Об установлении единого тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа по городу Риддеру Күшін жойған
Басқа 0
Риддер қаласы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау бірыңғай тарифін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19-бабына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Риддер қаласы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау бірыңғай тарифі 130 (жүз отыз) теңге мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Риддер қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Шығыс Қазақстан облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулыны мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 4
4) осы қаулыны оның ресми жарияланған күнінен кейін Риддер қаласы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Риддер қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы «Риддер қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы» № 1325 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4365 тіркелген, 2016 жылғы 03 наурыздағы «Лениногорская правда» газетінде, 2016 жылғы 02 наурызда
«Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Риддер қаласы әкімінің орынбасары С.А. Харченкоға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Риддер қалалық
мәслихатының хатшысы
_________И. Панченко
«15» мамыр 2018 жыл