О валютном регулировании и валютном контроле Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы Осы Заң валюталық операцияларды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, валюталық реттеу мен валюталық бақылаудың мақсаттарын, мiндеттерiн айқындайды.
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер
Тармақ 1
1. Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) айырбастау пункті – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы немесе Қазақстан Республикасының заңдары негізінде Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар уәкілетті ұйым немесе уәкілетті банк құрған, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру үшін арнайы жабдықталған орын;
Тармақша 2
2) валюталық құндылықтар: шетел валютасы; номиналы шетел валютасымен көрсетілген бағалы қағаздар мен төлем құжаттары; Қазақстан Республикасының бейрезиденттері шығарған, номиналы жоқ бағалы қағаздар; құймалардағы аффинирленген алтын; Қазақстан Республикасының резиденттері мен Қазақстан Республикасының бейрезиденттері арасында және Қазақстан Республикасының бейрезиденттері арасында олармен операциялар жасалған, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасынан әкеткен (аударған) немесе Қазақстан Республикасына әкелген (аударған) жағдайларда ұлттық валюта, номиналы ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздар мен төлем құжаттары; Қазақстан Республикасының резиденттері мен Қазақстан Республикасының бейрезиденттері арасында және Қазақстан Республикасының бейрезиденттері арасында олармен операциялар жасалған, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасынан әкеткен немесе Қазақстан Республикасына әкелген жағдайларда Қазақстан Республикасының резиденттері шығарған, номиналы жоқ бағалы қағаздар;
Тармақша 3
3) валюталық операциялар: валюталық құндылықтарға меншік құқығының және өзге де құқықтардың өтуіне байланысты операциялар, сондай-ақ валюталық құндылықтарды төлем құралы ретінде пайдалану; валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу, жіберу және аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету, жіберу және аудару; валюталық құндылықтарды сенімгерлік басқаруға беру; валюталық құндылықтарды брокерлік қызметтер көрсету туралы шарт негізінде беру;
Тармақша 4
4) валюталық шарт – валюталық операциялар солардың негізінде және (немесе) оларды орындау үшін жүзеге асырылатын, өзгерістерін және (немесе) толықтыруларын қоса алғанда, келісімдер, құрылтай құжаттары, сондай-ақ өзге де құжаттар;
Тармақша 5
5) есептік нөмір – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе уәкілетті банк валюталық шартқа немесе шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шотқа беретін және валюталық операциялар бойынша есепке алуды және есептілікті қамтамасыз етуге арналған сәйкестендіру нөмірі;
Тармақша 6
6) импорт – Қазақстан Республикасы бейрезидентінің Қазақстан Республикасының резидентіне тауарларды беруі, Қазақстан Республикасы бейрезидентінің Қазақстан Республикасының резидентіне зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды ішінара беруі, Қазақстан Республикасы бейрезидентінің Қазақстан Республикасының резидентіне жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі, мүлікті жалға беруі;
Тармақша 7
7) құймалардағы аффинирленген алтын – аффинаждау нәтижесінде алынған және өлшеуіш және стандартты құймалар түрінде дайындалған, «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық алтынға жатқызылатын алтын;
Тармақша 7-1
7-1) мемлекеттік кірістер органы – өз құзыреті шегінде салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеуді, Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган;
Тармақша 7-2
7-2) мінсіз іскерлік бедел – адамның қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызуға алып келген құқыққа қайшы әрекеттер (әрекетсіздік) жасауы фактілерінің болмауын, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауын, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болмауын, сондай-ақ қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері негізінде әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болмауын қоса алғанда, кәсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы;
Тармақша 8
8) уәкілетті банктер – валюталық операцияларды, оның ішінде клиенттердің тапсырмалары бойынша валюталық операцияларды жүргізетін, Қазақстан Республикасында құрылған банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (уәкілетті ұйымдарды қоспағанда), сондай-ақ шетелдік банктердің Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын филиалдары;
Тармақша 9
9) уәкілетті ұйымдар – банктер болып табылмайтын, қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдары;
Тармақша 10
10) ұлттық валюта: Қазақстан Республикасының аумағында айналыста болатын және заңды төлем құралы болып табылатын, сондай-ақ айналыстан алынған немесе алынатын, бірақ айналыстағы ақша белгілеріне айырбастауға жататын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкноттары мен монеталары түріндегі ақша белгілері; банктік шоттардағы Қазақстан Республикасының ақша бірліктеріндегі ақша; цифрлық теңге;
Тармақша 11
11) шетел валютасы: шет мемлекеттің (мемлекеттер тобының) аумағында айналыста болатын және заңды төлем құралы болып табылатын, сондай-ақ айналыстан алынған немесе алынатын, бірақ айналыстағы ақша белгілеріне айырбастауға жататын банкноттар, монеталар түріндегі ақша белгілері; банктік шоттардағы шет мемлекеттердің (мемлекеттер тобының) ақша бірліктеріндегі және халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі ақша; шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) аумағында заңды төлем құралы болып табылатын, цифрлық нысанда шығарылатын шет мемлекеттің ұлттық валютасы;
Тармақша 12
12) шетелдік банктер – шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес құрылған және өздері тіркелген мемлекеттердің заңнамасы негізінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде банк қызметін жүзеге асыратын банктер және өзге де қаржы институттары;
Тармақша 13
13) экспорт – Қазақстан Республикасы резидентінің Қазақстан Республикасының бейрезидентіне тауарларды беруі, Қазақстан Республикасы резидентінің Қазақстан Республикасының бейрезидентіне зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды ішінара беруі, Қазақстан Республикасы резидентінің Қазақстан Республикасының бейрезидентіне жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі, мүлікті жалға беруі.
