Об утверждении Правил учета, хранения, систематизации, обобщения и предоставления геологической информации, находящейся в собственности, а также владении и пользовании у государства Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру қағидаларын бекіту туралы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. қоса беріліп отырған Меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру және жинақтап қорыту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 413 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11396 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі ______________ Д. Абаев 2018 жылғы 30 мамыр «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ______________ Т. Сүлейменов 2018 жылғы 28 мамыр «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Энергетика министрі ______________ Қ. Бозымбаев 2018 жылғы 25 мамыр
Басқа 0. Меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру қағидалары
Қазақстан Республикасы Инвестицияларжәне даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 380 бұйрығымен бекітілген Меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 75-бабы 3-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес әзірленді және меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйелеу, жинақтау және беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) Бастапқы геологиялық ақпарат – табиғи жеткізгіштердегі ақпарат (бұрғылау ұңғымаларының керндері, пайдалы қазбалардың, көмірқышқылды газдардың, меркаптандардың, судың сынамалары, жыныстар мен минералдардың үлгілері, тас материалдың сынамалары мен коллекциялары, шлифтер, аншлифтер, минералдық ерітінділер мен ұнтақтар), жасанды (қағаз және электрондық) жеткізгіштердегі ақпарат (далалық бақылаулар, сынамалау, сынамаларды талдау, геофизикалық байқауларды тіркеу журналдары, бастапқы далалық деректердің және геологиялық ақпаратты өңдеу, түсіндіру, талдау және жинақтап қорыту нәтижелерінің қағаз және электрондық жеткізгіштері);
Тармақша 2
2) Керн – бұрғылау кезінде одан әрі зерттеу мақсатында алынатын цилиндрлік баған түріндегі тау жынысының үлгісі;
Тармақша 3
3) Қайталама геологиялық ақпарат – бастапқы ақпаратты өңдеу, талдау және жинақтап қорыту нәтижесінде алынған ақпаратты қоса алғанда, геологиялық есептер, геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері туралы есептер, пайдалы қазбалардың ресурстарын және қорларын бағалау туралы есептер;
Тармақша 4
4) Минералдық ресурстарының ұлттық деректер банкі (бұдан әрі – ҰДБ) – мемлекеттік органдардың бірыңғай платформасы интернет ресурсы арқылы жұмыс істейді;
Тармақша 5
5) Оператор – геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру жөніндегі ұлттық оператор, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға немесе мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – Оператор).
Тармақ 3
3. Меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйелеу, жинақтау және беру жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен өзі айқындаған тәртіпте жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы ақпаратты сақтау мен оған қолжетімділікті қамтамасыз ету, геологиялық ақпаратты ұсынуды, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган мен құзыретті орган арасындағы өзара іс-қимыл және жұмыс процестерін үйлестіруді автоматтандыру ҰДБ ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуі арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. ҰДБ-ны пайдалану Кодекстің 75-бабының 3-тармағына сәйкес жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Геологиялық ақпарат екі түрге жіктеледі: бастапқы және қайталама. Ережелер Мемлекеттік құпияларды қамтитын геологиялық ақпаратқа қолданылмайды.
Тарау 2. 2-тарау. Геологиялық ақпаратты есепке алу тәртібі
2-тарау. Геологиялық ақпаратты есепке алу тәртібі
Тармақ 7
7. Геологиялық ақпаратты есепке алу геологиялық материалдарды жазуға арналған түгендеу кітабында (бұдан әрі – түгендеу кітабы) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Түгендеу кітабындағы жазбасына сәйкес әрбір геологиялық материалға түгендеу нөмірі беріледі. Қағаз жеткізгіштегі геологиялық ақпаратқа әрбір түптелген сақтау бірлігінің мұқабасының сол жоғарғы бұрышында және титул парағының сол жоғарғы бұрышында түгендеу нөмірі қойылады. Дәл осы нөмір әрбір түптелмеген қосымша мұқабасының және бастапқы геологиялық ақпаратты сақтау бірлігінің әрқайсысына сол жақ бұрышында қойылады. Түгендеу кітабында түзету жасау кезінде «ескерту» бағанында осы түзетуді жасаған тұлғаның деректері: тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және лауазымы жазылады.
Тармақ 9
9. Электрондық түрде геологиялық ақпараттың есепке алынуы ҰДБ арқылы жүзеге асырылады. Ұйым қызметкерлерінің пайдалануы үшін және жеке тұлғалардың оқу залында пайдалануы үшін қоймадан берілетін барлық құжаттар құжаттарды беру кітаптарында тіркелу жолымен есепке алынуы тиіс.
Тарау 3. 3-тарау. Геологиялық ақпаратты сақтау тәртібі
3-тарау. Геологиялық ақпаратты сақтау тәртібі
Тармақ 10
10. Операторға есеп түрінде ұсынылған бастапқы және қайталама геологиялық ақпарат Кодекстің 132-бабының 1) тармақшасына, 180-бабының 1), 2) тармақшаларына, 195-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 215-бабының 1-тармағының 4), 5) тармақшаларына, 236-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларына, 90-бабы 5-тармағына сәйкес сақтауға қабылданады.
