О программе строительства инженерно-транспортной инфраструктуры на территориях интенсивного сноса в городе Астане Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Астана қаласында қарқынды бұзылатын аумақтарда инженерлiк-көлiктiк инфрақұрылым салудың бағдарламасы туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2007.07.12 N 408/50-IІІ шешімімен. Астана қаласының әкiмияты ұсынған Астана қаласында қарқынды бұзылатын аумақтарда инженерлiк-көлiктiк инфрақұрылым салудың бағдарламасын қарап, Қазақстан Республикасы K951000_Конституциясының 86-бабының және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Z010148_ Заңының 6-бабының негiзiнде Астана қаласының мәслихаты былай деп шешті:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Астана қаласында қарқынды бұзылатын аумақтарда инженерлiк-көлiктiк инфрақұрылым салудың бағдарламасы бекiтiлсiн. Астана қалалық мәслихаты сессиясының төрағасы Астана қалалық мәслихаты хатшысының мiндетiн атқарушы Астана қалалық мәслихатының 2002 жылғы 2 мамырдағы N 159/30-ІІ шешімімен бекітілген Астана қаласында қарқынды бұзылатын аумақтарда инженерлік-көліктік инфрақұрылым салудың бағдарламасы
Тармақ 1
1. Төлқұжат Бағдарламаның атауы: Қарқынды бұзу аумағындағы инженерлiк-көлiктiк инфрақұрылымдар құрылысының Бағдарламасы Бағдарламаны әзiрлеуші: "Астанагенплан" коммуналдық мемлекеттік кәсiпорыны Құрылыс Бағдарламасын жүзеге асырылу кезеңi: 2002-2006 жылдар Бағдарлама құрылымы: Қарқынды бұзу аумағындағы инженерлiк-көлiктiк инфрақұрылымдар құрылысының Бағдарламасы сегiз бөлiмнен тұрады.
Тармақ 2
2. Кiрiспе Бағдарламаны әзiрлеуге Астана қаласын дамыту және оның құрылысы жөнiндегi мiндеттер мен 2030 жылға дейiн қаланы дамытудың Бас жоспарының негiзгi ережелерi туралы 2002 жылғы 27 наурыздағы N 01-10.2 Қазақстан Республикасы Президентiнiң қатысуымен өткен кеңестiң хаттамасы негiз болып табылады. Бағдарлама арқылы 533698 ш.м. тұрғын-жай алаңын iске қосу жоспарлануда. Бағдарлама 2006 жылға дейiн есептелген.
Тармақ 3
3. Қазiргі заман ахуалын талдау Бүгiнгi таңда шығысы - Сарыбұлақ өзенiнен Ақбұлақ өзенiне дейiнгi және солтүстiгi - темiр жолдан және оңтүстiгi Есiл өзенiне дейiнгi шектегi, бұдан әрi Орталық жоспарланған аудан болып табылатын Астана қаласының орталық бөлiгiндегi құрылыстар елорда мәртебесiне сай келмейдi (өткен ғасырдың басындағы ағаш үйлердiң және тың игеру уақытында салынған екi қабатты қаңқалы-қамысты үйлердiң көп болуы, жолдардың қатты жабындармен жабылмауы, көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымдардың дамымағандығы). Түпкiлiктi қайта жаңартылуға тиiс деп қарастырылған аумақтар шегiнде жалпы көлемi 182,7 гектар үш аудан белгiленген. Орталық жоспарланған ауданның оңтүстiк бөлiгiндегi көлемi 72,0 га N 1 аудан (А.Бараев-Ш.Уәлиханов-Кенесары көшелерi мен Республика даңғылы
Тармақша шекарасында
шекарасында); Оңтүстiк-батыс бөлiгiндегi көлемi 47,0 га, N 2 аудан (Сарыарқа- Т. Бегелдинов көшелерi мен Есіл өзенi шекарасында); Солтүстiк бөлiгiндегi (базар аймағындағы) көлемi 63,7 га N 3 аудан (В.Гастелло-Бөгенбай-А.Пушкин-С.Сейфуллин көшелерi шекарасында).
Тармақ 4
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi Бағдарламаның негiзгi мақсаты - қаланың орталық бөлiгiнiң сәулеттік бейнесiн астаналық мәртебе деңгейiне көтеру.
Тармақ 5
5. Жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен механизмдерi Осы мақсатқа қол жеткiзу төменде үш аудан мысалымен баяндалады. N 1 аудан N 1 аудан Орталық жоспарланған ауданның оңтүстiк бөлiгiнде орналасқан, шекаралары: солтүстiгi - Кенесары көшесi, шығысы - Ш. Уәлиханов көшесi, батысы - Республика даңғылы, оңтүстiгi - А.Бараев көшесi болып табылады. Оның сәулеттiк-жоспарлық және көлемдiк-кеңiстiктiк құрылымына әсер ететiн ерекшелiктер:
Тармақ 1
1. Бұрын жобаланған және салынған Астана-Сити объектiлерi, Иманов көшесiнiң бойындағы аз қабатты үйлер.
Тармақ 2
2. Қолданыста бар Православиялық шiркеу.
Тармақ 3
3. Ш.Уәлиханов-В.Гастелло көшелерiнiң бас желiлерi арасындағы қоғамдық-сауда тұрғын жайлық панелдердiң таяу орналасуы.
