Об утверждении Национального плана обеспечения готовности и действий к ликвидации разливов нефти на море и в предохранительной зоне Республики Казахстан Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Теңізде және Қазақстан Республикасының сақтық аймағында мұнайдың төгілуі салдарын жоюға арналған дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз етудің ұлттық жоспарын бекіту туралы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 62-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Теңізде және Қазақстан Республикасының және сақтық аймағында мұнайдың төгілуі салдарын жоюға арналған дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз етудің ұлттық жоспары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында мұнай төгілуінің алдын алу және оларға ден қою жөніндегі ұлттық жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 134 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10908 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 мамырда жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 4
4) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 5
5) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бірлескен бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі ______________Қ. Бозымбаев Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі ______________ Ж. Қасымбек Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрі ______________ Қ. Қасымов «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары- Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi ______________Ө. Шөкеев 2018 жылғы «___»_________ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрiнің міндетін атқарушы ______________А. Евниев 2018 жылғы 5 маусым «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі ______________Е. Біртанов 2018 жылғы 1 маусым «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ______________Б. Сұлтанов 2018 жылғы 28 мамыр «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі ______________С. Жасұзақов 2018 жылғы 11 маусым «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі ___________Б. Атамқұлов 2018 жылғы 7 маусым «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі ___________Қ. Әбдірахманов 2018 жылғы 4 маусым «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы ______________К. Мәсімов 2018 жылғы 15 маусым «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ____________Т. Сүлейменов 2018 жылғы 13 маусым
Басқа 0. Теңізде және Қазақстан Республикасының сақтық аймағында мұнайдың төгілуі салдарын жоюға арналған дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз етудің ұлттық жоспары
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 мамыр № 182 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 19 мамыр № 374 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамыр № 376 бірлескен бұйрығымен бекітілген Теңізде және Қазақстан Республикасының сақтық аймағында мұнайдың төгілуі салдарын жоюға арналған дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз етудің ұлттық жоспары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Теңізде және Қазақстан Республикасының сақтық аймағында мұнайдың төгілуі салдарын жоюға арналған дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз етудің ұлттық жоспары (бұдан әрі – Ұлттық жоспар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 62-бабы 12) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Ұлттық жоспар су қабатының бетін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында, сондай-ақ Каспий мен Арал теңіздерінің Қазақстан бөлігі шегіндегі түбінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында қолданылады.
Тармақ 3
3. Осы Ұлттық жоспардың талаптары мұнайдың төгілу қаупі бар объектілерінің меншік иелеріне, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарына және мұнайдың төгілуі салдарын жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдарға, 1973 жылғы Кемелерден ластанудың алдын алу жөніндегі 1978 жылғы хаттамамен өзгертілген түзетулері бар халықаралық конвенцияның күші қолданылатын объектілері бар тұлғаларды қоспағанда, теңізге мұнайдың төгілу қауіпімен байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.
Тармақ 4
4. Ұлттық жоспардың талаптары сондай-ақ шығарылған жері белгісіз мұнайдың төгілуіне қатысты да қолданылады.
Тармақ 5
5. Осы Ұлттық жоспарда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
Тармақша 1
1) аумақтық жоспарлар – Ұлттық жоспар негізінде азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері әзірлейтін және тиісті облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекітетін теңізде және облыстардың сақтандыру аймағында мұнайдың төгілуі салдарын жоюға арналған дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз етудің аумақтық жоспарлары (бұдан әрі – аумақтық жоспарлар);
Тармақша 2
2) бірінші деңгей – мұнайдың төгілу қаупі бар объектідегі ресурстар арқылы жойылатын мұнайдың шамалы төгілуі (он тонна мұнайдан аспайтын);
Тармақша 3
3) екінші деңгей – мұнайдың төгілу қаупі бар объект ресурстарына қосымша жағалаудан ресурстар тартыла отырып жойылатын мұнайдың елеулі (орташа) төгілуі (он тоннадан екі жүз елу тоннаға дейін);
Тармақша 4
4) жеделдетілген тәртіп – неғұрлым қысқа мерзімде жүзеге асырылатын және рәсімдерді аз талап ететін ресімдеу, шешім қабылдау, мұнай төгілуін жою және ден қою үшін қажетті көрсетілетін қызметтерді, жұмыстарды, құжаттарды қарау, келісу тәртібі;
Тармақша 5
5) кеме жоспарлары – 1973 жылғы Кемелерден ластанудың алдын алу жөніндегі 1978 жылғы хаттамамен өзгертілген түзетулері бар халықаралық конвенцияға сәйкес әзірленетін мұнайдың ластануымен күресу жөніндегі төтенше шаралардың кеме жоспарлары;
Тармақша 6
6) мұнай төгілуі – мұнайдың тасталуына, төгілуіне әкелетін немесе әкелуі мүмкін, теңіз ортасына қауіп төндіретін немесе төндіруі мүмкін және жедел шараларды талап ететін мұнаймен және (немесе) мұнай өнімдерімен ластануды туғызатын оқыс оқиға немесе авария;
Тармақша 7
7) мұнайдың төгілуіне қарсы күрес бойынша кеме жиынтығы – суға құйылған мұнайды оқшалауға және жинауға арналған жабдықтардың және материалдардың жиынтығы;
Тармақша 8
8) объектілік жоспарлар – тиісті облыстардың Ұлттық және аумақтық жоспарлары негізінде, сондай-ақ мұнайдың төгілу қаупін бағалау және экологиялық жиынтық пайданы талдау негізінде кеме иелерін қоспағанда, мұнайдың төгілу қаупі бар объектілердің меншік иелері әзірлейтін, теңізге және сақтық аймағында мұнайдың төгілуі салдарын жоюға арналған дайындықты және іс-қимылды қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлар, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесімен келісіледі;
Тармақша 9
9) сақтық аймағы – теңіздің жағалау сызығынан құрлыққа қарай бес километрге созылып жатқан, теңізге мұнайдың төгілуі салдарынан ластануы немесе теңіздің ластану көзі болуы мүмкін құрлық аймағы;
Тармақша 10
10) теңізде және сақтық аймағында мұнайдың төгілуі салдарын жоюға арналған дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз етудің ұлттық жүйесі (бұдан әрі – Ұлттық жүйе) – теңізде, сақтық аймағында мұнайдың төгілуі салдарын жою кезінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, авариялық-құтқару қызметтерінің, мұнайдың төгілу қаупі бар объектілері меншік иелерінің, теңізде мұнайдың төгілуі салдарын жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың және басқа да мүдделі тараптардың өзара іс-қимыл жүйесі;
Тармақша 11
11) төтенше жағдай – адам шығынына, адамдардың денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруге, елеулі материалдық нұқсанға және адамдардың тыныс-тіршілігі жағдайларының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін немесе әкеп соққан аварияның, өрттің, қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің, қауіпті табиғи құбылыстың, апаттың, дүлей немесе өзге де зілзаланың салдарынан қалыптасқан белгілі бір аумақтағы жағдай;
Тармақша 12
12) үшінші деңгей – мұнайдың төгілу қаупі бар объект ресурстарына және жағалау ресурстарына қосымша елдегі ресурстар мен халықаралық ресурстар тартыла отырып жойылатын мұнайдың көп көлемде төгілуі (екі жүз елу және одан да көп тонна);
Тармақша 13
13) шығарылған жері белгісіз мұнайдың төгілуі – белгісіз кемеден немесе қандай да бір келісімшарттық аумақтан тыс мұнай дағы болған жағдайда мұнайдың төгілуі. Осы Ұлттық жоспарда қолданылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Теңізде және Қазақстан Республикасының сақтық аймағында мұнайдың төгілуі салдарын жоюға арналған дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз етудің ұлттық жоспарының мақсаттары мен міндеттері
2-тарау. Теңізде және Қазақстан Республикасының сақтық аймағында мұнайдың төгілуі салдарын жоюға арналған дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз етудің ұлттық жоспарының мақсаттары мен міндеттері
Тармақ 6
6. Ұлттық жоспардың мақсаты экологиялық сипаттағы ластануға әкеліп соғатын теңізде және Қазақстан Республикасының сақтық аймағында мұнайдың төгілуіне (бұдан әрі – мұнайдың төгілуі) жедел, тиімді және білікті ден қоюды және олардың зардаптарын жою жөніндегі тиісті операцияларды орындауды қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 7
7. Ұлттық жоспардың негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) тәуекелдерді бағалау және экологиялық жиынтық пайданы талдау негізінде қоршаған ортаға және әлеуметтік-экономикалық объектілерге зиянын тигізуге әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтырған мұнайдың төгілуіне ден қою және даярлықтың уақытылы, кешенді және тиімді алдын алу шараларын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) орталық және жергілікті атқарушы органдар, өзге де мүдделі ұйымдар мен мекемелер, сондай-ақ мұнайдың төгілу қаупіне әкелетін объектілердің меншік иелері, авариялық-құтқару қызметтері, теңізде мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың арасындағы өзара іс-қимыл тәртібін және өкілеттігін айқындау болып табылады.