Тармақ 1. 1-параграф. Бастапқы геологиялық ақпаратты сақтау тәртібі
1-параграф. Бастапқы геологиялық ақпаратты сақтау тәртібі
Тармақ 11
11. Тұрақты сақтауға құжаттау, сынамалау, сынамаларды іріктеуден тұратын аяқталған параметрлік, карталау, іздеу және геологиялық өңдеуден кейін барлау ұңғымалары бойынша мынадай түрлері бойынша іріктелген керн түрінде ұсынылған бастапқы геологиялық ақпарат жатады:
Тармақша 1
1) далалық күнделіктер, журналдар, мәлімдемелер, бақылаулардың, өлшеулердің, есептеулердің (оның ішінде координаттардың, қателіктердің, түзетулердің) ликстаждық кітаптары және далалық жұмыстарды топографиялық-геодезиялық материалдарымен қамтамасыз етілуі;
Тармақша 2
2) тау-кен қазбаларының, ұңғымалардың, табиғи су көріністерінің құжаттамаларының журналдары, ұнғымалардың іс-құжаттары;
Тармақша 3
3) кернді, үлгілерді, шлифтерді іріктеу (сорып шығарулары, құюлары, сынақтары) сынамалау журналдары;
Тармақша 4
4) жұмыс аэро-, ғарыш-фотоматериалдары, топонегіз;
Тармақша 5
5) ұңғымалардың, тау-кен қазбалардың координаттар, геохимиялық, геофизикалық жұмыстарға және де басқа мақсаттарға арналған топожелілер пункттерін және профильдерін бекіту каталогтары;
Тармақша 6
6) геофизикалық, геохимиялық және гидрогеохимиялық ауытқулардың каталогтары;
Тармақша 7
7) барлық түрлі талдаулардың, сынақтардың және лабораторлық зерттеулердің нәтижелері;
Тармақша 8
8) спектрограммалар;
Тармақша 9
9) шлифтердің, аншлифтердің сипаттамалары;
Тармақша 10
10) фаунаның, флораның және споралық-тозаңдық кешеннің сипаттамасы;
Тармақша 11
11) каротаж, геологиялық және зерттеу ұңғымаларының материалдары мен диаграммалары;
Тармақша 12
12) бөлшектік (қабаттық) геологиялық тіліктер;
Тармақша 13
13) ұңғымалар бойынша бағаналар (тіліктер);
Тармақша 14
14) нақты материалдардың карталары;
Тармақша 15
15) тас материалдар (керн, фауна үлгілері), сынамалардың телнұсқалары;
Тармақша 16
16) геологиялық мазмұндағы карталардың авторлық (жұмыс) даналары;
Тармақша 17
17) аэрогеофизикалық зерттеулердің далалық материалдары, соның ішінде: балама диаграммалар, таспалар және аппаратуралық журналдар, спектрометрлердің аэрограммасы, аэромагнитомерлер; магнитовариациялық таспалар және магниттік өріс вариациялар кестесінің журналдары; балама таспалар және аппаратурамен бақылау-теңшеуі бойынша материалдар; дифференциалды каналдар бойынша есептеу жылдамдығының өңделген, шкала нөмірі мен жинақталу уақыты көрсетілген түпкілікті деректерінен тұратын, дискеттердегі түсірілім учаскесінің, топобекітулер деректері бар магниттік индукцияның толық векторы модулінің көшірмелері; топографиялық-геодезиялық материалдар (радиогеологиялық бекітулер, аэромаршруттардың ұшу сызбасы, маршруттардың аяқталу басының координаттары бар магниттік таспалар төлқұжатының сызбасы).
Тармақша 18
18) сейсмикалық барлау бойынша зерттеулердің далалық материалдары, оның ішінде тігінен сейсмикалық профильдеу сейсмикалық каротаж бойынша: сейсмограммаларды тіркеу журналдары; деректерді қабылдау жөніндегі операторлардың рапорттары; ату, статистикалық түзету сызбасы; профильдер бойынша уақытша және миграциялық тіліктер; магниттік таспалар түріндегі бастапқы материал немесе кассеталардағы жинақталған жазу.
Тармақша 19
19) гравиметриялық зерттеулер бойынша далалық материалдар: анықтамалық және қатардағы гравиметриялық нүктелердің каталогтары; карталардың далалық нұсқаларының қатты негізі жатады.
Тармақ 12
12. Кернді сақтауды және оны көру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін кернді сақтауға арналған орынжайлар (керн қоймалары) керн жәшіктеріне еркін қол жеткізу есебімен орналастырылатын арнайы сөрелермен жабдықталуы тиіс.
Тармақ 13
13. Жәшіктерді әрбір ұңғыма бойынша нөмірлеу тәртібімен кернді сөрелерге орналастыру жүргізіледі. Қажет ұңғымалардың керндерін оңай табу үшін жәшіктің таңбаланған бүйір жағы сөрелер арасымен жүретін бетіне қаратып қойылуы қажет. Әрбір ұңғыма бойынша керн жәшіктері сөрелерге керн қоймаларынан ыңғайлы шығарып алатындай етіп қойылады. Сөрелердің адам жүретін бетіндегі бүйір жағына топтаманың нөмірі, бұрғылау учаскесі, ұңғыманың нөмірі және оны ұңғылау жылдары жазылған тақтайша ілінеді.
Тармақ 14
14. Іздеу және карталау ұңғымаларының керні егжей-тегжейлі жұмыс жүргізу нәтижесінде өз маңызын жоғалтқанға дейін сақталады.
Тармақ 15
15. Алдын ала және тыңғылықты барлау ұңғымалардың керні кен орны бойынша қорлардың есебін бекіту үшін сақталады.
Тармақ 16
16. Қорлардың есебі бекітілгеннен немесе ресурстар мен қорлардың мемлекеттік тіркеуден кейін де геологиялық барлау жұмыстары жалғасып жатқан кен орындары бойынша кен орнының жалпы геологиялық құрылымын толық сипаттайтын ұңғымалар керні сақталуы тиіс. Мұндай ұңғымалар бойынша керндер тау-кен жұмыстары арқылы кен орындарының төменгі қабаттарына жеткенгенге дейін немесе кен орны игерілгенге дейін сақталады.
