Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Азербайджанской Республики о безвизовых поездках граждан Республики Казахстан и Азербайджанской Республики Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.09.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы азаматтарының визасыз жол жүрулерi туралы келiсiмдi бекiту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 1997 жылғы 10 маусымда Алматы қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы азаматтарының визасыз жол жүрулерi туралы келiсiм бекiтiлсiн. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы азаматтарының визасыз жол жүрулерi туралы КЕЛIСIМ (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 1999 ж., N 5, 87-құжат) (1998 жылғы 7 қазанда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж., Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 68 бет) Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Үкiметi, мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынастарды бұдан әрi дамыту, олардың азаматтарының жол жүрулерiн құқықтық реттеу мақсаттарында төмендегiлер жөнiнде келiстi:
Бап 1. 1-бап
1-бап Бiр Тарап мемлекетi азаматтарының екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағы бойынша визасыз, осы мемлекеттегi iс жүзiндегi болу және тiркелу ережелерiн сақтай отырып, осы Келiсiмге 1-шi және 2-шi Қосымшаларда көрсетiлген жеке басын куәландыратын және азаматтығын растайтын құжаттар бойынша келуге, кетуге және жол жүруге құқықтары бар. Тараптар мемлекеттерi азаматтарының жол жүрулерi Қазақстан Республикасы және Әзiрбайжан Республикасы мемлекеттiк шекараларындағы өткiзу пункттерi арқылы жүзеге асырылады.
Бап 2. 2-бап
2-бап Тараптардың үшiншi мемлекеттер аумағында тұрғылықты тұратын азаматтары визасыз осы Келiсiмге 1-шi және 2-шi Қосымшаларда көрсетiлген құжаттар бойынша келе, кете және Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтары арқылы жол жүре алады.
Бап 3. 3-бап
3-бап Тараптар Тараптар мемлекеттерiнiң азаматтарын шетелге шығуға және үшiншi мемлекеттерге келуге күшi бар құжаттар бойынша үшiншi мемлекеттерге мемлекеттiк шекарадағы халықаралық жолаушылар қатынасы үшiн ашық өткiзу пункттерi арқылы өткiзуге мiндеттенедi. Тараптар кетулерi Тараптардың кез келгенiнiң құзыреттi органдарымен шектелген азаматтардың өз мемлекеттерi аумақтарынан үшiншi мемлекеттерге кетулерiн болдырмау шараларын қабылдайды. Тараптар бiр-бiрiн азаматтардың өзара жол жүрулерiнiң тәртiбi мен режимi туралы үшiншi елдермен іс жүзiндегi келiсiмдерi туралы ақпараттандырып отырады.
Бап 4. 4-бап
4-бап Тараптар дипломатиялық арналар арқылы бiр-бiрiн жеке басын және азаматтығын куәландыратын жаңа құжаттар туралы кешiктiрмей хабардар етiп және олардың үлгiлерiн жолдап, сондай-ақ осы Келiсiмге 1-шi және 2-шi Қосымшаларда көрсетiлген құжаттарға қатысты өзгерiстер туралы мәлiмдеп отырады.
Бап 5. 5-бап
5-бап Егер бұл мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, қоғамдық тәртiптi сақтау немесе халықтың денсаулығын қорғау үшiн қажет болса, Тараптардың әрқайсысының осы Келiсiмнiң жекелеген ережелерiнiң қолданысын толығымен немесе iшiнара тоқтатуға құқығы бар. Тараптар осындай шараларды қабылдау туралы және болдырмау туралы 30 күн бұрын дипломатиялық арналар арқылы бiр-бiрiне мәлiмдеуге тиiс.
Бап 6. 6-бап
6-бап Тараптардың осы Келiсiм ережелерiн немесе Тараптар мемлекеттерi аумағында болу және тiркелу ережелерiн бұзған азаматтары Тараптардың заңдарына сәйкес тиiстi мемлекетке қайтарылуы тиiс. Болу ережелерiн бiрнеше рет бұзулар Тараптардың iз жүзiндегi заңдарына сәйкес жауапкершiлiк жүктеуi мүмкiн.
Бап 7. 7-бап
7-бап Тараптар қажет болған жағдайда осы Келiсiмнiң ережелерiн қолдануға байланысты мәселелер бойынша ақпараттармен алмаса және кеңесе алатын болады. Тараптар өзара келiсiм бойынша осы Келiсiмге өзгертулер мен толықтырулар енгiзе алады.
Бап 8. 8-бап
8-бап Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажет тиiстi iшкi мемлекеттiк процедуралардың орындалғаны туралы дипломатиялық арналар бойынша ноталар алмасқан күннен бастап күшiне енедi. Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалды. Егер Тараптардың ешқайсысы осы Келiсiмнiң қолданыс мерзiмiнiң аяқталуынан алты ай бұрын оның тоқтағаны туралы екiншi Тарапқа жазбаша түрде мәлiмдемесе, оның қолданысы келесi бес жылдық мерзiмге өздiгiнен ұзартылатын болады. 1997 жылы 10 маусымда Алматы қаласында екi данада, әрқайсысы қазақ, әзiрбайжан және орыс тiлдерiнде жасалды, сондай-ақ барлық мәтiннiң күшi бiрдей. Осы Келiсiмдi түсiндiруде пiкiр алшақтықтары пайда болған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiндi басшылыққа алады.