Тармақ 2
2. Осы Заңда валюталық операцияларды сыныптау мақсаттары үшін мынадай негізгі терминдер пайдаланылады:
Тармақша 1
1) капиталға қатысу: заңды тұлғаның, жай серіктестіктің, консорциумның жарғылық капиталына, мүлкіне қатысу, оның ішінде акциялар, қатысу үлестері, салымдар және (немесе) қатысушылардың дауыстары түрінде қатысу; заңды тұлғаның жарғылық капиталынан өзге капиталына қатысу;
Тармақша 2
2) капитал қозғалысы операциялары – Қазақстан Республикасының резиденттері мен Қазақстан Республикасының бейрезиденттері арасында жүзеге асырылатын, валюталық құндылықтарға меншік құқығының және өзге де құқықтардың өтуіне байланысты болатын, мыналар: қаржылай қарыздар; капиталға қатысу; бағалы қағаздармен, қатысу үлестерімен және туынды қаржы құралдарымен операциялар; Қазақстан Республикасының заңдарымен жылжымайтын мүлікке теңестірілген не жатқызылған жылжымалы заттарды қоспағанда, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын иемдену; зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды толығымен иемдену; ақшаны және өзге де мүлікті бірлескен қызметке қатысушының міндеттемелерін орындау үшін, сондай-ақ сенімгерлік басқаруға, трастқа беру; клиенттердің тапсырмалары бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларға ақшаны және қаржы құралдарын клиенттерге тиесілі ақшаны және (немесе) қаржы құралдарын есепке алуға және сақтауға арналған шоттарға беру; ақшаны және өзге де валюталық құндылықтарды, жылжымайтын мүлікті өтеусіз беру көзделетін операциялар;
Тармақша 3
3) қаржылай қарыздар: экспортты немесе импортты алдын ала төлеу, төлеуді кейінге қалдыру және бөліп төлеу кезінде туындайтын міндеттемелерді қоспағанда, қарыздар; борышкер міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге берілетін ақша; тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) берушілер мен алушылардың (сатушылар мен сатып алушылардың) ақшалай талабын басқаға беру арқылы қаржыландыру; үшінші тұлғалардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуды және өзге де мәмілелерді қаржыландыруы, сондай-ақ үшінші тұлғалардың борышкердің кредитор алдындағы міндеттемелерін орындауы, солардың нәтижесінде өзі үшін міндеттеме орындалған тұлғада осындай қаржыландыруды берген және (немесе) осындай орындауды жүзеге асырған тұлғаға ақшаны және өзге де мүлікті қайтару міндеті туындайды; қаржы лизингі, Қазақстан Республикасының заңдарымен жылжымайтын мүлікке теңестірілген не жатқызылған жылжымалы заттарды жалға алуды қоспағанда, жылжымайтын мүлікті кейіннен сатып ала отырып жалға алу;
Тармақша 4
4) шетелдік қаржы ұйымдары – шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес құрылған және өздері тіркелген мемлекеттердің заңнамасы негізінде қаржы қызметтерін көрсету бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдік банктер және өзге де қаржы институттары;
Тармақша 5
5) шетелдік қаржылық емес ұйымдар – шетелдік қаржы ұйымдарын қоспағанда, шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан заңды тұлғалар және заңды тұлға құрмайтын өзге де ұйымдар. Осы Заңның мақсаттары үшін: Қазақстан Республикасының бейрезиденттері шығарған электрондық ақшаны Қазақстан Республикасы резидентінің сатып алуы және өтеуі жөніндегі операциялар; Қазақстан Республикасының резиденттері шығарған электрондық ақшаны Қазақстан Республикасы бейрезидентінің сатып алуы және өтеуі жөніндегі операциялар тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің импортына немесе экспортына байланысты валюталық операциялар болып табылады. Капитал қозғалысы операцияларына мыналар теңестіріледі:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының резиденттері арасында жүзеге асырылатын, мыналарға: Қазақстан Республикасының бейрезиденттері шығарған бағалы қағаздарға; Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің капиталына қатысу үлестеріне; Қазақстан Республикасының заңдарымен жылжымайтын мүлікке теңестірілген не жатқызылған жылжымалы заттарды қоспағанда, шет мемлекеттің аумағындағы жылжымайтын