О Положении о Социальном жилом доме для одиноких пенсионеров и инвалидов, одиноких супружеских и семейных пар пенсионного возраста Күшін жойған
Басқа 0
Жалғызiлiктi зейнеткерлер мен мүгедектерге, зейнеткерлiк жастағы жалғызбасты жұбайлық және отбасылық жұптарға арналған әлеуметтiк тұрғын үйдiң Ережесi туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 23.07.2012 N 3/627 қаулысымен.
2000-2002 жж. Алматы қаласының кедейшiлiк пен жұмыссыздыққа қарсы күресу жөнiндегi Бағдарламасына сәйкес және жалғызiлiктi зейнеткерлер мен мүгедектердi әлеуметтiк қорғау және қолдау жұмыстарын жетiлдiре түсу мақсатымен, Алматы қаласының Әкiмi
ШЕШТI:
Тармақ 1
1. Жалғызiлiктi зейнеткерлер мен мүгедектерге, зейнеткерлiкжастағы
жалғызбасты жұбайлық және отбасылық жұптарға арналған Әлеуметтiк тұрғын үйдiң Ережесi бекiтiлсiн (Қосымша N 1).
Тармақ 2
2. Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау Департаментi (Нұрланов А.Ж.) белгiленген тәртiп бойынша осы шешiмнiң тiркеуге алынуын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң орынбасары А.Қ. Бижановқа жүктелсiн.
Басқа 4
Алматы қаласы Әкiмiнiң
2001 жылғы 1 сәуірдегі
N 50 шешiмiне N 1 қосымша
Жалғызiлiктi зейнеткерлерге және мүгедектерге, зейнеткерлiк жастағы жалғызiлiктi жұбайлық және отбасылық жұптарға арналған әлеуметтiк тұрғын үй туралы Ереже
Тармақ i
Тарау i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Әлеуметтiк тұрғын үй - меншiк құқығы бойынша өздерiнiң иелiгiндегi баспананы қалаға тапсыратын жағдайда, күтiмге, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуге мұқтаж жалғызiлiктi зейнеткерлер мен мүгедектерге, зейнеткерлiк жастағы (әрi қарай - "егде адамдар") жалғызiлiктi жұбайлық және отбасылық жұптарға тұрақты тұруына арналған арнаулы тұрғын үй кешенi.
Тармақ 2
2. Әлеуметтiк тұрғын үй жергiлiктi атқару органының қаулысы бойынша ұйымдастырылды.
Тармақ 3
3. Әлеуметтiк тұрғын үйдi басқару Алматы қаласы әкiмшiлiгiнiң өкiлеттi органы арқылы жүзеге асады.
Тармақ 4
4. Қалада екi немесе одан көп әлеуметтiк тұрғын үй болса, оларға реттiк нөмiрлер берiлуi мүмкiн.
Тармақ 5
5. Әлеуметтiк тұрғын үй санитарлық-гигиеналық, өрттен қорғау, қауiпсiздiк техникаларының талаптарына сай келетiн, егде адамдардың тұруына арналған барлық коммуналдық қолайлы жағдайлар жасалған, арнайы (типтiк) салынған немесе қажеттi бөлмелерi бар, қолайлы ғимаратта ұйымдастырылады.
Тармақ 6
6. Әлеуметтiк тұрғын үй (мүлiктiк) кешен ретiнде Алматы қаласының коммуналдық меншiгi болып табылады.
Тармақ 7
7. Әлеуметтiк тұрғын үйде тұратын егде адамдарға көрсетiлетiн медициналық қызметтiң сапасын, санитарлық-эпидемиологиялық тәртiптiң сақталуын, мамандандырылған медициналық жәрдем көрсетiлуiн белгiленген тәртiпке сәйкес денсаулық сақтау органдары бақылайды.
Тармақ 8
8. Әлеуметтiк тұрғын үй Алматы қаласының халқын әлеуметтiк қорғауға арналған қаражаттардың есебiнен ұсталады.
Тармақ 9
9. Әлеуметтiк тұрғын үйдiң құқықтық жағдайы осы Ереже арқылы белгiленедi.
