Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат маслихата города Аксу» Күшін жойған
Басқа 0
«Ақсу қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 33-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» № 13 бұйрығына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Ақсу қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсу қалалық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. «Ақсу қалалық мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі
Ақсу қалалық мәслихатының
2018 жылғы 08 маусымдағы
№ 218/29 шешімімен бекітілген
«Ақсу қалалық мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Ақсу қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 33-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» № 13 бұйрығына сәйкес әзірленді және «Ақсу қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі - «Б» корпусының қызметшілері) қызметін бағалау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Әдістемеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) тікелей басшы – дербес бағынысында болып табылатын бағаланушы қызметшіге қатысты тұлға;
Тармақша 2
2) жоғары тұрған басшы – дербес бағынысты болып табылатын, бағаланушы қызметшінің тікелей басшысына қатысты тұлға;
Тармақша 3
3) нысаналы мақсатты индикаторлар (бұдан әрі – НМИ) – мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына немесе «Б» корпусы қызметшісінің қызметінің ерекшелігіне сәйкес (процесстік жұмысты қоспағанда) белгіленетін, «Б» корпусы қызметшілері қол жеткізген жағдайда олардың қызметінің тиімділігін дәлелдейтін көрсеткіштер;
Тармақша 4
4) жеке жұмыс жоспары – «Б» корпусы қызметшісінің бағалау кезеңіне НМИ қарастырылған және тікелей басшысымен бірлесіп құрылатын, жоғары тұрған басшымен бекітілген құжат;
Тармақша 5
5) құзыреттер – нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың жиынтығы;
Тармақша 6
6) мінез-құлық индикаторы – «Б» корпусы қызметшісінің мінез-құлық және құзыреттер деңгейі көрінісінің сипаттамасы;
Тармақ 3
3. «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының сапасы мен тиімділігін айқындау үшін өткізіледі.
Тармақ 4
4. «Б» корпусы қызметшісінің нақты лауазымға келу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда соның ішінде әлеуметтік демалыстан шыққаннан немесе оқуды аяқтағаннан кейін, сондай-ақ сынақ мерзімінде бағалау өткізілмейді.
Бағалауды өткізу кезінде «Б» корпусы қызметшілері еңбек демалысында, жалақы сақталмайтын демалысында, уақытша еңбекке жарамсыздығы кезеңінде, іс-сапарда немесе тағылымдамада болғанда, сондай-ақ қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілгенде жұмысына қайта кіріскеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде бағалаудан өтеді.
Тармақ 5
5. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) Ақсу қаласының мәслихат аппараты немесе кадр қызметінің міндеттерін атқару жүктелген тұлға (кадр қызметі бойынша бас маман) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.
Тармақ 6
6. Бағалау екі жеке бағыт бойынша жүргізіледі:
Тармақша 1
1) НМИ жетістіктерін бағалау;
Тармақша 2
2) «Б» корпусы қызметшілерінің құзыреттерін бағалау.
Тармақ 7
7. НМИ орындалуын бағалау нәтижелері бонустар төлеу, көтермелеу, ротациялау, мемлекеттік лауазымдардан төмендету немесе босату үшін шешім қабылдауға негіз болып табылады.
Құзыреттерді бағалау нәтижелері «Б» корпусы қызметшісінің қажетті құзыреттерін дамытуға негіз болып табылады. Бұл ретте, құзыреттерді бағалау нәтижелері бонустар төлеуге, көтермелеуге, ротациялауға, мемлекеттік лауазымдардан төмендетуге немесе босатуға әсер етпейді.
Тармақ 8
8. Бағалауға байланысты құжаттар мәслихат аппаратында бағалау аяқталғаннан кейін үш жыл бойы сақталады.
Тарау 2. 2-тарау. НМИ анықтау тәртібі
2-тарау. НМИ анықтау тәртібі
Тармақ 9
9. Бағалау кезеңі басталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшісінің НМИ тікелей басшымен жеке жұмыс жоспарында осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысанда анықталады.
Тармақ 10
10. Жеке жұмыс жоспары тиісті НМИ әзірленген соң, ол бекіту үшін жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.
Тармақ 11
11. «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы мемлекеттік органның (жергілікті уәкілетті органның) бірінші басшысы болған жағдайда жеке жұмыс жоспары осы лауазымды тұлғамен бекітіледі.