Тармақ 4
4. Тұрғын-жайлық көшелер пайда бола бастаған торша. Кенесары-А.Иманов көшелерiнiң бас желілерi аралығындағы кеңiстiктегi Сити ауданының құрылысын кең қалалық шағынгүлбағы бар N 31 мектеп аймағындағы 9 қабатты тұрғын үйдi қамтып, Кенесары көшесiнен бастау ұсынылуда. АТС (Кенесары көшесi) аймағындағы екi бiрдей 22 қабатты тұрғын үйдi, бұдан әрi 25 қабатты үйлер тобындағы қоғамдық сауда-тұрғын-жай панелдерiнiң сiлемдерiн тұрғызумен 29 қабатты Сити тұрғын-жай кешенiнiң бой түзеуiне қолдау көрсету. Аудан iшілiк жаяу жүргiншiлер бульвары (А.Иманов көшесiне қосарланған) Православиялық шiркеуге бағытталған. Бульварға 2000 оқушыға арналған мектеп, 330 орындық балалар бақшасы шығады. Жұмыс iстеп тұрған мектепте оған аумақ бөлiп және қосымша құрылыстар қосып, оқушылар санын 2000 адамға жеткiзу ұсынылады. А.Бараев көшесiнiң бойынан (Ш.Уәлиханов көшесiндегi 5 және 6 қабатты тұрғын-жайлармен "ара" үй) және А.Иманов көшесiнiң қиылысына дейiнгi 9-12 қабатты iрi тұрғын-жайлар кешенiне дейiн жалпы көлемi 70 мың ш.м. бiрiншi кезектегi құрылысты бөле отырып N 1 ауданды қайта құрастыру тiзбектілiгi. Екiншi кезең - А.Иманов көшесiне қосарланған (9-12-16) көтерiңкi қабатты тұрғын-жай кешендерiнiң құрылысы (салынған 3 қабатты үйлердiң арт жағынан екiншi биiк қатар тiзбегiн құру). Көлiк. Солтүстiк бөлiкте жобаланған ауданды үздiксiз қозғалыстағы жалпы қалалық маңызы бар басты желi - Кенесары көшесi шектейдi ("қызыл желiде" 80 м). Жоба арқылы Ш.Уәлиханов және В.Гастелло көшелерiнiң аралығында орналасқан Оңтүстiк жоспарланған аудан (ОЖА) мен қоғамдық-сауда объектiлерiнiң жобаланған панельдерiн байланыстыруға ыңғайлырақ А.Бараев көшесi мен Қабанбай батыр даңғылына құбылмалы "құюлар" үшiн оңтүстiк учаскеден Ш.Уәлиханов көшесiне қайтадан жол төсеу қарастырылуда. Аудандық маңызы бар бас көше - А.Иманов көшесi ("қызыл желілерде" 40
Тармақша м
м) жобаланған ауданның ендiк oci болып табылады. Бас жоспарға сәйкес оны Мирзоян көшесiмен қосу қарастырылуда, бұл Орталық жоспарланған аудан (ОЖА) мен Оңтүстiк-шығыс жоспарланған ауданның (ОШЖА) аралығындағы байланысты арттырады. Р.Қошқарбаев, Ш.Иманбаева, М.Ғабдуллин және т.б. көшелердi, оларды жаяу жүргiншiлер-көлiктiк көшелерге айналдырып, бульвар деңгейiне дейiн көрiктендiру ұсынылып отыр. Сондай-ақ, ұсақ тұрғын-жайлық көшелердi жою есебiнен орамдардың көлемiн ұлғайту қарастырылған. Сумен қамтамасыз ету. Сумен қамтамасыз ету тәсiмi келешекте iске қосылатын құрылыстарды ескере отырып, шаруашылық-ауыз су және өртке қарсы қажеттiлiктер үшiн ортақ қабылданған. Ауданды d 600 мм. сутартқыштан Кенесары көшесiнiң бойымен iске қосу қарастырылуда. А.Иманов көшесi, Республика даңғылы, Ш.Уәлиханов көшесiнiң бойынан су құбырын тарту қарастырылып отыр. d 200-600 мм. шойын құбырлардан басты және ажырату тораптарын тарту тораптардың ұзақтығы L. = 11,6 км. Судың есеп айырысу шығыны = 15740 м3/тәул. Кәрiз. А.Иманов көшесiнiң бойындағы жұмыс iстеп тұрған коллекторға және жұмыс iстеп тұрған N 7 КСС-ға барлық аудандардан сарқынды су жiберу қарастырылуда. Келешекте iске қосылатын құрылыстарды ескере отырып, d 200-600 мм бағыттаушы коллектор мен алаңiшiлiк тораптар тарту. Тораптардың ұзақтығы - 10,7 километр. Тәсiм арқылы жоғарылатушы кәрiздiк сорғы стансасы және жұмыс iстеп тұрған N 8 КСС-ын қайта жаңарту қарастырылады. Құрылысы оңдалуға тиiс, жұмыс iстеп тұрған тораптарды қайта жаңарту және бөлшектеу қарастырылуда. Электрмен қамтамасыз ету. 1-ауданды электрмен қамтамасыз ету тәсiмi жеке құрылыс жоспары мен БИЖ тапсырмасы негiзiнде орындалды. Қосу нүктесi - "ШЖФ" 110/10 ҚС. 10 шаршы желi кабелдi арнада төселген 3 x 240 мм2 қимасында ААБУ-1ш. маркалы екi кабелмен дайындалсын. Осы ауданды электрмен қамту үшiн ББ-нi және шеңберлi тәсiмде сiңген ЖБ-ның қажеттi санын орнату қарастырылған. Осы аудандағы қолданыста бар ББ-ден ЖП бөлшектеп сiңiрiлсiн. Электрлiк жүктемелер "Тұрғын-жайлық және қоғамдық ғимараттарды электрмен жабдықтау. Жобалау мөлшерлемесi" 59-88 УҚМ және "Қалалық электр желілерiн жобалау жөнiндегi нұсқаулық" 34-20185-94 РД және кестедегi мәлiметтерге сәйкес есептелген. Жылумен қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Қолданыста бар ереже Қазiргi уақытта аудан көп қабатты үйлерден, сондай-ақ қолданыста бар көп қабатты үйлерден тұрғызылған. Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілмеген аз қабатты жеке меншiк сектор бұзылуға жатады. Оның орнына көп қабатты тұрғын үйлер, сондай-ақ қоғамдық ғимараттар мен мәдени-тұрмыстық бағыттағы объектiлердiң құрылысы қарастырылған. Ш.Иманбаева көшесiнiң бойындағы құрылыстар ауданында М-6 2Ду 800 жылу магистралi тартылған, ал А.Иманов көшесiнiң бойынан 2010 жылға дейiн басты жылу тораптары құрылысының тәсiмiне сәйкес, Республика даңғылынан бастап Ш.Уәлиханов көшесiне дейiн 2Ду 600, 2Ду 500 жылу магистральдарын тарту ұсынылуда.