Тармақ 17
17. Геологиялық есептер және қорлар бекітілгеннен немесе ресурстар мен қорлардың мемлекеттік тіркеуден кейін: өндірістік және ғылыми қызығушылықты көздейтін, оның ішінде монографиялық сипаттамаға, арнайы зерттеу түрлеріне, басқа аудандар мен объектілердің геологиялық тілімдерімен салыстыруға, арналған, жекелеген тірек ұңғымаларының кернін; аталған объектідегі барлық көптүрлі жыныстардың және кендердің эталондық үлгілерін; қосымша технологиялық және басқа да зерттеулер үшін қажет мөлшердегі пайдалы қазбалардың кернін қоспағанда, ұңғымалар бойынша керн немесе қысқартылған керн үлгілерін қоспағанда, жоюға жатады.
Тармақ 18
18. Кең таралған пайдалы қазбалар жөніндегі бастапқы геологиялық ақпарат фотосурет түрінде жасанды жеткізгіштерде сақталады.
Тармақ 2. 2-параграф. Қайталама геологиялық ақпаратты сақтау тәртібі
2-параграф. Қайталама геологиялық ақпаратты сақтау тәртібі
Тармақ 19
19. Тұрақты сақтауға мынадай қайталама геологиялық ақпараттар жатады:
Тармақша 1
1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептер;
Тармақша 2
2) геологиялық мазмұндағы басып шығарылған карталар және оларға түсіндірме жазбалар және басып шығарудан алып тасталса, геологиялық мазмұндағы карталарды басып шығаруға дайындалған авторлық түпнұсқалар;
Тармақша 3
3) пайдалы қазбалар кен орындарының қорларын қарау жөніндегі комиссиялардың хаттамалары;
Тармақша 4
4) минералдық шикізат қорларының есептік және жиынтық баланстары, барланған қорлары бар тау-кен кәсіпорындарын қамтамасыз ету жөніндегі материалдар;
Тармақша 5
5) геологиялық, гидрогеологиялық, геофизикалық, геохимиялық, экологиялық-геологиялық зерттелу жөніндегі материалдары (зерттелуді есепке алу карточкалары, зерттелу картограммалары, контурлық карталар, есептердің каталогтік карточкалар картотекасы);
Тармақша 6
6) басып шығарылған топографиялық карталар;
Тармақша 7
7) геологиялық мазмұндағы жарияланған монографиялар;
Тармақша 8
8) геология ғылымдарына тікелей немесе жанама қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының аумағындағы объектілер бойынша минералдық ресурстар қорларды бағалау жөніндегі есептер;
Тармақша 10
10) мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуде бастапқы электрондық форматта растрлық кескін түрінде немесе көруге және басып шығаруға арналған бағдарламаның дистрибутивтік қосымшасымен (viewer) немесе қағаз тасығышта әзірленген графикалық қосымшалар мен модельдер;
Тармақша 11
11) графикалық қосымшаларды дұрыс көрсету үшін қажетті арнайы қаріптер мен таңбалар.
Тармақ 20
20. Әрбір сақтау бірлігінің есептеу мұқабасының ішкі жоғарғы жағына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мөртабан қойылады, онда нысан бойынша мәтіндегі парақтардың, оның ішінде фотосуреттердің, сызбалардың саны және графикалық қосымшалар саны жеке көрсетіледі. Мөртабанның астында сақтау бірліктерінің саны (кітаптардың, дәптерлердің, папкалардың, альбомдардың саны) көрсетіледі.
Тармақ 21
21. Геологиялық ақпаратты сақтауды ұйымдастыру тәртібі «Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 235 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33338 болып тіркелді).
Тарау 4. 4-тарау. Геологиялық ақпаратты каталогтау және жинақтау тәртібі
4-тарау. Геологиялық ақпаратты каталогтау және жинақтау тәртібі
Тармақ 22
22. Геологиялық материалдарды жүйелеу ҰДБ-да және қағаз жеткізгіштерде каталогтарды, есеп карточкалары мен картограммаларын жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 23
23. Каталог геологиялық ақпарат қорларында сақталатын материалдар туралы мәліметтерді жедел іздеуге арналған. Каталогтық карточкалардың картотекасы келесі бөлімдерден тұрады:
Тармақша 1
1) авторлық каталог;
Тармақша 2
2) «Әкімшілік облыстар» каталогы;
Тармақша 3
3) «Жиынтық баланстар» каталогы;
Тармақша 4
4) «Пайдалы қазбалар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссия хаттамалары» каталогы;
Тармақша 5
5) «Кен орындарының паспорттары» каталогы;
Тармақша 6
6) «Кен орындары» каталогы.
Тармақ 24
24. Авторлық каталогта геологиялық есептердің авторлары және олардың толық атаулары бар. Авторлық каталогтағы карточкаларды жүйелеу геологиялық есептің бірінші авторының тегі бойынша жүзеге асырылады. Авторлық каталогтың каталог карточкасында геологиялық есеп бойынша мынадай деректер көрсетілген: түгендеу нөмірі, геологиялық есептің авторы (авторлары), оның толық атауы, мәтін томдарының саны және әрбір томдағы мәтін парақтарының саны, есепке графикалық қосымшалар қалталарының саны, графикалық қосымшалар парақтарының жалпы саны, әрбір қалтадағы графикалық қосымшалар парақтарының саны, даналар саны есептер және олардың орналасқан жері.