мүлікке меншік құқығының және (немесе) өзге де құқықтардың өтуіне байланысты операциялар;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының резиденттері мен Қазақстан Республикасының бейрезиденттері арасында жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасы резиденттерінің, Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің капиталына қатысу үлестеріне меншік құқығының және (немесе) өзге де құқықтардың өтуіне байланысты операциялар;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының резиденттері арасында: Қазақстан Республикасының бейрезиденттері шығарған бағалы қағаздарды; Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің капиталына қатысу үлестерін; Қазақстан Республикасының заңдарымен жылжымайтын мүлікке теңестірілген не жатқызылған жылжымалы заттарды қоспағанда, шет мемлекеттің аумағындағы жылжымайтын мүлікті өтеусіз беру;
Тармақ 3
3. Осы Заңның және валюталық реттеу мен валюталық бақылау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілердің мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының резиденттері (бұдан әрі – резиденттер) деп: Қазақстан Республикасының азаматтары; Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға берілген рұқсат негізінде Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасында орналасқан заңды тұлғалар (халықаралық ұйымдарды қоспағанда), сондай-ақ олардың филиалдары (өкілдіктері); егер халықаралық ұйымдарды құру туралы халықаралық шартта олар үшін резидент мәртебесі айқындалған болса, Қазақстан Республикасында орналасқан халықаралық ұйымдар; Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында банк және (немесе) сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы шетелдік қаржы ұйымдарының филиалдары; осы баптың 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезиденттері деп танылатын шетелдік қаржылық емес ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, шетелдік қаржылық емес ұйымдардың филиалдары (өкілдіктері) танылады.
Тармақ 4
4. Осы Заңның және валюталық реттеу мен валюталық бақылау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілердің мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының бейрезиденттері (бұдан әрі – бейрезиденттер) деп: осы баптың 3-тармағына сәйкес резиденттер болып табылмайтын жеке тұлғалар; шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде орналасқан заңды тұлғалар және заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдар; Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы бойынша бейрезидент мәртебесі Қазақстан Республикасының атынан шетелдік ұйымдармен жасалған және осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін күшіне енген келісімдердің талаптарында белгіленген шетелдік қаржылық емес ұйымдардың филиалдары (өкілдіктері); егер халықаралық ұйымдарды құру туралы халықаралық шартта өзгеше айқындалмаса, халықаралық ұйымдар; шет мемлекеттердің дипломатиялық және өзге де ресми өкілдіктері танылады. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы бойынша бейрезидент мәртебесі Қазақстан Республикасының атынан шетелдік ұйымдармен жасалған келісімдердің талаптарында белгіленген шетелдік қаржылық емес ұйымдар филиалдарының (өкілдіктерінің) тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісінде белгіленеді.
Тармақ 5
5. Осы Заңда пайдаланылатын және анықтама берілмеген ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңдарында пайдаланылатындай мағынада қолданылады.
Бап 2. 2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады және Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды жүзеге асыратын резиденттер мен бейрезиденттерге қолданылады. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде осы Заң резиденттерге қолданылады. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын уәкілетті ұйымдар мен өзге де заңды тұлғаларға осы Заңның және валюталық реттеу органы осы Заңға сәйкес қабылдайтын нормативтік құқықтық актілердің нормалары ерекше реттеу режимінің шарттарында көзделген шекте қолданылады.