Тармақ 10
10. Әлеуметтiк тұрғын үйге көшудi қалайтын адамдарды анықтап, есебiн алуын халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi өкiлеттi орган жүзеге асырады.
Тармақ ii
Тарау ii. II. Әлеуметтiк тұрғын үйдiң мақсаты
II. Әлеуметтiк тұрғын үйдiң мақсаты
Тармақ 11
11. Әлеуметтiк тұрғын үйдiң негiзгi мақсаты-егде азаматтардың күнделiктi тұруына тұрғын үй жайларын ұсыну мен әлеуметтiк- тұрмыстық, медициналық және т.б. қызметтердi көрсетуiн қамтамасыз ету.
Тармақ iii
Тарау iii. III. Тұрғын үй алаңын беру және әлеуметтiк үйде тұру тәртiбi
III. Тұрғын үй алаңын беру және әлеуметтiк үйде тұру тәртiбi
Тармақ 12
12. Әлеуметтiк тұрғын үй меншiк құқығы бойынша өз иелiгiндегi тұрғын үйлерiн қаланың коммуналдық меншiгiне өткiзген және өз-өзiне қызмет ету қабiлетiн толық немесе iшiнара сақтаған егде азаматтардың тұрақты тұруына арналған.
Тармақ 13
13. Әлеуметтiк тұрғын үйге Алматы қаласында тұрақты тұратын егде азаматтар қабылданады.
Тармақ 14
14. Әлеуметтiк тұрғын үйде тұруды қалайтын адамдар Алматы қаласындағы халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы өкiлеттi органға қабылдау туралы өтiнiшiн (N 1 Қосымша) және баспанаға меншiк құқығын беретiн құжаттарды тапсырады.
Тармақ 15
15. Жұқпалы, психикалық аурулары бар, сондай-ақ маскүнем, нашақор адамдарды әлеуметтiк тұрғын үйге қоныстандыруға болмайды.
Тармақ 16
16. Қария азаматтардың өтiнiшi негiзiнде Алматы қаласындағы халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы өкiлеттi орган мүдделi тараптардың қатысуымен тұрғын үйдiң (пәтердiң) санитарлық-техникалық жағдайы туралы акт жасайды (N 2 Қосымша).
Тармақ 17
17. Әлеуметтiк тұрғын үйге қоныстандыру туралы шешiмдi құрамы Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң қаулысымен бекiтiлетiн Комиссия қабылдайды.
Тармақ 18
18. Әлеуметтiк тұрғын үйге қабылдау Комиссиясы оң шешiм қабылдаған соң халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi өкiлеттi органы егде азаматтармен жалдау шартын ресiмдейдi (N 3 Қосымша).
Тармақ 19
19. Қарт азаматтардың коммуналдық меншiкке тапсырған үй жайы тұрғын үй қорын басқару жөнiндегi өкiлеттi органы белгiленген тәртiпке сәйкес үй жағдайын жақсартуға мұқтажды азаматтарға берiледi немесе сатылып, қаражаты бюджетке аударылады.
Тармақ 20
20. Тұрғын үйдi жалға беру келiсiм - шартына сәйкес (Қосымша N 3), егде азаматтарға Әлеуметтiк тұрғын үйден бiр немесе екi бөлмелi пәтер өмiрлікке берiледi.
Екi жақ келiскен жағдайда, келiсiмнiң бiр жағының бастамасымен тұрғын үйдi жалға беру келiсiмiне қосымша шарттар енгiзiлуi мүмкiн.
Жалға алушы бастаушы болып әлеуметтiк тұрғын үйдегi тұрғын жайды жалға алу шартын бұзған күнде, қаланың коммуналдық меншiгiне өткен пәтер қайтарылмайды.
Тармақ 21
21. Әлеуметтiк тұрғын үйдегi пәтерлердi жекешелендiруге, айырбастауға, тұрғын үй алаңын бөлуге, уақытша тұрғындарды қоныстандыруға, жалға беруге болмайды.
Тармақ 22
22. Екi бөлмелi пәтерде тұратын отбасы мүшелерiнiң бiрi басқа жаққа кеткен жағдайда Комиссия пәтерде тұрушының келiсiмiмен, тиiстi нормалар мен ережелердi сақтап, сол тұрғын үй алаңын көлемi шағын баспанаға айырбастау туралы шешiм қабылдауға құқылы.
