Об установлении видов пруденциальных нормативов для организаций, осуществляющих деятельность по управлению инвестиционным портфелем, утверждении правил и методики расчета значений пруденциальных нормативов, обязательных к соблюдению организациями, осуществляющими деятельность по управлению инвестиционным портфелем Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтердің түрлерін белгілеу, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтауы міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу қағидаларын және әдістемесін бекіту туралы «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабы 3-тармағына және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 9-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтердің мынадай түрлері: мәні күн сайын кемінде 1 болатын меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті; мәні күн сайын: К2-1 – кемінде 1; К2-2 – кемінде 0,9; К2-3 – кемінде 0,8; К2-4 – кемінде 0,5 болатын мерзімді өтімділік коэффициенті белгіленсін.
Тармақ 2
2. Мыналар бекітілсін:
Тармақша 1
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың сақтауға міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу қағидалары;
Тармақша 2
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу әдістемесі.
Тармақ 3
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Шайқақова Г.Ж.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 5-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Төрағасы _______________ Н. Айдапкелов 2018 жылғы 22 мамыр
Басқа 1. Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға тиiстi пруденциялық нормативтердің мәндерін есеп айырысу қағидалары
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 79 қаулысына 1-қосымша Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға тиiстi пруденциялық нормативтердің мәндерін есеп айырысу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың сақтауы міндетті пруденциялық нормативтерді есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі- Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) 49-бабының 3-тармағына, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 9-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі-инвестициялық портфельді басқарушылар) сақтауға міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу тәртібін белгілейді.
Тарау 2. 2-тарау. Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есеп айырысу тәртібі
2-тарау. Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есеп айырысу тәртібі
Тармақ 2
2. Инвестициялық портфельді басқарушылар Қағидалардың қосымшасына сәйкес «Инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық нормативтері мәндері есебінің» кестесі бойынша алдыңғы жұмыс күнінiң соңындағы, сондай-ақ ағымдағы жұмыс күнінің тура алдындағы әрбір демалыс күндерінің соңындағы жағдай бойынша әрбiр жұмыс күнi инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық нормативтері мәндерінің есебін жүргізеді.
Тармақ 3
3. Қағидалардың мақсаты үшін халықаралық қаржы ұйымдары деп мынадай ұйымдар түсініледі: Азия даму банкі (the Asian Development Bank); Америкааралық даму банкі (the Inter-American Development Bank); Африка даму банкі (the African Development Bank); Еуразиялық даму банкі (Eurasian Development Bank); Еуропа қайта құру және даму банкі (the European Bank for Reconstruction and Development); Еуропалық инвестициялық банк (the European Investment Bank); Еуропалық Даму Банкінің Кеңесі (the Council of Europe Development Bank); Жеке Секторды дамыту жөніндегі ислам корпорациясы (the Islamic Corporation for the Development of the Private Sector); Ислам даму банкі (the Islamic Development Bank); Инвестицияларды кепілдендіру жөніндегі көпжақты агенттік (the Multilateral Investment Guarantee Agency); Скандинавия инвестициялық банкі (the Nordic Investment Bank); Халықаралық валюта қоры (the International Monetary Fund); Халықаралық даму қауымдастығы (the International Development Association); Халықаралық есеп айырысу банкі (the Bank for International Settlements); Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық (the International Centre for Settlement of Investment Disputes); Халықаралық қайта құру және даму банкі (the International Bank for Reconstruction and Development); Халықаралық қаржы корпорациясы (the International Finance Corporation); Қара теңіз сауда және даму банкі (the Black Sea Trade and Development Bank).
Тармақ 4
4. Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің рейтингтік бағаларынан басқа қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) сондай-ақ, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 болып тіркелген, «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысымен белгіленген Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) агенттіктерінің және Қағидалардың 4-1-тармағында белгіленген талап сақталған жағдайда, Қағидалардың 4-2-тармағында белгіленген өлшемшартарға сәйкес келетін рейтингтік агенттіктердің (бұдан әрі – басқа рейтингтік агенттіктер) бағаларын таниды.
Тармақ 4-1
4-1. Пруденциялық нормативтерді есептеу кезінде Қағидалардың 4-2-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін рейтингтік агенттіктер берген ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтер халықаралық рейтингтік шкала бойынша тек рейтингтің шетелдік нысандарына қатысты пайдаланылады.
Тармақ 4-2
4-2. Қағидалардың мақсаттары үшін уәкілетті орган мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін рейтингтік агенттіктердің рейтингтік бағаларын таниды:
Тармақша 1
1) рейтингтік агенттік шыққан елінде реттелуге жатады және рейтингтік агенттіктің бағалауы пруденциялық реттеу шеңберінде танылады;
Тармақша 2
2) рейтингтік агенттіктің меншікті капиталының ең аз мөлшері кемінде 600 000 000 (алты жүз миллион) теңгеге балама соманы құрайды;
Тармақша 3
