О правилах организации и финансирования социальных рабочих мест Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.05.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелері туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 26.08.2005 № 291 қаулысымен. Қостанай облысы бойынша 2000-2002 жылдарға арналған кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі кешенді бағдарламаны, Қостанай облысы бойынша 2002 жылға арналған халықты жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламасын Қазақстан Республикасындағы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27-бабына сәйкес іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағының негізінде халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгілеу үшін Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б.Б. Баймағамбетоваға жүктелсін.
Басқа 3. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережесi
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкiмиятының 2002 жылғы 2 мамырдағы № 102 қаулысымен бекiтiлген Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережесi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ереже халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртiбiн анықтайды, әлеуметтiк жұмыс орындарын беретiн (меншiк үлгiсiне қарамастан) ұйымдармен есеп айырысу мен негiзгi жағдайларды реттейдi.
Тармақ 2
2. Осы ережеде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
Тармақша 1
1) Әлеуметтiк жұмыс орны - жұмыс берушiлердiң жұмысқа қабылдаған қызметкерлерге еңбек ақы төлеген шығынын жергiлiктi бюджет есебiнен iшiнара өтеп, халықтың нысаналы топтарының iшiндегi жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс берушiлердiң жазбаша келiсiмiмен берiлетiн жұмыс орны;
Тармақша 2
2) Нысаналы топтар - жұмысқа орналасуда қиындық көрiп жүрген және әлеуметтiк қорғауды қажет ететiн адамдар ретiнде осы заңмен белгiленген адамдар топтары.
Тармақ 3
3. Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамтамасыз ету және қамсыздандыру туралы заңнамалары тарайды.
Тармақ 4
4. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдар халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарына әлеуметтiк жұмыс орындарына орналасуға жәрдемдеседi.
Тарау 2. 2. Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру және ұйымдастыру тәртiбi
2. Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру және ұйымдастыру тәртiбi
Тармақ 5
5. Әлеуметтiк жұмыс орындары жұмысқа қабылданған жұмыссыздарға еңбекақы шығынын жергiлiктi (облыстың) бюджет қаражаты есебiнен iшiнара өтеумен өз қаражатынан қаржыландырылып, жұмыс берушiлермен анықталады немесе құрылады.
Тармақ 6
6. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы жұмыс берушiлермен әлеуметтiк жұмыс орындарына қабылданған халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарына еңбек ақы шығынына iшiнара өтемдi төлеуге қызмет көрсету жөнiнде шарт жасасады.
Тармақ 7
7. Жұмыссыздарды әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды және олардың еңбегiне ақы төлеуге белгiленген бюджет қаражатын тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында аудандық (қалалық) әкiмияттар жұмыс берушiлердiң жазбаша келiсiмiмен халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын құрған немесе берген ұйымдардың тiзiмiн анықтайды.
Тармақ 8
8. Жұмыссыздарды ұйымдарға әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармаларымен келiсiмге сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға нысаналы топтарға жататын аз қамтылған жұмыссыздар басымдық құқыққа ие.
Тарау 3. 3. Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру жағдайлары және көздерi
3. Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру жағдайлары және көздерi
Тармақ 10
10. Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа қабылданған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу және еңбек шартына сәйкес және орындалған жұмыстың күрделiлiгi мен сапасына, санына байланысты жұмыс берушiмен ай сайын жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың еңбек ақысына төленген жұмыс берушiлердiң шығыны жергiлiктi (облыстық) бюджеттен ең төменгi жалақының 50 пайыз көлемiнде алты айға дейiнгi мерзiмге өтеледi. Бюджет қаражатын аудару жөнiндегi есеп айырысу жұмыс берушiнiң есеп шотына жүргiзiледi.
Тармақ 12
12. Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға жергiлiктi (облыстық) бюджет қаражатынан төленетiн еңбек ақыға заңнама белгiлеген тәртiппен салық салынады.
Тармақ 13
13. Жұмыс берушілер жергілікті (Облыстық) бюджеттен түскен ақшаны әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеуге шыққан өздерінің шығындарын өтеуге пайдаланады.
Тармақ 14
14. Жұмыс берушiлер жергiлiктi (облыстық) бюджеттен түскен ақшаны әлеуметтiк жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздарға еңбек ақыға шыққан шығындарын өтеуге пайдаланады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртiбiн бақылау
4. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртiбiн бақылау
Тармақ 15
15. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережесiн сақтауға бақылау жасауды заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.