Тармақ 23
23. Әлеуметтiк тұрғын үйде тұратындардың зейнетақылары, мемлекеттiк жәрдемақылары, арнайы мемлекеттiк және арнайы қалалық жәрдемақылары толық сақталады, қолданыстағы заңнамаға сәйкес әлеуметтiк қорғаумен және қолдаумен қамтамасыз етiледi.
Тармақ iv
Тарау iv. IV. Әлеуметтiк тұрғын үйде тұратын азаматтарға көрсетiлетiн
қызметтер мен берiлетiн кепiлдiктер
IV. Әлеуметтiк тұрғын үйде тұратын азаматтарға көрсетiлетiн
қызметтер мен берiлетiн кепiлдiктер
Тармақ 24
24. Егде азаматтарға әлеуметтiк тұрғын үйге қоныстанар кезде мынадай кепiлдiктер берiледi:
- тұрғын үй коммуналдық төлемдерiн толық мөлшерде төлеу;
- жеке телефонды тегiн орнату;
- көшкенде жеке заттары мен мүлiктерiн тегiн тасымалдау;
- қоныстанарда пәтерге қолайлы жағдайлар жасауда (жиhаздарды қою, перде iлгiштердi, төбешамдарды орнату, электроплиталарды iске қосу, есiк-терезелердi жылылау және т.б.) жәрдемдесу;
- тәулігіне бір рет тегін ыстық түскі ас беру.
📌 Ескерту. 24 тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 7 тамыздағы N 4/639
қаулысымен
.
Тармақ 25
25. Әлеуметтiк тұрғын үйде тұратындарға:
- олардың зейнетақылары жаңа тұрғылықты жерiне ауыстырылып, жеткiзiп берiледi;
- мүгедектiктi белгiлеу немесе мүгедектiк тобының өзгеруiне
байланысты мәселелерi шешiледi;
- қолданыстағы заңнамада белгiленген кепiлдi медициналық жәрдемнiң көлемiнде медициналық қызметтер көрсетiледi.
Тармақ 26
26. Әлеуметтiк тұрғын үйде тұратын адамдар үшiн мыналар
ұйымдастырылады:
- тәулiк бойы күзет;
- медбикештiң кезекшiлiгi;
- осы үйде тұратындардың әлеуметтiк-тұрмыстық талап-тiлектерiнiң орындалуын ұйымдастыратын диспетчерлiк пункттiң жұмысы.
Тармақ 27
27. Әлеуметтiк тұрғын үйде тұратын азаматтарға мынадай қызметтер көрсетiледi:
- күнделiктi қажеттi тауарлар сататын дүкен;
- дәмхана;
- көрсетiлетiн қызметтерiнiң бағалары төмендетiлген шаштараз, кiр жуу бөлмесi және аяқ киiм жөндеу пунктi.
Тармақ 28
28. Тұрақты күтiмге мұқтаж егде азаматтарға әлеуметтiк саладағы қызметкерлер арқылы қажеттi әлеуметтiк-тұрмыстық көмек көрсетiледi.
Тармақ 29
29. Егде азамат қайтыс болғаннан кейiн тұрғын үй-коммуналдық қызметiн төлеу үшiн бөлiнген қаражат Алматы қалалық халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi өкiлеттi органның есебiнде қалады.
Басқа 42. Қарт азаматтарға арналған
Әлеуметтiк тұрғын үйде тұрғын жайды беру туралы
Ө Т I Н I Ш
Жалғызiлiктi зейнеткерлер мен
мүгедектерге арналған Әлеуметтiк
тұрғын үй туралы Ережеге
N 1 Қосымша
Қария азаматтар үшiн
Әлеуметтiк тұрғын үйде тұрушы
адамдарды анықтау жөнiндегi
Комиссия төрағасына
Қарт азаматтарға арналған
Әлеуметтiк тұрғын үйде тұрғын жайды беру туралы
Ө Т I Н I Ш
Мен, азамат(ша) ______________________________________________________
__________________________________________________________, Алматы қаласы
___________________________________________ көшесiнде (даңғылында) N____ үйде
____________________ пәтерде тұрамын, жеке меншiгiмде үйiм бар, маған жалғызiлiктi зейнеткерлер үшiн әлеуметтiк тұрғын үйден пәтер берулерiңiздi өтiнемiн, оның мекен-жайы Алматы қаласы, Н.Тiлендиев көшесi, 256/1 үй жоғарыда аталған тұрғын үйдi (пәтердi) қаланың коммуналдық меншiгiне беру шартымен тұрғын үй ____________________________ қабатта орналасқан, жалпы көлемi ____________________ шаршы метр, тұрғын алаңы ________ шаршы метр, ас үйi ________ шаршы метр.
