Об установлении водоохранных зон, полос и режима их хозяйственного использования Күшін жойған
Басқа 0
Су қорғау аймақтарын, белдеулерін
және оларды шаруашылықта
пайдалану режимін белгілеу туралы
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 116-бабына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 тіркелген) сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бекітілген жобалық құжаттамалардың негізінде су қорғау аймақтары мен белдеулері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін;
Тармақ 2
2. Су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 3
3. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 10
Алматы облысы әкімдігінің
2018 жылғы «31» мамырдағы
№ 247 қаулысына 1-қосымша
Су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленетін су объектілерінің
тізімі
№
Атауы
Су қорғау аймақтарының ені, метр
Су қорғау белдеулерінің ені, метр
1
Қошқар өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
500-600
100
2
Сұңқар өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
500-550
100
3
Талды өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
500-550
35-100
4
Тойсай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
500-550
100
5
Ұзынбұлақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
500-550
35-100
6
Шибұт өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
500-600
100
7
Шілікті өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
500-600
35
8
Арлыкголсай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
500-550
100
9
Ақтан (Үшарал) өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
500-550
35-100
10
Ақтам өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
500-550
100
11
Қызылащы өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
500-550
35-100
12
Манапка (Қызылағаш) өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
500-550
35
13
Нарынқол өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
500-600
35-100
14
Ойқайың өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
500-550
35
15
Сарыбұлақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
500-550
100
16
Үлкен Алматы Каналының су қорғау аймақтары мен белдеулері
36-500
35
17
Бөдеті өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
500-550
100
18
Байғожа өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
500-600
35-100
19
Грязный өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
500
100
20
Жылысай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
500
35-100
21
Қайназар өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
500-600
35-100
22
Қара-Арша өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
500-600
35-100
23
Алтай көлдері жүйесінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
500
100-150
Басқа 11
Алматы облысы әкімдігінің
2018 жылғы «31» мамырдағы
№ 247 қаулысына 2-қосымша
Су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі
Тармақ 1
1. Бұл режим Қазақстан Республикасының Су Кодексіне сәйкес су объектілерін санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесiн сақтау үшiн әзірленді.
Тармақ 2
2. Су қорғау белдеулерінің шегінде:
Тармақша 1
1)су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
Тармақша 2
2)су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға;
Тармақша 3
3)бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
Тармақша 4
4)су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
Тармақша 5
5)жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
Тармақша 6
6)шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
Тармақша 7
7)тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.
Тармақ 3
3. Су қорғау аймақтарының шегінде:
Тармақша 1
1)су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
Тармақша 2
2)ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
Тармақша 3
3)тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар мен мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен және улы химикаттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
Тармақша 4
4)мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
Тармақша 5
5)жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
Тармақша 6
6)су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін улы химикаттармен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
Тармақша 7
7)концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.
Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.