Об утверждении Правил признания отходов, образовавшихся в результате уничтожения товаров, непригодными для их дальнейшего коммерческого использования Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидаларын бекіту туралы 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 332-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 391 қаулысымен бекітілген Тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 332-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалар Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастыруға жататын қалдықтарға қолданылмайды.
Тарау 2. 2-тарау. Тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану тәртібі
2-тарау. Тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану тәртібі
Тармақ 3
3. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тауарларды жою актісінде көрсетілген күн тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі пайдалануға жарамсыз деп тану күні болып танылады.
Тармақ 4
4. Қажет болған жағдайда, тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп айқындау үшін жою кедендік рәсімімен тауарлардың орналастырылуын бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы өзге мемлекеттік органдардың мамандарын және тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқылы.
Тармақ 5
5. Тауарларды жою актісіне барлық комиссия мүшелері және қатысқан адамдар қол қойған сәттен бастап коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп танылған қалдықтар Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесіне ие болады және кедендік бақылауда емес деп есептеледі. ___________________