Өтiнiшiме мына құжаттарды қоса беремiн:
1. Тұрғын жайды иелену құқығын растайтын құжаттар.
2. Тұрғын жай туралы N 3 үлгiдегi анықтама.
Өтiнiш иесi :________ ____________________
(аты - жөні)
Пәтерiмдi (үйiмдi) коммуналдық меншiкке беруге келiсемiн (келiсушi) отбасы мүшелерi
__________ ______________________
(аты - жөнi)
__________ ______________________
"____" ___________ 2001 жыл
Басқа 43. Тұрғын жайдың (үйдiң, пәтердiң)
санитарлық - техникалық жағдайының
А К Т I
Жалғызiлiктi зейнеткерлер мен
мүгедектерге арналған әлеуметтiк
тұрғын үй туралы Ережеге
N 2 Қосымша
Тұрғын жайдың (үйдiң, пәтердiң)
санитарлық - техникалық жағдайының
А К Т I
"Жалғызiлiктi зейнеткерлер мен мүгедектерге арналған Әлеуметтiк тұрғын үй туралы" Ереже негiзiнде мына құрамда қызмет еткен комиссия: ____________________________________________________________________ үйдiң (пәтердiң) санитарлық жағдайын тексеруден өткiздi.
Осы үйде тұрушы азамат(ша)______________________________________ көшесi (даңғыл) N ____ үй , ______ кор, _____пәтерде тұрады.
_____________________________________________ (ордердi берген ұйымның аталуы)
Жеке есеп-шоты азамат(ша) _____________________________ N ________________ пәтердi жекешелендiру (дата)
келiсiм-шартының (ордердiң) негiзiнде ашылды.
ПИК аталуы _________________________________________________________
Тармақ 2
2. Тұрғын жайда тұратын және осында жазылған отбасы мүшелерiнiң саны_____________________________________________________________________
-----------------------------------------------------------------------
Аты-жөнi!Туған күнi,!Туыстық!Қай уақыттан берi ! Әлеуметтiк мәртебесi
!айы, жылы !қатысы !тұрады, тiркелген !
! ! !Алматыда!осы жайда!
--------------------------------------------------------------------------
! !өтiнiш ! ! !
! !иесі ! ! !
--------------------------------------------------------------------------
! ! ! ! !
--------------------------------------------------------------------------
! ! ! ! !
--------------------------------------------------------------------------
! ! ! ! !
--------------------------------------------------------------------------
Тармақ 3
3. Үйдiң сипаттамасы: кiрпiш, панелдi, блокты, ағаш (оюланған, қалқанды, каркасты-үйiндi) аралас, жеңiл, апатты, тұрғын үйге келтiрiлген (сызу керек)
Тармақ 4
4. Пәтер жайлылығы: газ, суқұбыры, жуынды құбыры, ыстық су (орталық жылу, пеш, жуынатын орын, құбырлар (бiрiктiрiлген, бөлек) лифт, телефон_______________.
Тармақ 5
5. Пәтердiң жалпы көлемi __________ шаршы метр. Пәтердiң тұрғын жайы__________ шаршы метр, ас үй __________ шаршы метр.
Тармақ 6
6. Бөлмелердiң саны, олардың сипаттамасы (бөлек, аралас-бөлек, өтпелi,тiк өтпелi).
---------------------------------------------------------------------------
N ! Бөлмелер ! Бөлмелердiң көлемi
---------------------------------------------------------------------------
1 ! !
---------------------------------------------------------------------------
2 ! !