Тармақ 2
2. Жобалық ұсыныстар Жобаланған тұрғын аудандағы жылуды тұтынушылар қолданыста бар және жобаланған тұрғын-үй ғимараттары, сондай-ақ мәдени-тұрмыстық бағыттағы ғимараттар болып табылады. "Құрылыстық хал-ахуал" 2.04.01-98 ХҚМ бойынша құрылыс ауданының ахуалдық жағдайы мынадай көрсеткiштермен сипатталады: жылу жүйесi мен желдеткiштi есептеу үшiн сыртқы ауаның температурасы (ең суық бескүндiктiң орташа температурасы) Тт = - 33оС ең суық айдағы желдiң орташа жылдамдығы - 7,7 м/сек; жылыту кезеңiнiң ұзақтығы - 215 тәулiк; жылыту кезеңiндегi сыртқы ауаның орташа есептiк температурасы t.орта = 8,1оС; Тұрғын-жайлық және қоғамдық ғимараттарды жылуға, желдетуге және ыстық сумен қамтамасыз етуге жылулық ағындары "Жылу тораптары" СниП2.04.07-86* ұсыныстарына сәйкес iрi көрсеткiштер бойынша анықталған. Жобаланған тұрғын-жай кентiн жылумен қамтамасыз етуге жылу ағымдарын есептеу нәтижелерi N 1 кестеде келтiрiлген. Жобаланған және қолданыста бар тұрғын-жай құрылысын жылумен қамтамасыз ету Ш.Иманбаева көшесiнiң бойынан тартылған M-6 жылу магистралiнен, С.Торайғыров көшесiнен М.Ғабдуллин көшесiне дейiн төселген M-6 жылу магистралiнен, сондай-ақ А.Иманов көшесiнiң бойындағы жобаланған 2Ду500 жылу магистралiнен жүзеге асырылады. Жылумен қамтамасыз ету көзi басты жылу құбыры желiлерiн жаңартудың және салудың Бас жоспарына сәйкес, оны одан әрi дамыту есебiнен қаланың тұрақты жылумен жабдықталуын қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн қуаттарды кеңейту жағдайында ЖЭО-1, ЖЭО-2 арқылы қарастырылады. Жылу тораптарының құбыр желiлерiн 3.006-1-2/87 үлгiлiк серия бойынша темiрбетонды арналарда жер астымен тарту қарастырылуда. Жылу тораптарын монтаждау үшiн 10704-91 МС бойынша болат электрмен дәнекерлеу құбырлары қабылданады. Құбырдың материалы - 1050-80 МС бойынша В топтағы 10,20 маркалы болат. Тиектi және құрғатқыш арматура - 16 кгс/см2 шартты қысымына төтеп беретiн болат. Құбыр желiлерiнiң жылу ұзартулары П-тәрiздi қарымталағыштармен және тас жолдың бұрылу бұрыштарымен қабылданады. Жылу тораптарының құбыр желiлерi синтетикалық байланғышқа минералды мақтадан жасалған бұйымдармен оқшауланады және оқшаулатқыш қабатқа дейiн коррозияға қарсы жабынмен жабылады. Жоба арқылы жылу оқшаулатқыш конструкция ретiнде 2.04.07-86 СниП және 3.903-9 үлгілiк сериямен ұсынылып, зауытта дайындалған материалдар мен бұйымдарды пайдалану қарастырылған. Нөсерлiк кәрiз
Тармақ 1
1. Қолданыста бар ереже Құрылысқа бөлiнген аумақ қаланың орталығында орналасқан. Қолданыстағы нөсерлiк кәрiз трассасы Ш.Уәлиханов, Кенесары, А.Бараев көшелерi мен Республика даңғылынан өтедi. Қарастырылып отырған ауданның iшiнде нөсерлiк кәрiз жоқ.
Тармақ 2
2. Жобалық ұсыныстар Аумақтағы жаңбырлы суды жинау және бөлiп алу үшiн d 600 мм. нөсерлiк кәрiз салу, сондай-ақ Кенесары көшесiнiң (d 600 мм.) және Ш.Уәлиханов көшесiнiң (d 800 мм.) бойындағы нөсерлiк кәрiз коллекторларын қайта жаңарту қарастырылуда. Су қашыртқысы А.Бараев көшесiнiң бойынан d 1000 мм. нөсерлiк кәрiздi коллекторға құю қарастырылуда. N 2 аудан N 2 жобаланған аудан қаланың оңтүстiк-батысында орналасқан, солтүстiгi - Бегелдинов көшесiмен, шығысы - Сарыарқа көшесiмен, оңтүстiгi және оңтүстiк-батысы - Есiл өзенiмен шектелген. Аудан ендiк бағытта жалпы қалалық қозғалыстағы басты желi - Кенесары көшесiн қиып өтедi. Жалпы қалалық орталық нүктесiне таяу және Есiл өзенiнен бастап ауданның бейнесiн қалыптастыру, оның сәулеттiк-жоспарлық және көлемдiк-кеңiстiктiк шешiмiн алдын ала анықтап бердi. Жоба арқылы Парламенттiң және Үкiмет үйiнiң ескi бас алаңынан және Қаржы министрлiгi ғимаратының алдындағы алаңнан бастап алаңдардың қалыптасып келе жатқан ұзын қатарын дамыту, одан әрi Сарыарқа көшесiнiң батысынан, келесiсiн - К.