Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» Министерства обороны Республики Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 5-тармағына және Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 9 наурыздағы № 105 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15009 болып тіркелген, 2017 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 9 наурыздағы № 105 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 715 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16155 болып тіркелген, 2018 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар және әскери білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiнде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Т.С. Мұхтаровқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Тармақ 6
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесі
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 322 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 5-тармағына, «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – «Б» корпусының қызметшілері) жұмысын бағалау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Әдістемеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) тікелей басшы – тура бағынысында болып табылатын бағаланушы қызметшіге қатысты адам;
Тармақша 2
2) жоғары тұрған басшы – тура бағынысында болып табылатын бағаланушы қызметшінің тікелей басшысына қатысты адам;
Тармақша 3
3) негізгі мақсатты индикаторлар (бұдан әрі – НМИ) – мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына сәйкес не «Б» корпусының қызметшісі жұмысының ерекшелігіне сүйене отырып (процестік жұмысты қоспағанда) белгіленетін, қол жеткізген жағдайда олардың жұмысының тиімділігі туралы дәлелдейтін көрсеткіштер;
Тармақша 4
4) жеке жұмыс жоспары – бағаланатын кезеңге «Б» корпусының қызметшісінің НМИ-ін көздейтін және тікелей басшымен бірлесіп жасалатын және жоғары тұрған басшы бекітетін құжат;
Тармақша 5
5) құзыреттер – нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби жұмысты тиімді түрде орындау үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың жиынтығы;
Тармақша 6
6) мінез-құлық индикаторлары – «Б» корпусының қызметшісінің мінез-құлық сипаттамалары және құзыреттерінің көріну деңгейі;
Тармақ 3
3. «Б» корпусының қызметшілерінің жұмысын бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Егер оның нақты лауазымда болу мерзімі, оның ішінде әлеуметтік демалыстан шыққаннан немесе оқуды аяқтағаннан кейін үш айдан аз болған жағдайларда, сондай-ақ сынақ мерзімі кезеңінде бағалау жүргізілмейді. Бағалауды жүргізу кезеңінде еңбек демалыстарында, жалақысы сақталмайтын демалыста болған, уақытша еңбекке жарамсыздығы, іссапарда немесе тағылымдамада болған кезеңінде, не қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілген «Б» корпусының қызметшілері жұмысқа шыққаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде бағалаудан өтеді.
Тармақ 5
5. Бағалауды жүргізу үшін «Б» корпусының қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адам (бұдан әрі – уәкілетті адам) жұмыс органы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің кадр органы (бұдан әрі – кадр органы) болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) құрады. Комиссия құрамын уәкілетті адам айқындайды, Комиссия мүшелерінің саны кемінде 5 адамды құрайды.
Тармақ 6
6. Бағалау екі жеке бағыт бойынша жүргізіледі:
Тармақша 1
1) НМИ-дің жетістіктерін бағалау;
Тармақша 2
2) «Б» корпусының қызметшілерінің құзыреттерін бағалау.
Тармақ 7
7. НМИ-дің орындалуын бағалау нәтижелері бонустар төлеу, көтермелеу, ротациялау, мемлекеттік лауазымынан төмендету не босату бойынша шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады. Құзыреттерді бағалау нәтижелері «Б» корпусының қызметшісінің қажетті құзыреттерін дамыту бойынша шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады. Бұл ретте құзыреттерді бағалау нәтижелері бонустар төлеуге, көтермелеуге, ротациялауға, мемлекеттік лауазымында төмендетуге не босатуға әсер етпейді.
Тармақ 8
8. Бағалауға байланысты құжаттар кадр органында бағалау аяқталған күннен бастап үш жыл бойы сақталады.
Тарау 2. 2-тарау. НМИ-ді айқындау тәртібі
2-тарау. НМИ-ді айқындау тәртібі
Тармақ 9
9. НМИ-ді тікелей басшы осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау кезеңі басталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде жасалатын «Б» корпусының қызметшісінің жеке жұмыс жоспарында айқындайды.
Тармақ 10
10. Тиісті НМИ бар жеке жұмыс жоспары әзірленгеннен кейін ол бекіту үшін жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.
Тармақ 11
11. Егер «Б» корпусының қызметшісінің тікелей басшысы мемлекеттік органның бірінші басшысы болып табылған жағдайда жеке жұмыс жоспарын осы лауазымды адам бекітеді.