Тармақ 8
8. Мұнайдың төгілуі салдарын жоюға арналған дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз ету:
Тармақша 1
1) тұрғындардың, сондай-ақ мұнайдың төгілуі салдарын жоюға арналған дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз етуге тартылған адамдардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау;
Тармақша 2
2) тәуекелдерді бағалау және экологиялық жиынтық пайданы талдау (бұдан әрі – ЭЖПТ);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына және мұнайдың төгілуі салдарын жоюға арналған дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз ету жөніндегі ең үздік тәжірибеге сәйкестік қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Теңізде, және сақтық аймағында мұнайдың төгілуі салдарын жоюға арналған дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз етудің осы Ұлттық жоспарға 1-қосымшаға сәйкес бекітілетін жоспарлар бойынша ұлттық, аумақтық, объектілік деңгейде жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Ұлттық, аумақтық және объектілік жоспарларға мынадай тиісті өзгерістер мен толықтырулар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда;
Тармақша 2
2) оқу-жаттығуларды және жаттығуларды жүргізу нәтижесі бойынша;
Тармақша 3
3) мұнайдың төгілуін жою кезінде іс-қимылдарды бағалау мен іс-шараларды жүргізу нәтижесі бойынша енгізіледі.
Тармақ 11
11. Ұлттық жоспар мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) мұнайдың төгілуі үшінші деңгейге жеткенде және мұнайдың төгілуі салдарын жою үшін халықаралық ресурстардың келуін ұйымдастыруға жәрдемдесу қажет болғанда;
Тармақша 2
2) мұнайдың төгілуі үшінші деңгейге жетпегенде, бірақ Каспий теңізінің қорық аймағының ластануына қатер төндіргенде;
Тармақша 3
3) мұнайдың төгілуі шектес мемлекеттің аумағына тарала бастаған жағдайда қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 1. 1-параграф. Аумақтық жоспар
1-параграф. Аумақтық жоспар
Тармақ 12
12. Аумақтық жоспарлар жергілікті атқарушы органның, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, авариялық-құтқару қызметтерінің, мұнайдың төгілу қаупіне әкелетін объектілердің меншік иелерінің, сондай-ақ мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың, 1973 жылғы Кемелерден ластанудың алдын алу жөніндегі 1978 жылғы хаттамамен өзгертілген түзетулері бар халықаралық конвенцияның күші қолданылатын объектілері бар тұлғаларды қоспағанда, теңізде мұнайдың төгілу қаупімен байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың тиісті облыс аумағында авария нәтижесінде туындаған мұнайдың төгілуіне уақытылы ден қою және оның зардаптарын жою саласында басқа да ұйымдардың өзара іс-қимылы мен ресурстары интеграциясының тәртібін айқындайды.
Тармақ 13
13. Аумақтық жоспарларды осы Ұлттық жоспарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы, Жамбыл және Қарағанды облыстарының азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органының аумақтық бөлімшелері әзірлейді және жергілікті атқарушы органдары бекітеді. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 16-4) тармақшасына сәйкес жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын Аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру қағидаларына сәйкес Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының аумақтық және ішкі сулар шегіндегі облыстардың шекаралары Атырау және Маңғыстау облыстарының Каспий теңізі жағалауы құрлығындағы әкімшілік шекараларының түйіскен нүктесін ескере отырып, солтүстік ендіктің 46 градус сызығына параллель сызық ретінде анықталады.
Тармақ 14
14. Аумақтық жоспар бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдары аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ авариялық-құтқару қызметтерінің, мұнай төгілу қаупі бар объектілері меншік иелерінің, мұнайдың төгілуі салдарын жою бойынша мамандандырылған ұйымдардың және өзге де мүдделі тараптардың өкілдері тартылады.
Тармақ 15
15. Аумақтық жоспарды әзірлеу кезінде жергілікті атқарушы органдардан, уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшелерінен тиісті облыс аумағында орналасқан мұнайдың төгілу қаупі бар объектілер, теңізде және сақтық аймағында өздігінен ағып жататын иесіз ұңғымалар туралы ақпарат сұратылады.
Тармақ 16
16. Аумақтық жоспарға өзгерістер мен толықтырулар осы Ұлттық жоспардың 10-тармағына сәйкес енгізіледі және жергілікті атқарушы органмен бекітіледі.
Тармақ 17
17. Аумақтық жоспар мына жағдайларда:
Тармақша 1
1) мұнайдың төгілуі екінші деңгейге жеткенде және оны жою үшін жер қойнауын пайдаланушының, теңіз объектінің, теңіз портының және (немесе) ол тартып отырған теңізде мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйымның ресурстары жеткіліксіз болса;
Тармақша 2
2) мұнай кемеден төгілген немесе кемедегі мұнайдың төгілу қатері болса;
Тармақша 3
3) шығарылған жері белгісіз мұнайдың төгілуі анықталса;
Тармақша 4
4) мұнайдың төгілуі Каспий теңізінің қорық аймағының ластануына қатер төндіргенде;
Тармақша 5
5) мұнайдың төгілуі шектес облыстың аумағына тарала бастаған жағдайда қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 2. 2-параграф. Объектілік жоспар
2-параграф. Объектілік жоспар
Тармақ 18
18. Объектілік жоспарларды азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісілгеннен кейін теңіз объектілері мен теңіз порттарының меншік иелері бекітеді және бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабарлама тәртібімен көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 19
19. Объектілік жоспарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелерімен келісу мерзімі жүгінген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды.
Тармақ 20
20. Егер меншік иесінде бірнеше теңіз объектілері мен теңіз порттары бар болса, онда объектілік жоспарлар біріктіріледі.
Тармақ 21
21. Объектілік жоспарды Ұлттық және тиісті облыстық аумақтық жоспарлар, сондай-ақ мұнай төгілуі тәуекелдерін бағалау негізінде осы Ұлттық жоспардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әзірлейді.
Тармақ 22
22. Объектілік жоспар, оған түзету енгізілген жағдайда, көмірсутектер, қоршаған ортаны қорғау және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдарға хабарландыру тәртібімен жіберіледі.
Тармақ 23
23.Теңіз объектілері мен теңіз порттарының меншік иелері объектілік жоспарларды әзірлеу мақсатында мұнай төгілу тәуекелдерін бағалау мен экологиялық жиынтық пайданы талдау өткізеді. Мұнайдың төгілуі тәуекелдерін бағалау өткізу кезінде Халықаралық теңіз ұйымы (IMO), Мұнай-газ өнеркәсібі өкілдерінің экология және әлеуметтік мәселелер жөніндегі халықаралық қауымдастығы (IPIECA), Теңізде мұнайдың, химиялық өнімдердің және өзге де зиян заттардың төгілуін жою жөніндегі танкерлік флот иелерінің федерациясы (ITOPF), Материалдар және оларды сынау бойынша америкалық қоғамдастық (ASTM), Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым (ISO) әзірлеген халықаралық тәжірибелер мен стандарттарды пайдаланылады.
Тармақ 24
24. Теңіз объектілері мен теңіз порттарының меншік иелері: Кодекстің 156-бабының 2-тармағына сәйкес көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган айқындайтын теңізде және сақтық аймағында мұнайдың төгілуі салдарын жою үшін қажетті ресурстарға қойылатын ең төменгі нормативтер мен талаптарда белгіленгеннен кем болмайтын бірінші және екінші деңгейдегі мұнайдың төгілуі салдарын жоюға арналған ресурстардың болуын (бұдан әрі – ең төменгі нормативтер мен талаптар); теңіздегі бірінші деңгейдегі мұнайдың төгілуі салдарын жою үшін – теңіз объектісінде және теңіз портында не отыз минуттық қол жеткізу шегінде мұнайдың мұндай төгілу салдарын толық жою үшін қажетті ресурстардың болуын; теңізге екінші деңгейдегі мұнайдың төгілуі салдарын жою үшін – теңіз объектісінде не осы тармақтың үшінші абзацында көрсетілген отыз минуттық қол жеткізу шегінде жергілікті жағалау қызметтерінің ресурстары келгенге дейінгі кезеңге жеткілікті көлемде ресурстардың болуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 25
25. Кемелерді қоспағанда, мұнайдың төгілу қаупі бар объектілердің меншік иелері мұнайдың бірінші және екінші деңгейдегі төгілуі салдарын жою үшін өздерінің жеке ресурстары болмаған кезде теңізде мұнайдың төгілуі салдарын жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдармен шарт жасайды.
Тармақ 26
26. Кемелерді қоспағанда, мұнайдың төгілу қаупі бар объектілердің меншік иелері мұнайдың үшінші деңгейдегі төгілуі салдарын жою үшін ресурстармен қамтамасыз ету мақсатында халықаралық деңгейде танылған, білікті персоналы және тиісті жабдығы бар, теңізде мұнайдың төгілуі салдарын жою жөніндегі мамандандырылған ұйыммен шарт жасайды.
Тармақ 27
27. Қажет болған жағдайда, мұнайдың төгілу қаупі бар объектілердің меншік иелері мұнайдың төгілуі салдарын жою кезінде ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімдер шеңберінде ресурстарды тартады.
