О правилах оказания социальной помощи безработным, направленным на профессиональную подготовку, повышение квалификации и переподготовку, по частичному возмещению затрат на проживание, питание, возмещению затрат по медицинскому освидетельствованию и на проезд к месту обучения в пределах региона Күшін жойған
Басқа 0
Кәсiби даярлау, бiлiктiлiктi арттыру және қайта даярлауға жiберiлген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға арналған шығынды iшiнара, медициналық куәландыруға және аймақ шегiнде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнiнде әлеуметтiк көмек көрсетудiң ережесi туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 26.08.2005 № 291 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес халықты жұмыспен қамтудың бағдарламасын iске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекiтiлген жұмыссыздарды кәсiби даярлауды, бiлiктiлiгiн арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесiне сәйкес Қостанай облысының әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса берiлген кәсiби даярлау, бiлiктiлiктi арттыру және қайта даярлауға жiберiлген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға арналған шығынды iшiнара, медициналық куәландыруға және аймақ шегiнде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнiнде әлеуметтiк көмек көрсетудiң ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi.
Басқа 3. Кәсiби даярлау, бiлiктiлiктi арттыру және қайта даярлауға жiберiлген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға арналған шығынды iшiнара, медициналық куәландыруға және аймақ шегiнде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнiнде әлеуметтiк көмек көрсетудiң ЕРЕЖЕСІ
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкiмиятының
2002 жылғы 22 сәуірдегі
№ 89 қаулысымен бекiтiлген
Кәсiби даярлау, бiлiктiлiктi арттыру және қайта даярлауға жiберiлген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға арналған шығынды iшiнара, медициналық куәландыруға және аймақ шегiнде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнiнде әлеуметтiк көмек көрсетудiң ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергiлiктi уәкiлеттi орган-облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы;
Тармақша 2
2) аймақтық уәкiлеттi орган-аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармалары;
Тармақша 3
3) өтiнiш берушi-әлеуметтiк көмек алудан үмiткер адам.
Тармақ 2
2. Кәсiби даярлау, бiлiктiлiктi арттыру және қайта даярлауға жiберiлген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға арналған шығынды iшiнара, медициналық куәландыруға және аймақ шегiнде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнiндегi әлеуметтiк көмектi (бұдан әрi - әлеуметтiк көмек) жергiлiктi уәкiлеттi орган көрсетедi.
Әлеуметтiк көмек, егер жұмыссыз оқу бiтiрген күннен кейiн үш ай iшiнде өтiнiш жасаса, төленедi.
Аймақтық уәкiлеттi орган азаматтардың әлеуметтiк көмек көрсету туралы арыздарын қарайды және оны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
Тармақ 3
3. Әлеуметтiк көмек алуға аймақтық уәкiлеттi органда ресми тiркелген және заңнамада белгiленген тәртiппен конкурсты жеңiп алған бiлiм беру ұйымына кәсiби даярлауға, бiлiктiлiктi арттыруға және қайта даярлауға жiберiлген жұмыссыздар құқылы.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек алуға өтiнiш жасау.
2. Әлеуметтік көмек алуға өтiнiш жасау.
Тармақ 4
4. Өтiнiш берушi аймақтық уәкiлеттi органға жазбаша арыз бередi және әлеуметтiк көмек алу құқығын растайтын құжаттарды тапсырады.
Тармақ 5
5. Өтiнiш берушi арызда және құжаттарда көрсетiлген мәлiметтiң толықтығына және растығына қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауапты болады.
Тарау 3. 3. Қажет құжаттар тiзбесi
3. Қажет құжаттар тiзбесi
Тармақ 6
6. Әлеуметтiк көмек тағайындау үшiн қажет құжаттар:
Тармақша 1
1) әлеуметтiк көмек көрсету туралы тұрғылықты жердегi банкiдегi жеке шоттың нөмiрi көрсетiлген жазбаша арыз;
Тармақша 2
2) өтiнiш берушiнiң жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
Тармақша 3
3) уәкiлеттi органның өтiнiш берушiнiң жұмыссыз ретiнде ресми тiркелгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
Тармақша 4
4) аймақтық уәкiлеттi органның кәсiби оқуға берген жолдамасының көшiрмесi.
Жолдамада жұмыссыздың аты-жөнi, бiлiм беру ұйымының және алатын мамандықтың атауы толық көрсетiледi.