Күмiсбеков көшесiнiң шығысынан алаң салу ұсынылып отыр. Ұзын iрi тұрғын-жай кешені қолайлы ашық алаңдарымен, қызмет көрсету объектілерiмен Кенесары көшесiне құлайды және алаңдардың көрнекi ұзын қатарын бiрiктiрiп, оларды Есiл өзенiнiң жағалауына шығаратын кеңiстiктiк "арқа" болып табылады. Екiншi iрi тақырып өзен жағалауынан бейне қалыптастыратын төрт 16 қабатты тұрғын-үй кешенiнiң қолайлы ашық алаңды-құламалы пирамидалары болып табылады. Ауданның үшiншi тақырыбы жалпы қалалық бас желi - Кенесары көшесiнiң шет жағындағы "аулалары-құдықтары" бар бес қабатты тұрғын-жай кешендерiнiң метрикалық үйлесiмдi болып табылады. Ауданның iшкi жаяу жүргiншiлер бульвары Есiлдiң шетiндегi құрылыс сiлемiнде - Ирченко көшесiнiң бойындағы ("Титаник", "Курск") iрi тұрғын үй кешенi маңайындағы, Сарыарқа көшесi арқылы өтетiн Қ. Мұңайтпасов атындағы стадион маңындағы "Айя" ойын-сауық орталығынан басталатын бульвардың жалғасы болып табылады, ол құймалы доға секiлденiп жобаланған аудан арқылы Кенесары көшесiне шығарады. Бульвардың шетi төрт биiк 16 қабатты тұрғын-жай кешенiнiң "пирамидаларынан" құралған; бульвардың солтүстiгi - 2000 оқушыға арналған мектеп учаскесiмен шектелген. 140 орынды төрт бала бақша Есіл өзенi жағынан биiк тұрғын-жай кешенiне сынамаланған. Сауда-тұрмыстық қызмет көрсету объектілерi Кенесары және Сарыарқа көшелерiнiң шетiнде орналасқан. Ауданның жалпы қалалық қозғалыстың жылдамдықты басты желiсi екi бөлiкке бөлiнуiне байланысты Кенесары көшесi, балалар бақшалары мен мектептер есебi бас желi аралығындағы кеңiстiктер шегiнде жүргiзiлдi. Осыған байланысты, жетiспеген 964 мектептiк орын мен балалардың 545 мектепке дейiнгi орны шектес шағын аудандарда (солтүстiгi - Кенесары көшесi) ескерiнетiн болады. Көлiк. Жобаланған ауданнан үздiксiз қозғалыстағы жалпы қалалық маңызы бар бас көшелер - Сарыарқа және Кенесары көшелерi "қызыл желілерде" 80 м параметрлерiмен, реттеушi қозғалыстағы - К.Күмiсбеков көшесi ("қызыл желiлердi 60 м") өтедi. Доға түрiндегi Кенесары көшесi бас жоспар бойынша солтүстiк жағынан жаңа республикалық орталықты шектейтiн N 12 көшемен байланысады. Сарыарқа көшесi сыртқы көлiк объектiлерiн - әуежайды, темiр жол вокзалын байланыстыратын, қаланың басты өстерiнiң бiрi болып табылады, сондай-ақ ОЖА және Солтүстiк өндiрістiк аймақты (СӨА) ОЖА-мен байланыстырады. К.Күмiсбеков көшесi ОЖА-ны Катченко - Новая көшелерi арқылы солтүстiк-батыс жоспарланған ауданмен байланыстырады. Түбегейлi жоспарлау жобасы арқылы ұсақ тұрғын-жайлық көшелердi жоя отырып, көше торшаларын ұлғайту қарастырылған. Жоба Есiл өзенi жағалауына қосарланған бульвар салуды ұсынады. Сумен қамтамасыз ету. Сумен қамтамасыз ету тәсiмi келешекте iске қосылатын құрылыстарды ескере отырып, шаруашылық-ауыз су және өртке қарсы қажеттiлiктер үшiн ортақ қабылданған. Ауданды d 400 мм. сутартқыштан Абай даңғылының бойымен iске қосу қарастырылуда. d 200-400 мм. шойын құбырлардан басты және ажырату тораптарын тарту. Сарыарқа, Кенесары көшелерiнiң бойынан су құбырын тарту қарастырылып отыр. Тораптардың ұзақтығы - 9,1 км. Судың есеп айырысу шығыны = 11360 м3/тәул. Кәрiз. Кенесары көшесiнiң бойындағы жұмыс iстеп тұрған N 2 кәрiздiк коллекторға және Кенесары, Күмiсбеков көшелерiнiң бойындағы жұмыс iстеп тұрған N 7 КСС-ға ауданнан сарқынды су жiберу қарастырылуда. Келешекте iске қосылатын құрылыстарды ескере отырып, d 200-800 мм. шойын құбырлардан тораптар тарту. Тораптардың ұзақтығы - 7,9 километр. Тәсiм арқылы жоғарылатушы кәрiздiк сорғы стансасы қарастырылады. Электрмен қамтамасыз ету. 2-ауданды электрмен қамтамасыз ету тәсiмi жеке құрылыс жоспары мен БИЖ тапсырмасы негiзiнде орындалды. Қосу нүктесi - "Көктем" 110/10 ҚС. 10 шаршы желi кабелдi арнада төселген 3 x 240 мм2 қимасында ААВУ-10 ш. маркалы екi кабелмен дайындалсын. Осы ауданды электрмен қамту үшiн ББ-нi және шеңберлi тәсiмге сiңген ЖБ-ның қажеттi санын орнату қарастырылған. Электрлiк жүктемелер "Тұрғын-жайлық және қоғамдық ғимараттарды электрмен жабдықтау. "Жобалау мөлшерлемесi" 59-88 УҚМ және "Қалалық электр желiлерiн жобалау жөнiндегi нұсқаулық" 34-20185-94 РД және кестедегi мәлiметтерге сәйкес есептелген. Жылумен қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Қолданыста бар ереже Қазiргi уақытта аудан көп қабатты үйлерден, сондай-ақ қолданыста бар кеп қабатты үйлерден тұрғызылған. Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етiлмеген аз қабатты жеке меншiк сектор бұзылуға жатады. Оның орнына көп қабатты тұрғын үйлер, сондай-ақ қоғамдық ғимараттар мен мәдени-тұрмыстық бағыттағы объектiлердiң құрылысы қарастырылған. Құрылыс ауданында M-31 2Ду400 жылу магистральдарын тарту ұсынылуда.
