Об установлении зон рекреационного рыболовства на водных объектах Индерского района Атырауской области Күшін жойған
Басқа 0
Атырау облысы Индер ауданының су объектілеріндегі рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарына, «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 10 бабы 2 тармағы 5-8) тармақшасына сәйкес су объектілерін әуесқойлық (спорттық) балық аулау үшін пайдалану мақсатында, Индер ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысы Индер ауданының су объектілеріндегі рекреациялық балық аулау аймақтары ортақ су пайдалану талаптарын ескере отырып белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Индер ауданы әкімінің орынбасары Қ. Нұрлыбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Индер ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «15» маусымдағы
№ 129 қаулысына қосымша
Атырау облысы Индер ауданындағы су объектілерінде
рекреациялық балық аулау аймақтары
Индер ауданының әкімшілік аумақтары шегіндегі Жайық өзенінің учаскелері:
Тармақ 1
1. Елтай ауылдық округіндегі Аққала ауылына қарсы, оның солтүстіктегі соңғы нүктесінен бастап оңтүстіктегі соңғы нүктесіне дейінгі учаске N 480 32/ 36.6// Е 0510 43/ 58.8// N 480 32/ 55.9// Е 0510 44/ 13.8// координаттарымен, ұзындығы 800 метр;
Тармақ 2
2. Индер ауданының әкімшілік орталығындағы Индербор кентіне қарсы «ИндерСу» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның сорғы бекетінен бастап N 480 11/ 30.1// Е 0510 43/ 04.4// координаттарымен, Индер желілік өндрістік басқармасының газ құбыры жүйесіне дейінгі учаске N 480 31/ 58.8// Е 0510 43/ 29.5// координаттарымен, ұзындығы 1000 метр;
Тармақ 3
3. Елтай ауылдық округіндегі Елтай ауылына қарсы «Индер» мұнай айдау станциясының сорғы бекетінен бастап N 480 27/ 55.1// Е 0510 42/ 00.5// координаттарымен, «КазСуШар» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның сорғы бекетіне дейінгі учаске N 480 28/ 00.8// Е 0510 42/ 05.9// координаттарымен, ұзындығы 800 метр;
Тармақ 4
4. Есбол ауылдық округіндегі Ынтымақ ауылына қарсы «КазСуШар» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның сорғы бекетінен бастап N 480 23/ 24.8// Е 0510 38/ 12.6// координаттарымен, өзен бойымен жоғары N 480 23/ 27.0// Е 0510 38/ 30.2// координаттарымен учаске, ұзындығы 500 метр;
Тармақ 5
5. Бөдене ауылдық округіндегі «Айсұлтан» шаруа қожалығынан бастап N 480 23/ 53.1// Е 0510 38/ 18.4// координаттарымен, Маринкино елді-мекенін қоса, «Қабдолов» жеке кәсіпкерлігінің сорғы бекетіне дейінгі учаске N 480 21/ 47.6// Е 0510 35/ 29.1// координаттарымен, ұзындығы 6500 метр;
Тармақ 6
6. Өрлік ауылдық округіндегі Өрлік ауылының сорғы бекетінен бастап N 480 17/ 19.9// Е 0510 35/ 42.9// координаттарымен, Жарсуат ауылдық округіндегі Қызыл Жар ауылының оңтүстіктегі соңғы нүктесіне дейінгі учаске Жарсуат ауылы, Өрлік ауылы, Қызыл Жар ауылын қоса N 480 08/ 05.0// Е 0510 32/ 43.3// координаттарымен, ұзындығы 18000 метр;
Тармақ 7
7. Көктоғай ауылдық округіндегі Көктоғай ауылының солтүстіктегі соңғы нүктесінене қарсы N 480 08/ 05.0// Е 0510 32/ 43.3// координаттарымен, Жарсуат ауылдық округіндегі Құрылыс ауылындағы сорғы бекетіне дейінгі учаске N 480 06/ 36.8// Е 0510 35/ 39.1// координаттарымен, ұзындығы 4200 метр.