Бап 3. 3-бап. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы
3-бап. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарынан, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарынан, сондай-ақ валюталық реттеу органдары мен валюталық бақылау органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретіне сәйкес шығаратын нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормалары, Қазақстан Республикасының халықаралық шартынан осындай нормаларды қолдану үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісін қабылдау (шығару) талап етілетін жағдайларды қоспағанда, осы Заңның 2-бабында көрсетілген қатынастарға тікелей қолданылады. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленген болса, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Бап 4. 4-бап. Валюталық реттеудің және валюталық бақылаудың мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары
4-бап. Валюталық реттеудің және валюталық бақылаудың мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының орнықты экономикалық өсуіне қол жеткізу және халықаралық ынтымақтастығын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатқа жәрдемдесу, төлем балансының орнықтылығын, Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығының тұрақтылығын және экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу валюталық реттеудің мақсаттары болып табылады. Валюталық реттеудің міндеттері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтар айналысының тәртібін айқындау;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының әлемдік экономикаға одан әрi интеграциялануына жәрдемдесу;
Тармақша 3
3) валюталық операциялар және Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы активтері мен міндеттемелері бойынша ақпараттық базаны қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 2
2. Резиденттер мен бейрезиденттер валюталық операцияларды жүргізген кезде олардың Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету валюталық бақылаудың мақсаты болып табылады. Валюталық бақылаудың мiндеттерi:
Тармақша 1
1) жүргiзiлетiн валюталық операциялардың Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкестiгiн айқындау;
Тармақша 2
2) валюталық операциялар бойынша төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының негiздiлiгiн және оларды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың болуын тексеру;
Тармақша 3
3) валюталық операциялар бойынша есепке алу мен есептіліктің толықтығын, уақтылығын және объективтiлiгiн тексеру болып табылады.
Тармақ 3
3. Валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру мынадай қағидаттарға негізделеді:
Тармақша 1
1) заңдылық;
Тармақша 2
2) резиденттер мен бейрезиденттер валюталық операцияларды жүргізген кезде олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы;
Тармақша 3
3) валюталық операциялар бойынша есепке алу мен есептіліктің толықтығы, анықтығы және уақтылылығы;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығы мен экономикасын қорғауды қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген рәсімдер сақталған кезде валюталық операцияларды жүргізуде шектеулердің болмауы.
Тарау 2. 2-тарау. ВАЛЮТАЛЫҚ РЕТТЕУ
2-тарау. ВАЛЮТАЛЫҚ РЕТТЕУ
Бап 5. 5-бап. Валюталық реттеу органдары
5-бап. Валюталық реттеу органдары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасында негізгі валюталық реттеу органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі және мемлекеттік органдар валюталық реттеуді өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi осы Заңға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өз құзыреті шегінде резиденттер мен бейрезиденттердің орындауы үшін мiндеттi нормативтік құқықтық актілер шығарады. Мемлекеттік органдар әзірлеген валюталық реттеу мәселелері жөніндегі заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісуге жатады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде валюталық операциялар бойынша есепке алу мен есептілік нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну тәртібі мен мерзімдерін өздерінің құзыретіне сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша не бірлесіп бекітеді. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қабылдайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережеде айқындалады.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі резиденттермен және бейрезиденттермен валюталық операциялардың барлық түрін шектеусіз жүзеге асырады.
Тармақ 6
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекітеді.
Бап 6. 6-бап. Резиденттер мен бейрезиденттердің валюталық операциялары
6-бап. Резиденттер мен бейрезиденттердің валюталық операциялары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағында резиденттер арасындағы валюталық операцияларға тыйым салынған, бұған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері тараптардың бiрi ретінде әрекет ететін операциялар;
Тармақша 2
2) резиденттермен валюталық операцияларды жүргізу құқығы Қазақстан Республикасының заңдарымен не осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен берілген резиденттер тараптардың бiрi ретінде әрекет ететін операциялар;
Тармақша 3