Тармақ 25
25. «Әкімшілік облыстар» каталогында пайдалы қазбалардың түрлері бойынша жүйеленген, бірінші авторлардың тегі (әліппелік тәртіппен) және әрбір әкімшілік облыс шегінде әліппелік тәртіппен геологиялық есептердің толық атаулары қамтылады.
Тармақ 26
26. «Жиынтық баланстар» каталогында пайдалы қазбалардың жыл бойынша және жыл ішінде жүйеленген жиынтық баланстары пайдалы қазбалардың атаулары бойынша әліппелік тәртіппен қамтылады.
Тармақ 27
27. «Пайдалы қазбалар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссия хаттамалары» каталогында қор жөніндегі мемлекеттік комиссияның жылдар бойынша жүйеленген хаттамалары қамтылған.
Тармақ 28
28. «Кен орындарының паспорттары» каталогында пайдалы қазбалардың түрлері, құрылымдардың атаулары, техногендік минералдық түзілімдер бойынша сараланған пайдалы қазбалар кен орындары, тектоникалық құрылымдар, техногендік минералдық түзілімдер паспорттарының атаулары қамтылады.
Тармақ 29
29. «Кен орындары» каталогында пайдалы қазбалардың түрлері бойынша әліппелік тәртіппен топтастырылған, кен орны атауының бірінші сөзінің бірінші әрпі бойынша сараланған геологиялық есептердің атаулары қамтылады. Көрсетілген каталогтардың кез келгенінің әрбір каталог карточкасында міндетті түрде түгендеу нөмірі болады, оның астында Оператордың геологиялық қорында геологиялық құжат (геологиялық есеп, жиынтық баланс, паспорт) сақталады.
Тармақ 30
30. Каталогтар электрондық және қағаз түрінде құрастырылады.
Тармақ 31
31. Электрондық каталогтар ҰДБ-ның арнайы іздеу модулінде құрастырылады.
Тармақ 32
32. Операторға сақтауға келіп түсетін геологиялық есептің даналарына міндетті түрде жер қойнауын пайдаланушы дайындаған геологиялық зерделеудің есепке алу карточкалары қоса беріледі. ҰДБ жүйесінде зерделеу карточкалары есепке алынбаған жағдайда, Оператор геологиялық есептерді сақтауғ қабылдамайды. Есепке алынуы керек аяқталған геологиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша жасалған әрбір геологиялық есепке осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ҰДБ-да белгіленген үлгідегі геологиялық зерттелудің есепке алу карточкасы толтырылады. Барлық геологиялық зерттелу зерттелудің төрт түрі бойынша жүргізіледі: геологиялық, геофизикалық, гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық геологиялық зерттелу.
Тармақ 33
33. Геологиялық зерттелудің есепке алу карточкаларының көрсетілген түрлерін толтыру тәртібі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес Есепке алу карточкасын толтыру жөніндегі нұсқаулықта жазылады.
Тармақ 34
34. Геологиялық зерттелудің есепке алу карточкасы 1:1 000 000 масштабтағы топографиялық карта парақтары бойынша блоктың тиісті нөмірінің картотекасында орналастырылады және оған кезекті реттік нөмір беріледі.
Тармақ 35
35. Зерделенудің есепке алу карточкалары халықаралық бөлік сызықтаудың 1:1 000 000 масштабтағы топографиялық карта парақтары бойынша жүйеленеді. Әрбір есепке толтырылатын есеп карточкаларының саны зерттелген алаң орналасқан миллиондаған парақтардың санына сәйкес келуі керек. Бір есепті алаңның фрагменттеріне сәйкес келетін барлық есепке алу карточкалары бірдей ақпаратпен толтырылады және өзара есеп карточкасының артындағы осы миллионыншы параққа түскен жұмыстардың жалпы контурының бір бөлігі ғана көрсетілген аудан фрагментінің географиялық орналасу үлгісімен ғана ерекшеленеді.
Тармақ 36
36. Есепке алу карточкаларының түсуіне қарай Оператормен оларды есепке алу жүзеге асырылады. Келіп түскен есепке алу карточкаларын тіркеу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жасалатын түгендеу кітаптарында жүргізіледі.
Тармақ 37
37. Есеп карточкалары арнайы жәшіктерде орналасқан. Жәшітер миллионыншы парақтар бойынша жүйеленген. Әрбір миллионыншы парақ үшін және геологиялық зерттеудің әр түрі үшін жылдар бойынша топтастырылған есеп карточкалары жинақталған өз жәшігі бар.
Тармақ 38
38. Нәтижесінде 1:1 000 000 және одан да үлкен масштабтағы геологиялық мазмұндағы карталар жасалған аяқталған геологиялық зерттеу алаңдарының шекараларын Оператор геологиялық зерттеулердің әртүрлі түрі мен масштабтарына сәйкес келетін дербес түсті контурлар түрінде аумақты геологиялық зерделеудің жыл сайын толықтырылатын мамандандырылған контурлық карталарына салады.
Тармақ 39
39. Контурлық карталарды жасау үшін картографиялық негіз – жүзмыңдық бөліп сызықтауда градустық торы бар 1:1 000 000 масштабтағы бланкілік карталар. Контурлық карталарды жасау және толықтыру есепке алу карточкасында көрсетілген координаттар негізінде жүргізіледі. Контурлық карталар миллионыншы парақтар бойынша жүйеленген. Әрбір миллионыншы параққа контурлық карталары бар төрт қалта бар: бір қалта – геологиялық түсірілім жұмыстарына, бір қалта – геофизикалық жұмыстарға, бір қалта – гидрогеологиялық жұмыстарға және тағы бір қалта – инженерлік-геологиялық жұмыстарға арналады.
