Об утверждении перечня, наименований и индексов автомобильных дорог общего пользования районного значения по Байганинскому району и признании утратившими силу некоторых постановлений акимата района Қолданыста
Басқа 0
Байғанин ауданыбойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн, атаулары мен индекстерін бекiту және аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 3 бабының 7 тармағына, 6 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына сәйкес, Байғанин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Байғанин ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесi, атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Байғанин ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) Байғанин аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 272 «Байғанин ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн бекiту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4658 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде электрондық түрде жарияланған);
Тармақша 2
2) Байғанин аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 3 мамырдағы № 87 «Байғанин аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 272 «Байғанин ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн бекiту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5495 болып тіркелген, 2017 жылғы 25 мамырда аудандық «Жем-Сағыз» газетінде жарияланған).
Тармақ 3
3. «Байғанин аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Байғанин аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Боранбайға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
«Ақтөбе облысының жолаушылар
көлiгiжәне автомобиль жолдары
басқармасы» ММ басшысы __________
А. Османгалиев
17 мамыр 2018 жыл
Басқа 10
Байғанин ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 21 мамырдағы
№ 116 қаулысына қосымша
Байғанин ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы
автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері
№ р/с
Автожолдың индексі
Автожолдың атауы
Жалпы ұзындығы, километр
1
KD-BA-37
Қарауылкелді-Жарқамыс
102,480
2
KD-BA-38
Қарауылкелді-Жарқамыс-Алтай батыр–Миялы– Оймауыт
171,255
3
KD-BA-39
Кемерши ауылына кіре беріс
56,000
4
KD-BA-40
Ебейті ауылына кіре беріс
43,690
5
KD-BA-41
Ноғайты ауылына кіре беріс
1,400
6
KD-BA-42
Көкбұлақ ауылына кіре беріс
18,000
7
KD-BA-43
Кенжалы ауылына кіре беріс
3,500
8
KD-BA-44
Қосарал ауылына кіре беріс
2,400
Барлығы
398,725