3) объективтілік, тәуелсіздік және жауапкершілік: рейтингтік агенттік қолданатын әдіснама сенімді болып табылады және тарихи және (немесе) дефолт туралы күтілетін деректер негізінде тексеруге жатады, сондай-ақ рейтинг берілетін тұлғаның өзіне қабылдаған қаржылық міндеттемелерін орындау қабілетін айқындайтын барлық негізгі сандық және сапалық факторлардың толық сипаттамасын, сондай-ақ олардың кредиттік рейтингтерге және кредиттік рейтингтер бойынша болжамдарға әсерін сипаттауды қамтиды; рейтингтік агенттікті мемлекеттік органдар немесе мемлекеттік органдардағы лауазымды адамдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері немесе рейтингтік агенттіктің қызметіне араласпайтын және рейтингтерді беру процестеріне ықпалы жоқ саяси партиялар бақыламайды; рейтингтік агенттіктің акцияларының кемінде 10 (он) пайызын тікелей иеленетін және рейтингтік агенттіктің рейтингтік қызметіне ықпалы жоқ тұлғаларды қоспағанда, рейтингтік агенттік рейтинг беретін, растайтын немесе қайта қарайтын заңды тұлғалар рейтингтік агенттіктің үлестес тұлғалары болып табылмайды; рейтингтік агенттіктің рейтингтік әрекеттерге қатысатын рейтингтік талдаушылары рейтингтік әрекеттерді жүзеге асыру күніне дейін соңғы 3 (үш) жыл ішінде рейтинг берілетін тұлғамен еңбек немесе іскерлік қатынастарда тұрмайды және тұрмаған, сондай-ақ рейтинг берілетін тұлғаның немесе рейтинг берілетін тұлғаны бақылауды жүзеге асыратын немесе осындай тұлғаға елеулі ықпал ететін тұлғалардың бағалы қағаздарын, өзге де қаржы құралдарын немесе өзге де мүлкін тікелей немесе жанама, оның ішінде жақын туыстары арқылы иеленбейді; рейтингтік агенттіктің ішкі аудит немесе ішкі бақылау, оның ішінде рейтингтік агенттіктің директорлар кеңесіне есеп беретін ішкі аудит функцияларын жүзеге асыратын қызметі бар; рейтингтік агенттікте директорлар кеңесінің кемінде үштен бірі, бірақ кемінде екі мүшесі рейтингтік әрекеттерді, рейтингтік агенттіктің қызметтерін жарнамалауды және клиенттерді тарту жөніндегі өзге де іс-қимылдарды жүзеге асырмайтын тәуелсіз мүшелер болып табылады; рейтингтік агенттіктің әрбір акционерінің акцияларын тікелей немесе жанама иелену үлесі осы рейтингтік агенттіктің дауыс беретін акцияларының жалпы санының 50 (елу) пайызынан аспайды, егер акционер қаржы ұйымы болып табылған жағдайда, тікелей иелену үлесі 10 (он) пайыздан аспайды; рейтингтік агенттіктің ішкі рәсімдері ақпаратты заңсыз пайдаланудың және жария етудің алдын алу шараларын көздейді және ақпараттың қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) ақпараттың ашықтығы және оны жария ету: рейтингтік агенттік рейтингтік агенттіктің интернет-ресурсында мына: рейтингтік агенттік рейтингті айқындау кезінде қолданатын әдіснама; соңғы жыл ішінде берілген кредиттік рейтингтердің, сондай-ақ соңғы аяқталған күнтізбелік жылдың соңындағы жағдай бойынша олардан түскен ақшалай түсімдердің үлесі рейтингтік агенттік түсімінің жылдық көлемінде бес және одан да көп пайызды құраған рейтинг берілетін тұлғалардың және өзге де тұлғалардың тізімі туралы ақпаратты жария етуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) рейтингтердің сенімділігі: рейтингтік агенттік рейтингтік қызметті кемінде соңғы 5 (бес) жыл тұрақты негізде жүзеге асырады; рейтингтік агенттік кредиттік рейтингті берген және қайта қараған ұйымдар саны кемінде отыз, оның ішінде соңғы 3 (үш) жылда кемінде жиырма, оның ішінде кемінде бесеуі қаржы ұйымдары болды; рейтингтік агенттіктің рейтинг тағайындаумен тікелей айналысатын қызметкерлерінің тиісті білімі, дағдылары мен тәжірибесі бар; рейтингтік шешім қабылдайтын органның (бұдан әрі – рейтингтік комитет) қатысушысы болып табылатын, рейтингтік шешімдер қабылдау процесіне қатысатын кемінде бір қызметкердің рейтингтік агенттікте не талдамалық агенттікте не зерттеу орталығында не қаржы нарығында қызметті жүзеге асыратын қаржы ұйымында не аудиторлық ұйымда кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі бар; рейтингтік комитеттің құрамында рейтинг берілетін тұлға және (немесе) оның қаржылық міндеттемелері немесе қаржы құралдары (бұдан әрі – рейтинг объектісі) үшін жетекші рейтингтік талдаушыны, рейтингтік комитеттің төрағасын және қаралып отырған рейтинг объектісі жатпайтын, рейтинг объектілері түрінде маманданған бір рейтингтік талдаушыны қоса алғанда, кемінде бес рейтингтік талдаушы болады (егер рейтингтік агенттік рейтинг объектілерінің әр түріне қатысты рейтингтер беру жөніндегі қызметті жүзеге асырған жағдайда); рейтингтік агенттік берілген рейтингтерді мониторингтеуді тұрақты негізде жүзеге асырады, сондай-ақ рейтинг берілетін тұлғаның қаржылық жағдайындағы, корпоративтік басқаруындағы немесе қызметінің өзге де аспектілеріндегі өзгерістерге, макроэкономикалық жағдайлардың немесе қаржы нарығы жағдайларының өзгеруіне байланысты өзгеретін факторларға уақтылы ден қоюды қамтамасыз етеді, бұл рейтинг берілген немесе ол соңғы қайта қаралған күннен немесе рейтингтік агенттік қолданылатын әдіснама соңғы қайта қаралған күннен бастап күнтізбелік 1 (бір) жылдан кешіктірілмей рейтингтердің нақты жаңартуларымен расталады; Осы тармақтың 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келген кезде рейтингтік агенттік уәкілетті органға рейтингтік агенттіктің осы тармақтың 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында белгіленген өлшемдерге сәйкес келуін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, пруденциялық реттеу мақсаттары үшін рейтингтік агенттіктің рейтингтік бағаларын қабылдау туралы сұрау салуды жібереді. Рейтингтік агенттік осы тармақтың 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында белгіленген өлшемдерге сәйкес келген кезде уәкілетті орган ресми интернет-ресурста рейтингтік агенттіктің оның рейтингтік бағаларын қабылдау туралы сұрау салуын алған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде рейтингтік агенттік және рейтингтік агенттіктердің халықаралық рейтингтік шкалаларының салыстырмалылығы туралы мәліметтерді жариялайды. Рейтингтік агенттік қолданатын әдіснамаларды уәкілетті орган рейтингтік агенттік уәкілетті органға алғаш рет жүгінген кезде және жылына кемінде 1 (бір) рет валидациялайды. Рейтингктік агенттік қолданатын әдіснамаға өзгерістер енгізілген кезде рейтингтік агенттік 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде осындай өзгерістердің себептері мен салдарын көрсете отырып, ақпаратты уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 5
5. Қағидалардың мақсаты үшін негізгі қор индекстері деп мынадай есептік көрсеткіштер (индекстер) түсініледі: САС 40 (Compagnie des Agents de Change 40 Index) (Компани дэ Эжон дэ Шанж 40 Индекс); DAX (Deutscher Aktienindex) (Дойтче Акциениндекс); DJIA (Dow Jones Industrial Average) (Доу Джонс Индастриал Эвередж); EURO STOXX 50 (EURO STOXX 50 Price Index) (Юроп Эс Ти Оу Экс Экс 50 Прайс Индекс); FTSE 100 (Financial Times Stock Exchange 100 Index) (Файнэншл Таймс Сток Эксчейндж 100 Индекс); HSI (Hang Seng Index) (Ханг Сенг Индекс); KASE (Kazakhstan Stock Exchange Index) (Казакстан Сток Эксчейндж Индекс); MSCI World Index (Morgan Stanley Capital International World Index) (Морган Стэнли Кэпитал Интернешнл Ворлд Индекс); MOEX Russia (Moscow Exchange Russia Index) (Москоу Эксчейндж Раша Индекс); NIKKEI 225 (Nikkei-225 Stock Average Index) (Никкэй-225 Сток Эвередж Индекс); RTSI (Russian Trade System Index) (Рашен Трейд Систем Индекс); S&P 500 (Standard and Poor's 500 Index) (Стандард энд Пурс 500 Индекс); TOPIX 100 (Tokyo Stock Price 100 Index) (Токио Сток Прайс 100 Индекс); NASDAQ-100 (Nasdaq-100 Index) (Насдак-100 Индекс).