Тармақ 2
2. Жобалық шешiмдер Жобаланған тұрғын аудандағы жылуды тұтынушылар қолданыста бар және жобаланған тұрғын-үй ғимараттары, сондай-ақ мәдени-тұрмыстық бағыттағы ғимараттар болып табылады. "Құрылыстық хал-ахуал" 2.04.01-98 ХҚМ бойынша құрылыс ауданының ахуалдық жағдайы мынадай көрсеткiштермен сипатталады: жылу жүйесi мен желдеткiштi есептеу үшiн сыртқы ауаның температурасы (ең суық бескүндiктiң орташа температурасы) Тт = - 33оС ең суық айдағы желдiң орташа жылдамдығы - 7,7 м/сек; жылыту кезеңiнiң ұзақтығы - 215 тәулiк; жылыту кезеңiндегi сыртқы ауаның орташа есептiк температурасы t. орта = 8,1оС; Тұрғын-жайлық және қоғамдық ғимараттарды жылуға, желдетуге және ыстық сумен қамтамасыз етуге жылулық ағындары "Жылу тораптары" СниП2.04.07-86* ұсыныстарына сәйкес iрi көрсеткiштер бойынша анықталған. Жобаланған тұрғын-жай кентiн жылумен қамтамасыз етуге жылу ағымдарын есептеу нәтижелерi N 1 кестеде келтiрiлген. Жобаланған және қолданыста бар тұрғын-жай құрылысын жылумен қамтамасыз ету жұмыс iстеп тұрған М-29 жылу магистралiнен К.Күмiсбеков көшесiнiң бойынан төсеу ұсынылған M-31 2Ду400 жылу магистралiнен орталықтандырылып жүзеге асырылады. Жылумен қамтамасыз ету көзi басты жылу құбыры желiлерiн жаңартудың және салудың Бас жоспарына сәйкес, оны одан әрi дамыту есебiнен қаланың тұрақты жылумен жабдықталуын қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн қуаттарды кеңейту жағдайында ЖЭО-1, ЖЭО-2 арқылы қарастырылады. Жылу тораптарының құбыр желiлерiн 3.006-1-2/87 үлгiлiк серия бойынша темiрбетонды арналарда жер астымен тарту қарастырылуда. Жылу тораптарын монтаждау үшiн 10704-91 МС бойынша болат электрмен дәнекерлеу құбырлары қабылданады. Құбырдың материалы - 1050-80 МС бойынша В топтағы 10,20 маркалы болат. Тиектi және құрғатқыш арматура - 16 кгс/см2 шартты қысымына төтеп беретiн болат. Құбыр желiлерiнiң жылу ұзартулары П-тәрiздi қарымталағыштармен және тас жолдың бұрылу бұрыштарымен қабылданады. Жылу тораптарының құбыр желiлерi синтетикалық байланғышқа минералды мақтадан жасалған бұйымдармен оқшауланады және оқшаулатқыш қабатқа дейiн коррозияға қарсы жабынмен жабылады. Жоба арқылы жылу оқшаулатқыш конструкция ретiнде 2.04.07-86 СниП және 3.903-9 үлгілiк сериямен ұсынылып, зауытта дайындалған материалдар мен бұйымдарды пайдалану қарастырылған. Нөсерлiк кәрiз
Тармақ 1
1. Қолданыста бар ереже Ауданда нөсерлiк кәрiз жоқ. Аумақтың батыс бөлiгiнде Ә.Жангелдин және С.Сейфуллин көшелерiне ағындар құйылатын жаңбырлы судың әуiт-жинағышы орналасқан.
Тармақ 2
2. Жобалық ұсыныстар Аумақтағы жаңбырлы суды жинау және бөлiп алу үшiн Кенесары және Сарыарқа көшелерiнiң бойынан d 500 мм нөсерлiк кәрiз коллекторларын салу қарастырылуда. d 300-400 мм нөсерлiк кәрiз коллектор салу қарастырылуда. Құрылыс аумағында орналасқан жауын суды қолданыста бар әуіт-жинағышты шашу. Қазiргi уақытта әуiттен су Есiл өзенiне тазартусыз құйылуда. Тазалау ғимараттарын салу қарастырылсын нөсерлiк кәрiз коллекторларынан, одан әрi Есіл өзенiне кететiн тазалағыш ғимараттарға су жiберу жүзеге асырылады. N 3 аудан N 3 аудан Орталық жоспарланған ауданның солтүстiк бөлiгiнде орналасқан. Солтүстiгi - Бөгенбай даңғылы, шығысы - В.Гастелло көшесi, батысы - А.Пушкин көшесi, оңтүстiгi - С.Сейфуллин көшесi шекаралары болып табылады. Оның сәулеттiк-жоспарлық және көлемдiк-кеңiстiктiк құрылымына әсер ететiн ерекшелiктер:
Тармақ 1
1. Жалпы қалалық қозғалыстың бас желiлерiмен төрт жағынан шектелген.
Тармақ 2
2. Шығыс жағынан жалпықалалық көтерме-бөлшектiк базардың панелiне таяу.
Тармақ 3
3. Жұмыс істеп тұрған қаланың Бас мешiтi.