Тармақ 3. 3-параграф. Кеме жоспарлары
3-параграф. Кеме жоспарлары
Тармақ 28
28. 1978 жылғы хаттамамен өзгертілген түзетулері бар 1973 жылғы Кемелерден ластанудың алдын алу жөніндегі халықаралық конвенцияның 1-қосымшасының 5-тарауы 37-ережесінің 1-тармағына сәйкес кемелерге қатысты кеме иесі жалпы сыйымдылығы 150 регистрлік тонна және одан да көп әр мұнай танкерінің бортында және жалпы сыйымдылығы 400 регистрлік тонна және одан да көп мұнай танкері болып табылмайтын әр кеменің мұнаймен ластануға қарсы күрес бойынша төтенше шаралардың кеме жоспарының болуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 29
29. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы астында жүзетін кемелерге қатысты кеме иесі теңіздегі мұнайдың екінші деңгейдегі төгілуі cалдарын жою үшін қажет болған жағдайда жағадан келетін ресурстарды қамтамасыз етеді.
Тармақ 30
30. Жүккөтерімділігі 2000 тоннадан жоғары өздігінен жүретін мұнай құюға арналған кемелерде мұнайдың төгілуіне қарсы күрес бойынша кеме жиынтығы – мұнай төгілуін оқшаулауға арналған құрал көзделеді. Мұнайдың төгілуіне қарсы күрес бойынша кеме жиынтығына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 216 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6991 болып тіркелген) Пайдаланылатын кемелерді куәландыру қағидаларының 556-577 тармақтарында белгіленеді.
Тарау 3. 3-тарау. Мұнайдың төгілуі cалдарын жою кезіндегі ұлттық басқару құрылымы
3-тарау. Мұнайдың төгілуі cалдарын жою кезіндегі ұлттық басқару құрылымы
Тармақ 31
31. Мұнайдың үшінші деңгейдегі төгілуі салдарын жою кезіндегі басқару құрылымы осы Ұлттық жоспарға 4-қосымшада көрсетілген.
Тармақ 32
32. Консультациялық-кеңесші органның функциялары мұнайдың үшінші деңгейдегі төгілуі салдарын жою кезінде ұлттық жоспар шеңберінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияға жүктеледі.
Тармақ 33
33. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия өкілеттігін «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 34
34. Мұнайдың төгілуі салдарын жою жөніндегі іс-қимылдың басшысы:
Тармақша 1
1) мұнайдың бірінші деңгейдегі төгілуі кезінде - мұнайдың төгілу қауіпі бар объектінің меншік иесі немесе теңізде мұнайдың төгілуі салдарын жою жөніндегі ол тартқан мамандандырылған ұйымдар;
Тармақша 2
2) мұнайдың екінші деңгейдегі төгілуі кезінде: тиісті облыстың аумақтық жоспары қолданысқа енгізілгенге дейін - мұнайдың төгілу қаупі бар объектінің меншік иесі немесе теңізде мұнайдың төгілуі салдарын жою жөніндегі ол тартқан мамандандырылған ұйымдар; тиісті облыстың аумақтық жоспары қолданысқа енгізілгеннен кейін - облыс әкімі тағайындайтын лауазымды тұлға;
Тармақша 3
3) мұнайдың үшінші деңгейдегі төгілуі кезінде - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғасы болып табылады.
Тармақ 35
35. Мұнай өнімдерінің төгілуі салдарын жою жөніндегі іс-қимылдардың басшысы мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) авариялық-құтқару және жедел жұмыстарын ұйымдастыру және басшылық ету, мұнайдың төгілуі салдарын жоюға тартылған күштер мен құралдарды басқарады, олардың өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) мүдделі мемлекеттік органдарды және ұйымдарды олар қабылданған шешімдер туралы дереу ақпараттандыру бойынша шаралар қабылдайды;
Тармақша 3
3) авариялық-құтқару және жедел жұмыстарын жүргізу мүмкіндігі болмаған жағдайда, бірінші кезекте төтенше жағдай аймағында қалған адамдарды құтқару бойынша барлық мүмкіндіктерді қолдана отырып, жұмыстың толық немесе бөлігінің тоқтатылуы туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 4
4) мұнай төгілуін жою жөніндегі жедел штабты (бұдан әрі – Жедел штаб) құру туралы шешім қабылдайды және жедел топтарының қажетті санын құруды келіседі және олардың төтенше жағдай аймағындағы жұмысын үлестіреді;
Тармақша 5
5) Заңның 50-бабының 9 және 10-тармақтарында көзделген тәртіппен өкілеттікті жүзеге асырады.
Тармақ 36
36. Жедел штаб:
Тармақша 1
1) мұнайдың төгілу сипатын бағалауды, мұнайдың төгілуін жою жөніндегі іс-қимылдардың басшысына мұнайды оқшаулау және жою бойынша ұсыныстарды әзірлеуді жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың және басқа да мүдделi ұйымдар мен мекемелердiң, сондай-ақ мұнайдың төгілу қаупі бар объектінің меншік иелерінің, теңізде мұнайдың төгілуі салдарын жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың iс-әрекеттерiн үйлестiредi.
Тармақ 37
37. Жедел штабтың бастығы мұнайдың төгілуі салдарын жою жөніндегі іс-қимылдар басшысының орынбасары болып табылады. Жедел штабтың бастығы мынадай функциялар және міндеттерді жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Жедел штаб мүшелерінің жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;
Тармақша 2
2) топтарды ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) жедел топтардың қажетті санын құрайды және олардың мұнай төгілуінің төтенше жағдай аймағындағы жұмысын бөледі;
Тармақша 4
4) мұнайдың төгілуі салдарын жою жөніндегі іс-қимылдар басшысына жедел жағдай және мұнай төгілуі салдарын жою бойынша атқарылып жатқан авариялық-құтқару жұмыстарының барысы туралы баяндайды;
Тармақша 5
5) орталық және жергілікті атқарушы органдарының және басқа да мүдделі ұйымдар мен мекемелердің, сондай-ақ мұнайдың төгілу қаупі бар объектілердің меншік иелерінің, теңізде мұнайдың төгілуі салдарын жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдарының өзара іс-қимылын ұйымдастырады және қызметін үйлестіреді. Жедел штаб мынадай топтардан тұрады:
Тармақша 1
1) ақпаратты өңдеу;
Тармақша 2
2) шешімдерді дайындау және күштер мен құралдарды есептеу;
Тармақша 3
3) өзара іс-қимыл;
Тармақша 4
4) ақпараттандыру және байланыс;
Тармақша 5
5) мониторинг және болжау;
Тармақша 6
6) баспасөз қызметі. Жедел штабтың құрамы осы Ұлттық жоспарға 5-қосымшада берілген. Мұнайдың үшінші деңгейдегі төгілуі кезіндегі Жедел штабтың бастығы болып азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамы тағайындалады.
Тармақ 38
38. Ақпарат өңдеу тобы төтенше жағдай және қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратты жинауды және дайындауды, кен орнынан толық және уақытылы хабар жеткізілуін бақылауды жүзеге асырады. Жоғары тұрған органдарға хабарламалар мен жиынтық мәліметтерді дайындайды.
Тармақ 39
39. Шешімдерді дайындау және күштер мен құралдарды есептеу тобы келіп түскен ақпаратты жинақтайды және жағдайды талдайды, қажетті есептерді дайындайды, қалыптасқан жағдайды ескере отырып төтенше жағдайларды жою жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
Тармақ 40
40. Өзара іс-қимыл тобы орталық және жергілікті атқарушы органдармен, өзге де мүдделі ұйымдар және мекемелермен, сондай-ақ мұнай төгілуінің қаупі бар объектілері меншік иелерімен, сондай-ақ авариялық-құтқару қызметтерімен, мұнайдың төгілуі салдарын жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдармен және өзге де мүдделі тараптармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Тармақ 41
41. Ақпараттандыру және байланыс тобы Жедел штабтың байланысын, ақпараттық-техникалық қолдауын қамтамасыз етеді, байланыс ұйымдастыру туралы өкімдер мен хабарламалар әзірлейді.
Тармақ 42
42. Мониторинг және болжау тобы жағдайдың даму болжамын жүзеге асырады, шешімдер қабылдау үшін бастапқы деректерді дайындайды.
Тармақ 43
43. Баспасөз қызметі бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасайды, баспасөз хабарламаларын, мақалалар мен басқа материалдарды дайындайды, веб-сайттарда және бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат орналастырады, Жедел штабқа ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 44
44. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) мұнайдың төгілуі туралы ақпарат алуды және жіберуді жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) оқулар мен жаттығулар өткізеді;
Тармақша 3
3) мұнайдың үшінші деңгейдегі төгілуін жою жөніндегі жедел іс-қимылдарды ұйымдастырады;
Тармақша 4
4) халықаралық көмек алуға бағытталған және тиісті сұраныс болған жағдайда басқа елдерге көмек көрсету бойынша іс-қимылдарды ұйымдастырады;
Тармақша 5
5) іргелес мемлекеттерді хабарландыру бойынша іс-шараларды ұйымдастырады.