Тармақ 40
40. Контурлық карталардағы барлық контурлар нөмірленеді. Есепке алу карточкасының нөміріне сәйкес келетін контур нөмірі контурланған алаңның ішкі жағынан оның көлеміне байланысты бір немесе бірнеше жерден қойылады. Нөмір сызықша арқылы контур сызығына қосылады. Контур нөмірінен кейін сызықша арқылы тиісті әріптік индекс бір түспен жазылады. Зерттелу аймағы кішкентай болса және зерттелу контурына карта нөмірін енгізу мүмкін болмаса, ол сыртқы жағынан қойылып және контур түзуіне сызықпен қосылады. Контурлық карталар Қазақстан аумағында жүйелі геологиялық зерттеулер басталғаннан бастап (ХХ ғасырдың 1930-жылдарынан бастап) жүргізіледі және контурлық карталар шамадан тыс жүктелмеуі үшін оларда жинақталған геологиялық зерттеулердің әрбір түрі бойынша барлық ақпарат жылдар бойынша бөлінеді.
Тарау 5. 5-тарау. Геологиялық ақпаратты беру тәртібі
5-тарау. Геологиялық ақпаратты беру тәртібі
Тармақ 41
41. Құпия ақпаратты және мемлекеттік құпиялары бар геологиялық ақпаратты қоспағанда, Оператор қайталама геологиялық ақпараттың жалпы бөліміне (геологиялық есепке) ашық қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Тармақ 42
42. Есептің жалпы бөлігімен танысқаннан кейін заңды тұлға қажет болған жағдайда есепті не есептің бір бөлігін өтеусіз негізде алуға өтінім береді. Геологиялық ақпарат осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша геологиялық ақпараттың көшірмесін/телнұсқасын өтеусіз негізде алуға өтінім (бұдан әрі – өтінім) негізінде пайдалануға беріледі. «Minerals.e-qazyna.kz» интернет-порталындағы Жеке кабинеттен не тапсырыс бойынша жасанды жеткізгіштер арқылы геологиялық ақпараттың көшірмесі түрінде талап етілетін геологиялық ақпаратты беру 15 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады, Оператор көрсетілген мерзімде бір жер қойнауын пайдаланушыға 10-нан аспайтын есепті ұсынуды қамтамасыз етеді.
Тармақ 43
43. Бастапқы геологиялық ақпарат 6-қосымшаға сәйкес өтінім негізінде 15 жұмыс күні ішінде электрондық және (немесе) табиғи жеткізгіштердегі ақпараттың телнұсқалары түрінде пайдалануға беріледі.
Тармақ 44
44. Ақы алынбай (өтеусіз) геологиялық ақпарат:
Тармақ 1
1. ҰДБ-да конкурстық іс-шараларда жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін жарияланған және аукционға енгізілген кен орындары бойынша;
Тармақ 2
2. Ғылыми зерттеулер мемлекеттік бюджеттен және (немесе) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері болып табылатын ұлттық компаниялардың немесе олардың еншілес ұйымдарының қаражатынан қаржыландырылатын болса, ғылыми мақсаттар үшін; Мемлекеттік, сондай-ақ аккредиттелген жоғары оқу орындарына оқу мақсатында беріледі.
Тармақ 45
45. Мемлекеттік немесе аккредиттелген жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымның сұрау салуы негізінде Оператор геологиялық ақпаратты оқу немесе ғылыми мақсаттарда пайдалануға беру туралы не оны беруден дәлелді бас тарту туралы шешімдер қабылдайды. Сұрау салу сұратылған геологиялық ақпараттың мақсаты мен көлемін, оқу бағдарламасы туралы жалпы мәліметтерді, ғылыми зерттеулердің сипатын қамтиды.
Тармақ 46
46. Геологиялық ақпаратты беруден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
Тармақша 1
1) жеке немесе заңды тұлғалар өтеусіз негізде құпиялылық туралы келісім жасасу үшін ұсынған құжаттардың дұрыс еместігі анықталса;
Тармақша 2
2) құпиялылық туралы келісімді өтеусіз негізде жасасу үшін қажетті жеке немесе заңды тұлғаның және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмесе бас тартылады.
Тармақ 47
47. Оператор «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 77-бабының 3-тармағына сәйкес алынған құпия геологиялық ақпаратты ашады.
Тармақ 48
48. Цифрланған, ашып түсіндірілген меншіктегі немесе мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпарат Оператормен осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес геологиялық ақпарат пакеті түрінде өтеулі негізде беріледі.