Жолдама ресми бланкiге ресiмделедi, онда қол қойған лауазым иесiнiң толық атауы көрсетiледi, қол қойылады және ол ажыратылады, берiлген уақыты жазылады. Жауапты тұлғаның қолы мөрмен расталады;
Тармақша 5
5) жергiлiктi уәкiлеттi органның кәсiби даярлауға, бiлiктiлiктi арттыруға жә не қайта даярлауға жiберген жұмыссызбен жасасқан шартының көшiрмесi;
Тармақша 6
6) темiр жолмен, жолаушылар көлiгiмен (таксиден басқа) жол жүру құжаттарының түпнұсқалары, немесе тасымалдаудың көрсетiлген түрлерiн жүзеге асырушы ұйымның жол жүру бағасы туралы (оқу басталар алдындағы күндегi) уәкiлеттi тұлға қол қойып, мөрмен растаған анықтамасы;
Тармақша 7
7) емдеу мекемесiнiң медициналық куәландырудан өткенi туралы анықтамасының көшiрмесi және өту үшiн төлеген ақы жөнiндегi төлем құжаты.
Тармақ 7
7. Әлеуметтiк көмек тағайындау үшiн қажет құжаттардың түпнұсқалары және салыстыру үшiн олардың көшiрмелерi аймақтық уәкiлеттi органға тапсырылады. Салыстырғаннан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтiк көмектi тағайындау тәртiбi
4. Әлеуметтiк көмектi тағайындау тәртiбi
Тармақ 8
8. Аймақтық уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмектi тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешiмдi өтiнiш берушi арызымен қоса барлық құжаттарын тапсырғаннан кейiн 10 күн iшiнде бередi. Әлеуметтiк көмектi тағайындаудан бас тартқан жағдайда өтiнiш берушiге себептерi көрсетiлiп жазбаша хабарланады. Әлеуметтiк көмектi тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешiмге аймақтық уәкiлеттi органың басшысы қол қояды.
Тармақ 9
9. Қажет құжаттардың бiреуiнiң болмауы әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тартуға әкелiп соғады.
Тарау 5. 5. Әлеуметтiк көмектiң мөлшерi
5. Әлеуметтiк көмектiң мөлшерi
Тармақ 10
10. Шығынды iшiнара өтеу үшiн әлеуметтiк көмек төмендегi мөлшерде көрсетiледi:
Тармақша 1
1) тұруға-айына бiр айлық есептiк көрсеткiш;
Тұруға шығынды iшiнара өтеу жөнiндегi әлеуметтiк көмек кәсiби оқуға жiберiлген, басқа жерлерден келген жұмыссыздарға көрсетiледi.
Басқа жерден келген жұмыссыздар болып кәсiби даярлауға, бiлiктiлiктi арттыруға және қайта даярлауға жiберiлген, оқу орны орналасқан елдi мекеннен тыс жерде тұратын жұмыссыздар есептеледi.
Тармақша 2
2) тамақтануға-айына екi айлық есептiк көрсеткiш.
Тармақ 11
11. Шығынды толық өтеу үшiн әлеуметтiк көмек көрсетiледi:
Тармақша 1
1) медициналық куәландыруға-осы Ереженiң 6-тармағының 7)-тармақшасында көрсе тiлген құжаттармен расталған тексерудiң толық бағасы;
Тармақша 2
2) аймақ шегiндегi (облыстың, ауданның) оқу орнына баратын жолға-осы Ереженiң 6-тармағындағы 6)-тармақшасында көрсетiлген құжаттармен расталған жол жүрудiң толық бағасы.
Тарау 6. 6. Әлеуметтiк көмектi төлеу
6. Әлеуметтiк көмектi төлеу
Тармақ 12
12. Әлеуметтiк көмектi төлеу облыстық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Тамақтануға және тұруға шыққан шығындарды өтеу жөнiндегi әлеуметтiк көмектi төлеу оқу аяқталғаннан кейiн немесе оқу басталғаннан кейiн ай сайын оқу орны беретiн оқуға қатысу табелiнiң негiзiнде жүргiзiледi.
Медициналық куәландыру және аймақ шегiндегi (облыстың, ауданның) оқу орнына баруға шыққан шығындарды өтеу жөнiндегi әлеуметтiк көмектi төлеу осы Ереженiң 3-тарауы 5-тармағының 6), 7)-тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды тапсырған мезгiлден кейiн бiр ай iшiнде жүргiзiледi.
Тармақ 14
14. Аймақтық уәкiлеттi орган есептеу жүргiзедi, әлеуметтiк көмек тағайындалған азаматтардың тiзiмiн қалыптастырады және жергiлiктi уәкiлеттi органға қаржыландыруға жиынтық өтiнiм тапсырады. Жергiлiктi уәкiлеттi орган қаржыландыруға жиынтық өтiнiмдi облыстың қаржы органына тапсырады.
Әлеуметтiк көмектi төлеу органның тиiстi операциялар түрiне қазақстан Республикасының ұлттық банкiнiң лицензиясы бар,заңнамамен белгiлеген тәртiппен конкурсты ұтып алған ұйымдарға берген тiзiмдерi бойынша жұмыссыздардың жеке есеп шоттарына ақша түрiнде аудару арқылы жүзеге асырылады.
Қаржы жетпеген жағдайда оқып жатқан жұмыссыздарға әлеуметтiк көмек тiркелген арыздың хронологиялық тәртiбiмен төленедi.