Тармақ 45
45. Қазақстан Республикасының көлік, көлік кешенінің қызметін үйлестіру және реттеу саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) мұнайдың төгілуі салдарынн және оның зардаптарын жою үшін қажетті көлікті қамтамасыз етуге байланысты барлық іс-қимылдарды үйлестіреді;
Тармақша 2
2) мұнайдың төгілуі салдарын және оның зардаптарын жою, эвакуациялық іс-шараларды өткізу үшін қажетті персонал және жабдықтардың, материалдар мен техникалық ресурстардың тасымалдауын қамтамасыз етеді.
Тармақ 46
46. Порттың теңіз әкімшілігі кеме жоспарларының болуын тексереді.
Тармақ 47
47. Кедендік іс саласындағы уәкілетті орган Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік баждарды, салықты төлемей, сондай-ақ тарифтік реттеу шараларын қолданбай, бірінші кезектегі тәртіппен мұнайдың төгілуі салдарын жою үшін қажетті тауарларға қатысты кедендік операцияларды жүргізеді.
Тармақ 48
48. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) мұнай төгілген жерде гидрометеорологиялық жағдайларға жедел болжамды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізуді ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) қазіргі заманғы ғарыштық түсірудің жедел деректерін пайдалана отырып, мұнай мен газды өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау ауданындағы, мұнаймен ластанған ауданды анықтау, мұнайдың төгілуіне мониторинг жүргізу аумағының экологиялық ахуалына мониторинг жүргізеді;
Тармақша 4
4) жағалау аймағында ластану және (немесе) мұнай төгілуінің таралу сипатын, көзін және ареалын анықтау мақсатында талдау жүргізу үшін қоршаған орта объектілеріне іріктеу сынағын жүргізеді;
Тармақша 5
5) экологиялық жиынтық пайданы талдау өткізілуін және оның негізінде мұнайдың үшінші деңгейдегі төгілуі салдарын жою кезеңінде авариялық мұнай төгілуі салдарын жоюдың оңтайлы әдiстерiн айқындауды ұйымдастыруды үйлестіреді;
Тармақша 6
6) мұнайдың үшінші деңгейдегі төгілуі салдарын жою кезеңінде экологиялық жиынтық пайданы талдау негiзiнде мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдiстерiн келіседі.
Тармақ 49
49. Сыртқы саясат қызметі саласындағы уәкілетті орган бірінші кезекте заңнамада белгіленген тәртіппен мұнайдың төгілуі салдарын жоюға көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетел қызметкерлеріне тиісті визалар ресімдейді.
Тармақ 50
50. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі төтенше жағдайлар туындаған кезде Қазақстан Республикасының ратификациялаған халықаралық шарттарында айқындалатын тәртіппен төтенше жағдайларды оқшаулау және жою үшін авариялық-құтқару құралымдарының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізуді жүргізеді.
Тармақ 51
51. Қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын уәкілетті орган, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери-саяси және әскери экономикалық басқармасы:
Тармақша 1
1) көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, Қазақстан Республикасының көлік кешеніндегі қызметті үйлестіруді және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның келісімімен ден қою персоналы және жабдығы бар әуе кемелеріне қауіпсіз дәлізді қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) авариялық-құтқару құралымдарының әуе кеңістігіндегі Мемлекеттік шекарасы арқылы төтенше жағдайларды оқшаулау және жою үшін жедел өткізуді жүргізеді;
Тармақша 3
3) төтенше жағдайларды жою үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төтенше жағдайды жою басшысының қарамағына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің күштері мен құралдарын береді.
Тармақ 52
52. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп, мұнайдың төгілуі салдарын жою кезінде экологиялық жиынтық пайданы талдау негiзiнде мұнайдың үшінші деңгейдегі төгілуін жоюдың оңтайлы әдiстерiн келіседі;
Тармақша 2
2) жануарлар мен құстарды тазалауға арналған орындарды ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) жануарлар мен құстарды тазалағаннан кейiн оларды қалпына келтiруге бақылау жүргізуді ұйымдастырады;
Тармақша 4
4) қажет болған жағдайда зоология, ихтиология, жануарлар дүниесін қорғау және құтқару жөніндегі ұйымдар саласындағы сарапшылар туралы ақпарат ұсынады.
Тармақ 53
53. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) мұнайдың үшінші деңгейдегі төгілуі салдарын жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдарды тарту бойынша өзара іс-қимылды үйлестіреді;
Тармақша 2
2) мұнай төгілуі салдарын жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың жабдықтарын есепке алуды жүргізеді;
Тармақша 3
3) Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Мұнаймен ластануға әкелетін тосын оқиғалар жағдайындағы өңірлік әзірлік, ден қою және ынтымақтастық туралы хаттамасының шеңберінде күнделікті қызмет түрінде ақпаратты табыстау және алмасу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) теңізде және сақтық аймағында мұнайдың төгілуі салдарын жою үшін қажетті ресурстарға қойылатын ең төменгі нормативтер мен талаптарды анықтайды.
Тармақ 54
54. Ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті орган ғарыштық мониторинг – ғарыштан жерді қашықтықтан зондтау арқылы қоршаған ортаның жағдайын бақылау жүйелерінің жұмысын ұйымдастырады.
Тармақ 55
55. Жергілікті атқарушы орган:
Тармақша 1
1) оқулар мен жаттығулардың өткізілуіне қатысады;
Тармақша 2
2) ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыруға, сондай-ақ мұнайдың төгілуі салдарын жою жөніндегі жедел іс-қимылдарды ұйымдастыруға және үйлестіруге қатысады;
Тармақша 3
3) халықаралық көмек алуға бағытталған іс-қимылдарды ұйымдастыру мен үйлестіруге қатысады;
Тармақша 4
4) сақтық аймағындағы ластану зардаптарын жою, сондай-ақ облыс аумағындағы қоршаған ортаны қалпына келтіру бойынша қызметті үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) мұнайдың төгілуі нәтижесінде және зардаптарды жою барысында зиян шеккен персоналға көмек көрсету үшін ден қоюдың барлық уақытында жедел медициналық жәрдем көмегінің болуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) зардап шеккендерді медициналық ұйымдарға эвакуациялауды ұйымдастырады;
Тармақша 7
7) қалдықтарды, жиналған мұнайды уақытша сақтау және жинау орындарын анықтайды;
Тармақша 8
8) аумақтық жоспарды бекітеді;
Тармақша 9
9) мұнайдың төгілуі салдарын жоюға дайындықты қамтамасыз ету үшін мұнайдың төгілуі салдарын жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдарымен шарт жасасады;
Тармақша 10
10) жұртшылық өкілдерімен өзара іс-қимылды және қажет болған жағдайда ерікті волонтерлердің жұмысын ұйымдастырады.
Тармақ 56
56. Кемелерді қоспағанда, мұнайдың төгілу қаупіне әкелетін объектілердің меншік иелері:
Тармақша 1
1) мұнай төгілуін жою кезінде басқа объектілерге көмек көрсетеді;
Тармақша 2
2) өз объектілерінде мұнай төгілуі салдарын жоюды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану, азаматтық қорғаныс, сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы заңнамасының және Ұлттық жоспар талаптарына сәйкес мұнайдың бірінші, екінші, үшінші деңгейдегі төгілуі салдарын жоюға дайындықты және ескертуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) өз объектілеріндегі барлық қолжетімді тәсілдермен теңіз ластануын жою немесе деңгейін азайту үшін барлық мүмкін шараларды қабылдайды;
Тармақша 5
5) облыстың төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның, Жедел штабтың жұмысына қатысады, сондай-ақ сараптамалық қолдау көрсетеді;
Тармақша 6
6) экологиялық жиынтық пайданың талдауын жасайды.
Тармақ 57
57. Мұнайдың төгілуі салдарын жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдар:
Тармақша 1
1) мұнай төгілуін жою жөніндегі қызметтердің уақытылы көрсетілуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның, Жедел штабтың жұмысына қатысады, сондай-ақ сараптамалық қолдау көрсетеді;
Тармақша 3
3) кемелерден және шығарылған жері белгісіз мұнай төгілуі салдарын жою кезінде экологиялық жиынтық пайданы талдау жасайды.