Басқа 1
Меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру қағидаларына 1-қосымша Геологиялық материалдарды жазуға арналған түгендеу кітабы р/с № Жа­зу кү­ні Тү­ген­деу нө­мі­рі Ав­то­ры Ма­те­ри­ал­дың ата­уы 1 2 3 4 5 Есеп­тің шы­ға­ры­л­ған жы­лы Есеп­тің бір­лік­те­рі­нің са­ны Мәт­ін­де­гі па­рақ­тар­дың са­ны Гра­фи­ка­лық қо­сым­ша­лар­дың са­ны (алы­мы – қо­сым­ша­лар са­ны, бө­лі­мі – па­рақ са­ны Ма­те­ри­ал ұсын­ған ұй­ым­ның ата­уы, ма­те­ри­ал­дың кі­ріс нө­мі­рі Құ­пи­я­лы­лық дә­ре­же­сі Да­на­ла­ры­ның са­ны Ма­те­ри­ал­дар­ды қа­был­да­ған адам­ның те­гі, аты-жө­ні­нің бас әріп­те­рі, қо­лы Ес­кер­ту Бар­лы­ғы Оның ішін­де Фо­то­су­рет­тер мен су­рет­тер Сыз­ба­лар 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 Түгендеу кітабына ескерту: Түгендеу кітабындағы жазбалар біртектес болуы тиіс:
Тармақша 1
1) 4-бағанда есеп авторының тегі және аты-жөні атау септігінде жазылады, егер есепті екі автор жасаса, онда бір ғана автордың тегі мен аты-жөні, одан кейін «және тағы басқалары» деп жазылады;
Тармақша 2
2) 8-бағанда әрбір сақтау бірлігі үшін иллюстрациялары, фотосуреттері, сызбалары, суреттері бар парақтарды қоса алғанда, мәтін парақтарының жалпы саны көрсетіледі;
Тармақша 3
3) 9-бағанда әрбір кітаптың мәтініндегі фотосуреттер мен суреттер саны көрсетіледі;
Тармақша 4
4) 10-бағанда әрбір кітаптың мәтініндегі сызбалар саны жазылады;
Тармақша 5
5) 11-бағанда жалпы саны мен қоса, шектейтін рұқсат белгісі бар графикалық қосымшалардың саны да көрсетіледі;
Тармақша 6
6) 12-бағанда есепті ұсынған ұйымның атауы, оның келіп түскен күні және ілеспе хаттың кіріс нөмірі көрсетіледі. Сондай-ақ мұнда қосымшаның кіріс нөмірі және ілеспе хаттың күні жазылады; толықтырулар мен өзгерістер енгізілгені туралы жазба геологиялық ақпаратты жинау және сақтау қызметі басшысының қолымен бекітіледі;
Тармақша 7
7) 13-бағанда әрбір сақтау бірлігінің (кітаптың, дәптердің, графикалық қосымшаның) құпиялылық белгісі көрсетіледі;
Тармақша 8
8) 16-бағанда ерекше жазбалар енгізіледі.
Басқа 2
Меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру қағидаларына 2-қосымша Мөртабан Бұл кітапта _____ парақ бар, оның ішінде: фотосуреттер, суреттер______ парақта, сызбалар ______ парақта. Графикалық қосымшалардың саны _____ дана. 20______ жылғы «_____» ______________
Басқа 3
Меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру қағидаларына 3-қосымша Мерзімді есептер үшін сервердегі элементтердің құрылымы мен орналасу тәртібі: Ішінде есептері бар қалта орналасқан түбірлік қалтада ______ жылға арналған мерзімді есеп деп аталатын қалта орналастырылады. Файлдар «Х» деп аталады, мұндағы Х есептің түгендеу нөміріне сәйкеседі. Түпкілікті есептер үшін ақпараттық жүйедегі элементтердің құрылымы мен орналасу тәртібі: Ішінде есептері бар қалта орналасқан түбірлік қалтада ______ жылға арналған түпкілікті есеп деп аталатын қалта орналастырылады. Файлдар «Х» деп аталады, мұндағы Х есептің түгендеу нөміріне сәйкеседі.
Басқа 4
Меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру қағидаларына 4-қосымша 1. Кар­точ­ка _зерт­те­лу тү­рі_ зерт­те­лу № _нө­мі­рі_ 8. Зерт­те­лу тү­рі­нің ин­дек­сі 8.1. G 8.2. GG 8.3. IG 8.4. GF 8.5. B 8.6. T 2. Есеп­тің тү­ген­деу нө­мі­рі 9. Мил­ли­он­дық апа­рақ­тың зарт­те­лу кар­точ­ка­сы­ның но­мекла­ту­ра­сы 10. Кар­точ­ка жал­ға­сы 2.1. Рес­пуб­ли­ка­лық гео­ло­ги­я­лық қор: 2.2. Аумақ­тық гео­ло­ги­я­лық қор­дың ата­уы: 5. Ли­цен­зи­я­ның се­ри­я­сы; нө­мі­рі және тү­рі: 9.1. Мил­ли­он­дық па­рақ­тар 10.1. 10.2. 3. Жыл­дар бой­ын­ша жа­сан­ды жет­кіз­гіш­тер­де­гі (ЖЖ) ба­стап­қы ма­те­ри­ал­дар­дың нө­мір­ле­рі: 9.2. Рес­пуб­ли­ка­лық гео­ло­ги­я­лық қор 3.1. Жыл­дар 9.3. Аумақ­тық гео­ло­ги­я­лық қор 3.2. Тү­ген­деу № (ЖЖ) 11. Об­лыс (-тар): 4. Түр­ле­рі бой­ын­ша жыл­да­ры бой­ын­ша та­би­ғи жет­кіз­гіш­тер­де­гі (ТЖ) ба­стап­қы ма­те­ри­ал­дар­дың нө­мір­ле­рі: 12. Аудан (-дар): 4.1. Жыл­дар 13. Пай­да­лы қаз­ба­лар (ПҚ) 14. Шы­ғын­дар, тнг: 4.2.ТЖ түр­ле­рі 13.1. ПҚ кла­сы: 13.2. ПҚ түр­ле­рі: 4.3. Тү­ген­деу № ТЖ 6. Ав­тор (-лар): 15. Ұй­ым 16. Жұ­мыстың жал­пы ауқы­мы: 7. Есеп­тің ата­уы: 15.1. Тап­сы­рыс бе­ру­ші (-лер): 15.2. Орын­да­у­шы (-лар): 17. Жұ­мыс ба­стал­ған жыл: 18. Жұ­мыстың аяқ­та­лу жы­лы: 19. Жал­пы ауда­ны (кв км): 20. Па­рақ бой­ын­ша ауда­ны (кв км): 21. Есеп маз­мұ­ны (та­ра­у­лар­дың бет нө­мір­ле­рі­нің көр­се­ті­лу­і­мен). 