Тармақ 12
12. НМИ осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе жоғары тұрған басшы жеке жұмыс жоспарын түзетуге қайтарады.
Жеке жұмыс жоспарын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, түзетуге жолданған күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. НМИ:
Тармақша 1
1) нақты (күтілетін оң өзгерістер көрсетіле отырып қол жеткізуге тиісті нәтиже анық белгіленеді);
Тармақша 2
2) өлшемді (НМИ өлшеу үшін нақты критерийлер белгіленеді);
Тармақша 3
3) қолжетімді (НМИ қолда бар ресурстарды, құзыреттер мен шектеулерді ескере отырып белгіленеді);
Тармақша 4
4) уақытпен шектеулі (НМИ қол жеткізу мерзімі белгіленеді);
Тармақша 5
5) мемлекеттік органның стратегиялық мақсатын, саяси қызметшінің меморандумын немесе «А» корпусы қызметшісінің келісімін жүзеге асыруға бағытталған болуы тиіс.
Тармақ 14
14. НМИ саны 5 құрайды.
Тармақ 15
15. Жеке жұмыс жоспары Ақсу қалалық мәслихатының апппаратының кадр жұмыстары лауазымдық міндетіне кіретін бас маманында (бұдан әрі- бас маман) сақталады.
Тарау 3. 3-тарау. НМИ жетістігін бағалау тәртібі
3-тарау. НМИ жетістігін бағалау тәртібі
Тармақ 16
16. Жеке жұмыс жоспарында көрсетілген НМИ жетістігіне бақылау жүргізу
мақсатында тікелей басшы НМИ-да белгіленген жетістіктерге тоқсан сайын мониторинг жүргізеді.
Тоқсан сайынғы мониторинг қортындысы бойынша тікелей басшы бағалауға жататын «Б» корпусы қызметшісіне НМИ-ге жету және сол үшін қажетті шаралар бойынша жазбаша ұсыныстар береді.
Тармақ 17
17. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда НМИ бойынша бағалау парағын толтырады және оған қол қояды.
Тармақ 18
18. Жеке жұмыс жоспарының жүзеге асырылуын бағалау жеке жұмыс жоспары құрылған жыл қорытындысы бойынша НМИ бағалау негізінде келесі тәртіпте жүзеге асырылады:
НМИ барлығы орындалған жағдайда «өте жақсы» баға қойылады.
НМИ санының 5-нен 4-і орындалған жағдайда «тиімді» баға қойылады.
НМИ санының 5-нен 3-і орындалған жағдайда «қанағаттанарлық» баға қойылады.
НМИ санының 5-нен 3-тен азы орындалған жағдайда «қанағаттанарлықсыз» баға қойылады.
НМИ-дің орындалуы жеке жоспарда қарастырылған барлық көрсеткіштердің толық орындалуын көздейді.
Тармақ 19
19. Бағалау парағы тікелей басшымен толтырылғаннан кейін, ол жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.
Тармақ 20
20. «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы мемлекеттік органның бірінші басшысы болған жағдайда бағалау парағы оның қарауына енгізіледі.
Тармақ 21
21. «Б» корпусы қызметшісінің бағалау парағын қарау қорытындысы бойынша жоғары тұрған басшымен келесі шешімдердің бірі қабылданады:
Тармақша 1
1) бағалаумен келісу;
Тармақша 2
2) түзетуге жіберу.
Тармақ 22
22. Бағалау парағы НМИ қол жеткізуін дәлелдейтін фактілердің жеткіліксіздігі немесе дәйексіздігі болған жағдайда түзетуге жолданады.
Тармақ 23
23. Бағалау парағын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, оны түзетуге жолдағаннан кейін 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Тармақ 24
24. Жоғары тұрған басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін бас маман 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.
Тарау 4. 4-тарау. Құзыреттерді бағалау тәртібі
4-тарау. Құзыреттерді бағалау тәртібі
Тармақ 25
25. Құзыреттерді бағалау тікелей басшымен жүргізіледі және оның нәтижесі бойынша осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағы толтырылады.
Тармақ 26
26. Бағалау парағын толтыру барысында әр құзырет бойынша «Б» корпусы мемлекеттік лауазымдар санаттары үшін осы Әдістеменің 4-қосымшасымен көзделген мінез-құлық индикаторларының жиынтығын басшылыққа алу қажет. Бір құзырет бойынша мінез-құлық индикаторларының саны оннан аспайды.