3) уәкiлеттi банктер мен уәкілетті ұйымдар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өздеріне берілген лицензиясына немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыруға құқылы банк операциялары мен өзге де операцияларға жатқызылатын валюталық құндылықтармен операциялар;
Тармақша 4
4) банк операцияларына және уәкілетті банктер өздеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган берген лицензияға немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыруға құқылы өзге де операцияларға жататын валюталық құндылықтармен жүзеге асырылатын операцияларды жүргізу бойынша уәкілетті банктердің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу;
Тармақша 5
5) номиналды құны шетел валютасымен көрсетілген бағалы қағаздарды сатып алуға, сатуға, сыйақы төлеуге және (немесе) өтеуге байланысты операциялар;
Тармақша 6
6) комитентке валюталық құндылықтарды қайтару жөніндегі операцияларды қоса алғанда, комиссионерлердің экспорт немесе импорт бойынша бейрезиденттермен шарттарды жасасуға және орындауға байланысты қызметтер көрсетуі кезінде комиссионерлер мен комитенттер арасындағы операциялар;
Тармақша 7
7) құймалардағы аффинирленген алтынды ұлттық валютаға сатып алу және (немесе) сату жөніндегі операциялар;
Тармақша 8
8) шетел валютасымен көрсетілген вексельдерді ақшалай міндеттемелерді орындау ретінде беру;
Тармақша 9
9) бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу кезінде, сондай-ақ халықаралық тасымалдар кезіндегі жүру жолында жолаушыларға тауарларды өткізу және қызметтер көрсету кезінде есеп айырысуларға байланысты операциялар;
Тармақша 10
10) шетелдік ұйымдардың филиалдары (өкілдіктері) арасындағы операциялар;
Тармақша 11
11) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге іссапарға шығуына байланысты шығыстарын, оның ішінде өкілдік шығыстарды төлеу кезіндегі операциялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге іссапарға шығуына байланысты берілген, жұмсалмаған авансты өтеу кезіндегі операциялар;
Тармақша 12
12) жеке тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық қызметі қайырымдылықты жүзеге асыруға бағытталған заңды тұлғаларға жеке тұлғалардың өтеусіз ақша аударымдары немесе валюталық құндылықтарды өтеусіз беруі;
Тармақша 13
13) жеке тұлғалардың банктік салымдарды басқа жеке тұлғалардың пайдасына енгізуі;
Тармақша 14
14) брокерлік қызметтер көрсету туралы шарттарды орындау және тоқтату шеңберінде клиенттерге тиесілі ақшаны және қаржы құралдарын есепке алуға және сақтауға арналған шоттардан (шоттарға) ақшаны және қаржы құралдарын беруге байланысты, клиенттердің тапсырмалары бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар және жеке немесе заңды тұлғалар арасындағы операциялар;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген жағдайларда салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге байланысты операциялар;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес өзіне жер қойнауын пайдаланушы салықтық міндеттемесін заттай нысанда орындау есебіне беретін пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушының осындай пайдалы қазбаларды тасуға, сақтауға және өткізуге байланысты операциялары;
Тармақша 17
17) жеке тұлғалардың шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағында жасалатын және оларды жасау кезінде орындалатын мәмілелер бойынша тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін төлемдер;
Тармақша 18
18) «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өнім сапасы банкінің тетігі шеңберінде магистральдық мұнай құбырымен тасымалданатын өнімді жөнелтушілер арасындағы өзара ақшалай есеп айырысулар жүргізу жағдайлары кірмейді.
Тармақ 2
2. Резиденттер мен бейрезиденттер арасындағы валюталық операциялар ұлттық валютада және (немесе) шетел валютасында жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Бейрезиденттер Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында орналасқан өздерінің филиалдарымен (өкілдіктерімен) кез келген валюталық операциялар бойынша ақшаны еркін алуға және аударуға құқылы.
Тармақ 4
4. Бейрезиденттер Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес салымдар (депозиттер), бағалы қағаздар, резиденттермен қарыз операциялары және өзге де валюталық операциялар бойынша алынған дивидендтерді, сыйақыны және өзге де кiрiстердi еркін алуға және аударуға құқылы.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының аумағында бейрезиденттер арасындағы валюталық операциялар Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес шектеусіз жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында қаржылық және кәсіби қызметтерді көрсетуге байланысты валюталық операцияларды жүргізу шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша «Астана» халықаралық қаржы орталығының актілерінде айқындалады.
Тармақ 7
7. Осы Заңда жүзеге асырылу талаптары белгіленбеген резиденттер мен бейрезиденттер арасындағы валюталық операциялар Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес шектеусіз жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелуді және Қазақстан Республикасынан әкетуді резиденттер мен бейрезиденттер Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының талаптарын сақтаған кезде шектеусіз жүзеге асырады.
