>1
3. Абсолюттiк өтiмдiлiк коэффициентi
Ағымдағы берешектiң қай бөлiгi баланс жасалған күнi немесе таяу уақытта өтелуi мүмкiн екендiгiн көрсетедi.
Ақшалай қаражат
Ағымдағы міндеттемелер
0,2-0,5
4. Ағымдағы өтiмдiлiк коэффициенті (жалпы жабу)
Ағымдағы активтер қандай еседе міндеттемелерді өтейтінің және кәсіпорынның төлем қабiлетiнiң тек дебиторлармен уақытылы есеп айырысу және дайын өнімдерді қолайлы сатумен ғана емес, сондай-ақ материалдық айналым қаражатының басқа да элементтері қажет болған жағдайда сату кезiнде бағаланатын кәсіпорынның төлеу мүмкiндiктерiн көрсетеді. Ол өтiмдi қаражаттар ағымдағы (мерзiмдi және қысқа мерзiмдi) міндеттемелер сомасын өтейтiндiгiн анықтауға мүмкiндiк бередi және сол арқылы бiрге баланс құрылымының тұрақтылық дәрежесiн ғана емес, кәсiпорынның өзiнiң ағымдағы мiндеттемелерi (борыштары) бойынша тез есептесу қабiлетiн растайды. Ағымдағы мiндеттемелер.
Ағымдағы активтер
Ағымдағы міндеттемелер
2