---------------------------------------------------------------------------
3 ! !
---------------------------------------------------------------------------
4 ! !
---------------------------------------------------------------------------
Тармақ 7
7. Үй қанша қабаттан тұрады _____________________, аталған жай қай қабатта орналасқан _________________ .
Тармақ 8
8. Пәтер иесiнiң қосымша мәлiметi (отбасында қайтыс болғандар, Ұлы Отан соғысының мүгедегi, зейнеткер).
Тармақ 9
9. Коммуналдық қызмет жөнiндегi берешектерiнiң жоқтығы
____________________________________________________________________
ПИК төрағасы _____________ Бас есепшi ____________
Комиссия мүшелерi:
Актiмен таныстым
___________________________________________________
(үй, пәтер иесiнiң қолы)
"___"__________________ 2002 жыл
Басқа 52. Әлеуметтiк тұрғын үйдегi
тұрғын жайды жалға алу
Ш А Р Т Ы
Жалғызiлiктi зейнеткерлер мен мүгедектер үшiн әлеуметтiк
тұрғын үй туралы Ережеге
N 3 Қосымша
Әлеуметтiк тұрғын үйдегi
тұрғын жайды жалға алу
Ш А Р Т Ы
Алматы қалалық халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi өкiлеттi органы, Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау Департаментiнiң атынан А.Ж.Нұрланов, Департамент туралы Ереженiң негiзiнде қызмет етушi, бұдан әрi Жалға берушi, бiр жағынан және азамат ______________________________________________________________________________________________
одан әрi Жалға алушы, екiншi жағынан төмендегiлер туралы шартқа отырды:
І. Шарттың қызметi
Тармақ 1.1
1.1. Жалға берушi Жалға алушыға (оның отбасы мүшелерiне), жалғызiлiктi зейнеткерлер мен мүгедектерге арналған әлеуметтiк тұрғын үйге тұрушыларды анықтайтын Комиссияның шешiмi негiзiнде Тлендиев көшесi, 256/1 үй, пәтер мекен жайы бойынша, жалпы алаңы __________ шаршы метр, _____________ бөлмеден тұратын пәтер өмiрлiк ие болып пайдалануға берiледi.
Тармақ 1.2
1.2. Екi бөлмелi пәтерде тұратын отбасы мүшелерiнiң бiреуi кетiп қалған жағдайда, комиссия тұрушының келiсiмiмен тұрғын жайды нормамен ережеге сәйкес кiшiрек алаңға ауыстыруға құқықты.
Тармақ 1.3
1.3. Жалға алушы бастаушы болып әлеуметтiк тұрғын үйдегi тұрғын жайда жалға алу шартын бұзған күнде, қаланың коммуналдық меншiгiне өткен пәтер қайтарылмайды.
Тармақ 1.4
1.4. Әлеуметтiк тұрғын зейнеткерлiк емес жастағы азаматтардың тұруына рұқсат етiлмейдi.
Тармақ 1.5
1.5. Жалға алушы пәтердi мақсатына сай (тұру үшiн) пайдаланады.
Тармақ 1.6
1.6. Әлеуметтiк тұрғын үйдегi тұрғын жайларды жекелiкке шығаруға, алмастыруға, тұрғын алаңын бөлуге, уақытша тұрғындарды жiберуге, пәтердi жалға беруге рұқсат етiлмейдi.
Тармақ ii
II. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 2.1
2.1. Жалға берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi:
Тармақ 2.1.1
2.1.1. Жалға алушыға пәтердi және пәтердегi жабдықтарды түгелiмен санитарлық-техникалық қанағатты жағдайда ұсынады.
Тармақ 2.1.2
2.1.2. Үйдi дұрыс ұстауды жүзеге асырады.
Тармақ 2.1.3
2.1.3. Пәтерде уақтылы қажеттi және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргiзу.
Тармақ 2.1.4
2.1.4. Жалға алушының өтiнiмi бойынша пәтердегi жабдықтарды қалпына келтiру.
Тармақ 2.1.5
2.1.5. Егде азаматтың тұрғын үй-коммуналдық қызметтерi үшiн ақысын толық мөлшерде төлейдi.