Бап 7. 7-бап. Резиденттер мен бейрезиденттердің валюталық операциялары бойынша төлемдері және (немесе) ақша аударымдары
7-бап. Резиденттер мен бейрезиденттердің валюталық операциялары бойынша төлемдері және (немесе) ақша аударымдары
Тармақ 1
1. Резиденттер мен бейрезиденттердің валюталық операциялары бойынша төлемдері және (немесе) ақша аударымдары уәкiлеттi банктердегі банктік шоттар арқылы Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Уәкілетті банктерде банктік шоттарды ашпай және (немесе) пайдаланбай:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық валютамен жеке тұлғалардың төлемдерін және (немесе) ақша аударымдарын, сондай-ақ олардың пайдасына төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын;
Тармақша 2
2) осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларда жеке тұлғалардың ақша аударымдарын;
Тармақша 3
3) бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу кезіндегі, сондай-ақ халықаралық тасымалдар кезіндегі жүру жолында жолаушыларға тауарларды өткізу және қызметтерді көрсету кезіндегі есеп айырысуларды;
Тармақша 4
4) уәкілетті банктермен, сондай-ақ уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерінде жүзеге асырылатын қолма-қол ұлттық валютамен және шетел валютасымен жеке тұлғалардың операцияларын;
Тармақша 5
5) заңды тұлғалардың және шетелдік ұйымдар филиалдарының (өкілдіктерінің) жұмыскерлерге жалақы төлеуін;
Тармақша 6
6) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге іссапарға шығуына байланысты шығыстарын, оның ішінде өкілдік шығыстарды төлеу кезіндегі операцияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге іссапарға шығуына байланысты берілген, жұмсалмаған авансты өтеу кезіндегі операцияларды;
Тармақша 7
7) өз қызметін әуежайларда, порттарда және халықаралық қатынас үшін ашылған шекаралық өткелдерде кедендік бақылаумен жүзеге асыратын жеке тұлғалар мен бейрезидент-заңды тұлғалар арасындағы төлемдерді;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайлар мен теңіз порттарында шет мемлекеттердің кемелеріне қызмет көрсеткені үшін бейрезиденттер мен резиденттер арасындағы төлемдерді, сондай-ақ бейрезиденттердің халықаралық рейстерге қызмет көрсету бойынша аэронавигациялық қызмет көрсетуге, әуежай қызметі көрсететін қызметтерге және теңіз порттары көрсететін қызметтерге ақы төлеуін;
Тармақша 9
9) резиденттер мен өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын бейрезиденттер арасындағы, Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасында белгіленген сома шегінде ұлттық валютамен төлемдерді;
Тармақша 10
10) чек, вексель беру (тапсыру) арқылы жасалатын төлемдерді;
Тармақша 11
11) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру мақсаттары үшін уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдар арасындағы қолма-қол шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату жөніндегі операцияларды;
Тармақша 12
12) жеке тұлғалардың шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағында жасалатын және оларды жасау кезінде орындалатын мәмілелер бойынша тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін төлемдерін;
Тармақша 13
13) резидент-жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде жүзеге асыратын валюталық операциялар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын;
Тармақша 14
14) осы Заңда белгіленген жағдайларда және тәртіппен резиденттер ашқан шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттар арқылы жүзеге асырылатын бейрезиденттермен жасалатын операциялар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын, сондай-ақ уәкілетті банктердің шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы корреспонденттік шоттары арқылы төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында көзделген жағдайларда, бейрезиденттердің шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттарынан олар резиденттің мiндеттемелерiн орындау есебіне жүзеге асыратын ақша аударымдарын жүргізуге жол беріледі.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының аумағында (шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағын қоспағанда) валюталық операцияларды жүргізу кезінде заңды тұлғалар мен шетелдік ұйымдардың филиалдары (өкілдіктері) алған қолма-қол шетел валютасы уәкілетті банктердегі банктік шоттарға есепке жатқызылуға тиіс. Резиденттер мен бейрезиденттердің қолма-қол шетел валютасын алуға, есепке жатқызуға және пайдалануға байланысты уәкілетті банктегі банктік шот бойынша операцияларды жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.
Тармақ 3
3. Капитал қозғалысы операциялары және оларға теңестірілген операциялар бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары, сондай-ақ осы Заңға сәйкес есептік нөмірді алу қажет болатын валюталық шарттар бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары банктік шоттар арқылы ғана жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген сома шегінде уәкiлеттi банкте шот ашпай және (немесе) оны пайдаланбай, валюталық операциялар бойынша мынадай ақша аударымдарын:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағында, Қазақстан Республикасынан және Қазақстан Республикасына өтеусіз ақша аударымдарын;
Тармақша 2
2) мемлекет пайдасына айыппұлдарды, салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді төлеу үшін Қазақстан Республикасының аумағында, Қазақстан Республикасынан және Қазақстан Республикасына ақша аударымдарын;
Тармақша 3
3) жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына және осы Заңға сәйкес есептік нөмір алу қажет болатын валюталық шарттар бойынша операцияларға байланысты емес, Қазақстан Республикасынан және Қазақстан Республикасына өзге де ақша аударымдарын жүзеге асыруға құқылы. Банктік шот ашпай және (немесе) оны пайдаланбай аударым сомасы үшін шекті мәнді қоса алғанда, жеке тұлғалардың уәкілетті банкте банктік шот ашпай және (немесе) оны пайдаланбай ақша аударымдарын жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.
Бап 8. 8-бап. Резиденттер мен бейрезиденттердің шоттары
8-бап. Резиденттер мен бейрезиденттердің шоттары
Тармақ 1
1. Резиденттер осы Заңның 16-бабының ережелерін ескере отырып, осы Заңда көзделген жағдайларда шетелдік банктерде, халықаралық қаржы ұйымдарында шоттар ашады.
Тармақ 2
2. Резиденттер мен бейрезиденттер Қазақстан Республикасының аумағында уәкілетті банктерде банктік шоттарды ұлттық валютада және (немесе) шетел валютасында шектеусіз ашады.