Тармақ 6
6. Қағидалар ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығы бар инвестициялық портфельді басқарушыларға және «өмірді сақтандыру» саласында қызметті жүзеге асыратын, бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандыру ұйымдарына қолданылмайды.
Тармақ 7
7. Сенімгерлікпен басқаруға берілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтері және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері инвестициялық портфельді басқарушылардың пруденциялық нормативтерінің мәндерін есептеу кезінде есепке алынбайды.
Тармақ 8
8. Қағидалардың инвестициялық портфельді басқарушының үлестес тұлғалары бөлігінде көзделген нормалары заңды тұлғаларға және олардың «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының көрсетілген ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан артық пайызын тікелей (банктер бойынша – жанама) иеленуі нәтижесінде инвестициялық портфельді басқарушымен үлестес болып табылатын үлестес тұлғаларына қолданылмайды.
Тармақ 9
9. Инвестициялық портфельді басқарушы бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті қоса атқарған жағдайда, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 49-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу тәртібі ескеріле отырып есептеледі.
Тармақ 10
10. Меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті және (немесе) өтімділік коэффициенті бұзылған жағдайда инвестициялық портфельді басқарушы бұзылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тиісті пруденциялық нормативті бұзу фактісі және себептері туралы, оны жою бойынша іс-шаралар жоспарымен қоса уәкілетті органға хабарлайды.
Басқа 1.1. Инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық нормативтерінің мәндерін есептеу кестесі
Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың сақтауға міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу қағидаларына қосымша Инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық нормативтерінің мәндерін есептеу кестесі № Көр­сет­кіш­тің ата­уы Ба­ланс бой­ын­ша со­ма­сы Есеп­ке алы­на­тын кө­лем (пай­ы­з­бен) Есеп­теу со­ма­сы 1 2 3 4 5 1 Ақ­ша және са­лым­дар­дың бар­лы­ғы, оның ішін­де: 1.1 ин­ве­сти­ци­я­лық порт­фель­ді бас­қа­ру­шы­ның ба­лан­сы бой­ын­ша ак­тив­тер со­ма­сы­ның 10 (он) пай­ы­зы­нан ас­пай­тын со­ма­да­ғы кас­са­да­ғы ақ­ша 100 1.2 осы қо­сым­ша­ның 1.9 және 1.10-жол­да­рын­да көр­се­ті­л­ген Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның екін­ші дең­гей­де­гі банк­те­рі­нің ағым­да­ғы шот­та­рын­да­ғы ақ­ша 100 1.3 осы қо­сым­ша­ның 1.11-жо­лын­да көр­се­ті­л­ген Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның екін­ші дең­гей­де­гі банк­те­рі­нің ағым­да­ғы шот­та­рын­да­ғы ақ­ша 90 1.4 қыз­ме­тін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да жү­зе­ге асы­ра­тын неме­се «Аста­на» ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ор­та­лы­ғы­ның ау­ма­ғын­да жұ­мыс іс­тей­тін ор­та­лық де­по­зи­та­рий­де­гі шот­тар­да­ғы ақ­ша 100 1.5 ин­ве­сти­ци­я­лық порт­фель­ді бас­қа­ру­шы­ның кли­ринг­тік ұй­ым­ның (ор­та­лық контр­агент­тің) ке­піл­дік неме­се ре­зерв­тік қор­ла­ры­на жар­на­лар, маржа­лық жар­на­лар, қор бир­жа­сы­ның са­уда жүй­е­сін­де ашық са­уда-сат­тық әді­сі­мен және (неме­се) ор­та­лық контр­агент­тің қа­ты­суы­мен жа­сал­ған мәмі­ле­лер бой­ын­ша мін­дет­те­ме­лер­дің орын­да­луын то­лық және (неме­се) іші­на­ра қам­та­ма­сыз ету бо­лып та­бы­ла­тын ақ­ша­сы 100 1.6 Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шка­ла­сы бой­ын­ша «ВВВ-»-тен тө­мен емес ұзақ мер­зім­ді кре­дит­тік рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент-банк­те­рін­де­гі ағым­да­ғы шот­тар­да­ғы ақ­ша 100 1.7 «Ба­ға­лы қа­ға­з­дар ры­но­гы ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы 59-ба­бы­ның 1-тар­ма­ғын­да бел­гі­лен­ген функ­ци­я­лар­ды жү­зе­ге асы­ра­тын, Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шка­ла­сы бой­ын­ша «ВВВ»-ден тө­мен емес ұзақ мер­зім­ді кре­дит­тік рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент-ұй­ым­да­рын­да­ғы шот­тар­да­ғы ақ­ша 100 1.8 Ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ға қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша ха­лы­қа­ра­лық қа­уым­да­стық­тың мү­ше­сі бо­лып та­бы­ла­тын Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент-ұй­ым­да­рын­да­ғы шот­тар­да­ғы ақ­ша (International Securities Services Association) (Ин­тер­нэш­нл Се­кью­ри­тис Сер­ви­сис Асо­ши­айшн) 100 1.9 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның екін­ші дең­гей­де­гі банк­те­рі қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­мі­нің «Негіз­гі» ала­ңы «ак­ци­я­лар» сек­то­ры­ның «пре­ми­ум» са­на­ты­на ен­гі­зі­л­ген эми­тент­тер неме­се ак­ци­я­ла­ры қор бир­жа­сы ин­дек­сі­нің өкіл­дік ті­зі­мін­де­гі эми­тент­тер бо­лып та­бы­ла­тын жағ­дай­да, осы банк­тер­де­гі са­лым­дар 100 1.10 Мы­на та­лап­тар­дың бі­ре­уіне сәй­кес ке­ле­тін, Рес­пуб­ли­ка­сы­ның екін­ші дең­гей­де­гі банк­те­рін­де­гі са­лым­дар: банк­тер­дің Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шка­ла­сы бой­ын­ша «В»-ден тө­мен емес ұзақ мер­зім­ді кре­дит­тік рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі неме­се Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ұлт­тық шка­ла­сы бой­ын­ша «kzBB+»-тен тө­мен емес рей­тинг­тік ба­ға­сы неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің ұлт­тық шка­ла­сы бой­ын­ша осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар; Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент-бас банк­те­рі Standard & Poor's агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шка­ла­сы бой­ын­ша «А-»-тен