Об организации отдыха, оздоровления и занятости детей и подростков в летний период Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдер демалысын, сауықтыруын және жұмыспен қамтуын ұйымдастыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 28.04.2004 № 124 қаулысымен. Облыста үстiмiздегi жылдың жазғы кезеңiнде балалар мен жасөспiрiмдердiң демалысын, сауықтыру және жұмыспен қамтуын ұйымдастырудың жоспары жасалған. Ұйымдасқан түрде демалудың және жұмыспен қамтудың барлық түрiмен 99,0 мыңнан астам оқушыны, 2001 жылғыдан 3,0 мыңға артық қамту белгiленген және облыс бойынша жалпы балалар санының 84,9% қамтылатын болады. 2002 жылдың жазында барлық аудандарда және Орал қаласында 22 қала сыртындағы лагерлер ашу, олар арқылы 7836 оқушыны қамту жоспарланған. Мектептер жанында балалардың ұзақты күн болатын, тамақтанатын 400 лагерi, тамақтанбайтын 81 лагерi және оқушылардың 134 еңбек бiрлестiктерi жұмыс iстейтiн болады. Биылғы жылы дарынды балаларға арналған, жыл бойғы кестемен жұмыс iстейтiн "Евразия" кешенi қызметiн бастайды. Ақжайық ауданында жоғары сынып оқушылары үшiн спорт-сауықтыру лагерiн ашу жоспарланып отыр. Түрлi лагерлерде демалыспен қамтылатын балалар саны 39865 адамды құрайды, бұл өткен жылғыдан 28% көп болмақ. Сонымен қатар, облыста стационарлық-палаталық лагерь сияқты демалыс түрi кеңiнен өрiстетiлмей келедi. Бөкейордасы ауданында қала сыртындағы еңбек және демалыс лагерi жұмыс iстемейдi. Жазғы кезеңде жоғары сынып оқушыларының еңбекпен айналысуын және 9 және 11-сынып түлектерiн еңбекке орналасуын ұйымдастыру жұмыстары нашар жүргiзiлуде. "Қиын" жасөспiрiмдердiң демалысын ұйымдастыру жұмыстары да өз деңгейiнде емес. Облыстық бiлiм басқармасының бастығы Е.Қ.Қасымбековтың есебiн тыңдап және талқылай отырып, облыстық әкiмият ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Орал қаласының және аудандардың әкiмдерi, бiлiм басқармасы:
Тармақша 1
1) 2002 жылдың жазғы кезеңiнде балалар мен жасөспiрiмдердiң демалысы, сауықтыру және жұмыспен қамту бағдарламасын балалар мен жасөспiрiмдердiң ұйымдасқан демалысқа қажеттiлiгiн ескере отырып әзiрлесiн және бекiтсiн;
Тармақша 2
2) балалар мен жасөспiрiмдер демалысын, сауықтыруын және жұмыспен қамтуын ұйымдастыру жөнiнде қалалық және аудандық комиссиялар құрсын;
Тармақша 3
3) барлық лагерлер мен демалыс аймақтарына түгендеу жүргiзсiн, биылғы 15 мамырға дейiн оларды әзiрлеудi қамтамасыз етудiң қажеттi шараларын алсын;
Тармақша 4
4) балалар мен жасөспiрiмдердi тегiн демалумен және сауықтырумен қамту жөнiнде барлық мектептен тыс, спорт ұйымдары мен құрылыстарының жазғы кезеңдегi жұмысын жандандырсын;
Тармақша 5
5) жазғы каникул кезiнде мектептер жанында қысқа мерзiмдi спорт-палаталық лагерлер жұмысын ұйымдастырсын;
Тармақша 6
6) жетiм балаларды, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды, табысы төмен, көп балалы және жұмыссыз отбасылардың балаларын демалтуға, сауықтыруға және жұмыспен қамтуға айрықша көңiл бөлсiн;
Тармақша 7
7) экологиялық қолайсыз және шалғайдағы аудандар балаларына бiрiншi кезекте тегiн және жеңiлдiкпен жолдамалар берудi қамтамасыз етсiн;
Тармақша 8
8) жазғы кезеңде балалар мен жасөспiрiмдер үшiн уақытша жұмыс орындарын ұйымдастырсын;
Тармақша 9
9) балалар мен жасөспiрiмдердiң ұйымдасқан демалысын өткiзуге, жазғы кезеңде дене шынықтыру-сауықтыру және мәдени шараларды өткiзуге туризм, спорт және мәдениет ұйымдарының белсендi қатысуын қамтамасыз етсiн;
Тармақша 10
10) балалардың өмiрi мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 2
2. Облыс әкiмi аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлiмiнiң бас инспекторлары облыс әкiмiнiң қоғамдық өкiлдерiмен бiрлесе отырып, үстiмiздегi жылдың 15 мамырына дейiн лагерлер мен демалыс аймақтарының балалар мен жасөспiрiмдердi қабылдауға әзiрлiгiне тексерулер жүргiзсiн.