Тармақ 3
3. Бейрезиденттер ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жердегі өздерінің шоттарынан уәкілетті банктердегі өздерінің банктік шоттарына, сондай-ақ уәкілетті банктердегі өздерінің банктік шоттарынан Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жердегі өздерінің шоттарына еркін аударуға құқылы.
Бап 9. 9-бап. Экспорт немесе импорт бойынша ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабы
9-бап. Экспорт немесе импорт бойынша ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабы
Тармақ 1
1. Экспорт немесе импорт бойынша ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау уәкілетті банктердегі банктік шоттарға:
Тармақша 1
1) экспорттан түсетін ұлттық валютадағы және (немесе) шетел валютасындағы түсімді;
Тармақша 2
2) бейрезидент міндеттемелерін орындамаған немесе толық емес орындаған жағдайларда, импорт бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін резидент бейрезиденттің пайдасына аударған ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын есепке жатқызуды білдіреді.
Тармақ 2
2. Резидент (шетелдік ұйымның филиалын (өкілдігін) қоспағанда) ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартта көзделген мерзімдерде репатриациялауды қамтамасыз етуге міндетті. Резиденттің (шетелдік ұйымның филиалын (өкілдігін) қоспағанда) репатриациялау талабын орындау мерзімі (бұдан әрі – репатриациялау мерзімі) Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт тараптарының міндеттемелерді орындау талаптары негізге алына отырып айқындалады. Репатриациялау талабы қолданылатын экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың талаптарында бейрезиденттердің міндеттемелерді орындау мерзімдері көзделуге тиіс. Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттарға қызмет көрсететін уәкілетті банктер резиденттен репатриациялау мерзімін нақтылауды талап етуге құқылы. Репатриациялауға жататын және шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттарға есепке жатқызылған ұлттық валюта және (немесе) шетел валютасы уәкілетті банктердегі резиденттің (шетелдік ұйымның филиалын (өкілдігін) қоспағанда) шоттарына репатриациялау мерзімі өткенге дейін аударылуға тиіс.
Тармақ 3
3. Репатриациялау талабы:
Тармақша 1
1) бейрезиденттен тартылған қаржылай қарыз талаптарына сәйкес резиденттің міндеттемелерін қамтамасыз етуге немесе резиденттің шетелде ашылған филиалдарының (өкілдіктерінің) қызметін қамтамасыз етуге арналған резиденттің шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттарына ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын есепке жатқызу;
Тармақша 2
2) резиденттер Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде көрмелерді, спорттық, мәдени және өзге осыған ұқсас іс-шараларды өткізуден алатын шетел валютасын оларды өткізу кезеңінде шығыстарды жабу үшін пайдалану;
Тармақша 3
3) резидент – көлік ұйымдарының шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттарына шет мемлекеттердің аумақтарында порттық және өзге де алымдарды төлеуге және осындай көлік ұйымдарының Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көлік құралдары мен олардың жолаушыларына қызмет көрсетуге байланысты шығыстарды, сондай-ақ осындай көлік ұйымдарының Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жердегі филиалдарының (өкілдіктерінің) қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарды төлеу мақсатында валюталық түсімді есепке жатқызу;
Тармақша 4
4) экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша қарсы талапты есепке жатқызу арқылы бейрезиденттің міндеттемесін тоқтату;
Тармақша 5
5) резидент пен бейрезидент арасында болған бастапқы міндеттемені сол тұлғалар арасында өзге нысананы немесе орындау тәсілін көздейтін басқа міндеттемемен ауыстыру арқылы бейрезиденттің міндеттемесін тоқтату;
Тармақша 6
6) бейрезиденттің міндеттемелерді орындамау тәуекелін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемін алу жағдайларында ішінара немесе толық орындалды деп есептеледі.