тө­мен емес ұзақ мер­зім­ді кре­дит­тік рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­дент-ен­ші­лес банк­те­рі бо­лып та­бы­ла­ды 100 1.11 Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ұлт­тық шка­ла­сы бой­ын­ша «В-»-тен тө­мен емес ұзақ мер­зім­ді кре­дит­тік рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі неме­се Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ұлт­тық шка­ла­сы бой­ын­ша «kzBB»-дан «kzBB-»-ға дей­ін рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің ұлт­тық шка­ла­сы бой­ын­ша осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның екін­ші дең­гей­де­гі банк­те­рін­де­гі са­лым­дар 90 1.12 Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ұлт­тық шка­ла­сы бой­ын­ша «АА-»-тен тө­мен емес ұзақ мер­зім­ді рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гi бар ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­рын­да­ғы са­лым­дар, Еура­зия да­му бан­кін­де­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұлт­тық ва­лю­та­сын­да­ғы са­лым­дар 100 1.13 Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шка­ла­сы бой­ын­ша «ВВВ-»-тен тө­мен емес ұзақ мер­зім­ді неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар бей­ре­зи­дент-банк­тер­де­гі са­лым­дар 100 2 Бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар – бар­лы­ғы, оның ішін­де: 2.1 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі мен Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық Бан­кі шы­ғар­ған, бас­қа мем­ле­кет­тер­дің заң­на­ма­сы­на сәй­кес эмис­си­я­лан­ған­дар­ды қо­са ал­ған­да, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры 100 2.2 қыз­ме­тін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да жү­зе­ге асы­ра­тын қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­міне ен­гі­зі­л­ген, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры шы­ғар­ған бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар 100 2.3 ак­ци­я­ла­ры­ның жүз пай­ы­зы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық Бан­кіне ти­е­сі­лі, кә­сіп­кер­лік қыз­мет­пен бай­ла­ны­сты емес же­ке тұ­лға­лар­дың ипо­те­ка­лық қары­зда­рын са­тып алу­ды жү­зе­ге асы­ра­тын заң­ды тұл­ға шы­ғар­ған бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар 100 2.4 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның және бас­қа да мем­ле­кет­тер­дің заң­на­ма­сы­на сәй­кес «Қа­зақ­стан Да­му бан­кі», «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ұлт­тық әл-ауқат қо­ры», «Бәй­те­рек» ұлт­тық бас­қа­ру­шы хол­дин­гі», «Про­бле­ма­лық кре­дит­тер қо­ры» ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­да­ры шы­ғар­ған бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар 100 2.5 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның және бас­қа мем­ле­кет­тер­дің заң­на­ма­сы­на сәй­кес шы­ға­ры­л­ған, қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­мі­нің «Негіз­гі» ала­ңы «бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар» сек­то­ры­на ен­гі­зі­л­ген, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­ды тұ­лға­ла­ры­ның мем­ле­кет­тік емес бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры, неме­се қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­мі­нің «Негіз­гі» ала­ңы «бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар» сек­то­ры­на ен­гі­зу үшін қор бир­жа­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін, «Аста­на» ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ор­та­лы­ғы­ның ау­ма­ғын­да жұ­мыс іс­тей­тін қор бир­жа­сын­да жа­рия са­уда-сат­тық­қа жі­бе­рі­л­ген, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­ды тұ­лға­ла­ры­ның мем­ле­кет­тік емес бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры 90 2.6 со­ма­сы осы мем­ле­кет­тік емес бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың но­ми­нал­дық құ­ны­ның ке­мін­де 50 (елу) пай­ы­зын өтей­тін, «ДА­МУ» кә­сіп­кер­лік­ті да­мы­ту қо­ры» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның және (неме­се) «Қа­зақ­стан Да­му бан­кі»ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның ке­піл­дік­те­рі бар, қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­мі­нің «Негіз­гі» не «Ба­ла­ма­лы» алаң­да­ры «бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар» сек­то­ры­на ен­гі­зі­л­ген, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Кә­сіп­кер­лік ко­дек­сіне сәй­кес ша­ғын неме­се ор­та кә­сіп­кер­лік­ке жат­қы­зы­л­ған субъ­ек­ті­лер шы­ғар­ған мем­ле­кет­тік емес бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар 95 2.7 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның және бас­қа да мем­ле­кет­тер­дің заң­на­ма­сы­на сәй­кес шы­ға­ры­л­ған, қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­мі­нің «Ба­ла­ма­лы» ала­ңы­ның «бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар» сек­то­ры­на ен­гі­зі­л­ген, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­ды тұ­лға­ла­ры­ның мем­ле­кет­тік емес бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры неме­се қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­мі­нің «Ба­ла­ма­лы» ала­ңы «бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар» сек­то­ры­на ен­гі­зу үшін қор бир­жа­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін, «Аста­на» ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ор­та­лы­ғы­ның ау­ма­ғын­да жұ­мыс іс­тей­тін қор бир­жа­сын­да жа­рия са­уда-сат­тық­қа жі­бе­рі­л­ген, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­ды тұ­лға­ла­ры­ның мем­ле­кет­тік емес бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры 60 2.8 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның және бас­қа да мем­ле­кет­тер­дің заң­на­ма­сы­на сәй­кес шы­ға­ры­л­ған, Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шка­ла­сы бой­ын­ша «ВВ-»-тен тө­мен емес рей­тинг­тік ба­ға­сы неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гi неме­се Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) ұлт­тық шка­ла­сы бой­ын­ша «kzA-»-тен тө­мен емес рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің ұлт­тық шка­ла­сы бой­ын­ша осы­ған ұқсас дең­гей­де­гi рей­тин­гi бар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­ды тұ­лға­ла­ры­ның мем­ле­кет­тік емес бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры 100 2.9 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның және бас­қа да мем­ле­кет­тер­дің заң­на­ма­сы­на сәй­кес шы­ға­ры­л­ған, Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шка­ла­сы бой­ын­ша «В+»-тен «В-»-ке дей­ін­гі рей­тинг­тік ба­ға­сы неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі неме­се Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) ұлт­тық шка­ла­сы бой­ын­ша «kzBBB+»-тен «kzBB-»-ке дей­ін­гі рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің ұлт­тық шка­ла­сы бой­ын­ша осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­ды тұ­лға­ла­ры­ның мем­ле­кет­тік емес бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры 85 2.10 Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «АА-»-тен тө­мен емес ха­лы­қа­ра­лық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гi бар ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған мем­ле­кет­тік емес бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар, сон­дай-ақ Еура­зия Да­му Бан­кі шы­ғар­ған және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұлт­тық ва­лю­та­сын­да но­ми­нир­лен­ген ба­ға­лы қа­ға­з­дар 100 2.11 Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шка­ла­сы бой­ын­ша «ВВВ-»-тен тө­мен емес тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гi бар шет мем­ле­кет­тер­дің бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры 100 2.12 Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шка­ла­сы бой­ын­ша «ВВ+»-тен «ВВ-»-ке дей­ін тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гi бар шет мем­ле­кет­тер­дің бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры 90 2.13 Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шка­ла­сы бой­ын­ша «В+»-тен «В-»-ке дей­ін тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гi бар шет мем­ле­кет­тер­дің бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры 80 2.14 Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шка­ла­сы бой­ын­ша «ВВВ-»-тен тө­мен емес рей­тинг­тік ба­ға­сы неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің рей­тин­гi (эми­те­т­ін­де бар) бар ше­тел­дік эми­тент­тер­дің мем­ле­кет­тік емес бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры 100 2.15 Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шка­ла­сы бой­ын­ша «ВВ+»-тен «ВВ-»-ке дей­ін рей­тинг­тік ба­ға­сы неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің рей­тин­гi (эми­те­т­ін­де бар) бар ше­тел­дік эми­тент­тер­дің мем­ле­кет­тік емес бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры 85 2.16 Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шка­ла­сы бой­ын­ша «В+»-тен «В-»-ке дей­ін рей­тинг­тік ба­ға­сы неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің рей­тин­гi (эми­тен­т­ін­де бар) бар ше­тел­дік эми­тент­тер­дің мем­ле­кет­тік емес бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры 70 3 Ак­ци­я­лар және де­по­зи­тар­лық қол­хат­тар – бар­лы­ғы, оның ішін­де: 3.1 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­ды тұ­лға­ла­ры­ның және негіз­гі қор ин­дек­с­те­рі­нің құ­ра­мы­на кі­ре­тін ше­тел­дік эми­тент­тер­дің ак­ци­я­ла­ры және ба­за­лық ак­ти­ві осы ак­ци­я­лар бо­лып та­бы­ла­тын де­по­зи­тар­лық қол­хат­тар 100 3.2 заң­ды тұ­лға­лар­дың қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­міне ен­гі­зі­л­ген, қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­мі­нің «Негіз­гі» ала­ңы «ак­ци­я­лар» сек­то­ры «пре­ми­ум» са­на­ты­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін ак­ци­я­ла­ры және ба­за­лық ак­ти­ві осы ак­ци­я­лар бо­лып та­бы­ла­тын де­по­зи­тар­лық қол­хат­тар 100 3.3 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­дент-заң­ды тұ­лға­ла­ры­ның қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­мі­нің «Негіз­гі» ала­ңы «ак­ци­я­лар» сек­то­ры­ның «стан­дарт» са­на­ты­на ен­гі­зі­л­ген ак­ци­я­ла­ры неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­дент-заң­ды тұ­лға­ла­ры­ның «Аста­на» ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ор­та­лы­ғы­ның ау­ма­ғын­да жұ­мыс іс­тей­тін қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­міне ен­гі­зі­л­ген, жа­рия са­уда-сат­тық­қа жі­бе­рі­л­ген ак­ци­я­ла­ры және осы қо­сым­ша­ның 3.4-жо­лын­да көр­се­ті­л­ген, ба­за­лық ак­ти­ві осы ак­ци­я­лар бо­лып та­бы­ла­тын ак­ци­я­лар мен де­по­зи­тар­лық қол­хат­тар­ды қо­с­па­ған­да, ба­за­лық ак­ти­ві осы ак­ци­я­лар бо­лып та­бы­ла­тын де­по­зи­тар­лық қол­хат­тар 80 3.4 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­ды тұ­лға­ла­ры­ның қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­мі­нің «Ба­ла­ма­лы» ала­ңы «ак­ци­я­лар» сек­то­ры­на ен­гі­зі­л­ген ак­ци­я­ла­ры неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­ды тұ­лға­ла­ры­ның «Аста­на» ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ор­та­лы­ғы­ның ау­ма­ғын­да жұ­мыс іс­тей­тін, жа­рия са­уда-сат­тық­қа жі­бе­рі­л­ген қор бир­жа­сы­ның «Өңір­лік ак­ци­я­лар на­ры­ғы­ның сег­мен­ті» ре­сми