Об установлении норматива отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий Наурзумского района Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Науырзым ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабы 2-тармағына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Науырзым ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Науырзым ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Науырзым ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Науырзым ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Әкімдіктің 2018 жылғы 8 маусымдағы № 76 қаулысына қосымша Науырзым ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі Жергілікті бюджетке мемлекеттік аудандық кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі мынадай түрде айқындалады: таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейін таза кіріс сомасынан 5 пайыз