Тарау 4. 4-тарау. Теңізде және сақтық аймағында мұнайдың төгілуі салдарын жоюға арналған қамтамасыз ету
4-тарау. Теңізде және сақтық аймағында мұнайдың төгілуі салдарын жоюға арналған қамтамасыз ету
Тармақ 1. 1-параграф. Бірлескен оқулар мен жаттығулар
1-параграф. Бірлескен оқулар мен жаттығулар
Тармақ 58
58. Оқу мен жаттығулар мынадай мәселелер бойынша жүргізіледі:
Тармақша 1
1) объектілеріне 1973 жылғы Кемелерден ластанудың алдын алу жөніндегі 1978 жылғы хаттамамен өзгертілген түзетулері бар халықаралық конвенцияның күші қолданылатын объектілері бар тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік органдардың, жергiлiктi атқарушы органдар мен мұнайдың төгілу қаупіне әкелетін объектілердің меншік иелерінің, сондай-ақ мұнайдың төгілуі салдарын жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың, теңіздегі мұнайдың төгілу қаупіне байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың өзара іс-қимылы;
Тармақша 2
2) мұнайдың төгілуіне ден қою және жою;
Тармақша 3
3) хабарлау мен коммуникация, ақпарат алмасу;
Тармақша 4
4) мұнайдың төгілуі салдарын жою кезінде көмек көрсету үшін халықаралық жабдық пен персоналды әкелу және әкету;
Тармақша 5
5) жабдықты жұмылдыру және орналастыру тәртiбi;
Тармақша 6
6) экологиялық жиынтық пайдаға талдау жасау.
Тармақ 59
59. Шет мемлекеттердің жалауы астында жүзетін кемелерді қоспағанда, мұнайдың төгілу қаупіне әкелетін объектілердің меншік иелері, 1973 жылғы Кемелерден ластанудың алдын алу жөніндегі 1978 жылғы хаттамамен өзгертілген түзетулері бар халықаралық конвенцияның күші қолданылатын объектілері бар тұлғаларды қоспағанда, мұнайдың төгілуі салдарын жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдар уәкілетті органдармен, жергiлiктi атқарушы органдар мен басқа мұнайдың төгілу қаупіне әкелетін объектілердің меншік иелерімен, сондай-ақ мұнайдың төгілуі салдарын жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдармен, теңіздегі мұнайдың төгілу қаупіне байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалармен бірлескен оқу мен жаттығуларды қоса алғанда, жыл сайынғы оқу мен жаттығулар графигін әзірлейді.
Тармақ 2. 2-параграф. Мұнайдың төгілуі салдарын жою әдістері
2-параграф. Мұнайдың төгілуі салдарын жою әдістері
Тармақ 60
60. Теңізде және Қазақстан Республикасының сақтық аймағында жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде мұнайдың төгілуі салдарын жоюдың оңтайлы әдістерін айқындау, келісу және оларды таңдау туралы шешім қабылдау 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 398-бабының 7-тармағына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекітетін тәртiппен жүзеге асырылады.
Тармақ 61
Тармақ 62
Тармақ 63
63. Мұнайдың төгілуі салдарын жою стратегиясының негізгі қағидаттары:
Тармақша 1
1) мұнайды жинау және тазарту мұнайдың төгілуі салдарын жоюдың механикалық әдістерімен жүзеге асырылады, егер бұл әдіс іс жүзінде қолданылса;
Тармақша 2
2) мұнайды жинау төгілу көзіне мүмкіндігінше жақын жасалады;
Тармақша 3
3) мұнайдың жағаға жақын жерге және қауіпсіздік аймағына таратылуына жол бермеу;
Тармақша 4
4) егер механикалық жинау және тазалау тиімсіз болса немесе оларды қолдану мүмкін болмаса, химиялық заттардың пайдаланылуы және мұнай дағының жағылуы қарастырылады;
Тармақша 5
5) жағалау ресурстарын және сақтық аймағын қорғау кезінде мұнайдың төгілуіне экологиялық тұрғыдан аса сезімтал аймақтар басым болып табылады;
Тармақша 6
6) қоршаған ортаға зиян келтiрудiң әсерін азайту және әлеуметтiк-экономикалық зардаптарын кеміту;
Тармақша 7
7) мұнайдың төгілуі және оның зардаптарын жою бойынша барлық шаралар жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 64
64. Теңізде және Қазақстан Республикасының сақтық аймағында мұнайдың төгілуі салдарын жою үшін мынадай әдістер қолданылады:
Тармақша 1
1) қадағалау және бағалау;
Тармақша 2
2) су бетінен мұнайды механикалық тежеу және жинау (сезімтал ресурстардан мұнай дағының ауытқуын қоса алғанда);
Тармақша 3
3) мұнай дағын бақылап жағу;
Тармақша 4
4) химиялық құралдарды қолдану;
Тармақша 5
5) сақтық аймағын қорғау және тазарту.
Тарау 5. 5-тарау. Теңізде және сақтық аймағында мұнайдың төгілуіне ден қою және оны жою
5-тарау. Теңізде және сақтық аймағында мұнайдың төгілуіне ден қою және оны жою
Тармақ 65
65. Теңізде, мұнай төгілу қаупі бар объектілерде мұнай төгілуі немесе кез келген байқалған мұнай дағы туралы ақпарат осы Ұлттық жоспарға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, 7-қосымшаға сәйкес бірізділікпен беріледі.
Тармақ 66
66. Сақтық аймағында мұнай төгілген жағдайда ақпаратты жеткізу үшін жағалау аймағындағы басқару пункті ұйымдастырылады.
Тармақ 67
67. Мұнай төгілуі кезінде немесе төгілу қаупі болғанда өзара іс-қимыл және коммуникациялар үшін радиожиіліктердің мынадай номиналдары пайдаланылады: Жиілік (Мегагерц) 156.500 156.375 156.675 156.800 156.300 156.400 Қолдану Мұнай төгілуін жою Апат/ Қауіпсіздік Іздеу және құтқару Кемелер арасында
Тармақ 68
68. Халықты қауіп дәрежесі, қажетті қауіпсіздік, салдарлар, мұнайдың төгілуінің алдын алу және оларды жою жөніндегі шаралар туралы хабардар ету бұқаралық ақпарат құралдары, атап айтқанда:
Тармақша 1
1) «Масс-медиа туралы» 2024 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 5) тармақшасына сәйкес телерадио хабарларын тарату желілері;
Тармақша 2
2) сауда мақсатында теңізде жүзу, көмірсутектер, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдардың, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің интернет-ресурстары;
Тармақша 3
3) «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 3-тармағына сәйкес ұялы байланыс;
Тармақша 4
4) мерзімді баспасөз басылымдары арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 69
69. Ұлттық жоспардың 11-тармағына сәйкес мұнайдың үшінші деңгейдегі төгілуі жағдайында теңіз объектісінің және теңіз портының меншік иелері мынадай әрекеттерді жүзеге асырады: объектілік жоспарға сәйкес мұнайдың төгілуі салдарын жою жөніндегі халықаралық ұйымнан үшінші деңгейдегі ден қою ресурстарын жұмылдыруды сұрайды; бұл туралы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне хабарлайды.
Тарау 6. 6-тарау. Мұнайдың төгілуі салдарын жоюға тартылған персонал мен тұрғындардың денсаулығы мен еңбегін қорғау
6-тарау. Мұнайдың төгілуі салдарын жоюға тартылған персонал мен тұрғындардың денсаулығы мен еңбегін қорғау
Тармақ 70
70. Мұнайдың төгілуін жоюға тартылған персонал мен тұрғындардың денсаулығы мен еңбегін қорғау мұнайдың төгілуі салдарын жою жөніндегі іс-шараларды іске асыру кезіндегі бірінші кезектегі мәселе болып табылады. Мұнайдың төгілуі салдарын жою жөніндегі іс-шараларды өткізу мұнайдың төгілуі салдарын жоюға тартылған персонал мен тұрғындардың денсаулығы мен еңбегіне төнетін қаупті тиісті бағалағаннан кейін және осындай қауіпті төмендету жөніндегі шараларды іске асырғаннан кейін жүзеге асырылады.
Тармақ 71
71. Қауіпті төмендету жөніндегі шаралар көлеміне мыналар кіреді:
Тармақша 1
1) мұнаймен ластану немесе ілеспе газдың шығуы мұнай төгілуін жоюға тартылған персонал мен тұрғындардың денсаулығы үшін қатер туғызатын аумақтарды оқшаулау;
Тармақша 2
2) мұнайдың төгілуі салдарын жоюға тартылған бүкіл персонал үшін нұсқамалар өткізу;
Тармақша 3
3) арнайы жабдықтарды немесе химиялық заттарды қолданған кездегі техника қауіпсіздігіне оқыту;
Тармақша 4
4) ластанған заттардан тікелей байланыстан аулақ болу және қоршаған ортаның қауіпті факторларының әсерін бақылау үшін мұнайдың төгілуін жоюға тартылған персоналдың жеке қорғау құралдарын пайдалануы;
Тармақша 5
5) тиісінше демалыспен қамтамасыз ету үшін персоналдың ауысымды жұмысы;
Тармақша 6
6) персоналдың денсаулық пен еңбекті қорғауға қолданылатын заңнама талаптарын сақтауы.
Тарау 7. 7-тарау. Жиналған мұнай қалдықтары және оны кәдеге жарату
7-тарау. Жиналған мұнай қалдықтары және оны кәдеге жарату
Тармақ 72
72. Мұнайдың төгілуі салдарын жою кезінде көп мөлшерде қоқыс және су мен жиналған мұнай қалыптасады.