ті­зі­мі­нің кі­ші бө­лі­міне ен­гі­зі­л­ген ак­ци­я­ла­ры және ба­за­лық ак­ти­ві осы ак­ци­я­лар бо­лып та­бы­ла­тын де­по­зи­тар­лық қол­хат­тар 60 3.5 Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шка­ла­сы бой­ын­ша «ВВВ-»-тен тө­мен емес рей­тинг­тік ба­ға­сы неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­ды тұ­лға­ла­ры­ның және ше­тел­дік эми­тент­тер­дің ак­ци­я­ла­ры және ба­за­лық ак­ти­ві осы ак­ци­я­лар бо­лып та­бы­ла­тын де­по­зи­тар­лық қол­хат­тар 100 3.6 Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шка­ла­сы бой­ын­ша «ВВ+»-тен «ВВ-»-ке дей­ін рей­тинг­тік ба­ға­сы неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­ды тұ­лға­ла­ры­ның және ше­тел­дік эми­тент­тер­дің ак­ци­я­ла­ры және ба­за­лық ак­ти­ві осы ак­ци­я­лар бо­лып та­бы­ла­тын де­по­зи­тар­лық қол­хат­тар 80 3.7 Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шка­ла­сы бой­ын­ша «В+»-тен «В-»-ке дей­ін рей­тинг­тік ба­ға­сы неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­ды тұ­лға­ла­ры­ның және ше­тел­дік эми­тент­тер­дің ак­ци­я­ла­ры және ба­за­лық ак­ти­ві осы ак­ци­я­лар бо­лып та­бы­ла­тын де­по­зи­тар­лық қол­хат­тар 60 4 Өзге ба­ға­лы қа­ға­з­дар – бар­лы­ғы, оның ішін­де: 4.1 ин­ве­сти­ци­я­лық қор­лар­дың қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­міне ен­гі­зі­л­ген ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры 70 4.2 ак­тив­те­рі­нің құ­ры­лы­мы негіз­гі қор ин­дек­с­те­рі­нің бі­рі­нің құ­ры­лы­мын қай­та­лай­тын неме­се пай­ла­ры бой­ын­ша ба­ға бел­гі­леу негіз­гі қор ин­дек­с­те­ріне бай­ла­ны­сты­ры­л­ған Exchange Traded Funds (ETF) (Экс­чейндж Тр­эй­дэд Фандс) пай­ла­ры 90 4.3 Morningstar рей­тинг­тік агент­ті­гі­нің «3 жұл­ды­здан» тө­мен емес рей­тинг­тік ба­ға­сы бар Exchange Traded Funds (ETF) (Экс­чейндж Тр­эй­дэд Фандс), Exchange Traded Commodities (ETC) (Экс­чейндж Тр­эй­дэд Ком­мо­ди­тис), Exchange Traded Notes (ETN) (Экс­чейндж Тр­эй­дэд Но­утс) пай­ла­ры 80 4.4 ор­та­лық контр­агент­тің қа­ты­суы­мен жа­сал­ған «ке­рі ре­по» опе­ра­ци­я­сы­ның ны­са­на­сы бо­лып та­бы­ла­тын ба­ға­лы қа­ға­з­дар 100 4.5 ак­тив­те­рі­нің құ­ра­мы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Кә­сіп­кер­лік ко­дек­сіне сәй­кес ша­ғын неме­се ор­та кә­сіп­кер­лік­ке жат­қы­зы­л­ған субъ­ек­ті­лер шы­ғар­ған, тек қа­на мем­ле­кет­тік емес бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар есе­бі­нен қа­лып­та­сты­ры­л­ған, олар бой­ын­ша «ДА­МУ» кә­сіп­кер­лік­ті да­мы­ту қо­ры» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның және (неме­се) «Қа­зақ­стан­ның Да­му Бан­кі» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның ке­піл­ді­гі бар, со­ма­сы қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­міне ен­гі­зі­л­ген, осы мем­ле­кет­тік емес бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың но­ми­нал­ды құ­ны­ның ке­мін­де 50 (елу) пай­ы­зын өтей­тін ин­ве­сти­ци­я­лық қор­лар­дың ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры 95 5 Өзге ак­тив­тер – бар­лы­ғы, оның ішін­де: 5.1 та­зар­ты­л­ған ба­ға­лы ме­тал­дар және ме­талл шот­тар 100 5.2 ба­ға­лы қа­ға­з­дар на­ры­ғын­да кә­сі­би қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру шең­бе­рін­де есеп­тел­ген, бі­рақ тө­лен­бе­ген ко­мис­си­я­лық сый­а­қы бой­ын­ша (шарт та­лап­та­ры бой­ын­ша мер­зі­мі өт­пе­ген) де­би­тор­лық бе­ре­шек (Ұй­ым­ның үле­стес тұ­лға­ла­ры­ның де­би­тор­лық бе­ре­ше­гін қо­с­па­ған­да) - Ұй­ым­ның ба­лан­сы бой­ын­ша ак­тив­тер со­ма­сы­ның 10 (он) пай­ы­зы­нан ас­пай­тын со­ма­да 100 5.3 ба­ға­лы қа­ға­з­дар эми­тент­те­ріне ба­ға­лы қа­ға­з­дар шы­ға­ры­лы­мы про­спек­ті­сін­де көз­дел­ген олар­дың ай­на­лыс мер­зі­мі­нің өту­іне бай­ла­ны­сты туын­да­ған (ба­ға­лы қа­ға­з­дар шы­ға­ры­лы­мы про­спек­ті­сі­нің та­лап­та­ры бой­ын­ша мер­зі­мі өт­пе­ген) ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың но­ми­нал­дық құ­нын тө­ле­у­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар 100 5.4 Ұй­ым­ның ба­лан­сы бой­ын­ша ак­тив­тер со­ма­сы­ның 5 (бес) пай­ы­зы­нан ас­пай­тын со­ма­да жы­л­жы­май­тын мү­лік тү­рін­де­гі Ұй­ым­ның негіз­гі құ­рал­да­ры 100 6 Жиын­тық өтім­ді ак­тив­тер 6.1 Өтім­ді ак­тив­тер 6.2 Өтім­ді­лі­гі жо­ға­ры ак­тив­тер 6.3 «Ре­по» опе­ра­ци­я­ла­ры­ның ны­са­на­сы бо­лып та­бы­ла­тын ба­ға­лы қа­ға­з­дар (мем­ле­кет­тік ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ды қо­с­па­ған­да) 70 6.4 «Ре­по» опе­ра­ци­я­ла­ры­ның ны­са­на­сы бо­лып та­бы­ла­тын есеп­тік күн­ге 1 (бір) жы­л­ға дей­ін өтел­ген­ге дей­ін­гі мер­зі­мі бар мем­ле­кет­тік ба­ға­лы қа­ға­з­дар 95 6.5 «Ре­по» опе­ра­ци­я­ла­ры­ның ны­са­на­сы бо­лып та­бы­ла­тын есеп­тік күн­ге 1 (бір) жыл­дан астам өтел­ген­ге дей­ін­гі мер­зі­мі бар мем­ле­кет­тік ба­ға­лы қа­ға­з­дар 85 7 Ба­ланс бой­ын­ша жиын­тық мін­дет­те­ме­лер, со­ның ішін­де 7.1 7 күн­ге дей­ін 7.2 30 күн­ге дей­ін 7.3 90 күн­ге дей­ін 8 Мен­шік­ті ка­пи­тал­дың ең тө­мен­гі мөл­ше­рі 8.1 ИПБ От 8.2 БД От 9 Мен­шік­ті ка­пи­тал­дың жет­кі­лік­ті­лік ко­эф­фи­ци­ен­ті 10 Мер­зім­ді өтім­ді­лік ко­эф­фи­ци­ен­ті: 10.1 К2-1 10.2 К2-2 10.3 К2-3 10.4 К2-4
Басқа 2
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 79 қаулысына 2-қосымша
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың сақтауы міндетті пруденциялық нормативтерді есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабына, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес әзірленді және инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - инвестициялық портфельді басқарушылар) сақтауға міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу тәртібін белгілейді.
