О повышении базовых ставок земельного налога Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.07.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджеттік төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 509-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзібасқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-13) тармағына және Қызылорда қаласы әкімінің 2018 жылғы 7 маусымдағы №07-20/1880 хатына сәйкес, Қызылорда қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Қызылорда қаласының аймағындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының Кодексiнiң 503-бабында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелерi 10 (он) есеге жоғарылатылсын.
Тармақ 2
2. «Пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2017 жылғы 28 наурыздағы №77-12/4 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5799 болып тіркелген, 2017 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» Республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы ____________ Н.Нұрсейітов «08» маусым 2018 жыл