Тармақ 73
73. Жиналған мұнайды жинау және орналастыру үшін арнайы тұрақты сақтау резервуарларына одан әрі қотару үшін пластикалық қапшықтарды, бактар мен бөшкелерді қоса алғанда, ауыспалы және жылжымалы сыйымдылықтар пайдаланылады. Жиналған мұнайды көп мөлшерде жинау үшін неғұрлым ірі кемеге одан әрі тиеу және арнайы жағалау объекттеріне тасымалдауға арналған баржалар мен ірі қалқымалы резервуарларға жиналатын мұнайды қотару жүзеге асырылады.
Тармақ 74
74. Жағалауда қоқыс және су мен мұнайдың қоспасын уақытша сақтау орындары жасалады. Қалдықтарды уақытша сақтау орындарын жергілікті атқарушы органдар айқындайды.
Тармақ 75
75. Уақытша сақтауды ұйымдастыру кезінде қайталама ластануға жол бермеу қажет.
Тармақ 76
76. Жиналған мұнайды және басқа да улы заттарды, сондай-ақ ластанған материалдарды түпкілікті орналастыру Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес орындалады.
Тармақ 77
77. Мұнаймен қаныққан құмды және басқа да қалдықтарды, сондай-ақ жиналған мұнайды кәдеге жарату қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерін хабардар ете отырып құрлықта жүзеге асырылады.
Тарау 8. 8-тарау. Мұнайдың төгілуі салдарын жоюды аяқтау және есептілік
8-тарау. Мұнайдың төгілуі салдарын жоюды аяқтау және есептілік
Тармақ 78
78. Мұнайдың төгілуі салдарын жою жөніндегі операция басталған сәттен бастап ол аяқталғанға дейін Жедел штаб барлық жедел іс-қимылдарға және қадағалауларға құжаттама жүргізеді.
Тармақ 79
79. Жедел іс-қимылдар мен қадағалау жазбасына, сондай-ақ қаржылық есепке алуға мыналар кіреді:
Тармақша 1
1) мұнайдың төгілуін сипаттау (фотолар мен мүмкіндігінше бейнематериалдарды қоса алғанда);
Тармақша 2
2) қабылданған шешімдер мен жүзеге асырылған ден қою шаралары;
Тармақша 3
3) ден қою операциялары кезінде жұмсалған барлық шығыстар туралы есептер;
Тармақша 4
4) ден қою операциясының барысы туралы (орны, уақыты, мақсаты);
Тармақша 5
5) жабдықтар және басқа да пайдаланылған құралдар туралы (орны, уақыты, мақсаты);
Тармақша 6
6) жалданған персонал туралы (орны, саны, уақыты);
Тармақша 7
7) пайдаланылған ден қою материалдары мен басқа да пайдаланылған материалдар туралы (мысалы, отынның түрі, оның мөлшері, пайдалану мақсаты).
Тармақ 80
80. Аталған құжаттама кейіннен оларды құжаттамалық растау, сондай-ақ мұнайдың төгілуіне ден қою шараларын кейін бағалау мақсатында шығындарды өтеуді есептеу үшін пайдаланылады.
Тармақ 81
81. Жергілікті атқарушы органның Жедел штабы мұнайдың төгілуі салдарын жою бойынша операция аяқталғаннан кейін мұнайдың төгілуі салдарын жою жөніндегі іс-қимыл басшысының келісімі бойынша есеп дайындайды. Жергілікті атқарушы органның жедел штабы есепте:
Тармақша 1
1) мұнайдың төгілуіне әкеп соққан аварияның сипаттамасы және оның дамуын;
Тармақша 2
2) қабылданған ден қою шараларының сипаттамасын;
Тармақша 3
3) шетел мемлекеттері ұсынған көмекті сипаттау мен бағалауды;
Тармақша 4
4) ден қоюдың барлық операциясын бағалауды;
Тармақша 5
5) ден қою кезінде туындаған проблеманы сипаттау мен талдауды;
Тармақша 6
6) қазіргі шараларды, атап айтқанда Ұлттық жоспардың ережелерін жақсарту мүмкіндігі туралы ұсынымдарды;
Тармақша 7
7) мұнайдың төгілуіне ден қою уақытында келтірілген шығындарды есептеуді;
Тармақша 8
8) мұнайдың төгілуінен болған экологиялық және экономикалық зиянды бағалауды көрсетеді.
Тармақ 82
82. Жергілікті атқарушы органның Жедел штабының бастығы мұнайдың төгілуін жою жұмысы аяқталғаннан кейін барлық жедел іс-қимылдар мен қадағалау құжаттамасын қоршаған ортаны қорғау саласындағы, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдарға тапсырады.
Тармақ 83
83. Мұнайдың төгілу көзін оқшаулау және мұнайдың төгілуін жою жөніндегі іс-шараларды, авариялар, тосын оқиғалар себептерін тергеп-тексеру жүргізілгеннен кейін мұнайдың төгілу тәуекелі бар объектілердің меншік иелері және (немесе) мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдар қоршаған ортаны қорғау саласындағы және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдарға жүргізілген жұмыс туралы есепті ұсынады.
Тармақ 84
84. Теңіз объектілері мен теңіз порттарының меншік иелері экологиялық залалдың салдарын жояды және үшінші тұлғаларға келтірілген зиянды, сондай-ақ мемлекеттің мұнайдың төгілуін жою жөніндегі шығыстарын өтейді.
Тармақ 85
85. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 171-178-баптарына сәйкес қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде келтірілген зиян үшін және кемелерден аққан мұнаймен ластанғаны үшін кеме иесі жауапты болады.
Тармақ 86
86. Мұнайдың үшінші деңгейдегі төгілу себептерін тергеп-тексеру, мұнайдың төгілуінен қоршаған ортаға келтірілген ысыраптарды өтеу және қалпына келтіру тәртібі үшін: теңіз объектілерінде мұнай төгілген жағдайда – көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның, кемелер мен порттардан мұнай төгілген жағдайда – сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы уәкілетті органның, теңізде және сақтық аймағында өздігінен ағып жататын иесіз және апаттық ұңғымалар болған және шығарылған жері белгісіз мұнайдың төгілуі кезінде – жер қойнауын зерттеу саласындағы уәкілетті органның бастамасы бойынша ведомствоаралық комиссия құрылады.
Тармақ 87
87. Қоршаған ортаны қалпына келтіру шаралары мен тәртібі қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамаға сәйкес анықталады.
Тарау 9. 9-тарау. Мұнайдың төгілуіне ден қоюдың халықаралық аспектілері
9-тарау. Мұнайдың төгілуіне ден қоюдың халықаралық аспектілері
Тармақ 88
88. Каспий теңізі мұнаймен ластанған жағдайда және Каспий теңізіне мұнайдың төгілуін жоюға дайындық пен іс-қимылды қамтамасыз етуде тараптар арасындағы ынтымақтастық пен өзара көмекті талап ететін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Мұнаймен ластануға әкелетін тосын оқиғалар жағдайындағы өңірлік әзірлік, ден қою және ынтымақтастық туралы хаттамасын және Каспий теңізінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімін басшылыққа алу қажет.
Тармақ 89
89. Халықаралық келісімдер шеңберінде көмек көрсету және көмек алуға байланысты шығындарды өтеу осы халықаралық келісімдер талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 90
90. Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы уәкілетті орган Мұнайдың төгілуі салдарын жою мәселелері жөніндегі халықаралық теңіз ұйымының қарарларын, шешімдері мен басшылық құжаттарын мүдделі мемлекеттік органдарды, жергілікті атқарушы органдарды, мұнай төгілу тәуекеліне қауіпіне әкелетін объектілердің меншік иелерін және мұнайдың төгілуі салдарын жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдарды кейіннен хабардар ету үшін көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға жібереді және қадағалайды.
