Об утверждении перечня налогоплательщиков, осуществляющих деятельность в рамках контракта на недропользование, обороты по реализации нестабильного конденсата которых с территории Республики Казахстан на территорию других государств - членов Евразийского экономического союза облагаются налогом на добавленную стоимость по нулевой ставке Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, тұрақсыз конденсатты Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағына өткізу бойынша айналымдарына нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексі (Салық кодексі) 393-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, тұрақсыз конденсатты Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағына өткізу бойынша айналымдарына нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын салық төлеушілердің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 4
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 5
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _______________ Б. Сұлтанов 2018 жылғы «___» _________ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ___________ Т. Сүлейменов 2018 жылғы «___» _________
Басқа 10. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, тұрақсыз конденсатты Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағына өткізу бойынша айналымдарына нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын салық төлеушілердің тізбесі
Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің міндетін атқарушы 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 126 бұйрығымен бекітілді Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, тұрақсыз конденсатты Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағына өткізу бойынша айналымдарына нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын салық төлеушілердің тізбесі № р/н Салық төлеуші 1. «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» қазақстандық филиалы