О защите детей от информации, причиняющей вред их здоровью и развитию Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы
Тарау 1
Бап 1
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ақпараттық өнім – бұқаралық ақпарат құралдарының өнімі, сондай-ақ адамдардың шектелмеген тобына арналған өзге де аудио-бейне және (немесе) баспа өнімі;
Тармақша 2
2) ақпараттық өнімді тарату – ақпараттық өнімді сату, оған жазылу, жеткізу, үлестіру, көрсету, прокаттау және (немесе) жалға беру жөніндегі қызмет;
Тармақша 3
3) ақпараттық өнімді таратушы (бұдан әрі – таратушы) – ақпараттық өнімді оның меншік иесімен, ақпараттық өнімді шығарушымен жасалған шарт бойынша немесе өзге де заңды негіздерде таратуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 4
4) ақпараттық өнімді шығарушы – ақпараттық өнім жасауды және (немесе) дайындауды материалдық-техникалық және (немесе) ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 5
5) балаларға арналған ақпараттық өнім – бағыты, тақырыбы, мазмұны және безендірілуі бойынша жас санатына сәйкес келетін ақпараттық өнім;
Тармақша 6
6) балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау – балалардың ақпараттық қауіпсіздігі мақсатында жүргізілетін құқықтық, ұйымдастырушылық, техникалық және басқа да шаралар жиынтығы;
Тармақша 7
7) балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 8
8) балалардың ақпаратқа қол жеткізуі – балаларға арналған ақпараттық өнімді балалардың еркін алу және тарату құқығы;
Тармақша 9
9) балалардың ақпараттық қауіпсіздігі – балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн олардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғауды қамтамасыз ету;
Тармақша 10
10) жас санаты – осы Заңда айқындалған тәртіппен ақпараттық өнімге берілетін санат;
Тармақша 11
11) жас санаты белгісі – жас санатын графикалық және (немесе) мәтіндік белгілеу;
Тармақша 12
12) жас сыныптамасы – ақпараттық өнімге жас санатын беру процесі;
Тармақша 13
13) натуралистік сипаттау және (немесе) бейнелеу – адамның назарын бейнелеу (сипаттау) объектісінің бөлшектеріне, анатомиялық ерекшеліктеріне және (немесе) физиологиялық не техникалық процестеріне аударатын, адамды, жануарды, затты, оқиғаны, құбылысты, әрекетті (әрекетсіздікті) және олардың салдарын сипаттау және (немесе) бейнелеу;
Тармақша 14
14) нормативтік емес лексика бар ақпарат – былапыт, тұрпайы, бейәдеп сөздер, сөз орамдары мен тіркестер бар ақпарат.
Бап 2
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы Осы Заңның күші:
Тармақша 1
1) ғылыми, ғылыми-әдістемелік, оқу, оқу-әдістемелік, статистикалық ақпаратты қамтитын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасына сәйкес мәдени құндылықтарға жатқызылатын ақпараттық өнімді таратуға байланысты қатынастарға қолданылмайды.
Бап 3
3-бап. Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Тарау 2
Бап 4
4-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
Тармақ 1
1. Балалардың ақпаратты алу және тарату құқықтарын іске асыруға байланысты туындайтын, балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттеу осы Заңның негізгі мақсаты болып табылады.
Тармақ 2
2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн олардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғауды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
Тармақ 3
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) психологиялық жас ерекшеліктерін, ақпараттық ортаның теріс ықпалына осалдығын ескере отырып, мемлекеттің балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуі;
Тармақша 2
2) балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік шаралардың жүйелілігі мен кешенділігі;
Тармақша 3
3) балаларды тиісінше тәрбиелеу және толыққанды дамыту мақсатында тарихи және өзге де дәстүрлерді, қоғам мен мемлекеттің мәдени құндылықтарын ескеру;
Тармақша 4
4) балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпаратты еркін алу және тарату құқықтарын Қазақстан Республикасының заңдарымен шектеуге жол берушілік.
Бап 5
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады.
Бап 6
6-бап. Уәкілетті органның құзыреті Уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
Тармақша 2
2) балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 3
Тармақша 4
4) ақпараттық өнімге жас сыныптамасын беру қағидалары мен әдістемесін бекітеді;
Тармақша 5
5) жас санаты белгісіне қойылатын талаптарды бекітеді;
Тармақша 5-1
5-1) осы Заңның мақсатына, міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 7
7-бап. Мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы құзыреті
Тармақ 1
1. Масс-медиа саласындағы уәкiлеттi орган өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 2
2) осы Заң талаптарының сақталуы тұрғысынан масс-медиаға мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) масс-медиада, телекоммуникация желілерінде, онлайн-платформаларда Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Байланыс саласындағы уәкiлеттi орган өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 2
2) телекоммуникация желілерінде Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Білім беру саласындағы уәкiлеттi орган өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Ішкі істер органдары өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 2
2) балаларға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнім кәмелетке толмағандарға таратылған кезде Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) мыналарды: масс-медианы, сондай-ақ телекоммуникация желілері арқылы таратылатын ақпаратты; балаларға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімнің кәмелетке толмағандарға таратылуын қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асырады.
