О внесении дополнения в Закон Республики Казахстан "О государственном специальном пособии лицам, работавшим на подземных и открытых горных работах, на работах с особо вредными и особо тяжелыми условиями труда" Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы 1-бап. "Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Z990414_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 19, 647-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: 7-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: "Мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелеріне не жерлеуді жүзеге асырған адамға он бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақы төленеді.". 2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.