О повышении ставок земельного налога и единого земельного налога на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения Щербактинского района Павлодарской области Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Шарбақты ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 509-бабының 5-тармағына, 704-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық Кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Заңының 50-бабы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Шарбақты ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелері 10 (он) есеге жоғарылатылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Шарбақты ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері 10 (он) есеге жоғарылатылсын.
Тармақ 3
3. Күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) Шарбақты аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 тамыздағы «Шарбақты ауданында жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» № 225/63 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4721 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі.
Тармақша 2
2) Шарбақты аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 наурыздағы «Шарбақты аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 тамыздағы «Шарбақты ауданында жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» № 225/63 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» № 262/72 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5058 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 сәуірде  Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне электрондық түрде жарияланған) шешімі.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихаттың ауданның бюджет мәселелері және әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, осы шешімнің 2 тармағы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.