О повышении ставок единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения на территории Нуринского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О повышении ставок единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения на территории Нуринского района
- Атауы (қаз.)
- Нұра ауданының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 251
- Қабылданған күні
- 13.06.2018
- Көрсетілген редакция
- 13.06.2018 122896_333592.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.06.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18KN004827
- ЭКБ идентификаторы
- 122896
- Редакция идентификаторы
- 122896_333592
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:06
0 Нұра ауданының аумағында
пайдаланылмайтын ауыл
шаруашылығы мақсатындағы
жерлерге бірыңғай жер салығының
мөлшерлемелерін жоғарылату туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 704 бабының 3-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Нұра ауданының аумағында Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
2 2. Күші жойылды деп танылсын:
Нұра аудандық мәслихатының 38 сессиясының 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 400 «Нұра ауданының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3437 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 қазанда, 2015 жылғы 17 қазандағы №42 (5429) «Нұра» газетінде жарияланған);
Нұра аудандық мәслихатының 42 сессиясының 2016 жылғы 18 қаңтардағы №442 «Нұра аудандық мәслихатының 2015 жылғы 17 қыркүйектегі 38 сессиясының №400 «Нұра ауданының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3658 болып тіркелген, «Әділет»
ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 22 ақпанда, 2016 жылғы 20 ақпанда №7 (5445) «Нұра» газетінде жарияланған).