Бап 8
8-бап. Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы қоғамдық бақылау мен қатысу
Тармақ 1
1. Осы Заң талаптарының сақталуына қоғамдық бақылауды жеке тұлғалар және коммерциялық емес ұйымдар өздерінің жарғыларына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Жеке тұлғалар және коммерциялық емес ұйымдар:
Тармақша 1
1) ақпараттық өнімнің таратылуына және балалардың ақпаратқа қол жеткізуіне мониторингті жүзеге асыруға, оның ішінде «қызу желілерді» құру және ұстау, балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпаратты, ақпараттық өнімді және тұлғалардың әрекеттерін мониторингтеу мен анықтаудың техникалық, аппараттық және өзге де нысандарын қолдану арқылы жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) осы Заңның бұзушылықтары туралы мәліметтерді мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға ұсынуға;
Тармақша 3
3) таратылатын ақпараттың мүмкіндіктері, әлеуеті, тәуекелі мен қатерлері туралы балалардың хабардар болу деңгейін арттыруға бағытталған, сондай-ақ ата-аналарды кәмелетке толмаған адам ақпаратты алған және пайдаланған кезде оны бақылау дағдыларына үйрету жөніндегі іс-шаралар жүргізуге;
Тармақша 4
4) балалар мен ата-аналар арасында ақпараттық сауаттылыққа талдау жүргізуге;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы.
Тарау 3
Бап 9
9-бап. Жас сыныптамасы
Тармақ 1
1. Жас сыныптамасын:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасында жасалған және (немесе) дайындалған ақпараттық өнімге – меншік иесі;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін (жеткізілген) ақпараттық өнімге меншік иесі немесе таратушы Қазақстан Республикасының аумағында ақпараттық өнімнің таратылуы басталғанға дейін жүзеге асырады. Осы тармақтың нормалары фильмдердің жас сыныптамасын жүзеге асыруға қолданылмайды.
Тармақ 2
2. Жас сыныптамасын жүзеге асыру кезінде:
Тармақша 1
1) ақпараттық өнімнің тақырыбы, жанры, мазмұны және көркемдік безендірілуі;
Тармақша 2
2) белгілі бір жас санатындағы балалардың ақпараттық өнімде қамтылған ақпаратты қабылдау ерекшеліктері;
Тармақша 3
3) баланың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізу ықтималдығы бағалауға жатады.
Тармақ 3
3. Жас сыныптамасы ақпараттық өнімге мынадай жас санаттары беріле отырып жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) «6 жасқа дейін» – алты жасқа толмаған балаларға арналған ақпараттық өнім;
Тармақша 2
2) «6 жастан бастап» – алты жасқа толған балаларға арналған ақпараттық өнім;
Тармақша 3
3) «12 жастан бастап» – он екі жасқа толған балаларға арналған ақпараттық өнім;
Тармақша 4
4) «14 жастан бастап» – он төрт жасқа толған балаларға арналған ақпараттық өнім;
Тармақша 5
5) «16 жастан бастап» – он алты жасқа толған балаларға арналған ақпараттық өнім;
Тармақша 6
6) «18 жастан бастап» – балаларға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнім.
Тармақ 4
4. Фильмдердің жас сыныптамасы осы Заңның және «Кинематография туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 10
10-бап. «6 жасқа дейін» жас санатының ақпараттық өнімі «6 жасқа дейін» жас санатының ақпараттық өніміне, ақпараттық өнімде жақсылықтың зұлымдықты жеңіп, салтанат құру идеясы, зорлық-зомбылық құрбанына аяушылық білдіру және (немесе) зорлық-зомбылықты айыптау қамтылады деген шартпен, жанр және (немесе) сюжет тұрғысынан ақталған, физикалық және (немесе) психикалық және (немесе) психологиялық күш көрсетудің натуралистік сипаттауларсыз және (немесе) бейнелеулерсіз эпизодтық сипатталуын және (немесе) бейнеленуін қамтитын ақпараттық өнім жатқызылады.
Бап 11
11-бап. «6 жастан бастап» жас санатының ақпараттық өнімі «6 жастан бастап» жас санатының ақпараттық өніміне осы Заңның 10-бабында көзделген ақпараттық өнім, сондай-ақ балаларда қорқыныш, үрей туғызатын немесе олардың жанын түршіктіретін, сондай-ақ адами қадір-қасиетті қорлайтын жазатайым оқиғалардың, авариялардың, апаттардың, өлімнің және олардың зардаптарының сипатталуын және (немесе) бейнеленуін қамтымайтын ақпараттық өнім жатқызылады.
