О связи по связям с религиозными объеденениями Күшін жойған
Басқа 0
Дiни бiрлестiктермен байланыс жөнiндегi Кеңес құрамын жаңалау туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды –
Маңғыстау облысы әкімдігінің 21.02.2005 № 73 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Дiни бiрлестiктермен байланыс жөнiнде Кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 06.05.2000ж. № 683 қаулысына сәйкес және кадрлардың өзгерiстерiне байланысты облыс әкiмияты қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Дiни бiрлестiктермен байланыс жөнiндегi Кеңестiң (бұдан әрi Кеңес) құрамы жаңартылсын және ол облыстық мәслихаттың бекiтуiне табыс етiлсiн (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Жаңа редакциядағы бiрлестiктермен байланыс жөнiндегi Кеңес туралы Ереже бекiтiлсiн (2 қосымша).
Тармақ 3
3. Облыс әкiмiнiң "Дiни бiрлестiктермен байланыс жөнiнде Кеңес құру туралы" 14.09.2000 ж. № 489 шешiмiнiң күшi жойылды деп саналсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары С.Б.Керелбаевқа жүктелсiн.
Басқа 5
Маңғыстау облысы әкiмиятының
2002 жылғы 6 ақпандағы
№ 6-a қаулысына № 1 қосымша
Дiни бiрлестiктермен байланыс жөнiндегi
📌 Ескерту. 1-қосымша өзгертілді - Маңғыстау облысы әкімиятының 2004 жылғы 26 наурыздағы № 94 қаулысымен .
Кеңестiң құрамы
Макежанов Сұлтанбек Алмасбекұлы облыс әкiмiнiң бiрiншi
орынбасары,
Кеңес төрағасы
Рзаханов Асқар Киiкбайұлы облыстық ақпарат және қоғамдық
келiсiм басқармасының
бастығы, Кеңес төрағасының
орынбасары
Әбдiқалықов Жанболат Иманғалиұлы облыс әкiмi аппараты
қоғамдық-саяси жұмыс және
агроөнеркәсiп кешенi
бөлiмiнiң бас маманы,
Кеңес хатшысы
Кеңес мүшелерi:
Айдалиев Құрманбек Ақтау қаласы Бекет ата
атындағы мешiтiнiң бас имамы
(келiсiм бойынша)
Бекжанов Азат Нұргелдiұлы Е.Букетов атындағы Қарағанда
мемлекеттiк университетi Ақтау
филиалының гуманитарлық пәндер
бойынша аға оқытушысы
(келiсiм бойынша)
Жиренше Жалғас облыстық жастар бастамашылығын
қолдау Орталығының бас маманы
Каджиков Таңатар облыстық әдiлет басқармасы
бастығының орынбасары
(келiсiм бойынша)
Лобян Зуграб Федрахович Маңғыстау облысы IIБ ҚТҚБ
айырықша маңызды iстер
жөнiндегi аға жедел
уәкiлеттi өкiлi
Насухаев Мұхамеди Бейнеу ауданы әкiмiнiң
орынбасары
Шығанбаев Жеңiсбек ҰКК Маңғыстау облысы бойынша
Департаментiнiң қызметкерi
(келiсiм бойынша)
Хаснияз Дүйсен Қазақстан мұсылмандары дiн
басқармасының уәкiлеттi имамы
(келiсiм бойынша)
Сағымбаев Исахан Қарақия ауданы әкiмiнiң
орынбасары
Төлтаев Бейбiталы Маңғыстау облысы IIБ әкiмшiлiк
полициясы басқармасының
бастығы
Байпақов Насуха Жаңайұлы - Маңғыстау облысы Қазақстан
халықтары Кіші Ассамблеясының
секретариат меңгерушісі
Власов Андрей Викторович - Ақтау қаласы православиялық Ізгі
қоңыраулы шіркеуінің басқарушысы
(келісім бойынша)
Лобян Зограб Сетракович - Маңғыстау облысы ішкі істер
басқармасының полиция
подполковнигі (келісім бойынша)
Назарбеков Сайын Назарбекұлы - Қазақстан Республикасының еңбек
сіңірген қайраткері, Қазақстан
жазушылар одағының мүшесі,
"Парыз" жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің директоры
(келісім бойынша)
Түйебаев Тұқымбай - халық емшісі, Маңғыстау аудандық
ардагерлер кеңесінің мүшесі
(келісім бойынша)
Әмин Күнзила Жақыпқызы - "Қазақстан мұсылман әйелдері
ассоциациясы" қоғамдық
бірлестігінің төрайымы
(келісім бойынша)
Басқа 6
Маңғыстау облысы әкiмиятының
2002 жылғы 6 ақпандағы
№ 6-a қаулысына № 2 қосымша
Дiни бiрлестiктермен байланыс жөнiндегi
Кеңес туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Дiни бiрлестiктермен байланыс жөнiндегi Кеңес (бұдан әрi - Кеңес) консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын , Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң кесiмдерiн, облыс әкiмиятының қаулыларын, облыс әкiмiнiң шешiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Кеңес өз қызметiн облыстық мемлекеттiк органдарымен, дiни және қоғамдық бiрлестiктерiмен, сондай-ақ қызметтерi Кеңестiң мақсаттары мен мiндеттерiне қайшы келмейтiн, халықаралық және өзге де ұйымдарымен өзара iс-қимылда жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Кеңестiң шешiмi ұсынымды сипатта болады.