Тармақ 12
12. НМИ осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда жоғары тұрған басшы жеке жұмыс жоспарын толық пысықтауға қайтарады. Жеке жұмыс жоспарын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу толық пысықтауға жолданған күннен кейін 2 жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. НМИ:
Тармақша 1
1) нақты (күтілетін оң өзгерістер көрсетіле отырып, қол жеткізу қажет нәтиже дәл айқындалады);
Тармақша 2
2) өлшемді (НМИ жетістіктерін өлшеу үшін нақты өлшемшарттар айқындалады);
Тармақша 3
3) қолжетімді (НМИ қолда бар ресурстарды, құзыреттер мен шектеулерді ескере отырып айқындалады);
Тармақша 4
4) уақыты шектеулі (бағаланатын кезең ішінде НМИ-ға қол жеткізу мерзімі айқындалады).
Тармақ 14
14. НМИ саны 4 құрайды.
Тармақ 15
15. Жеке жұмыс жоспары кадр органында сақталады.
Тарау 3. 3-тарау. НМИ жетістігін бағалау тәртібі
3-тарау. НМИ жетістігін бағалау тәртібі
Тармақ 16
16. Жеке жұмыс жоспарында көзделген НМИ жетістігіне бақылауды жүзеге асыру мақсатында тікелей басшы НМИ-де белгіленген жетістіктерге тоқсан сайын мониторингті жүзеге асырады. Тоқсан сайынғы мониторинг қорытындылары бойынша тікелей басшы бағаланатын «Б» корпусының қызметшісіне НМИ-ге қол жеткізу және осы үшін қажетті одан әрі шаралар бойынша жазбаша ұсынымдар береді.
Тармақ 17
17. Бағалауды жүргізу үшін «Б» корпусының қызметшісінің тікелей басшысы осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша НМИ бойынша бағалау парағын толтырады және оған қол қояды.
Тармақ 18
18. Жеке жұмыс жоспарының іске асырылуын бағалау жеке жұмыс жоспары жасалған жыл қорытындылары бойынша НМИ жетістігін бағалау негізінде мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: барлық НМИ-ге қол жеткізілген кезде «өте жақсы» деген баға қойылады; НМИ-дің 5-еуінен 4-еуіне қол жеткізілген кезде «тиімді» деген баға қойылады. НМИ-дің 5-еуінен 3-еуіне қол жеткізілген кезде «қанағаттанарлық» деген баға қойылады; НМИ-дің 5-еуінен 3-тен азына қол жеткізілген кезде «қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады. НМИ-ге қол жеткізу жеке жоспарда көзделген көрсеткіштердің толық орындалуын көздейді.
Тармақ 19
19. Тікелей басшы бағалау парағын толтырғаннан кейін ол жоғары тұрған басшыға қарауға енгізіледі.
Тармақ 20
20. Егер «Б» корпусының қызметшісінің тікелей басшысы мемлекеттік органның бірінші басшысы болып табылған жағдайда бағалау парағы оның қарауына енгізіледі.
Тармақ 21
21. «Б» корпусының қызметшісінің бағалау парағын қарау қорытындылары бойынша жоғары тұрған басшы мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:
Тармақша 1
1) бағалаумен келісу;
Тармақша 2
2) толық пысықтауға жіберу.
Тармақ 22
22. Бағалау парағы НМИ-ге қол жеткізілгенін дәлелдейтін фактілер жеткіліксіз не анық болмаған жағдайда толық пысықтауға жолданады.
Тармақ 23
23. Бағалау парағын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу оны толық пысықтауға жолдаған күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырылады.
Тармақ 24
24. Жоғары тұрған басшы бағалау парағына қол қойғаннан кейін кадр органы 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына шығарады.
Тарау 4. 4-тарау. Құзыреттерді бағалау тәртібі
4-тарау. Құзыреттерді бағалау тәртібі
Тармақ 25
25. Құзыреттерді бағалауды тікелей басшы жүзеге асырады оның қорытындылары бойынша осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау парағы толтырылады.
Тармақ 26
26. Бағалау парағын толтыру кезінде осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік лауазымдарының санаттары үшін көзделген әрбір құзырет бойынша мінез-құлық индикаторларының жинағын басшылыққа алу қажет. Бір құзырет бойынша мінез-құлық индикаторларының саны оннан аспайтынды құрайды.