Тармақ 27
27. Қызметші құзыретінің даму деңгейі бағалау кезеңінде оның қызметінде көрінген мінез-құлық индикаторларының санымен келесі тәртіпте анықталады:
Тармақша 1
1) қызметшінің қызметінде белгілі бір құзыретпен көзделген мінез-құлық индикаторларының 3/4 немесе одан көбі байқалған жағдайда «күтілген нәтижеге сәйкес» бағасы қойылады;
Тармақша 2
2) қызметшінің қызметі нақты құзыретпен көзделген мінез-құлық индикаторларының 3/4-нен кеміне сәйкес келмесе, бағаланатын құзырет бойынша «күтілген нәтижеге сәйкес емес» бағасы қойылады.
Тармақ 28
28. Тікелей басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін бас маман 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.
Тарау 5. 5-тарау. Бағалау нәтижелерін Комиссиямен қарау
және бағалау нәтижесіне шағымдану
5-тарау. Бағалау нәтижелерін Комиссиямен қарау
және бағалау нәтижесіне шағымдану
Тармақ 29
29. Бас маман Комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады және бағалауды өткізуге дейін 7 жұмыс күні аралығында бағалауды жүргізетін тұлғаларды бағалау жүргізу туралы хабарлайды.
Тармақ 30
30. Комиссияның отырысы оның құрамының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.
Тармақ 31
31. Комиссияның төрағасын не мүшесін алмастыру комиссияны құру туралы бұйрыққа өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 32
32. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Тармақ 33
33. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, бағалау жөніндегі комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 34
34. Комиссияның хатшысы бас маман болып табылады. Комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
Тармақ 35
35. Бас маман Комиссия төрағасымен келісілген мерзімдерге Комиссия отырысының өткізілуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 36
36. Бас маман қызметі Комиссияның отырысына келесі құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) толтырылған бағалау парақтарын;
Тармақша 2
2) осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес Комиссия отырысының хаттамасының жобасын.
Тармақ 37
37. Комиссия бағалау нәтижелерін қарайды да келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
Тармақша 1
1) бағалау нәтижелерін бекіту;
Тармақша 2
2) бағалау нәтижелерін қайта қарау.
Тармақ 38
38. Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылданған жағдайда Комиссия бағалау нәтижесін түзетіп, оны хаттаманың «Бағалау нәтижелері комиссиямен түзетілуі (бар болған жағдайда)» графасында көрсетіледі.
Тармақ 39
39. Бағалаудың нәтижелері уәкілетті тұлғамен бекітіледі және осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті хаттамасында тіркеледі.
Тармақ 40
40. Бас маман «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде таныстырады.
Тармақ 41
41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқар және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.
Тармақ 43
43. «Б» корпусы қызметшісінің Комиссия шешіміне шағымдануы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда немесе оның аумақтық департаментінде шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Шағымдарды қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органға Комиссия шешімін жойып, «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қарау бойынша ұсыныс беру;
Тармақша 2
2) «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қараусыз қалдыру.
Тармақ 44
44. «Б» корпусы қызметшісі бағалау нәтижелеріне сот тәртібінде шағымдануға құқылы.