Бап 12
12-бап. «12 жастан бастап» жас санатының ақпараттық өнімі «12 жастан бастап» жас санатының ақпараттық өніміне осы Заңның 11-бабында көзделген ақпараттық өнім, сондай-ақ балаларда қорқыныш, үрей туғызуы немесе жанын түршіктіруі мүмкін, зардаптары сипатталмай және (немесе) бейнеленбей, жазатайым оқиғалардың, авариялардың, апаттардың, зорлықсыз өлімнің сипатталуын және (немесе) бейнеленуін қамтитын ақпараттық өнім жатқызылады.
Бап 13
13-бап. «14 жастан бастап» жас санатының ақпараттық өнімі «14 жастан бастап» жас санатының ақпараттық өніміне осы Заңның 12-бабында көзделген ақпараттық өнім, сондай-ақ жанр және (немесе) сюжет тұрғысынан ақталған, мыналарды:
Тармақша 1
1) есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың, темекі өнімдерінің, алкоголь өнімінің оларды тұтыну қауіптілігі туралы ескерте отырып, оларға әуестенуді қоғамға жат және құқыққа қайшы әрекеттерге арандату ретінде жазғыратын эпизодтық сипатталуын және (немесе) бейнеленуін;
Тармақша 2
2) адамның құқықтарын және қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау жолында күш қолдану салдарынан болған адам өлімінің натуралистік сипаттаусыз және (немесе) бейнелеусіз эпизодтық сипатталуын және (немесе) бейнеленуін қамтитын ақпараттық өнім жатқызылады.
Бап 14
14-бап. «16 жастан бастап» жас санатының ақпараттық өнімі «16 жастан бастап» жас санатының ақпараттық өніміне осы Заңның 13-бабында көзделген ақпараттық өнім, сондай-ақ жанр және (немесе) сюжет тұрғысынан ақталған, мыналарды:
Тармақша 1
1) қатыгездік пен зорлық-зомбылық құрбандарына аяушылық сезімді және қатыгездік пен зорлық-зомбылықты айыптауды туғызатын, өзін-өзі өлтіру және (немесе) адам өлтіру сюжеттерінің эпизодтық сипатталуын және (немесе) бейнеленуін;
Тармақша 2
2) сексуалдық сипаттағы әрекеттердің сипатталуын және (немесе) бейнеленуін қоспағанда, адамдардың сексуалдық қарым-қатынастарының эпизодтық сипатталуын және (немесе) бейнеленуін қамтитын ақпараттық өнім жатқызылады.
Бап 15
15-бап. Жас санаты белгісі
Тармақ 1
1. Жас санаты белгісін таратушы ақпараттық өнімге мыналарды белгілеу арқылы түсіреді немесе онда көрсетеді:
Тармақша 1
1) «6 жасқа дейін» – ромбтағы «6–» белгісі және (немесе) «алты жасқа толмаған балаларға арналған» деген сөз тіркесі түріндегі мәтіндік ескерту;
Тармақша 2
2) «6 жастан бастап» – ромбтағы «6+» белгісі және (немесе) «алты жасқа толған балаларға арналған» деген сөз тіркесі түріндегі мәтіндік ескерту;
Тармақша 3
3) «12 жастан бастап» – ромбтағы «12+» белгісі және (немесе) «он екі жасқа толған балаларға арналған» деген сөз тіркесі түріндегі мәтіндік ескерту;
Тармақша 4
4) «14 жастан бастап» – ромбтағы «14+» белгісі және (немесе) «он төрт жасқа толған балаларға арналған» деген сөз тіркесі түріндегі мәтіндік ескерту;
Тармақша 5
5) «16 жастан бастап» – ромбтағы «16+» белгісі және (немесе) «он алты жасқа толған балаларға арналған» деген сөз тіркесі түріндегі мәтіндік ескерту;
Тармақша 6
6) «18 жастан бастап» – ромбтағы «18+» белгісі және (немесе) «балаларға тыйым салынған» деген сөз тіркесі түріндегі мәтіндік ескерту.