Тармақ 27
27. «Б» корпусының қызметшісі құзыретінің даму деңгейі бағалау кезеңі ішінде оның жұмысынан көрінетін мінез-құлық индикаторларының санымен мынадай тәртіппен айқындалады:
Тармақша 1
1) қызметшінің жұмысында белгілі бір құзыретпен көзделген мінез-құлық индикаторларының 3/4 немесе одан артығы көрінген жағдайда «күтілген нәтижелерге сәйкес» деген баға қойылады;
Тармақша 2
2) қызметшінің жұмысы нақты құзырет үшін көзделген мінез-құлық индикаторларының 3/4-нен азына сәйкес келмеген кезде осы нақты құзырет бойынша «күтілген нәтижеге сәйкес емес» деген баға қойылады.
Тармақ 28
28. Тікелей басшы бағалау парағына қол қойғаннан кейін кадр органы 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына шығарады.
Тарау 5. 5-тарау. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы және бағалау нәтижелеріне шағымдану
5-тарау. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы және бағалау нәтижелеріне шағымдану
Тармақ 29
29. Кадр органы Комиссия төрағасымен келісім бойынша бағалауды жүргізу кестесін жасайды және бағалауды жүргізу туралы 7 жұмыс күні бұрын бағалауды жүзеге асыратын адамдарды хабардар етуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 30
30. Комиссияның отырысы, егер оған оның құрамының кемінде 2/3-і қатысса, заңды деп саналады.
Тармақ 31
31. Комиссияның жоқ мүшесін немесе төрағасын ауыстыру Комиссия құру туралы бұйрыққа өзгерістер енгізу жолымен уәкілетті адамның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 32
32. Комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады.
Тармақ 33
33. Дауыс беру нәтижелері Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыстар тең болған кезде Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 34
34. Комиссияның хатшысы кадр органының қызметкері болып табылады. Комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
Тармақ 35
35. Кадр органы Комиссияның төрағасымен келісілген мерзімдерге сәйкес Комиссия отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 36
36. Кадр органы Комиссияның отырысына мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) толтырылған бағалау парақтарын;
Тармақша 2
2) осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын.
Тармақ 37
37. Комиссия бағалау нәтижелерін қарайды және мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:
Тармақша 1
1) бағалау нәтижелерін бекіту;
Тармақша 2
2) бағалау нәтижелерін қайта қарау.
Тармақ 38
38. Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылданған жағдайда Комиссия бағаны түзетеді және оны хаттаманың «Комиссияның бағалау нәтижелерін түзету (бар болған жағдайда)» деген бағанында көрсетеді.
Тармақ 39
39. Бағалау нәтижелерін уәкілетті адам бекітеді және осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті хаттамада тіркеледі.
Тармақ 40
40. Кадр органы «Б» корпусының қызметшісін ол аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде бағалау нәтижелерімен таныстырады.
Тармақ 41
41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүзеге асырылады. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда еркін нысанда акті жасалады, оған кадр органы және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісі қол қояды.
Тармақ 42
42. «Б» корпусының қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізу үшін кедергі болып табылмайды. Осы жағдайда кадр органы «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерін мемлекеттік органдардың интранет-порталы арқылы жолдайды.
Тармақ 43
43. «Б» корпусының қызметшісінің Комиссия шешіміне шағымдануы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда шешім шығарылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Шағымды қарау қорытындылары бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органға Комиссия шешімін жою және «Б» корпусының қызметшісінің бағалау нәтижелерін қайта қарауды ұсыну;
Тармақша 2
2) «Б» корпусының қызметшісінің бағалау нәтижелерін қайта қараусыз қалдыру.
Тармақ 44
44. «Б» корпусының қызметшісі бағалау нәтижелеріне сот тәртібінде шағымдануға құқылы.
