Об утверждении Правил извещения с использованием информационных систем Қолданыста
Басқа 0
Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидаларын бекіту туралы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 68-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
________________ Д. Абаев
2018 жылғы 22 мамыр
Басқа 0. Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидалары
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 18 мамырдағы № 349
бұйрығымен бекітілген
Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексінің 68-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және ақпараттық жүйені пайдаланумен жер қойнауын пайдаланушыларды хабарлау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ақпараттық жүйе – Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы мемлекеттік қызметтер көрсетуді және мемлекеттік органдар, жер қойнауын пайдаланушылар және жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де мүдделі тұлғалар арасындағы, оның ішінде басқа да ақпараттандыру объектілерімен интеграциялау арқылы ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) құзыретті орган - пайдалы қатты қазбалар саласындағы жер қойнауын пайдалану құқығын беру және тоқтатылуы жөніндегі Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіретін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орталық атқарушы орган.
Тармақша 3
3) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат.
Тарау 2. 2-тарау. Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау тәртібі
2-тарау. Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау тәртібі
Тармақ 3
3. Құзыретті органнан шешім қабылдауға құзыреті бар адамның немесе оны алмастыратын адамның электрондық қолы қойылған электрондық цифрлық қолы қойылған электрондық құжат нысанында электрондық мекенжай бойынша не жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы арқылы жер қойнауын пайдаланушыларының назарына хабардар етіледі.
Тармақ 4
4. Электрондық құжат нысанында жіберелетін хабарлама жер қойнауын пайдаланушы туралы мәліметтерді: кімге жіберілгенін, хабарламаны жіберу үшін негіздемені, хабарламаның мазмұнын, жіберуші туралы ақпаратты, жіберушінің электрондық сандық қолын қамтиды.
Тармақ 5
5. Хабарламаларды жөнелту және алу фактілері ақпараттық жүйелерде тіркеледі. Электрондық байланыс болмаған немесе хабарламаларды жөнелтуге кедергі келтіретін басқа да жағдайлар туындаған кезде жеткізілмеген хабарламалар кезекте жинақталады. Авариялық жағдай немесе кезектегі жеткізілмеген хабарламалардың жөнелту қателері жойылғаннан кейін қайта жаңартылады.