Тармақ 4
4. Көшелер пайда бола бастаған торшалары. Қарқынды көлiк қозғалысы жағынан Бөгенбай даңғылының, С.СейФуллин, А.Пушкин көшелерiнiң арнайы әзірленген шудан қорғайтын тұрғын үйлердің тартылған экрандарымен қорғау шешiмi қабылданды. Бөгенбай даңғылының қаланың шығу бас желiлерiнiң бiрi ретiндегi маңызды ерекшелiгiне байланысты үш жарты шеңберлi 16 қабатты iрi тұрғын-жай кешендерiнен тұратын есте қалар тобы, бас көшеге ашылатын ашық алаң ұсынылып, гараждардан, қызмет көрсету объектiлерiнен және саудадан тұратын екi қабатты стилобатпен бiрiктiрiлдi. Төртiншi топ Бөгенбай даңғылы мен С.Сейфуллин көшелерiнiң бұрышындағы биiктiгi 21-18-16 үш шеңбер тәрiздi iрi биiк мұнаралардан тұрады. А.Пушкин көшесi жағынан 9 қабатты шудан қорғайтын үйдi Ә.Жангелдин көшесiнен бастап тұрғызушы 9 қабатты бұрышты тұрғын үйге (А.Пушкин және С.Сейфуллин көшелерiнiң қиылысы) дейiн екiншi жоспармен орналастыру ұсынылып отыр. Бiрiншi жоспарда тұрғызулы тарихи ескерткiш, екi қабатты кiрпiш үй, 5 қабатты блок-секция және жұмыс iстейтiн жанар-жағар май құю стансасы орналастырылады. АТС-тан жобаланған қабатты тұрғын үйге дейiнгi санитарлық және өртке қарсы алшақтықтар 25 м-дi ұстайды. С.СейФуллин көшесi жағынан шудан қорғайтын 9 қабатты үй (салынып жатқан прокуратура ғимаратына қатысты) Р.Қошқарбаев көшесiне дейiн симметриялы жобаланған. Жұмыс iстеп жатқан "Артем" базарына ұқсас, жабық түрде С.Сейфуллин көшесiнен Бөгенбай даңғылына дейiнгi Р.Қошқарбаев - Ш.Уәлиханов көшелерiнiң шекарасында жалғастыру ұсынылып отыр. Екiншi кезекте базарды С.Сейфуллин көшесінен В.Гастелло көшесiне дейінгі Ш.Уәлиханов - В.Гастелло көшелерiнiң орталық кеңiстiгiнде орналастыру ұсынылып отыр. Базар сөрелерiнен басқа супермаркеттер, қонақ үйлер, жер асты - жер үстi гараждарын-тұрақтарын, дәмхана, мейрамханалар және т.б. орналастыру ұсынылуда. Мешiттi орналастыруға байланысты аталмыш ауданда iшкi аудандық құрылысты 3 қабаттан биiктетпей жоғары дәрежеде жүргiзу ұсынылуда. Балалардың мектептiк және мектепке дейiнгi мекемелерi жұмыс iстеп жатқан N 3 мектеп базасының орталық орамдар торшаларында орналасқан. Жұмыс iстеп жатқан мешiттен Жастар Сарайына дейiн Орталық жоспарланған ауданның шекарасында оның маңызды объектiлермен қысқа жаяу жүргiншілер байланысын қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн диагональды жаяу жүргiншiлер бульварын салу ұсынылып отыр. Көлiк. Жобаланған аудан жалпықалалық қозғалыстағы бас көшелер - В.Гастелло және Бөгенбай батыр ("қызыл желiлердегi" енi 80 м) және реттеушi қозғалыстағы - А.Пушкин және С.СейФуллин ("қызыл желiлердегi" енi 60 м) көшелерiмен шектелген. Аудандық маңызы бар бас көше - Ш.Уәлиханов көшесi ("қызыл желдерде" 40 м) қарастырылып отырған ауданды меридианды бағытта кесiп өтедi. Көшенiң батыс жағынан жоба арқылы көшенiң шығыс жағынан көркейтiлу қарастырылған iрi қалалық торап - көтерме-бөлшектiк базар орналасқан. В.Гастелло және Р.Қошқарбаев көшелерi жағындағы базарлар 2000 орынды автотұрақтармен жарақтандырылады. Сондай-ақ, екi басқа аудандардағыдай тұрғын-жай көшелерiнiң ұсақ орамдарын нығайту қарастырылып отыр. Ә.Жангелдин, С.Торайғыров, Ж.Аймауытов, Қазақ көшелерiнде бульварлар салу ұсынылуда. Сумен қамтамасыз ету. Сумен қамтамасыз ету тәсiмi келешекте iске қосылатын құрылыстарды ескере отырып, шаруашылық-ауыз су және өртке қарсы қажеттілiктер үшiн ортақ қабылданған. Ауданды d 700 мм. сутартқыштан С.СейФуллин көшесiнiң бойымен iске қосу қарастырылуда. Қолданыста бар тораптарды жаңарту және бөлшектеу қарастырылуда. d 200-600 мм, шойын құбырлардан басты және ажырату тораптарын тарту. Тораптың ұзақтығы - 9,8 километр. Есеп айырысу шығыны = 15740 м3/тәул. Кәрiз. Дружба және А.Пушкин көшелерінің бойындағы жұмыс iстеп тұрған d 500 мм. кәрiздiк коллекторға және жұмыс iстеп тұрған N 9 КСС-ға ауданнан сарқынды су жiберу қарастырылуда. Келешектегі құрылысты ескере отырып, d 200-400 мм шойын құбырлардан тораптар тарту. Қолданыста бар тораптарды жаңарту және бөлшектеу қарастырылуда. Тораптардың ұзақтығы - 11,5 километр. Тәсiм арқылы екi жоғарылатушы кәрiздiк сорғы стансасы қарастырылады. Электрмен қамтамасыз ету. Қосу нүктесi - "Астана" 110/10 ҚС және "Қалалық" 110/10 ҚС. 10 шаршы желi кабелдi арнада төселген 3 x 240 мм2 қимасында ААБУ- 1 ш. маркалы екi кабелмен дайындалсын. Жылумен қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Қолданыста бар ереже Қазiргi уақытта аудан көп қабатты үйлерден, сондай-ақ қолданыста бар көп қабатты үйлерден тұрғызылған. Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етiлмеген аз қабатты жеке меншiк сектор бұзылуға жатады. Оның орнына көп қабатты тұрғын үйлер, сондай-ақ қоғамдық ғимараттар мен мәдени-тұрмыстық бағыттағы объектiлердiң құрылысы қарастырылған. Ж.Аймауытов көшесiнiң бойындағы құрылыстар ауданында Р.Қошқарбаев көшесiне М-6 2Ду 150, 2Ду 300, 2Ду 200 жылу магистралi тартылған, М-20 2Ду 500 жылу магистралiнен Ш.Уәлиханов көшесiнiң бойынан Ж.Омаров көшесiнен Бөгенбай батыр даңғылына дейiн 2Ду 250, 2Ду 200 жылу жолын тарту ұсынылуда.