Тармақ 2.1.6
2.1.6. Жалға алушы тұру тәртiбiн үнемi бұзып тұрған жағдайда, жалға берушi оған қолданыстағы заңда көрсетiлген әсер ету шараларын қолдануға құқығы бар.
Тармақ 2.2
2.2. Жалға алушының құқықтары мен мiндеттерi:
Тармақ 2.2.1
2.2.1. Пәтердi тек қана тұру мақсатында пайдалануға және оны техникалық жағдайы мен бағыты бойынша пайдалану.
Тармақ 2.2.2
2.2.2. Тұрғын үйдi пайдалану ережесiн ұстану, оның iшiнде өрт қауiпсiздiгiн сақтау, пәтердi және оның iшiндегi орнатылған жабдықтарды ұқыпты пайдалану.
Тармақ 2.2.3
2.2.3. Жалға алушыға пәтерге және оның iшiндегi орнатылған жабдықтарға зиян келтiрген жағдайда оның орнын төлеу.
Тармақ 2.2.4
2.2.4. Тиiстi рұқсатсыз жайларда қайта жабдықтауды, орын алмастыруды және орнынан қозғауға болмайды.
Тармақ 2.2.5
2.2.5. Күндiз апат болған жағдайда түнгi уақытта пәтерiне жалға берушiлердi және өзге әлеуметтiк тұрғын үйдiң өкiлдерiн жөндеу жұмыстарын жүргiзуге керек болған жағдайда санитарлық өңдеуге тоқтаусыз жiберу.
Тармақ 2.2.6
2.2.6. Қажет болған жағдайда Жалға берушiден жоспардан тыс пәтердi және оның техникалық жағдайын қарап шығуды талап етуге.
Тармақ 2.2.7
2.2.7. Жалға алушы 6 айдан аса белгiлi себептермен жоқ болған жағдайда Жалға берушiге жазбаша хабарлау.
Тармақ 2.2.8
2.2.8. Өз уақытында қалааралық сөйлесулерiн қоса байланыс қызметiн пайдаланғаны үшiн ақысын төлеу.
Тармақ 2.2.9
2.2.9. Қандай да болмасын уақытта осы шарттан шығуға.
Тармақ 2.2.10
2.2.10. Тұрғын үйден басқасына көшкенде Жалға берушiге жайды және ондағы жабдықтарды санитарлық-техникалық жағдайда тапсыруға.
Тармақ 2.2.11
2.2.11. Қолданыстағы белгiленген заңдардағы өзге мiндеттердi орындау.
Тармақ iii
III. Тараптардың мiндетi
Тармақ 3.1
3.1. Жалға берушi Жалға алушыға осы шарттағы 2.1.1. 2.15. тармақтарында аталған мiндеттердi орындамаған жағдайда оның шығынының орнын толтырады.
Тармақ 3.2
3.2. Жалға алушы Жалға берушiге белгiленген заң тәртiбiмен 2.2.1, 2.2.2, 2.2.3, 2.2.4, 2.2.5. көзделген мiндеттердi орындамаған жағдайда оның материалдық шығынының орнын толтырады.
Тармақ iv
IV. Шарттың күшiне ену мерзiмi
Тармақ 4.1
4.1. Шарт өз күшiне қол қойған сәттен бастап кіредi.
Тармақ v
V. Басқа жағдайлар
Тармақ 5.1
5.1. Екі жақ келіскен жағдайда, келісімінің бір жағының бастамасымен тұрғын үйді жалға беру келісіміне қосымша шарттар енгізілуі мүмкін.
Тармақ 5.2
5.2. Осы шартта көзделмеген мәселелер, қолданыстағы заңдарға сәйкес шешiледi.
Тармақ 5.3
5.3. Осы шартты орындау кезiндегi дау мәселелердi тараптар оны соттан тыс тәртiппен шешуге қажеттi шараларды қабылдайды.
Тараптар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қаралады.
Осы шарт екi данада жасалды және заң күшi бiрдей, оның бiреуi Жалға берушiде, екiншiсi Жалға алушыда болады.
Жалға берушi:
______________________
Жалға алушы:
________________________
жеке куәлігі N__________
берілген _____________
берілген күні __________