Тарау 2. 2. Кеңестiң мақсаты, мiндетi және функциясы
2. Кеңестiң мақсаты, мiндетi және функциясы
Тармақ 5
5. Кеңестiң мақсаты - азаматтардың дiни сенiм бостандығына деген құқықтарын, конфессионалдық қатынастық үйлесiмдiлiгiн, қоғамдағы рухани келiсiмнiң нығайтылуын қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк саясат мәселелерi бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзiрлеп жасау болып табылады.
Тармақ 6
6. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) облыстағы дiни жағдайды және оның даму бағыттарын жан-жақты әрi объективтi түрде зерттеу, қорыту және талдау;
Тармақша 2
2) азаматтардың дiни сенiм бостандығына деген құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясаттың басым бағыттарын қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
Тармақша 3
3) аймақтағы дiни жағдайдың және дiни сенiм бостандығы туралы заңнамалардың сақталуының жай-күйi туралы облыстың мемлекеттiк органдары мен тұрғын халқын хабардар ету;
Тармақша 4
4) облыста тiркелген дiни бiрлестiктер туралы ақпараттық деректер банкiсiн қалыптастыру;
Тармақша 5
5) дiни бiрлестiктер арасында өзара түсiнiстiк пен төзiмдiлiктi нығайту және оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес консультациялық көмек көрсету.
Тармақ 7
7. Кеңес өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес белгiленген тәртiпте мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) азаматтардың дiни сенiм бостандығына деген құқықтарын және дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын жүзеге асыруға қатысады;
Тармақша 2
2) облыс аумағында құрылған дiни бiрлестiктердiң және шетелдiк дiн уағыздаушылардың қызметiн зерттеудi жүзеге асырады, олар турасында деректер банкiн құрады және оны толықтырып отырады;
Тармақша 3
3) ақпараттың-насихаттық iс-шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) азаматтардың дiни сенiм бостандығына деген құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерiн реттейтiн заңнаманы жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
Тармақша 5
5) азаматтардың дiни сенiм бостандығына деген құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясаттың мәселелерi бойынша консультациялық жұмыс жүргiзедi;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасының және Қазақстан Республикасы Үкiметi жанындағы дiни бiрлестiктермен байланыс жөнiндегi Кеңесiнiң өзiне жүктелген өзге де функцияларын жүзеге асырады.
Тарау 3. 3. Кеңес қызметiн ұйымдастыру және жұмыс тәртiбi
3. Кеңес қызметiн ұйымдастыру және жұмыс тәртiбi
Тармақ 8
8. Кеңестi облыс әкiмi орынбасарларының бiрi басқарады.
Тармақ 9
9. Кеңестiң отырысы кемiнде үш айда бiр рет өткiзiледi. Кеңестiң кезектен тыс отырысын Кеңес төрағасы өзiнiң бастамашылығы бойынша немесе Кеңес мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен бiрiнiң өтiнiшi бойынша шақырады.
Тармақ 10
10. Кеңестiң отырысы, егер оның жұмысына Кеңес мүшелерi жалпы санының жартысынан кем емес саны қатысатын болса заңды өкiлеттi болып есептеледi.
Тармақ 11
11. Мәселелердi тиянақтап даярлау, жұмысын жүргiзу үшiн Кеңес, Кеңес мүшелерi бiрiнiң басшылығымен жұмыс iстейтiн, жұмыс тобын құра алады.
Тармақ 12
12. Кеңестiң өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн заңнамамен белгiленген тәртiпте мынадай құқықтары бар:
Тармақша 1
1) Кеңестiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша қажеттi ақпаратты мемлекеттiк органдардан, дiни ұйымдардан және азаматтардан сұратып алуға, жергiлiктi мемлекеттiк органдардың ақпараттық деректер банктерiн пайдалануға;
Тармақша 2
2) Азаматтардың дiни сенiм бостандығына деген құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы республиканың заңнамасын бұзған дiни бiрлестiктердiң және шетелдiк дiн уағыздаушылардың қызметiне тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
Тармақша 3
3) Кеңестiң құзыретiне қатысты мәселелердiң шешiмдерi жобаларын әзiрлеуге қатысуға;
Тармақша 4
4) Кеңестiң құзыретiне қатысты мәселелер бойынша ресми түсiнiктемелер беруге;
Тармақша 5
5) Заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiлiктi жүзеге асыруға.
Тарау 4. 4. Кеңес қызметiн тоқтатудың тәртiбi
4. Кеңес қызметiн тоқтатудың тәртiбi
Тармақ 13
13. Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыс әкiмиятының қаулысының негiзiнде.