Тармақ 3
3. Облыстық бiлiм басқармасы бiр ай iшiнде жергiлiктi жерге шығып, жазғы кезеңде балалар мен жасөспiрiмдер демалысын, сауықтыруын және жұмыспен қамтуын ұйымдастыру мәселесiн қарасын.
Тармақ 4
4. Орал қаласының әкiмi В.Қ. Мұқатаев аулалық балалар клубтарының жұмысын ұйымдастыру және оларды қаржыландыру үшiн кәсiпорындардың демеушiлiк қаржысын тарту жөнiнде қосымша шаралар алатын болсын.
Тармақ 5
5. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы санитарлық- эпидемиологиялық қолайлылықты тиiстi деңгейде қадағалауды, балалар мен жасөспiрiмдерге дәрiгерлiк қызмет көрсетудiң, жазғы қала сыртындағы лагерлерде оларды тамақтандырудың және сауықтырудың ұйымдастырылуына бақылауды қамтамасыз ететiн болсын.
Тармақ 6
6. Облыстық iшкi iстер басқармасы балаларды тасымалдау кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, балалардың қала сыртындағы лагерлерiнде және сауықтыру ұйымдарында қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiнде шаралар әзiрлесiн, жазғы каникул кезiнде балалар жарақатын кемiтуге бағытталған алдын алу шараларын алсын.
Тармақ 7
7. 2002 жылғы жазғы кезеңде балалар мен жасөспiрiмдер демалысын, сауықтыруын және жұмыспен қамтуын ұйымдастыру жөнiндегi облыстық комиссияның құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау жөнiндегi дербес жауапкершiлiк облыс әкiмiнiң орынбасары Ш.Ә.Өтемiсовке, облыстық бiлiм басқармасының бастығы Е.Қ.Қасымбековке, Орал қаласының және аудандардың әкiмдерiне жүктелсiн.
Басқа 19. Жазғы кезеңде балалар мен жасөспiрiмдер демалысын, сауықтыруын және жұмыспен қамтуын ұйымдастыру жөнiндегi облыстық комиссияның ҚҰРАМЫ
Облыстық әкiмияттың 2002 жылғы 3 сәуірдегі N 76 қаулысына қосымша Жазғы кезеңде балалар мен жасөспiрiмдер демалысын, сауықтыруын және жұмыспен қамтуын ұйымдастыру жөнiндегi облыстық комиссияның ҚҰРАМЫ Шавхат Әнесұлы Өтемiсов - облыс әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы Өзипа Бақтығұлқызы Наурызғалиева - облыс әкiмi аппаратының әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiнiң меңгерушiсi, комиссия төрағасының орынбасары Мұрат Рахметоллаұлы Кеңесов - облыс әкiмi аппаратының бас маманы, комиссия хатшысы Комиссия мүшелерi: Светлана Николаевна Анищенко - облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасының бастығы Алексей Иванович Бирюков - облыстық мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы Ермек Қасымбекұлы Қасымбеков - облыстық бiлiм басқармасының бастығы Қалиолла Шағиұлы Қарағойшин - облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасының бастығы Николай Андреевич Маштаков - облыстық мемлекеттiк өртпен күресу қызметiнiң бастығы Александр Федорович Маючий - облыстық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Бекет Тельманұлы Мырзахметов - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Марат Балғазыұлы Нұрғалиев - облыстық жастар iсi, туризм және спорт басқармасының бастығы Айболат Самиғоллаұлы Сейтақов - "Балдырған" қоғамдық балалар қорының атқарушы директоры Қайрат Сағатханұлы Тыныбеков - облыстық iшкi iстер басқармасының бастығы Елена Ивановна Тарасенко - Орал қаласы әкiмiнiң орынбасары Асқар Шәңгерейұлы Хамитов - облыстық қаржы басқармасының бастығы