Тарау 2. 2-тарау. Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу әдістемесі
2-тарау. Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу әдістемесі
Тармақ 2
2. Меншікті капиталдың минималды мөлшерін есептеу мақсаттары үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі - АЕК) мөлшері пайдаланылады.
Тармақ 3
3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен жасалған шартқа сәйкес зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушы меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентін мынадай формула бойынша есептейді: К = (ӨЖА+ӨА - М) / (МКММ+ЗА_ИПБ_От), мұнда: ӨЖА - Әдістеменің 6-тармағына сәйкес өтімділігі жоғары деп танылатын, есептеу күніне қолда бар инвестициялық портфельді басқарушының өтімділігі жоғары активтері; ӨА - инвестициялық портфельді басқарушының есептеу күніне қолда бар, Әдістеменің 6-тармағына сәйкес өтімді деп танылатын өтімді активтері; М - есеп айырысу күніндегі баланс бойынша жиынтық міндеттемелер; МКММ - меншікті капиталдың жеткіліктілігі есебіне алынатын инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталының минималды мөлшері 440 000 (төрт жүз қырық мың) АЕК-ті құрайды; ЗА_ИПБ_От - есептеу күніне инвестициялық басқарудағы активтердің мөлшері ретінде есептелген, ЗА ИПБ операциялық тәуекел коэффициентіне көбейтілген активтерді сенімгерлік басқаруға байланысты операциялық тәуекел – 4%.
Тармақ 4
4. Инвестициялық портфельді басқарушы меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентін мынадай формула бойынша есептейді: К = (ӨЖА+ӨА - М) / (МКММ+ИПБ_От), мұнда: ӨЖА - Әдістеменің 6-тармағына сәйкес өтімділігі жоғары деп танылатын, есептеу күніне қолда бар инвестициялық портфельді басқарушының өтімділігі жоғары активтері; ӨА - инвестициялық портфельді басқарушының есептеу күніне қолда бар, Әдістеменің 6-тармағына сәйкес өтімді деп танылатын өтімді активтері; М - есеп айырысу күніндегі баланс бойынша жиынтық міндеттемелер; МКММ - меншікті капиталдың жеткіліктілігі есебіне алынатын инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталының минималды мөлшері 50 000 (елу мың) АЕК-ті құрайды; ИПБ_От - есептеу күніне инвестициялық басқарудағы активтердің мөлшері ретінде есептелген, ИПБ операциялық тәуекел коэффициентіне көбейтілген активтерді сенімгерлік басқаруға байланысты операциялық тәуекел – 0,1%.
Тармақ 5
5. Инвестициялық портфельді басқарушының мерзімді өтімділігі коэффициенттерінің ең төменгі мәні мынадай мөлшерде белгіленеді: К2-1 – кемінде 1; К2-2 – кемінде 0,9; К2-3 – кемінде 0,8; К2-4 – кемінде 0,5. К2-1 мерзімді өтімділік коэффициенті өтелгенге дейінгі қалған мерзімі 0 (нөлден) бастап 7 (жеті) күнді қоса алғанда, жоғары активтер мөлшерінің мерзімді міндеттемелер мөлшеріне қатынасы ретінде есептеледі. Егер мерзімді міндеттемелердің мөлшері өтелгенге дейінгі қалған мерзімі 0 (нөлден) бастап 7 (жеті) күнді қоса алғанда, жоғары өтімді активтердің 10%-ынан кем болса, онда К2-1 мерзімді өтімділік коэффициенті есептелмейді және орындалған болып саналады. К2-2 мерзімді өтімділік коэффициенті 0 (нөл) күннен 30 (отыз) күнге дейін қоса алғанда өтелгенге дейін қалған мерзімімен жиынтық өтімді активтер мөлшерінің мерзімді міндеттемелердің мөлшеріне қатынасы ретінде есептеледі. Егер өтелгенге дейін 0 (нөл) күннен 30 (отыз) күнге дейінгі қалған мерзімімен мерзімді міндеттемелердің мөлшері жиынтық өтімді активтердің 10%-ынан кем болса, онда К2-2 мерзімді өтімділік коэффициенті есептелмейді және орындалған болып саналады. К2-3 мерзімді өтімділік коэффициенті 0 (нөл) күннен 90 (тоқсан) күнге дейін қоса алғанда өтелгенге дейін қалған мерзімімен жиынтық өтімді активтер мөлшерінің мерзімді міндеттемелер мөлшеріне қатынасы ретінде есептеледі. Егер өтелгенге дейін 0 (нөл) күннен 90 (тоқсан) күнге дейінгі қалған мерзімімен мерзімді міндеттемелердің мөлшері жиынтық өтімді активтердің 10%-ынан кем болса, онда К2-3 мерзімді өтімділік коэффициенті есептелмейді және орындалған болып саналады. К2-4 мерзімді өтімділік коэффициенті жиынтық өтімді активтер мөлшерінің жиынтық міндеттемелер мөлшеріне қатынасы ретінде есептеледі. Егер жиынтық міндеттемелердің мөлшері жиынтық өтімді активтердің 10%-ынан кем болса, онда К2-4 мерзімді өтімділік коэффициенті есептелмейді және орындалған болып саналады. Инвестициялық портфельді басқарушының есеп айырысу күнгі қолда бар өтімділігі жоғары және өтімді активтері Әдістеменің 6-тармағына сәйкес осындай деп танылады.