24. Мил­ли­он­дық па­рақ­тың сыз­ба­сын­да­ғы зерт­тел­ген ай­мақ­тың ор­на­ла­суы: 00° 00° 00° 00° 25. Ко­ор­ди­нат­тар (жал­пы, есеп бой­ын­ша) № гш мш сш гд мд сд 22.1. № Кі­тап­тар мен қал­та­лар­дың нө­мір­ле­рі және ата­уы. Кар­та ата­уы және олар­дың мас­шта­б­та­ры Па­рақ­тар­дың са­ны Мас­шта­бы 22. Жа­сан­ды жет­кіз­гіш­тер­де­гі ба­стап­қы ма­те­ри­ал­дар: № Кі­тап­тар мен қал­та­лар­дың нө­мір­ле­рі және ата­уы Па­рақ­тар­дың са­ны 23. Та­би­ғи жет­кіз­гіш­тер­де­гі ба­стап­қы ма­те­ри­ал­дар: № ТЖ тү­рі Тү­ген­деу № Кө­ле­мі, өл­шем бір­лі­гі Сақ­тау ор­ны Сақ­тай­тын ұй­ым 26. Ре­фе­рат 26.1. Жұ­мыстың ба­ғы­ты мен мақ­са­ты: 26.2. Орын­дал­ған жұ­мыс: Жұ­мыс әді­сте­рі: Са­ны Кө­ле­мі Ауда­ны, (кв км) Мас­шта­бы Ес­кер­ту 26.3. Жұ­мыс нәти­же­ле­рі: Объ­ек­тің ата­уы Қор­лар­дың са­на­ты, ПҚ, қор­лар­дың са­ны, маз­мұ­ны. Қор­лар­ды са­нау жүй­е­сі. Қор­лар­ды бе­кі­ту құ­жа­ты­ның ата­уы, нө­мі­рі және кү­ні. Ауда­ны, кв км Са­нау те­рең­ді­гі, м Ко­ор­ди­нат­тар Қы­сқа­ша си­патта­ма С е г С е м С е с Шб г Шб м Шб с 26.4. Қо­ры­тын­ды мен ұсы­ны­стар: 27. Толтырды _____________________ ___________________ __________________ __________ __________ 27.1. Ұйым 27.2. Лауазымы 27.3. АӘЖ 27.4. Қолы 27.5. күні 28. Тексерді _____________________ ___________________ ___________________ __________ __________ 28.1. Ұйым 28.2. Лауазымы 28.3. АӘЖ 28.4. Қолы 28.5. күні
Басқа 5
Меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру қағидаларына 5-қосымша Есепке алу карточкасын толтыру бойынша нұсқаулық: Есепке алу карточкасын авторлар әрбір геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық және геофизикалық жұмыстардың нәтижелері туралы есептерге толтырады. Жұмыс жүргізілген әрбір миллиондық параққа есепке алу карточкасы жасалады. Кешенді жұмыстар жүргізілген болса, есепке зерттеу түрлерінің санына байланысты екі және одан да көп есепке алу карточкалары жасалуы мүмкін. Есепке алу карточкасындағы барлық жазбалар жалпы қабылданған қысқартуларды қолдана отырып компьютерде басылады. Мәтінді қара сиямен анық түсінікті қолжазбамен жазуға рұқсат беріледі. 1-бағанда зерттелудің геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық немесе геофизикалық секілді түрлері мен есепке алу карточкасының нөмірі көрсетіледі. 2-бағанда есептің және бастапқы материалдың түгендеу нөмірі жазылады. 2.1. – Республикалық геологиялық қордың түгендеу нөмірі, 2.2. – Аумақтық геологиялық қордың түгендеу нөмірі. 3-бағанда жылдар бойынша жасанды жеткізгіштердегі бастапқы материалдардың түгендеу нөмірлері келтіріледі. 4-бағанда табиғи жеткізгіштердегі бастапқы материалдардың түрлері мен жылдары бойынша түгендеу нөмірлері келтіріледі. 5-бағанда осы жұмысқа Геология комитеті берген лицензияның сериясы, нөмірі және түрі көрсетіледі, ал өңірлік жұмыстар жүргізілген болса, Геология комитеті хаттамасының нөмірі және оны бекіту күні көрсетіледі. 6-бағанда есеп авторларының (телавторлардың) аты-жөні мен тегі көрсетіледі. Егер екі автор болса, онда екеуі де жазылады, егер авторлар саны үш немесе одан да көп болса, онда алғашқы екі авторға «және басқалары» сөзі қосылып жазылады. 7-бағанда есептің атауы оның титулдық парағына сәйкес толық келтіріледі. 8-бағанда зерттелудің түрі көрсетіледі: G – геологиялық, GG, IG – гидрогеологиялық, инженерлік геология GF – геофизикалық, Т – геологиядағы ғылыми-техникалық және тақырыптық жұмыстар бойынша зерделеу карточкасы, егер осы зерттелу түрлеріне жататын болса (мұндай зерттелу түрлеріне ғылыми-техникалық сынақтар және геологиядағы ашылу жұмыстары, жаңа жұмыс түрлері мен әдістері, алғашқы сыналған технологиялар, тақырыптық жұмыстар және басқалар жатады. Сондай-ақ қауіпті аудандық аймақтарды зерттеу нәтижелерінің, жер сілкінісін зерттеу нәтижелерінің және т.б. жұмыстарды қосуға болады), зерттелудің басқа да түрлеріне қайталануы керек. Жұмыстар мемлкеттік бюджет есебінен орындалса, зерттелу түрінің жанына кіші «b» әрпі, ал жер қойнауын пайдаланушының өз қаражаты есебінен жүргізілген болса, зерттелу түрінің жанына кіші «с» әрпі қосылып жазылады. (Мысалы: Gb, GGb, IGc, GFc). 