О создании областной бюджетной комиссии Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.05.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық бюджет комиссиясын құру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 02.02.2006 № 30 қаулысымен. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және 1999 жылғы 1 сәуiрдегi "Бюджет жүйесi туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, бюджет қалыптастыру және нақтылау, облыстық экономикалық және әлеуметтiк даму бағдарламасы бойынша ұсыныстар ойластыру және әзiрлеу мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Облыстық бюджет Комиссиясы N 1 қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
Тармақ 2
2. Облыстық бюджет комиссиясы туралы Ереже N 2 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Қ.Нұрғалиевке жүктелсін.
Басқа 4. Облыстық бюджет комиссиясының құрамы
Облыс әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 12 мамырдағы N 99 қаулысына № 1 қосымша Облыстық бюджет комиссиясының құрамы Асқар Қайратұлы Нұрғалиев - облыс әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы Наталья Николаевна - облыс әкiмi аппаратының сараптау- Годунова талдау бөлiмiнiң меңгерушiсi, комиссия хатшысы Комиссия мүшелерi: Марат Мәулетжанұлы Әбдірахманов - облыстық салық комитетінің төрағасы Ақылбек Темiржанұлы - облыстық экономика басқармасының Аманғалиев бастығы Татьяна Александровна - облыс әкiмi аппаратының Даньшина мемлекеттiк-құқықтық жұмыстар бөлiмiнiң меңгерушiсi Марат Төлегенұлы - облыстық қаржы басқармасы Нұрқуатов бастығының орынбасары Асқар Шәңгерейұлы - облыстық қаржы басқармасының Хамитов бастығы
Басқа 5. Облыстық бюджет комиссиясы туралы ЕРЕЖЕ
Облыс әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 12 мамырдағы N 99 қаулысына № 2 қосымшa Облыстық бюджет комиссиясы туралы ЕРЕЖЕ
Тарау i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Бюджеттiк комиссия (бұдан әрi - Комиссия) жергiлiктi атқарушы органдардың қаулысымен құрылады.
Тармақ 2
2. Комиссия қызметiнiң құқықтық негiздерiн Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi "Бюджет жүйесi туралы" заңы және бюджет заңдылықтары мәселелерiн реттейтiн басқа да нормативтi-құқықтық актiлер құрайды.
Тармақ 3
3. Комиссия жергiлiктi бюджеттi қалыптастыру және нақтылау мақсатында құрылады.
Тарау ii. II. Комиссияның қызметi
II. Комиссияның қызметi
Тармақ 1
1. Бюджеттiң үш жыл мерзiмге негiзгi болжамдық көрсеткiштерiн анықтау.
Тармақ 2
2. Алдағы үш жыл мерзiмге шығындар шегiн анықтау.
Тармақ 3
3. Мынадай мәселелер бойынша ұсыныстар ойластыру және әзiрлеу:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы мемлекеттiк бағдарламалары мен салалық (секторлық) бағдарламалар, облыстық экономикалық және әлеуметтiк даму бағдарламалары;
Тармақша 2
2) бюджеттi нақтылау;
Тармақша 3
3) бюджеттiк бағдарламалар жоспарларын және бюджеттiк бағдарламаларды жүзеге асыру қорытындылары туралы ақпараттар негiзiнде оны одан әрi жүзеге асыру жолдарын анықтау.
Тармақ 4
4. Қолданыстағы бюджеттiк заңдылықтар мен жергiлiктi атқарушы органдар анықтайтын басқа да мәселелердi шешу.
Тарау iii. III. Комиссияның жұмыс тәртiбi
III. Комиссияның жұмыс тәртiбi
Тармақ 1
1. Комиссия өз қызметiн тұрақты негiзде жүргiзедi.
Тармақ 2
2. Комиссияның жұмысшы органы оның жұмысын ұйымдастыру-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету жүктелген облыстық қаржы басқармасы болып табылады.
Тармақ 3
3. Комиссия отырысын қажет болған жағдайда оның төрағасы шақырады және ол мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатысқанда өкiлеттi бола алады. Комиссия шешiмi көпшiлiк дауыспен қабылданады. Дауыс беруде қайшылық болған жағдайда төрағаның дауысы шешушi болып табылады.
Тарау iv. IV. Қорытынды ережелер
IV. Қорытынды ережелер
Тармақ 1
1. Комиссияның жұмысы жергiлiктi атқарушы органның қаулысы бойынша тоқтатылады.