Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества на территории населенных пунктов Каргалинского района Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.02.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарғалы ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» № 1106  қаулысына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қарғалы ауданында елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қарғалы ауданында елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Қарғалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 239 шешіміне 1 қосымша Қарғалы ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қарғалы ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Қарғалы ауданының елді мекендері аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
Бөлім 2. 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Бөлек жиынды ауылдық округтің әкімі шақырады. Қарғалы ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауданның бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
Тармақ 5
5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді ауылдың, ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Бөлек жиынды ашудың алдында ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Бөлек жиынды аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады. Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қарғалы аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
Тармақ 9
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 10
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны ауылдың, ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.
Басқа 17
Қарғалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 239 шешіміне 2 қосымша Қарғалы ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау р/с № Қар­ға­лы ауда­ны­ның ел­ді ме­ке­ні­нің ата­уы Қар­ға­лы ауда­ны­ның ел­ді ме­кен­де­рі ау­ма­ғын­да­ғы жер­гі­лік­ті қо­ғам­да­стық жиы­ны­на қа­ты­су үшін ауыл, кө­ше, көп­пәтер­лі тұр­ғын үй тұр­ғын­да­ры өкіл­де­рі­нің са­ны (адам) Бадамша ауылдық округі 1. Ба­дам­ша ауы­лы 26 Әлімбет ауылдық округі 2. Әлім­бет ауы­лы 6 3. Шан­ды­а­ша ауы­лы 1 Ащылысай ауылдық округі 4. Ащы­лы­сай ауы­лы 7 5. Бозтө­бе ауы­лы 2 6. Ақ­көл ауы­лы 1 7 Пре­об­ра­же­нов­ка ауы­лы 1 Степной ауылдық округі 8. Степ­ной ауы­лы 4 9. Қай­рақ­ты ауы­лы 2 10. Ма­мыт ауы­лы 1 Пер­во­май­ка ауы­лы 1 Кемпірсай ауылдық округі 11. Кем­пір­сай ауы­лы 1 12. Жо­са­лы ауы­лы 4 Қа­ра­бұ­тақ ауы­лы 1 Велихов ауылдық округі 13. Ве­ли­хов ауы­лы 2 14. Ақ­жай­ық ауы­лы 2 Қос Естек ауылдық округі 15. Қос Естек ауы­лы 9 16. Са­ры­бұ­лақ ауы­лы 1 Желтау ауылдық округі 17. Пет­ро­павл ауы­лы 8 18. Ш.Қал­да­я­қов ауы­лы 8