Басқа 1. Теңізде және Қазақстан Республикасының сақтық аймағында мұнайдың төгілуі салдарын жою бойынша дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз ету
Теңізде және Қазақстан Республикасының сақтық аймағында мұнайдың төгілуі салдарын жоюға арналған дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз етудің ұлттық жоспарына 1-қосымша Нысан Теңізде және Қазақстан Республикасының сақтық аймағында мұнайдың төгілуі салдарын жою бойынша дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз ету Мұ­най тө­гі­лу­і­нің дең­гейі Жос­пар Мұ­най­дың тө­гі­луі сал­да­рын жою бой­ын­ша іс-қи­мыл­дар бас­шы­сы 1 2 3 1 Объ­ек­ті­лік жос­пар­лар Мұ­най тө­гі­лу қа­у­пі бар объ­ек­ті­нің мен­шік ие­сі та­ғай­ын­да­ған адам неме­се ол тар­тып отыр­ған мұ­най тө­гі­лу­ін жою жө­нін­де­гі ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ұй­ым Ке­ме жос­пар­ла­ры Ке­ме ка­пи­та­ны 2 Аумақ­тық жос­пар­лар Аумақ­тық жос­пар қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген­ге дей­ін Ке­ме­лер­ді қо­с­па­ған­да, мұ­най тө­гі­лу қа­у­пі бар объ­ек­ті­нің мен­шік ие­сі та­ғай­ын­да­ған адам Ке­ме­ден шық­қан және шы­ға­ры­л­ған же­рі бел­гі­сіз мұ­най тө­гі­лу­ін жою жө­нін­де­гі ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ұй­ым­ның бас­шы­сы та­ғай­ын­да­ған адам Аумақ­тық жос­пар қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген­нен кей­ін Об­лыс әкі­мі та­ғай­ын­да­ған ла­у­а­зым­ды адам 3 Ұлт­тық жос­пар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­мьер-Ми­ни­стрі та­ғай­ын­да­ған аза­мат­тық қор­ғау са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­ның ла­у­а­зым­ды ада­мы
Басқа 2. Теңізде және сақтық аймағында мұнайдың төгілуі салдарын жоюға арналған дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз етудің аумақтық жоспарлары
Теңізде және Қазақстан Республикасының сақтық аймағында мұнайдың төгілуі салдарын жоюға арналған дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз етудің ұлттық жоспарына 2-қосымша Нысан Теңізде және сақтық аймағында мұнайдың төгілуі салдарын жоюға арналған дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз етудің аумақтық жоспарлары 1. Кіріспе 1. Жалпы ережелер. 2. Географиялық қолдану шекаралары. 3. Авариялық мұнай төгілуі туындаған кезде ықтимал ортаны бағалау. 2. Мұнайдың төгілуі салдарын жою бойынша дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз ету бойынша аумақтық (облыстық) басқару деңгейі 4. Мұнайдың төгілуі салдарын жою жөніндегі іс-шараларға басшылық жасау. 5. Мұнайдың төгілуі салдарын жою бойынша дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз ету бойынша аумақтық (облыстық) басқару деңгейінде функциялар мен міндеттерді бөлу. 6. Мұнайдың төгілуі туралы ақпаратты беру тәртібі. 3. Жедел басқару 7. Мұнайдың төгілу жағдайы туындаған кезде жүргізілетін іс-шаралар. 8. Авариялық-құтқару және жедел жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру. 9. Жедел штаб жұмыстарын ұйымдастыру. 10. Мұнай төгілуі салдарын жою кезіндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары. 11. Мұнайдың төгілуі салдарын жою жөніндегі іс-шараларды тоқтату және есептілік. 12. Мұнайдың төгілуін тергеп-тексеру. 4. Дайындықты қамтамасыз ету 13. Мұнай төгілуіне дайындықты, уақытылы ден қоюды және тиімді жоюды қамтамасыз ету үшін тартылатын ұйымдармен (меншік нысанына қарамастан) өзара іс-қимыл тәртібі. 14. Мұнайдың төгілуі салдарын жою үшін тартылатын күштер мен құралдардың есебі. 15. Жаттығулар мен оқулар. 16. Ақпараттық деректер.
Басқа 3. Теңізде және сақтық аймағында мұнайдың төгiлуi салдарын жою бойынша дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз етудің объектілік жоспары
Теңізде және Қазақстан Республикасының сақтық аймағында мұнайдың төгілуі салдарын жоюға арналған дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз етудің ұлттық жоспарына 3-қосымша Нысан Теңізде және сақтық аймағында мұнайдың төгiлуi салдарын жою бойынша дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз етудің объектілік жоспары 1. Кіріспе 1. Жоюдың жалпы басымдықтары мен міндеттері. 2. Жоспардың қолданылу саласы (операциялар мен тәуекелдердің қысқаша сипаттамасын қоса алғанда). 3. Жоспардың географиялық қолдану шекаралары. 4. Басқа жоспарлармен өзара іс-қимыл. 5. Құжаттаманы басқару (жоспарды сақтауға жауапты адамды анықтау, таралуы, қаралуы және жаңартылуы туралы жазба жүргізу). 2. Алдын алу мен жоспарлаудың бастапқы шаралары 6. Бастапқы кезеңдегі стратегиялық шешімдерді қабылдау бойынша бастапқы іс-қимылдар және оған басшылық ету. 7. Объектідегі бастапқы қауіпсіздік талаптары және мұнайдың төгілу оқиғасы болған жерді бағалау. 8. Ден қоюдың бастапқы басымдықтары мен мақсаттары. 9. Негізгі қызметкерлерге арналған бастапқы кезеңдегі іс-қимылдар тізбесі. 10. Шұғыл хабарлау және есептілік. 11. Мұнайдың төгілуі салдарын жою бойынша басқару командасын іске қосу. 12. Мұнайдың төгілуіне сезімтал экологиялық аудандар мен әлеуметтік-экономикалық объектілерді анықтау. 13. Бірінші деңгейдегі ресурстар және байланыстар. 14. Бірінші деңгейдегі ресурстарды іске қосу және өрістету. 15. Мұнайдың төгілуі салдары бойынша, олардың таралуы жағдайындағы іс-қимыл тәртібі. 16. Объект туралы негізгі ақпарат. 3. Хабарлама және есептілік 17. Ішкі хабарлама бойынша талаптар мен тәртібі; 18. Сыртқы хабарлама бойынша талаптар мен тәртібі; 19. Егер талап етілсе, қосымша хабарлама; 20. Байланыс деректері және нысандары (жоспарда көрсетілуі немесе жиі жаңартуларды енгізуді жеңілдету үшін қосымшаға жеке құжатпен енгізілуі мүмкін). 4. Бағалау 21. Денсаулықты және объектідегі қауіпсіздікті бағалау; 22. Мұнайдың төгілуін қадағалау тәсілдері (әуеден қадағалау, қалқыма белгiлері және тағы басқалары); 23. Мұнайдың төгілуін қадағалау және оны бағалау бойынша басшылық ету; 24. Метеорологиялық және гидродинамикалық болжамдар; 25. Төгілулердің траекториясы және оларды үлгілеу; 26. Төгілу деңгейін және төгілудің таралу қатерін бағалау. 5. Жою үшін ресурстар 27. Ресурстар тізбесі және көрсетілетін қызметтер тізімі, қажетті материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, байланыс деректерін және өрістету уақытын қоса алғанда (жоспарда көрсетілуі немесе жиі жаңартуларды енгізуді жеңілдету үшін қосымшаға жеке құжатпен енгізілуі мүмкін); 28. Ресурстарды бөлу тәртібі; 29. Тартылатын кемелер (кемелердің талап етілетін сипаттамасы, мұнай төгілген орындағы кемелер тізбесі және тағы басқалары); 30. Жергілікті еңбек ресурстары; 31. Арнайы бағытта мамандандырылған сарапшылар. 6. Мұнайдың төгілуін жою жөніндегі басқармасы 32. Басқарманың ұйымдық құрылымы; 33. Функциялары мен өкілеттіктері; 34. Басқару процестері мен рәсімдері; 35. Объектіде мұнайдың төгілуін жою жөніндегі басқарманы іске қосу және оның орналасуы. 7. Сезімтал аумақтар 36. Жағалаудың, теңіз биоталары мен инфрақұрылым объектілерінің мұнаймен ластануына сезімтал аймақтарын анықтау және оларды картаға түсіру (қауіп картасы). 37. Қорғау басымдығы. 38. Жағалаудың, теңіз биоталары мен инфрақұрылым объектілерінің мұнаймен ластануына сезімталдық картасы (карталардың көлемдеріне, өлшемдеріне және түрлеріне қарай карталар жоспар мәтінінде немесе қосымшада орналастырылады); 39. Операциялық сезімталдық картасы және (немесе) оқиға болған жердегі іс-қимылдар жоспары және (немесе) географиялық жою картасы (карталар мен жоспарлардың көлемдеріне, өлшемдеріне және түрлеріне қарай карталар мен жоспарлар жоспардың мәтінінде немесе қосымшада орналастырылады). 8. Жою стратегиясы 40. Стратегиялық шешімдерді қабылдау бойынша басшылық ету (диаграммалар, ықтимал сценарийлердің матрицасы, экологиялық жиынтық пайданы талдау негізінде шешімдер қабылдау бойынша басшылық ету және тағы басқалары). 41. Нақты сценарийлерге қарай мұнайдың төгілуі салдарын жою стратегиялары туралы жиынтық ақпарат. 42. Қажетіне қарай теңізде, теңіздің жағалау аймағында, жаға бойында және ішкі су жолдарында мұнайдың төгілуінің зардаптарын жою үшін қажетті ресурстар. 43. Мұнайдың төгілуі салдарын жоюдың қолайлы әдістері. 44. Қажетіне қарай жалпы тактикалық жоспарлар (жоспар мәтінінде немесе қосымшада орналастырылады). 9. Қалдықтарды басқару 45. Заңнама талаптары. 46. Тәртібі (жеке сақтау, көлемін азайту, әкету және тағы басқаларды қосқанда). 47. Нақты төгілуге қалдықтарды басқару жоспарын әзірлеу бойынша басшылық ету. 48. Уақытша сақтауға алдын ала белгіленген орындар. 49. Қалдықтарды өңдеу және түпкілікті жою іс-шаралары немесе қалдықтармен жұмыс істеудің басқа да нұсқалары. 10. Тазарту 50. Денсаулық сақтау және қауіпсіздік талаптары. 51. Тәртібі және рұқсат етілген тазарту заттары. 52. Тазарту бойынша іс-шараларды жүргізу үшін алдын ала белгіленген орындар. 53. Нақты төгілуді тазарту жөніндегі жоспарды әзірлеу бойынша басшылық ету. 11. Жұмылдыру 54. Жабдықтар мен кемелерді қорытынды тексеру, персоналды әкету, шығыс материалдарды қайтару, жалға алынған мүлікті қайтару тәртібі және тағы басқалары; 55. Нақты төгілу кезінде объектіден техника мен қызметкерлерді әкету жоспарын әзірлеу бойынша басшылық ету. 12. Ден қою шараларын аяқтау 56. Төгілуді кәдеге жаратудың түпкілікті деңгейін анықтау бойынша басшылық ету және мұнайдың төгілуін жою жөніндегі операциялардың аяқталу өлшемшарттары. 57. Аймақты тазарту бойынша жұмыстарды қабылдайтын және мұнай төгілуі салдарын жою жөніндегі операциялардың аяқталуын растайтын жауаптыны анықтау. 13. Мұнайдың төгілуін жою жөнінде жүргізілген шаралар мен операциялар туралы есеп 58. Есеп әзірлеуге жауапты адамдар және мұнайдың төгілуі салдарын жою аяқталғаннан кейін талдау жүргізу жөніндегі басшылық ету.