Басқа 1. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 1-қосымша «БЕКІТЕМІН» Жоғары тұрған басшы _____________________________ (тегі, аты-жөнінің бас әріптері) күні __________________________ қолы _________________________ «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары __________________________________ жыл (жеке жоспар жасалатын кезең) Қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде))___________________ Қызметшінің лауазымы: _______________________________________________________ Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:___________________________________ _____________________________________________________________________________ № НМИ-дің атауы Саяси мемлекеттік қызметшінің меморандумының немесе «А» корпусы қызметшісі келісімінің қай көрсеткішінен жоспарлау жүйесінің құжатынан түйінделеді Өлшем бірлігі Жоспарлы мәні Қол жеткізу мерзімдері Түпкілікті нәтиже* * Негізінде мақсатты индикаторға қол жеткізуден күтілетін оң өзгеріс Қызметші Тікелей басшы ________________________________ ________________________________ (тегі, аты-жөнінің бас әріптері) (тегі, аты-жөнінің бас әріптері) күні ___________________________ күні ___________________________ қолы ___________________________ қолы ___________________________
Басқа 2. НМИ бойынша бағалау парағы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 2-қосымша «БЕКІТЕМІН» Жоғары тұрған басшы ___________________________ (тегі, аты-жөнінің бас әріптері) күні _________________________ қолы _________________________ НМИ бойынша бағалау парағы _______________________________________________________ (бағаланатың адамның тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы) ____________________________________ (бағаланатын кезең) № НМИ-дің атауы Өлшем бірлігі Жоспарлы мәні Нақты мәні Нәтижеге қол жеткізілді/нәтижеге қол жеткізілген жоқ Бағалау нәтижесі __________________________________________________ (қанағаттанарлықсыз, қанағаттанарлық, тиімді, өте жақсы) Қызметші Тікелей басшы ________________________________ ________________________________ (тегі, аты-жөнінің бас әріптері) (тегі, аты-жөнінің бас әріптері) күні ___________________________ күні ___________________________ қолы ___________________________ қолы ___________________________
Басқа 3. Құзыреттер бойынша бағалау парағы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 3-қосымша Құзыреттер бойынша бағалау парағы _________________жыл (бағаланатын жыл) Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) _________________________________________________________ Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ______________________________ Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: ________________________________________________________________ № Құзыреттер атауы Бағалау нәтижелері (күтілетін нәтижеге сәйкес/күтілетін нәтижеге сәйкес емес) Қызметшіде байқалмаған мінез-құлық индикаторларының атауы («күтілетін нәтижеге сәйкес емес» деген баға алған жағдайда) 1 Қызметті басқару 2 Ынтымақтастық 3 Шешімдер қабылдау 4 Жеделділік 5 Өздігінен даму 6 Көрсетілетін қызметті тұтынушыға бағдарлану * 7 Көрсетілетін қызметті тұтынушыларды хабарландыру * 8 Адалдық 9 Жауапкершілік 10 Бастамашылдық 11 Стреске төзімділік *Лауазымдық міндеттері шеңберіне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері кірмейтін «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері «Көрсетілетін қызметті тұтынушыға бағдарлау» және «Көрсетілетін қызмет тұтынушыларын хабарландыру» құзыреттері бойынша бағаланбайды. Қызметші Тікелей басшы ___________________________ ___________________________ (тегі, аты-жөні) (тегі, аты-жөні) күні ______________________ күні ______________________ қолы ______________________ қолы ______________________
Басқа 4. Құзыреттердің мінез-құлық индикаторлары
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 4-қосымша Құзыреттердің мінез-құлық индикаторлары Құзыреттер атауы Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаты Тиімді мінез-құлықтың индикаторлары (мінез-құлық) Тиімсіз мінез-құлықтың (мінез құлық) индикаторлары қызметті басқару C-4; C-5; Басымдығына қарай тапсырмаларды маңыздылығы ретімен қояды; Басшылыққа сапалы құжаттарды дайындайды және енгізеді; Шектелген уақыт жағдайларында жұмыс істей алады; Басымдықтарды қоя отырып, белгіленген мерзімдерді сақтайды. Тапсырмаларды жүйесіз орындайды;  Құжаттарды сапасыз әзірлейді; Жедел жұмыс істемейді;  Мерзімдерді бұзуға жол береді. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ C-4; C-5; Ұжымның жұмысына үлесін қосады және қажет болған кезде түсіндірмелер алу үшін тәжірибесі мол әріптестеріне өтініш жасайды; Әріптестерімен және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен өзара іс-қимылды дамытады; Пікірлермен алмасады және талқылауды ескере отырып, міндеттерді орындайды. Тәжірибесі молырақ әріптестерінен көмек сұрамай, жұмыста тұйықтық ұстанымын көрсетеді; Әріптестерімен және әртүрлі мемлекеттік органдардың және ұйымдардың өкілдерімен өзара іс-қимыл жасамайды; Әріптестерімен міндеттерді талқыламайды. ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ C-4; C-5 Қажетті ақпаратты таба алады; Мүмкін болатын тәуекелдерді ескере отырып, міндеттерді шешудің бірнеше нұсқаларын ұсынады;  Ол үшін маңызы бар өз пікірін негіздей алады. Қажетті ақпаратты таба алмайды; Міндеттерді шешудің баламалы нұсқаларын ұсынбайды не мүмкін болатын тәуекелдерді ескермейді; Шешімдерге негізсіз пікірін білдіреді. КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТ ТҰТЫНУШЫҒА БАҒДАРЛАНУ C-4; C-5; Сыпайы және мейірімді қызмет көрсетеді; Көрсетілген қызмет сапасымен қанағаттандыру деңгейін талдайды және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді; Қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді. Көрсетілетін қызмет алушымен дөрекі және немқұрайлы сөйлеседі; Тұтынушы проблемаларына және мәселелеріне қызығушылық танытпайды Қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша бастамасының жоқ екенін көрсетеді. ҚЫЗМЕТТІ ТҰТЫНУШЫҒА АҚПАРАТТАНДЫРУ C-4; C-5; Көрсетілетін қызмет алушыларды ақпараттандырудың тиімді тәсілдерін пайдаланады; Тұтынушыға ақпаратты ауызша және жазбаша түрде қолжетімді жеткізеді; Көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты уақтылы қабылдай және бере алады. Көрсетілетін қызмет алушыларды ақпараттандырудың тиімсіз тәсілдерін қолданады; Тұтынушыға ақпаратты ауызша да, жазбаша да нысанда жеткізбейді немесе түсініксіз жеткізеді; Көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты уақтылы қабылдай және бере алмайды. ЖЕДЕЛДІЛІК C-4; C-5; Жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді; Оларды енгізудің жаңа бағыттары мен әдістерін үйренеді; Өзгерген жағдайларда өзін-өзі бақылауды сақтайды; Өзгеретін жағдайларда жылдам бейімделеді.  Қолданыстағы рәсімдерді және жұмыс әдістерін ұстанады; Оларды енгізудің жаңа ұстанымдары мен тәсілдерін зерделемейді; Өзгерген жағдайларда өзін-өзі бақылай алмайды; Өзгеретін жағдайларға бейімделмейді немесе ұзақ бейімделеді. ӨЗДІГІНЕН ДАМУ C-4; C-5; Жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық танытады; Өздігінен дамуға ұмтылады, жаңа ақпаратты және оны қолдану тәсілдерін іздейді; Тәжірибеде оның тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа дағдыларды қолданады. Жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық танытпайды; Дамымайды және жаңа ақпаратқа және оны қолдану тәсілдеріне қызықпайды; Оларға ие дағдылармен шектеледі. АДАЛДЫҚ C-4; C-5; Белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына сүйенеді; Өзінің жұмысын адал орындайды; Өзін адал, қарапайым, әділ ұстайды, басқаларға сыпайылық және биязылық танытады. Белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына сай келмейтін мінез-құлықтар танытады; Өзінің жұмысын орындау барысында немқұрайлылық көрсетеді; Өзін әділетсіз, шамданғыш, теріс ойлы екенін көрсетеді және басқаларға дөрекілік және менсінбеушілік танытады; СТРЕССКЕ ТӘУІЛДІЛІК C-4; C-5; Сынға сабырлылықпен қарайды және ол негізді болған жағдайда кемшіліктерді жою жөніндегі шараларды қабылдайды. Сынға сабырсыз ден қояды және кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды. ЖАУАПТЫЛЫҚ C-4; C-5; Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыруға жеке өзі жауапты болады. Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыруға жауаптылықты басқа лауазымды адамдарға жүктейді. БАСТАМАШЫЛДЫҚ C-4; C-5; Идеялар мен ұсыныстарды пысықтайды және ұсынады және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындайды. Идеялар мен ұсыныстарды пысықтамайды және ұсынбайды және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындамайды.
Басқа 5. Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне 5-қосымша «БЕКІТЕМІН» Уәкілетті адам ___________________________ (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері) күні ________________________ қолы _________________________ Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы ____________________________________________________________________ (мемлекеттік органның атауы) ____________________________________________________________ (бағалау кезеңі, жылы) Бағалау нәтижелері № Қызметшілердің тегі, аты, әкесінің аты ( бар болған кезде) Бағалау нәтижелері туралы мәлімет Комиссияның бағалау нәтижелерін түзетуі (бар болған жағдайда) Комиссияның ұсынымдары 1. 2. ... Комиссия қорытындысы: ________________________________________________________________ Тексерілді: Комиссияның хатшысы: ____________________ Күні: _____________ (тегі, аты-жөні, қолы) Комиссияның төрағасы: ____________________ Күні: ____________ (тегі, аты-жөні, қолы) Комиссияның мүшесі: _______________________ Күні: _____________ (тегі, аты-жөні, қолы)