Басқа 9. Қазақстан Республикасы азаматтарының Әзiрбайжан Республикасының аумағы бойынша келу, кету және жол жүру құжаттарының ТIЗIМI
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы азаматтарының визасыз жол жүрулерi туралы келiсiмге I Қосымша Қазақстан Республикасы азаматтарының Әзiрбайжан Республикасының аумағы бойынша келу, кету және жол жүру құжаттарының ТIЗIМI 1. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басының куәлiгi. 2. Қазақстан Республикасы азаматының ұлттық паспорты.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы белгiсi бар бұрынғы КСРО-ның мерзiмi бейнеленген 1974 жылғы үлгiдегi паспорт.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығы туралы белгiсi бар жеке басының уақытша куәлiгi.
Тармақ 5
5. Тууы туралы куәлiк (16 жасқа дейiнгi балалар үшiн).
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi офицерiнiң жеке басының куәлiгi.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi прапорщигiнiң (мичманының) жеке басының куәлiгi.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери қызметшiсiнiң әскери билетi.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасы азаматының дипломаттық паспорты.
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасы азаматының қызметтiк паспорты.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасы теңiзшiсiнiң паспорты.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасы әуе кемесiнiң экипаж мүшесiнiң куәлiгi (экипаж құрамында ұшу кезiнде).
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасының темiржол көлiгi қызметкерiнiң жеке басының куәлiгi (поезд бригадаларының жол жүруi кезiнде).
Тармақ 14
14. Қазақстан Республикасына қайтуға куәлiк (тек қана Қазақстан Республикасына қайту үшiн).
Басқа 22. Әзiрбайжан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша келу, кету және жол жүру құжаттарының ТIЗIМI
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы азаматтарының визасыз жол жүрулерi туралы келiсiмге 2 Қосымша Әзiрбайжан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша келу, кету және жол жүру құжаттарының ТIЗIМI
Тармақ 1
1. Әзiрбайжан Республикасы азаматының нотариалдық куәландырылған аудармасы бар жеке басының куәлiгi.
Тармақ 2
2. Әзiрбайжан Республикасының азаматтығы туралы белгiсi бар бұрынғы КСРО азаматының паспорты.
Тармақ 3
3. Әзiрбайжан Республикасының азаматтығы туралы белгiсi бар бұрынғы КСРО азаматының тууы туралы куәлiгi (16 жасқа дейiнгi балалар үшiн).
Тармақ 4
4. Әзiрбайжан Республикасы азаматының тууы туралы нотариалдық куәландырылған аудармасы бар куәлiгi (16 жасқа дейiнгi балалар үшiн).
Тармақ 5
5. Әзiрбайжан Республикасы Қарулы Күштерi офицерлерiнiң жеке басының нотариалды куәландырылған аудармасы бар куәлiгi.
Тармақ 6
6. Әзiрбайжан Республикасы Қарулы Күштерi прапорщигiнiң (мичманының) жеке басының нотариалды куәландырылған аудармасы бар куәлiгi.
Тармақ 7
7. Әзiрбайжан Республикасы Қарулы Күштерi әскери қызметшiсiнiң нотариалды куәландырылған аудармасы бар әскери билетi.
Тармақ 8
8. Әзiрбайжан Республикасы азаматының дипломаттық паспорты.
Тармақ 9
9. Әзiрбайжан Республикасының азаматтығы туралы жазбасы бар бұрынғы КСРО азаматының дипломаттық паспорты (1997 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгi).
Тармақ 10
10. Әзiрбайжан Республикасы азаматының қызметтiк паспорты.
Тармақ 11
11. Әзiрбайжан Республикасының азаматтығы туралы жазуы бар бұрынғы КСРО азаматының қызметтiк паспорты (1997 жылғы 31 желтоқсанға дейiн).
Тармақ 12
12. Әзiрбайжан Республикасы азаматының жалпы ұлттық паспорты.
Тармақ 13
13. Әзiрбайжан Республикасының азаматтығы туралы жазбасы бар бұрынғы КСРО азаматының шетелдiк паспорты (қолданыс мерзiмiнiң аяқталуына дейiн).
Тармақ 14
14. Әзiрбайжан Республикасы теңiзшiсiнiң кiтапшасы (кеме рөлi немесе одан үзiндi болған кезде).
Тармақ 15
15. Әзiрбайжан Республикасы әуе кемесiнiң экипаж мүшесiнiң куәлiгi (экипаж құрамында ұшу кезiнде).
Тармақ 16
16. Әзiрбайжан Республикасы темiр жол көлiгi қызметкерiнiң жеке басының куәлiгi (поезд бригадаларының жол жүруi кезiнде).
Тармақ 17
17. Әзiрбайжан Республикасына қайтуға куәлiк (тек қана Әзiрбайжан Республикасына қайтуға арналған).