Об утверждении Правил снятия показаний с приборов учета количества реализованного нестабильного конденсата по системе трубопроводов Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу қағидаларын бекіту туралы
Тармақ 1
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексі (Салық кодексі) 393-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 4
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 5
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _______________ Б. Сұлтанов «___» _________ 2018 жыл «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ___________ Т. Сүлейменов «___» _________ 2018 жыл
Басқа 0. Құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу қағидалары
Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің міндетін атқарушы 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 127 бұйрығымен бекітілді Құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексі (Салық кодексі) 393-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленген және құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) беруші тарап – тұрақсыз конденсаттың меншік иесі болып табылатын және оны құбыр жүйесі бойынша беру арқылы өткізуді жүзеге асыратын тарап;
Тармақша 2
2) қабылдаушы тарап – тұрақсыз конденсатты беруші тараптан құбыр жүйесі арқылы қабылдайтын тарап.
Тармақша 3
3) тұрақсыз конденсаттың мөлшерін өлшеу жүйесі – автоматты және қолмен өңдеуге қолайлы нысанда өлшеу ақпаратының сигналдарын беруге арналған өлшеу құралдарының, өлшеу нәтижелерін өңдеу, сақтау, индикациялау және тіркеу құрылғыларының, технологиялық және қосалқы жабдықтардың жиынтығы. Осы Қағидаларда қолданылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мағынада қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу тәртібі
2-тарау. Құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу тәртібі
Тармақ 3
3. Өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алуды қамтамасыз ету мақсатында есепке алу аспаптарына пломбалар салу жолымен пломбалау жүргізіледі. Пломбалауды беруші тараптың жауапты адамдарының қатысуымен салық органының лауазымды адамы жүзеге асырады. Құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспабы Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес салыстырып тексеруге жатады.
Тармақ 4
4. Пломбаларды тұрақсыз конденсаттың саны мен сапасын өлшеу жүйесінің қалыпты жұмысының бұзылуына нақты қауіп болған не авариялық және өрт қаупі туындаған жағдайларды қоспағанда, тек салық органдары ғана өзгертеді немесе олардың рұқсатымен жойылады.
Тармақ 5
5. Беруші тарап салынған пломбалардың бүтіндігін бұзуға алып келген себептерді түсіндіре отырып, авариялық жағдайларды жою жөнінде жұмыстар жүргізгені туралы салық органына жазбаша хабарлайды.
Тармақ 6
6. Бөлшектеуге және пломбалардың бүтіндігін бұзуға байланысты жабдықтарды ағымдағы не күрделі жөндеу жөніндегі жоспарлы жұмыстар жүргізілген жағдайда, беруші тарап ол туралы осындай жұмыстар жүргізу басталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын осы жұмыстарды жүргізу күні мен ұзақтығын көрсете отырып, салық органына жазбаша хабарлайды.
Тармақ 7
7. Пломбаларды салған және алған кезде салық органының лауазымды адамы мен беруші тараптың өкілі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда пломбалар салу (алу) туралы акт жасайды. Акт екі данада жасалады, оның біреуі салық органында сақталады, екінші данасы беруші тарапта қалады.
Тармақ 8
8. Құбыржол жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу мақсаттары үшін тұрақсыз конденсат мөлшерін өлшеу тікелей әдіспен жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Тікелей әдісті қолданған кезде тұрақсыз конденсаттың мөлшерін өлшеу тұрақсыз конденсат мөлшерін өлшеу жүйесі пайдаланыла отырып, тікелей массаны өлшеу бірлігінде (тоннада, килограмда) жүзеге асырылады.
Тармақ 10
Тармақ 11
Тармақ 12
12. Құбыржол жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерің алу күнтізбелік бір ай қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Есепті айдан кейінгі айдың бірінші күні салық органының лауазымды адамы мен беруші тараптың өкілі есепке алу аспаптарында пломбалардың болуын және бүтіндігін алдын-ала тексеріп, құбыржол жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алуды жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Пломбалардың бүтіндігінің бұзылғаны анықталған жағдайда, салық органының лауазымды адамы мен беруші тараптың өкілі еркін нысанда тиісті акт жасайды, одан кейін осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес есепке алу аспаптарын пломбалау жүргізіледі.
