Об утверждении схемы и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Коргалжынского района Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қорғалжын ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 14 бабының 3 тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес, Қорғалжын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қорғалжын ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы осы қаулының 1-2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қоса берілген Қорғалжын ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 5. «Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Қорғалжын ауылының Ақтан Төлеубаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Біртабан, Екпінді, Қоржынкөл, Абай, Өркендеу ауылдарында тұратын балаларды тасымалдаудың схемасы
Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 17 мамырдағы №-5/89 қаулысына 1-қосымша «Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Қорғалжын ауылының Ақтан Төлеубаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Біртабан, Екпінді, Қоржынкөл, Абай, Өркендеу ауылдарында тұратын балаларды тасымалдаудың схемасы
Басқа 6. «Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Сабынды ауылының Үсенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Алғабас ауылында тұратын балаларды тасымалдаудың схемасы
Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 17 мамырдағы №-5/89 қаулысына 2-қосымша «Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Сабынды ауылының Үсенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Алғабас ауылында тұратын балаларды тасымалдаудың схемасы
Басқа 7. Қорғалжын ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі
Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № А-5/89 қаулысына 3-қосымша Қорғалжын ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі
Тармақ 1
1. Қорғалжын ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау тәртібі «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Тасымалдаушы - білім беру ұйымы.
Тармақ 3
3. Тасымалдаулар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.