Басқа 76. «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшісінің жеке жұмыс жоспары
«Ақсу қалалық мәслихатының
аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б»
корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалау
әдістемесіне 1-қосымша
Нысан
«БЕКІТЕМІН»
Жоғары тұрған басшы
___________________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні _______________________________
қолы ______________________________
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшісінің жеке жұмыс жоспары
__________________________________ жыл
(жеке жоспар құрастырылатын кезең)
Қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):_______________________
Қызметшінің лауазымы: ________________________________________________________
Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:____________________________________
______________________________________________________________________________
р/с №
НМИ
атауы
Қай көрсеткішінен немесе мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжатынан түйінделеді
Өлшем бірлігі
Жоспарлы мәні
Қол жеткізу мерзімдері
Түйінді нәтиже*
* нысаналы мақсатты индикатор қол жеткізуден күтілетін оң өзгерістер
Қызметші
___________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні _______________________
қолы ____________________
Тікелей басшы
___________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні _______________________
қолы ____________________
Басқа 77. НМИ бойынша бағалау парағы
«Ақсу қалалық мәслихатының
аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б»
корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалау
әдістемесіне 2-қосымша
Нысан
«БЕКІТЕМІН»
Жоғары тұрған басшы
______________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні __________________________
қолы _________________________
НМИ бойынша бағалау парағы
____________________________________________________
(Т.А.Ә.,бағаланатын тұлғаның лауазымы)
____________________________________________________
(бағаланатын кезең)
р/с
№
НМИ
атауы
Өлшем
бірлігі
Жоспарлы мәні
Нақты мәні
Көрсеткішке қол жетті/көрсеткішке қол жетпеді
Бағалау нәтижесі __________________________________________________
(қанағаттанарлықсыз, қанағаттанарлық, тиімді, өте жақсы)
Қызметші
___________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________
Тікелей басшы
___________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________
Басқа 78. Құзыреттер бойынша бағалау парағы
«Ақсу қалалық мәслихатының
аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б»
корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалау
әдістемесіне 3-қосымша
Нысан
Құзыреттер бойынша бағалау парағы
_________________жыл
(бағаланатын жыл)
Бағаланатын қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда): __________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ____________________________________________________
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
______________________________________________________________________________________
№ р/с
Құзыреттер атауы
Бағалау нәтижелері (күтілетін нәтижеге сәйкес/күтілетін нәтижеге сәйкес емес)
Қызметшіде байқамаған мінез-құлық индикатор атауы (күтілетін нәтижеге сәйкес емес бағасын алған жағдайда)
1.
Қызметті басқару
2.
Ынтымақтастық
3.
Шешім қабылдау
4.
Жеделділік
5.
Өздігінен даму
6.
Адалдық
7.
Жауапкершілік
8.
Бастамашылдық
9.
Стресске орнықтылық
Қызметші
___________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________
Тікелей басшы
___________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________
Басқа 79. Құзыреттердің мінез-құлық индикаторлары
«Ақсу қалалық мәслихатының
аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б»
корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалау
әдістемесіне 4-қосымша
Нысан
Құзыреттердің мінез-құлық индикаторлары
Құзыреттер атауы
Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаты
Тиімді мінез-құлық индикаторлары
Тиімсіз мінез-құлық индикаторлары
1
2
3
4
Қызметтік басқару
Е-2;
Е-3
Бөлімшенің қызметін жоспарлау мен қамтамасыз етуге қажетті ақпараттарды жинақтап, талдайды және басшылыққа енгізеді;
Сеніп тапсырылған ұжымның жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады, олардың жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуіне ықпал етеді;
Қызметкерлердің қойылған міндеттердің орындалуы барысындағы қызметіне бақылау жүргізеді;
Бөлімше жұмысының нәтижелелілігін және сапасын қамтамасыз етеді.
Бөлімшенің қызметін жоспарлау мен қамтамасыз етуге қажетті ақпараттарды жинақтап, талдамайды және басшылыққа енгізбейді;
Сеніп тапсырылған ұжымның жұмысын жоспарламайды және ұйымдастырмайды, олардың жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуіне ықпал етпейді;
Қызметкерлердің қойылған міндеттердің орындалуына бақылау жүргізбейді;
Бөлімше жұмысының нәтижелелілігін және сапасын қамтамасыз етпейді.
Е-4
Басымдылығына қарай тапсырмаларды маңыздылығы ретімен қояды;
Басшылыққа сапалы құжаттар дайындайды және енгізеді;
Өлшеулі уақыт жағдайында жұмыс жасай алады;
Белгіленген мерзімдерді сақтайды.
Тапсырмаларды жүйесіз орындайды;
Сапасыз құжаттар әзірлейді;
Жедел жұмыс жасамайды;
Белгіленген мерзімдерді сақтамайды.
Ынтымақтастық
Е-2;
Е-3
Ұжымда сенімді қарым-қатынас орнатады;
Бөлімшенің қоғаммен тиімді жұмысын ұйымдастыру бойынша
ұсыныс жасайды;
Бірлесіп жұмыс атқару үшін әріптестерімен тәжірибесімен және білімімен бөліседі;
Әрқайсысының нәтижеге жетуге қосқан үлесін анықтайды.