Басқа 4. Теңізде және сақтық аймағында мұнайдың үшінші деңгейдегі төгілуі салдарын жою кезіндегі басқарманың құрылымы
Теңізде және Қазақстан Республикасының сақтық аймағында мұнайдың төгілуі салдарын жоюға арналған дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз етудің ұлттық жоспарына 4-қосымша Нысан Теңізде және сақтық аймағында мұнайдың үшінші деңгейдегі төгілуі салдарын жою кезіндегі басқарманың құрылымы
Басқа 5. Мұнайдың үшінші деңгейдегі төгілуі кезіндегі Жедел штабының құрамы
Теңізде және Қазақстан Республикасының сақтық аймағында мұнайдың төгілуі салдарын жоюға арналған дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз етудің ұлттық жоспарына 5-қосымша Нысан Мұнайдың үшінші деңгейдегі төгілуі кезіндегі Жедел штабының құрамы Мұнайдың үшінші деңгейдегі төгілуі кезіндегі Жедел штабының құрамына мынадай уәкілетті органдардың өкілдері енгізіледі: № Топ­тың және уәкі­лет­ті ор­ган­ның ата­уы 1 Ақ­па­рат өң­деу то­бы 1.1 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Тө­тен­ше жағ­дай­лар ми­ни­стр­лі­гі 1.2 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Энер­ге­ти­ка ми­ни­стр­лі­гі 1.3 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Өнер­к­ә­сіп және құ­ры­лыс ми­ни­стр­лі­гі 2 Ше­шім­дер­ді дай­ын­дау және кү­ш­те­рі мен құ­рал­дар­ды есеп­теу то­бы 2.1 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Тө­тен­ше жағ­дай­лар ми­ни­стр­лі­гі 2.2 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Энер­ге­ти­ка ми­ни­стр­лі­гі 2.3 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Өнер­к­ә­сіп және құ­ры­лыс ми­ни­стр­лі­гі 2.4 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Эко­ло­гия және та­би­ғи ре­сур­стар ми­ни­стр­лі­гі­нің Эко­ло­ги­я­лық рет­теу және ба­қы­лау ко­ми­те­ті 2.5 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Эко­ло­гия және та­би­ғи ре­сур­стар ми­ни­стр­лі­гі­нің Ор­ман ша­ру­а­шы­лы­ғы және жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі ко­ми­те­ті 3 Өза­ра іс-қи­мыл то­бы 3.1 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Тө­тен­ше жағ­дай­лар ми­ни­стр­лі­гі 3.2 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Энер­ге­ти­ка ми­ни­стр­лі­гі 3.3 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Өнер­к­ә­сіп және құ­ры­лыс ми­ни­стр­лі­гі 4 Ақ­па­рат­тан­ды­ру және бай­ла­ныс то­бы 4.1 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Цифр­лық да­му, ин­но­ва­ци­я­лар және аэро­ға­рыш өнер­к­ә­сі­бі ми­ни­стр­лі­гі 4.2 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Өнер­к­ә­сіп және құ­ры­лыс ми­ни­стр­лі­гі 4.3 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Тө­тен­ше жағ­дай­лар ми­ни­стр­лі­гі 5 Мо­ни­то­ринг және бо­лжау то­бы 5.1 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Эко­ло­гия және та­би­ғи ре­сур­стар ми­ни­стр­лі­гі­нің Эко­ло­ги­я­лық рет­теу және ба­қы­лау ко­ми­те­ті 5.2 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Энер­ге­ти­ка ми­ни­стр­лі­гі 5.3 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Эко­ло­гия және та­би­ғи ре­сур­стар ми­ни­стр­лі­гі­нің Ор­ман ша­ру­а­шы­лы­ғы және жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі ко­ми­те­ті 6 Бас­па­сөз қыз­ме­ті 6.1 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Цифр­лық да­му, ин­но­ва­ци­я­лар және аэро­ға­рыш өнер­к­ә­сі­бі ми­ни­стр­лі­гі 6.2 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Энер­ге­ти­ка ми­ни­стр­лі­гі 6.3 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Өнер­к­ә­сіп және құ­ры­лыс ми­ни­стр­лі­гі 6.4 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Тө­тен­ше жағ­дай­лар ми­ни­стр­лі­гі
Басқа 6. Теңізде және Қазақстан Республикасының сақтық аймағында мұнайдың төгілуі туралы ақпарат
Теңізде және Қазақстан Республикасының сақтық аймағында мұнайдың төгілуі салдарын жоюға арналған дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз етудің ұлттық жоспарына 6-қосымша Нысан Теңізде және Қазақстан Республикасының сақтық аймағында мұнайдың төгілуі туралы ақпарат Кім­ге: Ақ­па­рат бе­ру­дің рет­тік нө­мі­рі (есе­лік) 1-бө­лім. Ба­стап­қы ха­бар­ла­ма* 1. Кім­нен (аты-жө­ні (болған жағ­дай­да) мен ұй­ым) 2. Кү­ні күн/ай/жыл, уа­қыт (жер­гі­лік­ті): 3. Оқи­ға 4. Бай­ла­ныс де­ректе­рі Те­ле­фон: 5. Учас­ке/ор­на­ла­суы 6. Объ­ек­ті­нің/ке­ме­нің ата­уы 7. Бо­лжам­ды кө­лем (өл­шем бір­лі­гін көр­се­ту) 8. Тө­гі­лу жал­ға­са­ды Иә/Жоқ 9. Қо­лы 2-бө­лім. То­лық си­патта­ма ** 1. Кү­ні күн/ай/жыл, уа­қыт (жер­гі­лік­ті): 2. Ор­на­ла­суы (ен­дік пен бой­лық) 3. Жел­дің жыл­дамды­ғы (өл­шем бір­лі­гін көр­се­ту) 4. Жел­дің ба­ғы­ты 5. Те­ң­із­дің жай-күйі және кө­рі­нуі (өл­шем бір­лі­гін көр­се­ту) 6. Ағыс неме­се су­дың кө­те­рі­луі мен қай­туы 7. Те­ңіз суы­ның тем­пе­ра­ту­ра­сы (өл­шем бір­лі­гін көр­се­ту) 8. Ауа­ның тем­пе­ра­ту­ра­сы (өл­шем бір­лі­гін көр­се­ту) 9. Дақ­тың қал­қуы (жыл­дам­дық пен ба­ғы­тын көр­се­ту) 10. Мұ­най­дың тө­гі­лу кө­зі 10.1 Мұ­най­дың тө­гі­лу кө­зі­нің ал­дын ала бо­лжа­мы 11. Оқи­ға тү­рі 12. Дақ­тың сырт­қы тү­рі 13. Сы­на­ма алын­ды Иә/Жоқ 14. Фо­то­су­рет­тер жа­сал­ды Иә/Жоқ 15. За­рдап­ты бо­лжау (Се­зім­тал учас­ке­лер­ді көр­се­ту) 16. Ден қою бой­ын­ша қа­был­дан­ған ша­ра­лар 17. Қо­лы Ескертпе: *1-бөлім мұнайдың төгілуі табылғаннан кейін толтырылады **2-бөлім ақпарат жинағы бойынша толтырылады.
Басқа 7. Теңізде және Қазақстан Республикасының сақтық аймағында мұнайдың төгілуі туралы ақпарат берудің реттілігі
Теңізде және Қазақстан Республикасының сақтық аймағында мұнайдың төгілуі салдарын жоюға арналған дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз етудің ұлттық жоспарына 7-қосымша Нысан Теңізде және Қазақстан Республикасының сақтық аймағында мұнайдың төгілуі туралы ақпарат берудің реттілігі