Об изменениях в административно-территориальном устройстве Успенского района Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Успенка ауданының әкімшілік–аумақтық құрылымындағы өзгертулер туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы жергiліктi мемлекеттiк басқару туралы" № 148-II Заңының 6 бабы және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 2572-а-ХII "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымы туралы" Заңының 81 бабы және Успенка аудандық мәслихатының хатшысы мен аудан әкiмi ұсынған материалдар негiзiнде Ковалевка селолық округiндегi Боярск селосы мен Ольгинка селолық округiндегi Борисовка селосының тұрғындары көшiп кеткенiне байланысты облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI: Дербес әкiмшiлiк–аумақтық бiрлiктер мәртебесiнен айырылған Ольгинка селолық округiндегi Борисовка және Ковалевка селолық округiндегi Боярск селолары есеп мәлiметтерден шығарылсын.