Ұжымда өзара сенімсіз қарым-қатынас орнатады;
Бөлімше және қоғаммен тиімді жұмыс ұйымдастыру
бойынша ұсыныс жасамайды;
Бірлесіп жұмыс атқару үшін әріптестерімен тәжірибесімен және білімімен бөліспейді;
Бағыныстағы тұлғалардың нәтижеге жетуге қосқан үлесін анықтамайды.
Е-4
Ұжымның жұмысына үлесін қосады және қажет болған жағдайда түсіндірме үшін аса тәжірибелі әріптестеріне жүгінеді;
Мемлекеттік органдар мен ұжымдардың өкілдерімен және әріптестерімен қарым-қатынасты дамытады;
Талдау барысында пікір алмасады және талқылау нәтижесін ескере отырып, тапсырмаларды орындайды.
Жұмыста тұйықтық ұстанымын білдіреді және түсіндірме үшін аса тәжірибелі әріптестеріне жүгінбейді;
Әртүрлі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен және әріптестерімен өзара әрекеттеспейді;
Әріптестерімен мәселелерді талқыламайды.
Шешім қабылдау
Е-2;
Е-3
Бөлімше қызметін ұйымдастыруда тапсырмаларды дұрыс бөле алады;
Шешім қабылдауда қажетті ақпараттарды жинауды ұйымдастырады;
Шешім қабылдаудағы тәсілдерді ұжыммен талқылайды;
Әртүрлі дереккөздерден алынған мағлұматтарды ескере отырып, мүмкін болатын қауіптерді талдайды және болжамдайды;
Мүмкін болатын қауіптер мен салдарларды ескере отырып, құзыреті шегінде шешім қабылдайды.
Бөлімше қызметін ұйымдастыруда тапсырмаларды дұрыс бөле алмайды;
Шешім қабылдауда қажетті ақпараттарды жинауды сирек ұйымдастырады;
Шешім қабылдаудағы тәсілдерді ұжыммен талқылаудан бас тартады және басқалардың пікірін ескермейді;
Әртүрлі дереккөздерден алынған мағлұматтарды ескермейді, мүмкін болатын қауіптерді талдамайды және болжамайды;
Шешім қабылдау барысында мүмкін болатын қауіптер мен салдарларды ескермейді.
Е-4
Қажетті мәліметтерді таба алады;
Мүмкін болатын қауіптерді ескере отырып, мәселелерді шешудің бірнеше жолын ұсынады;
Өзінің пікірін негіздей алады.
Қажетті мәліметтерді таба алмайды;
Мүмкін болатын қауіптерді ескермейді немесе мәселелерді шешудің альтернативасын ұсынбайды;
Негізсіз пікір білдіреді.
Жеделділік
Е-2;
Е-3
Жұмыстың жаңа бағыттарын пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қарайды және басшылыққа енгізеді;
Болып жатқан өзгерістерге талдау жасайды және жұмысты жақсарту бойынша уақтылы шаралар қабылдайды;
Өзгерістерді дұрыс қабылдауды өзінің үлгі өнегесімен көрсетеді.
Жұмыстың жаңа бағыттарын пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қарамайды және басшылыққа енгізбейді;
Болып жатқан өзгерістерге талдау жасамайды және жұмысты жақсарту бойынша шаралар қабылдамайды;
Болып жатқан және күтілмеген өзгерістер кезінде өзін-өзі бақыламайды.
Е-4
Жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Оларды енгізудің жаңа бағыттары мен әдістерін үйренеді;
Өзгеріс жағдайларында өзін -өзі бақылайды;
Өзгеріс жағдайларында тез бейімделеді.
Жұмыстың қолданыстағы рәсімдері мен әдістерін ұстанады;
Жаңа бағыттар мен әдістерді зерттеп оларды енгізбейді;
Өзгеріс жағдайларында өзін-өзі бақылай алмайды;
Өзгеріс жағдайларында бейімделмейді немесе баяу бейімделеді.
Өздігінен даму
Е-2;
Е-3
Бағыныстылардың құзыреттер деңгейін жоғарылату бойынша іс-шаралар ұсынады;
Мақсатқа жету үшін өзінің құзыреттерін дамытады және оларды бағыныстыларда дамыту үшін шаралар қабылдайды;
Бағыныстылармен олардың құзыреттерін, оның ішінде дамуды қажет ететін құзыреттерді талқылайды.