Тармақ 2
2. Мыналарды:
Тармақша 1
1) тікелей эфирде трансляцияланатын ақпараттық, көңіл көтеретін және спорттық теле-, радиобағдарламаларды;
Тармақша 2
2) қоғамдық-саяси сипаттағы ақпаратты таратуға маманданатын мерзімді баспа басылымдарын;
Тармақша 3
3) жаңалықты, ақпараттық-талдамалық, қоғамдық-саяси телебағдарламаларды;
Тармақша 4
4) радио хабарлары арқылы таратылатын ақпараттық өнімді;
Тармақша 5
5) жарнаманы;
Тармақша 6
6) интернет-басылымдардан, онлайн-платформалардан басқа, интернет-ресурстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында жас санаты белгісі жоқ ақпараттық өнімді таратуға жол берілмейді. Жас санаты белгісі осы тармақтың бірінші бөлігінде санамаланған ақпараттық өнімге ерікті негізде түсірілуі немесе онда көрсетілуі мүмкін.
Тармақ 2-1
2-1. Телеарналарда ақпараттық өнімді тарату кезінде жас санаты белгісі оны таратудың бүкіл кезеңіне қойылады.
Тармақ 3
3. Әртүрлі жас санаттарына жатқызылатын бірнеше бөліктен тұратын ақпараттық өнім таратылған жағдайда, жас санаты белгісі жас санаты үлкен балаларға арналған ақпараттық өнімге сәйкес келуге тиіс.
Тармақ 4
4. Жас санаты туралы мәтіндік ескерту ақпараттық өнім таратылатын тілге сәйкес келуге тиіс.
Тарау 4
Бап 16
16-бап. Балаларға арналған ақпаратқа және ақпараттық өнімге қойылатын жалпы талаптар
Тармақ 1
1. Балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпаратқа:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен тыйым салынған;
Тармақша 2
2) осы Заңмен балаларға тыйым салынған;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгілі бір жас топтарындағы балаларға шектеу қойылған ақпарат жатқызылады.
Тармақ 2
2. Балаларға тыйым салынған ақпаратқа:
Тармақша 1
1) балаларды өміріне және (немесе) денсаулығына қатер төндіретін әрекеттер жасауға, оның ішінде өзін-өзі өлтіруге итермелейтін;
Тармақша 2
2) балаларды қоғамға жат және құқыққа қайшы әрекеттерге арандататын;
Тармақша 3
3) арнайы сексуалдық-эротикалық сипаттағы;
Тармақша 4
4) сексуалдық зорлық-зомбылықтың сипатталуын және (немесе) бейнеленуін қамтитын;
Тармақша 5
5) нормативтік емес лексиканы қамтитын;
Тармақша 6
6) балалар арасында таратуға Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен тыйым салынған;
Тармақша 7
7) дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды, педофилияны насихаттайтын ақпарат жатқызылады.
Тармақ 3
3. Балаларға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімді кәмелетке толмағандарға таратуға жол берілмейді. Балаларға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімді кәмелетке толмағандарға Интернет желісі арқылы таратқан кезде балалардың ақпаратқа қол жеткізуін шектеудің әкімшілік, техникалық, бағдарламалық құралдары немесе өзге де тәсілдері қолданылады.
Тармақ 4
4. Белгілі бір жас топтарындағы балалар арасында таратуға шектеу қойылған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімді таратуға осы Заңның 10 – 14-баптарының талаптарына сәйкес жол беріледі.
Бап 17
17-бап. Телерадио хабарлары арқылы таратылатын ақпараттық өнімге қойылатын ерекше талаптар
Тармақ 1
1. Кодын ашатын техникалық құрылғылар қолданыла отырып, ақылы негізде таратылатын ақпараттық өнімді қоспағанда, осы Заңмен «18 жастан бастап» жас санатына жатқызылған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнім жергілікті уақыт бойынша сағат 6.00-ден сағат 22.00-ге дейін телерадио хабарлары арқылы таратылмауға тиіс.
Тармақ 2
2. Тікелей эфирде трансляцияланатын радиобағдарламаларды қоспағанда, ақпараттық өнімді радио хабарлары арқылы тарату радиобағдарламаны трансляциялау басталғанда оның жас санаты туралы хабарлаумен сүйемелденеді.
Тармақ 3
3. Осы Заңның 10 – 14-баптарына сәйкес келетін ақпараттық өнімді телерадио хабарлары арқылы тарату кезінде теле-, радиобағдарлама басталғанда, сондай-ақ ол бөлінгеннен кейін әрбір қайта басталған кезде жас санаты белгісі көрсетіледі немесе жас санаты хабарланады.
Бап 18
18-бап. Телекоммуникация желілері, онлайн-платформалар арқылы таратылатын ақпараттық өнімге қойылатын ерекше талаптар Аппараттық-бағдарламалық кешен және (немесе) технологиялар арқылы уақытша пайдалануға тұлға ұсынатын, телекоммуникация желілері, онлайн-платформалар арқылы таратылатын ақпаратқа балалардың қол жеткізуін ұсыну жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 5
Бап 19
19-бап. Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа алып келеді.
Бап 20
20-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.