Вопросы Комитета по государственному контролю над производством и оборотом алкогольной продукции Министерства энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi 📌 Ескерту. Қаулының күші жойылды - 09.02.2005 № 124 қаулысымен. "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқаруды одан әрi жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 21 мамырдағы N 3958 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 16, 136-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 1. 1-3-тармақтардың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1999.02.25. № 173 қаулысымен .
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетiнiң аумақтық органдары үшiн Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетiнiң аумақтық органдарының қызметтiк жеңiл автомобильдерiнiң лимитiн қысқартудың есебiнен 5 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетiнiң аумақтық органдарын ұстау үшiн қаржыландыруды республикалық бюджет қаражатының есебiнен заңдарда белгiленген тәртiппен қамтамасыз етсiн.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi Оңтүстiк Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары мен Астана қаласының әкiмдерiмен бiрлесiп, Алматы қаласының әкiмi Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетiнiң аумақтық органдарын орналастыру үшiн бiр ай мерзiмде үй-жай бөлсiн.
Тармақ 7
7. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 29 сәуiрдегi N 391а қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.