Тармақ 2
2. Жобалық ұсыныстар Жобаланған тұрғын аудандағы жылуды тұтынушылар қолданыста бар және жобаланған тұрғын-үй ғимараттары, сондай-ақ мәдени-тұрмыстық бағыттағы ғимараттар болып табылады. "Құрылыстық хал-ахуал" 2.04.01-98 ХҚМ бойынша құрылыс ауданының ахуалдық жағдайы мынадай көрсеткiштермен сипатталады: жылу жүйесi мен желдеткiштi есептеу үшiн сыртқы ауаның температурасы (ең суық бескүндiктiң орташа температурасы) Тн = - 33оС ең суық айдағы желдiң орташа жылдамдығы - 7,7 м/сек; жылыту кезеңiнiң ұзақтығы - 215 тәулiк; жылыту кезеңiндегi сыртқы ауаның орташа есептiк температурасы t. орта = 8,1оС. Тұрғын-жайлық және қоғамдық ғимараттарды жылуға, желдетуге және ыстық сумен қамтамасыз етуге жылулық ағындары "Жылу тораптары" СниП2.04.07-86* ұсыныстарына сәйкес iрi көрсеткiштер бойынша анықталған. Жобаланған тұрғын-жай кентiн жылумен қамтамасыз етуге жылу ағымдарын есептеу нәтижелерi N 1 кестеде келтiрiлген. Ж.Аймауытов көшесiнiң бойында төселген M-62 Ду 800 жылу магистралiнен, сондай-ақ Ә.Жангелдин көшесiнiң бойынан жобаланған жылу магистралiнен орталықтандырылып, жүзеге асырылады. Жылумен қамтамасыз ету көзi басты жылу құбыры желілерiн жаңартудың және салудың Бас жоспарына сәйкес, оны одан әрi дамыту есебiнен қаланың тұрақты жылумен жабдықталуын қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн қуаттарды кеңейту жағдайында ЖЭО-1, ЖЭО-2 арқылы қарастырылады. Жылу тораптарын монтаждау үшiн 10704-91 МС бойынша болат электрмен дәнекерлеу құбырлары қабылданады. Құбырдың материялы - 1050-80 МС бойынша В топтағы 10,20 маркалы болат. Тиектi және құрғатқыш арматура - 16 кгс/см2 шартты қысымына төтеп беретiн болат. Құбыр желiлерiнiң жылу ұзартулары П-тәрiздi қарымталағыштармен және тас жолдың бұрылу бұрыштарымен қабылданады. Жылу тораптарының құбыр желілерi синтетикалық байланғышқа минералды мақтадан жасалған бұйымдармен оқшауланады және оқшаулатқыш қабатқа дейiн коррозияға қарсы жабынмен жабылады. Жоба арқылы жылу оқшаулатқыш конструкция ретiнде 2.04.07-86 СниП және 3.903-9 үлгілiк сериямен ұсынылып, зауытта дайындалған материалдар мен бұйымдарды пайдалану қарастырылған. Нөсерлiк кәрiз
Тармақ 1
1. Қолданыста бар ереже Ауданда нөсерлiк кәрiз жоқ. Жақын коллекторлар Бөгенбай даңғылында, С.Сейфуллин және Ш. Уәлиханов көшесiнде орналасқан.
Тармақ 2
2. Жобалық ұсыныстар Аумақтағы жаңбырлы суды жинау және бөлiп алу үшiн d 400 мм. нөсерлiк кәрiз салу қарастырылуда. Су қашыртқысы нөсерлiк кәрiздiң коллекторына құйылу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Қажеттi ресурстар және қаржыландыру көздерi 2006 жылға дейiн қарқынды бұзу аумағындағы инженерлiк-көлiктiк инфрақұрылымдардың құрылысына жалпы күрделi қаржы жұмсалымы 6310,71 млн. теңгеге бағаланады.
Тармақ 7
7. Бағдарламаның жүзеге асырылуынан күтiлетiн нәтижелер Қалада Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесiнде қарқынды бұзу аумағындағы инженерлiк-көлiктiк инфрақұрылымдар жақсарды.
Тармақ 8
8. Бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары 2006 жылға дейiн жүзеге асыруы ұсынылған негiзгi жұмыс тiзбесi кестеде келтiрiлген. Бағдарламаның негiзгi атқарушысы Астана қаласын дамыту бағдарламаларына әкiмшiлiк ету жөнiндегi департамент болып табылады. 1, 2, 3 қайта құрылатын аудандар аумақтарының балансы ___________________________________________________________________________ N  !         Аумақтар          ! Барлығы,!          оның ішінде: р/с!                           !   га    !_________________________________ !                           !         ! N 1 аудан  ! N 2 аудан!N 3 аудан ___!___________________________!_________!____________!__________!_________
Тармақ 1
1.  Тұрғын-жай орамдарының        86,85      39,02       25,27      22,56 аумақтары
Тармақ 2
2.  Күнделікті сұраныстағы        21,33       9,94        4,35       7,04 қызмет көрсету мекемелері мен кәсіпорындарының учаскелері (балалар бақшалары, мектептер)
Тармақ 3
3.  Аудандық және қалалық         27,57       9,70        0,00      17,87 қызмет көрсету мекемелері мен кәсіпорындарының учаскелері
Тармақ 4
4.  Жалпы пайдаланымдағы жасыл    10,21       2,90        4,85       2,46 екпелер (ішкі орамдықтардан басқа)
Тармақ 5
5.  Қалалық бас желілер,          36,74      10,44       12,53      13,77 көшелер, жолдар, алаңдар, автотұрақтар Жобалық шекаралар            182,70      72,00       47,00      63,70 шегіндегі жиынтықтар ___________________________________________________________________________ Негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштер ___________________________________________________________________________ N  !     Көрсеткіштер  ! Өлшем    ! Бірлік   !     оның ішінде: р/с!                   ! бірлігі  ! саны,    !_____________________________ !                   !          ! барлығы  !N 1 аудан!N 2 аудан!N 3 аудан ___!___________________!__________!__________!_________!_________!_________
Тармақ 1
1.  Тұрғын халық.          адам      16080        8570      1810       5700
Тармақ 2
2.  Қолданыста бар          м2      247205      132010     27883      87312 тұрғын-жай қоры.