Тармақ 6
6. Инвестициялық портфельді басқарушының өтімділігі жоғары активтерінің есебіне осы қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) қосымшаға сәйкес Инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық нормативтерінің мәндерін есептеу кестесінің .1, 1.2, 1.4, 1.5, 1.6, 1.7, 1.8, 1.9,1.10, 1.12, 1.13, 2.1, 2.2, 2.3, 2.4, 2.8, 2.10, 2.11, 2.14, 3.1, 3.2, 3.5, 4.4, 5.1, 5.2, 5.3, 5.4-жолдарында көрсетілген активтер (репо операцияларының мәні болып табылатын бағалы қағаздарды қоспағанда) тиісті көлемдерде енгізіледі. Инвестициялық портфельді басқарушының өтімді активтері ретінде Қағидаларға қосымшаға сәйкес Инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық нормативтерінің мәндерін есептеу кестесінің 1.3, 1.11, 2.5, 2.6, 2.7, 2.9, 2.12, 2.13, 2.15, 2.16, 3.3, 3.4, 3.6, 3.7, 4.1, 4.2, 4.3, 4.5-жолдарында көрсетілген активтер (репо операцияларының мәні болып табылатын бағалы қағаздарды қоспағанда) тиісті көлемдерде танылады. Инвестициялық портфельді басқарушы әртараптандыру нормативін сақтайды, бұл ретте бір эмитентке және оның үлестес тұлғаларына инвестициялар көлемі инвестициялық портфельді басқарушының жиынтық өтімді активтерінің 20%-нан аспайды. Әдістеменің осы тармағының үшінші бөлігінде белгіленген норма дауыс беретін акцияларының 50 (елу) пайызынан астамы мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, бір-біріне қатысты үлестес болып табылатын тұлғалар шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына, сондай-ақ орталық контрагенттің қатысуымен жасалған «кері репо» операциясының мәні болып табылатын бағалы қағаздарға қатысты қолданылмайды.
Тармақ 7
7. Әдістеменің 6-тармағында көзделген өтімділігі жоғары активтердің есебіне мыналар кірмейді:
Тармақша 1
1) инвестициялық портфельді басқарушының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету болып табылатын және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының меншік құқығы шектелген активтер (репо операцияларын қоспағанда). «Кері репо» операциясының мәні болып табылатын бағалы қағаздар Қағидаларға қосымшаға сәйкес Инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық нормативтерінің мәндерін есептеу кестесінде көрсетілген көлемде инвестициялық портфельді басқарушының өтімді активтерінің есебіне (орталық контрагенттің қатысуымен жасалған «кері репо» операциясының мәні болып табылатын бағалы қағаздарды қоспағанда) қосылады. Орталық контрагенттің қатысуымен жасалған «кері репо» операциясының мәні болып табылатын бағалы қағаздар инвестициялық портфельді басқарушының өтімді активтерінің есебіне толық көлемде қосылады. Репо операцияларының мәні болып табылатын бағалы қағаздар репо операцияларының мәні болып табылатын бағалы қағаздардың жиынтық көлемінің 70% мөлшерінде инвестициялық портфельді басқарушының өтімді активтерінің есебіне қосылады. Репо операцияларының мәні болып табылатын есепті күнгі жағдай бойынша өтелгенге дейінгі мерзімі 1 (бір) жылдан асатын мемлекеттік бағалы қағаздар инвестициялық портфельді басқарушының өтімді активтерінің есебіне репо операцияларының мәні болып табылатын есепті күнгі жағдай бойынша өтелгенге дейінгі мерзімі 1 (бір) жылдан асатын мемлекеттік бағалы қағаздардың жиынтық көлемінің 85%-ы мөлшерінде енгізіледі. Репо операцияларының мәні болып табылатын есепті күнгі жағдай бойынша өтелгенге дейінгі мерзімі 1 (бір) жылға дейінгі мемлекеттік бағалы қағаздар инвестициялық портфельді басқарушының өтімді активтерінің есебіне репо операцияларының мәні болып табылатын есепті күнгі жағдай бойынша өтелгенге дейінгі мерзімі 1 (бір) жылға дейінгі мемлекеттік бағалы қағаздардың жиынтық көлемінің 95%-ы мөлшерінде енгізіледі. Репо операцияларының мәні болып табылатын бағалы қағаздар Қағидаларға қосымшаға сәйкес Инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық нормативтерінің мәндерін есептеу кестесінің 6.3, 6.4, 6.5-жолдарында көрсетіледі;
Тармақша 2
2) өлшемдері қор биржасының акциялары нарығының индексін (қор биржасының өкілдік тізімі) есептеу мақсатында пайдаланылатын қор биржасының ресми тізіміне кіретін акцияларды қоспағанда, инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты үлестес тұлғалар болып табылатын заңды тұлғалар шығарған бағалы қағаздар.
Басқа 47. Күші жойылған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 79 қаулысына қосымша Күші жойылған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің тізбесі
Тармақ 1
1. 2-тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда, «Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті белгілеу, Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтің мәндерін есеп айырысу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 7 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9410 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы ұйымдарының қызметін пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 152 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9732 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарының қызметін пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 5-тармағы.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тізімі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 244 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10339 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тізімі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 14-тармағы.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 250 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13001 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 23-тармағы.
Тармақ 5
5. «Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойлатын талаптарды бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 54 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15175 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) 2-қосымшасына сәйкес Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 9-тармағы.
Тармақ 6
6. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 5 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16498 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2-тармағы.