9-бағанда 1:1 000 000 масштабтағы халықаралық сызықтаудың топографиялық картасының номенклатура парақтары толтырылады, зерттелген аумақтың орналасу шегінде. 4 және одан көп миллиондық парақта орналасқан аумақта өңірлік жұмыстар жүргізілген болса, номенклатуралар тізбесінің жалғасы есепке алу карточкасына қосымша бетте келтіріледі. Түсті контурмен осы есепке алу карточкасы құрастырылған номенклатура парағы ерекшеленеді. 10-баған. Осы зерттелу карточкасында деректердің көлемі карточка шегінен асып кетсе, 10.1-тармақшада қосымша парақтардың санын көрсету керек, ал 10.2-тармақшада жалғасы болатын тармақтар көрсетіледі. Жалғасы болуы мүмкін тармақтар:
Тармақ 9
9-тармақ пен оның тармақшалары, 6, 7-тармақтар, 11, 12-тармақ, 13-тармақ пен тармақшалары, 15-тармақ пен оның тармақшалары, 14-тармақ пен оның тармақшалары, 21, 22, 23-тармақтар, бұрыштық нүктелердің санына байланысты 25-тармақ, 26-тармақ пен оның тармақшалары, 27 және 28-тармақтар және олардың тармақшалары зерттелу карточкаларының жалғасы болса, қайталанады. 11, 12-бағандарда жұмыс жүргізу алаңын әкімшілік-аумақтық байланыстыру туралы деректер көрсетіледі. 13-бағанда жұмыс процесінде анықталған пайдалы қазбалардың тізбесі келтіріледі: 13.1. – ПҚ, ҚПҚ, КТПҚ, КСШ, ЖС сыныптары. – ПҚ сыныптарға жататын түрлері (Мысалы: ПҚ сыныбы – ҚПҚ; ПҚ түрі – алтын, мыс). 14-бағанда шығын теңгемен және қаржыландыру көздері көрсетіледі. 15-бағанда жұмыс жүргізген ұйымның және тапсырыс берушілердің атауы келтіріледі. 16-бағанда жұмыстың жалпы ауқымы көрсетіледі. 17, 18-бағандарда жұмыстардың басталу және аяқталу жылдары (есепті сақтауға өткізу жылы) белгіленеді. 19-бағанда зерттелетін аумақтың жалпы ауданы км2-де, 20-тармақта осы зерттелу карточкасына жататын аумақтың ауданы көрсетіледі. 21-бағанда есептің мазмұны келтіріледі. 22-бағанда жасанды жеткізгіштердегі бастапқы материалдар туралы деректер келтіріледі. 23-бағанда табиғи жеткізгіштердегі бастапқы материалдар туралы деректер келтіріледі. 24-бағанда карта сызбасында штрихтелген контурмен жұмыстың жалпы көлеміне сәйкес зерттелген ауданның орналасуы көрсетіледі. Сызбаның үстінде халықаралық сызықтау парағының номенклатурасы көрсетіледі. 25-бағанда WGS 84 жүйесіндегі бұрыштық нүктелердің зерттелген ауданының барлық координаттары көрсетіледі. 26-бағанда төрт міндетті бөлім бойынша жұмыстың негізгі нәтижелерін сипаттайтын реферат келтіріледі:
Тармақ 26.1
26.1. Жұмыстың бағыты мен мақсаты. Геологиялық тапсырмаға немесе лицензияға сәйкес жұмыстың мақсатты бағыты көрсетіледі.
Тармақ 26.2
26.2. Орындалған жұмыс.
Тармақ 26.3
26.3. Жұмыс нәтижелері және ресурстарды бағалау кестесі.
Тармақ 26.4
26.4. Қорытынды мен ұсыныстар. 27, 28-бағанда карточканы толтырған есеп авторының лауазымы, тегі және қолы, сондай-ақ карточканы қабылдаған қызметкердің тегі мен қолы көрсетіледі.
Басқа 6
Меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру қағидаларына 6-қосымша Геологиялық ақпарат тізбесі: № Түгендеу Автор/объекттін атауы Геологиялық ақпараттың атауы Құрастыру/іріктеп алу жылы 1 2 3 Геологиялық ақпараттың түрі: ____________________________________________________________________ (қайталама/бастапқы) Жеткізгіштің түрі: ____________________________________________________ (жасанды/табиғи) Алу тәсілі: _________________________________________________________________ («Minerals.e-qazyna.kz» интернет-порталынан жүктеп алу, жасанды/табиғи жеткізгіштерде тапсырыс бойынша) Жеткізу қажеттілігі: ____________________________________________________________________ (қажет (жеткізу мекенжайын көрсету) / қажет емес) ______________________________ _______________________________ жеке тұлғаның (ТАӘ (бар болса) (қолы, күні) немесе заңды тұлғаның атауы) Мөр орны (бар болса)
Басқа 7. 2024 жылғы ___________________ № _____ Өтеусіз негізде геологиялық ақпарат беруге арналған құпиялылық туралы келісім
Меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру қағидаларына 7-қосымша 2024 жылғы ___________________ № _____ Өтеусіз негізде геологиялық ақпарат беруге арналған құпиялылық туралы келісім
Басқа 8
Меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру қағидаларына 8-қосымша Геологиялық ақпаратты жарияламау туралы міндеттеме