Тармақ 3
3.  Бұзылатын тұрғын-       м2       99416       25869     27883      45664 жай қоры.
Тармақ 4
4.  Сақталатын тұрғын-      м2      147789      106141                41648 жай қоры.
Тармақ 5
5.  Жобаланған тұрғын       м2      771619      279569    288396     203654 -жай қоры.
Тармақ 6
6.  Барлық тұрғын-жай       м2      919408      385710    288396     245302 қоры.
Тармақ 7
7.  Барлық тұрғын         адам       52460       22420     16020      14020 халық, адам: оның ішінде:
Тармақша а
а) қолданыста бар     адам        9600        6890                 2710 құрылыс
Тармақша б
б) жобаланған         адам       42660       15330     16020      11310 құрылыс
Тармақ 8
8.  Қызмет көрсету мекемелеріндегі қажеттілік 8.1 Мектепке          орын        3062         990      1105        967 дейінгі балалар мекемелері 8.2 Жалпы білім      оқушы        8048        3190      2964       1894 беретін мектептер 8.3 Емханалар       күніне        1590         540       560        490 келушілер 8.4 Дәріханалар      объект          3           1         1          1 8.5 Клубтар          орын         3620        1220      1280       1120 8.6 Кітапханалар   сақтаудың       187          62        65         60 мың бірлігі 8.7 Би залдары       орын          271          90        96         85 8.8 Мәдени          жалпы         2720         920       960        840 көпшілік жұмыстар,  көлемі м2 демалыс және әуесқойлық қызмет ғимараттары 8.9 Дене шынықтыру- жалпы         3630        1230      1620       1120 сауықтыру           көлемі м2 жаттығуларына арналған ғимараттар 8.10 Азық-түлік     сауда алаңы   4285        1535      2880       1130 тауарлары дүкені      м2 8.11 Азық-түлік     сауда алаңы   7675        2760      100        2035 емес тауарлар         м2 дүкені 8.12 Аспаздық       сауда алаңы    258          90      640         68 дүкені                м2 8.13 Көпшілік        орын         1705         615      140         450 тамақтану кәсіпорындары 8.14 Тұрмыстық      жұмыс орны     382         140       1          102 қызмет көрсету кәсіпорындары 8.15 Байланыс       объект           3           1         8          1 бөлімшесі 8.16 Ұлттық Банк    операциялық     22           8         1          6 бөлімшелері мен       орын филиалдары 8.17 Тұрғын үй-     объект           3           1       160          1 пайдаланушылық ұйымдары 8.18 Өзіне-өзі      ауысымға       423         150       65        113 кір жуу қызметін    кг киім көрсету 8.19 Өзіне-өзі      ауысымға       170          60       16         45 химиялық тазарту    кг киім қызметін көрсету 8.20 Қоғамдық       жабдық          45          15                  14 жинаулар ___________________________________________________________________________ Қарқынды бұзу аумағындағы инженерлік көліктік құрылыс бағдарламасының құны ___________________________________________________________________________ N  ! Көрсеткіштердің  !Қаржы.!Ірі мөл. ! Жылдар бойынша қаржыландыру, млн. р/с!     атауы        !ланды.!шерлеме. ! теңге !                  !ру    !лері     !----------------------------------- !                  !көзі  !бойынша  !2003 жыл! 2004 жыл! 2005 жыл!2006 !                  !      !құны     !        !         !         !жыл ___!__________________!______!_________!________!_________!_________!______
Тармақ 1
1.  Жалпы құны         РБ      6310,71   519,21   1930,50  1930,50  1930,50 оның ішінде
Тармақ 2
2.  Инженерлік тораптар        4790,00   274,21   1505,30  1505,30  1505,19 оның ішінде
Тармақ 3
3.  Ауданішілік                3295,00        0   1098,37  1098,37  1098,26 инженерлік тораптар оның ішінде                               0
Тармақ 4
4.  кәріз                       552,00        0    184,00   184,00   184,00
Тармақ 5
5.  нөсерлі кәріз               872,00        0    290,67   290,67   290,66
Тармақ 6
6.  сумен қамтамасыз ету        458,00        0    152,70   152,70   152,60
Тармақ 7
7.  жылумен қамтамасыз ету     1307,00        0    435,70   435,70   435,60
Тармақ 8
8.  әлсіз тоқтар                 30,00        0     10,00    10,00    10,00
Тармақ 9
9.  электрмен қамтамасыз ету     76,00        0     25,30    25,30    25,40
Тармақ 10
10. Сыртқы тораптар            1495,00   274,21    406,93   406,93   406,93
Тармақ 11
11. Ауданішілік көшелер        1275,71        0    425,20   425,20   425,31
Тармақ 12
12. Жобалы жұмыстар             245,00   245,00         0        0        0 оның ішінде:
Тармақ 13
13. Аудандардың ЖЭО              15,00    15,00         0        0        0
Тармақ 14
14. Топографиялық және           35,00    35,00         0        0        0 инженерлік іздестірулер
Тармақ 15
15. Аудандарды жобалау           65,00    60,00         0        0        0 сатысы
Тармақ 16
16. Тораптармен                 135,00   135,00         0        0        0 жолдардың жұмыс жобасы ___________________________________________________________________________ Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.