Тармақ 15
15. Осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген адамдар құбыржол жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу рәсімдерінің нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда құбыржол жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу актісін (бұдан әрі – акт) жасайды.
Тармақ 16
16. Актіге салық органының лауазымды адамы мен беруші тараптың өкілі қол қояды, одан кейін 1 жұмыс күні ішінде қабылдаушы тараптың өкілдеріне қол қоюға береді. Акт жеті данада жасалады, оның біреуі салық органында сақталады, қалған даналары осы актіге қол қойған адамдарда қалады.
Басқа 1. 20__ жылғы «____» _____________ пломбалар салу (алу) туралы акт
Құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу қағидаларына 1-қосымша нысан 20__ жылғы «____» _____________ пломбалар салу (алу) туралы акт Біз, төменде қол қойған_ _________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ пломбалар салудың (алудың) жүргізілгені туралы осы актіні жасадық. Ата­уы Ас­пап тү­рі, дәл­ме-дәл­дік сы­ны­бы неме­се шек­ті рұқ­сат еті­л­ген қа­те­лі­гі Плом ба са­лу сәт­ін­де­гі ас­пап тың көр­се­ті­лі­мі Са­лын ған плом­ба­ның нө­мі­рі (неме­се бе­де­рі) Плом­ба­ны алу сәт­ін­де гі ас­пап тың көр­се­ті лі­мі Алын ған плом­ба­ның нө­мі­рі (неме­се бе­де­рі) Плом­ба­лар­дың са­ны (са­лын­ған/ алын­ған) Са­лыс ты­рып тек­се­ру ту­ра­лы cер­ти­фи­кат 1 2 3 4 5 6 7 8 _________________ __________________ __________________ (салық органы маманының лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) ________________ ___________________ __________________ (беруші тарап өкілінің лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Басқа 2
Құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу қағидаларына 2-қосымша нысан Біз, төменде қол қойған __________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ 20___ жылғы «____»___ Мәскеу уақыты бойынша __ сағат __ минутта __________________________________________________________________________(кейін) байланысты есепке алу операциясынан(ларынан) ТКМӨЖ өшіру (қосу) жөніндегі осы актіні жасадық ТКМӨЖ өшіру (қосу) сәтінде тіркелген жұмыс желілеріндегі (RFT-де) массалық шығын өлшеуіштерінің көрсетілімдері мыналарды құрайды (тоннада): 1 желі – 6 желі – 2 желі – 7 желі – 3 желі – 8 желі – 4 желі – 9 желі – 5 желі – ТКМӨЖ өшіру (қосу) сәтінде резервті өлшеу торабының көрсетілімдері мыналарды құрайды (тоннада): Н-01-01 –; Н-01-02 –; Н-01-03 –; Н-01-04 –. Ескертпе: RFT – жұмыс жағдайында тұрақсыз конденсаттың массалық шығын мәнін көрсететін дисплейлі RFT 9739 типті микропроцессорлық өлшеуіш түрлендіруші. _________________ __________________ __________________ (салық органы маманының лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) _________________ ___________________ __________________ (беруші тарап өкілінің лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) __________________ ___________________ __________________ (қабылдаушы тарап өкілінің лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Басқа 3
Құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу қағидаларына 3-қосымша нысан Күні (айдың 1-нен бастап соңғы күнін қоса) Өткізілген тұрақсыз конденсаттың саны (тоннада) өткізілген тұрақсыз конденсаттың жалпы мөлшері (тоннада) Желі №1 Желі №2 Желі №3 Желі №4 Желі №5 Желі №6 Желі №7 Желі №8 Желі №9 Бір айда барлығы _________________ __________________ __________________ (салық органы маманының лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) _________________ ___________________ __________________ (беруші тарап өкілінің лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) __________________ ___________________ __________________ (қабылдаушы тарап өкілінің лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)