Бағыныстылардың құзыреттер деңгейінің жоғарылауына қызығушылық танытпайды;
Мақсатқа жету үшін өзінің және бағыныстыларының құзыреттерін дамытпайды;
Бағыныстылармен олардың құзыреттерін талқыламайды.
Е-4
Жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық танытады;
Өзіндігінен дамуға ұмтылады, жаңа ақпараттар мен оны қолданудың әдістерін ізденеді;
Тәжірибеде тиімділікті арттыратын жаңа дағдыларды қолданады.
Жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық танытпайды;
Өзіндігінен дамуға ұмтылмайды, жаңа ақпараттар мен оны қолдану әдістерімен қызықпайды;
Өзінде бар дағдылармен шектеледі.
Адалдық
Е-2;
Е-3
Белгіленген стандарттар мен нормалардың, шектеулер мен тыйымдардың сақталуын бақылайды;
Ұжымның мүддесін өз мүддесінен жоғары қояды;
Жұмыста табандылық танытады;
Ұжымдағы сыйластық пен сенім ахуалын қалыптастырады;
Бағыныстылардың іс-әрекетінде шынайылық және әділеттілік принциптерін сақтауды қамтамасыз етеді;
Риясыздық, әділдік, адал ниеттілік, сондай-ақ, жеке тұлғаның намысы мен абыройына құрмет таныта отырып, бағыныстылары үшін әдепті мінез-құлықтың үлгісі болады.
Ұжымда белгіленген стандарттар мен нормалардың, шектеулер мен тыйымдардың орын алуына жол береді;
Өз мүддесін ұжым мүддесінен жоғары қояды;
Жұмыста табандылық танытпайды;
Ұжымдағы сыйластық пен сенім ахуалын қалыптастырмайды;
Бағыныстылардың іс-әрекетінде шынайылық және әділеттілік принциптерін сақтауды қамтамасыз етпейді.
Е-4
Белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына сүйенеді;
Өзінің жұмысын адал орындайды;
Өзін адал, қарапайым, әділ ұстайды, басқаларға сыпайылық және биязылық танытады.
Белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына сай келмейтін мінез-құлықтар танытады;
Өзінің жұмысын орындау барысында немқұрайлылық білдіреді;
Өзін адалсыз, шамданған және басқаларға дөрекілік және менсізбеушілік қасиеттерін танытады.
Стресске орнықтылық
Е-2;
Е-3
Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды.
Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды.
Е-4
Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды.
Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды.
Жауапкершілік
Е-2;
Е-3
Құрылымдық бөлімше қызметін ұйымдастыруды жеке жауапкершілігіне алады.
Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыру жауапкершілігін басқа лауазымды тұлғаға артады.
Е-4
Өз ісі мен нәтижелері үшін жауаптылықта болады.
Өз ісі мен нәтижелері үшін жауаптылықты басқа тұлғаға артады.
Бастамашылдық
Е-2;
Е-3
Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдерін және шешімдерін ендіру бойынша ұсыныстарды талдайды және енгізеді.
Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдерін және шешімдерін ендіру бойынша ұсыныстарды талдамайды және енгізбейді.
Е-4
Ұсыныстар мен бастамаларын енгізеді және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындайды.
Ұсыныстар мен бастамаларын енгізбейді және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындамайды.
Басқа 80. Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
«Ақсу қалалық мәслихатының
аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б»
корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалау
әдістемесіне 5-қосымша
Нысан
«БЕКІТЕМІН»
Лауазымды тұлға
________________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні ____________________________
қолы ___________________________
Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
____________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
____________________________________________________________________
(бағалау мерзімі жыл)
Бағалау нәтижелері
р/с
№
Қызметшілердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Бағалау нәтижелері туралы мәлімет
Бағалау нәтижелері комиссиямен түзетілуі (бар болған жағдайда)
Комиссияның ұсыныстары
1.
2.
...
Комиссия қорытындысы:
____________________________________________________________________
Тексерілді:
Комиссияның хатшысы:___________________________ Күні: _____________
(тегі, аты-жөні, қолы)
Комиссияның төрағасы:___________________________ Күні: ____________
(тегі, аты-жөні, қолы)
Комиссияның мүшесі: _____________________________ Күні: ___________
(тегі, аты-жөні, қолы)