Тармақ 4
4. Резидент бейрезидентке талап қою құқығын басқа резидентке берген жағдайда, экспорт немесе импорт бойынша репатриациялауды белгіленген мерзімде қамтамасыз ету жөніндегі тиісті міндет талап қою құқығын қабылдаған резидентке өтеді. Репатриациялау талабы қолданылатын экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша резиденттің бейрезидентке өзінің талап қою құқығын кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаның пайдасына беруіне, сондай-ақ резиденттің басқа бейрезидентке өзінің талап қою құқығын бейрезидентке өтеусіз беруіне жол берілмейді. 5. Мемлекеттік кірістер органы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және валюталық бақылау агенттерімен бірлесе отырып, резиденттердің (шетелдік ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда) репатриациялау талабын орындауын бақылау мақсатында экспорт немесе импорт жөніндегі жекелеген валюталық шарттар шеңберінде ақша қозғалысын және міндеттемелердің өзге де орындалуын мониторингтеуді жүзеге асырады. Осы мониторингтің мақсаттары үшін экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа қызмет көрсететін уәкілетті банк оған есептік нөмір береді, бұл кейіннен валюталық бақылау органдарына экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша есептерді ұсыну кезінде көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша есептік нөмірлерді алу тәртібін, есептердің нысандары мен оларды ұсыну мерзімдерін және ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау мерзімдеріне және (немесе) талаптарына әсер ететін міндеттемелердің және (немесе) мән-жайдың туындауын, орындалуын және тоқтатылуын растайтын құжаттарды ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, осындай шарттар бойынша ақша қозғалысын және міндеттемелердің өзге де орындалуын мониторингтеу тәртібі, сондай-ақ ол болған кезде экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар репатриациялау талабының орындалуын бақылауға жататын экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт сомасының шекті мәнін қоса алғанда, талаптар мен өлшемшарттар және репатриациялау талабына жатпайтын жағдайлар, экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша ақпаратты және (немесе) құжаттарды беру тәртібі Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.
Тарау 3. 3-тарау. ІШКІ ВАЛЮТА НАРЫҒЫ
3-тарау. ІШКІ ВАЛЮТА НАРЫҒЫ
Бап 10. 10-бап. Шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату
10-бап. Шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығы осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату операцияларын жасауға байланысты резиденттер мен бейрезиденттер қатынастарының жиынтығы ретінде айқындалады.
Тармақ 2
2. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өздеріне берілген лицензиясына немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар уәкілетті банктер шетел валютасын Қазақстан Республикасында және шетелде сатуға және (немесе) сатып алуға құқылы.
Тармақ 3
3. Заңды тұлғалар және шетелдік ұйымдардың филиалдары (өкілдіктері) (уәкілетті банктерді қоспағанда) Қазақстан Республикасында шетел валютасын қолма-қол ақшасыз сатып алуды және (немесе) сатуды Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен уәкілетті банктердегі банктік шоттар арқылы жүзеге асырады. Уәкілетті ұйымдар уәкілетті банктермен жасасқан шарттар негізінде өз қызметінің мақсаттары үшін олармен қолма-қол шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасында жеке тұлғалардың қолма-қол шетел валютасын басқа қолма-қол шетел валютасына немесе қолма-қол ұлттық валютаға сатып алуы және (немесе) сатуы тек қана айырбастау пункттері арқылы жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздерін және сатып алынған шетел валютасын пайдалану мақсаттарын мониторингтеуді жүзеге асырады. Уәкілетті банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздері және сатып алынған шетел валютасын пайдалану мақсаттары жөнінде ақпарат ұсынады. Есептердің нысандарын және оларды ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында сұраныс пен ұсыныс көздері және сатып алынған шетел валютасын пайдалану мақсаттары жөніндегі ақпаратты уәкілетті банктердің ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында сұраныс пен ұсыныс көздерін мониторингтеу қағидаларында айқындалады.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату тәртібі, банк клиенттерінің (жеке тұлғаларды қоспағанда) Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында ұлттық валютаға шетел валютасын сатып алу мақсаттарын растау жөніндегі талаптар және оны мәлімделген мақсаттарға пайдалану, сондай-ақ көрсетілген талаптардан алып тастау тәртібі айқындалады. Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу сомасына қатысты шекті мәнге жеткен кезде Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу мақсаттарын растау жөніндегі талаптар және оны мәлімделген мақсаттарға пайдалану тәртібі қолданылатын шекті мән Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Тармақ 7
Бап 11. 11-бап. Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру
11-бап. Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру
Тармақ 1
1. Қолма-қол шетел валютасын басқа қолма-қол шетел валютасына немесе қолма-қол ұлттық валютаға сатып алуды және (немесе) сатуды қоса алғанда, Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өздеріне берілген лицензиясына немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар уәкілетті ұйымдар немесе уәкілетті банктер жүзеге асырады. Өзге тұлғалар Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату жөніндегі қаржылық қызметтер көрсетуге құқылы емес.
Тармақ 2
2. Айырбастау пункттерінде қолма-қол шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату, қолма-қол шетел валютасын басқа қолма-қол шетел валютасына немесе қолма-қол ұлттық валютаға сатып алу және (немесе) сату бағамдарын белгілеу тәртібі Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша қолма-қол шетел валютасын қолма-қол ұлттық валютаға сатып алу бағамдарының сату бағамдарынан ауытқу шектерін белгілеуге құқылы. Шетел валюталарының түрлерін және оларға сәйкес келетін бағамдардан ауытқу шектерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.
Бап 12. 12-бап. Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру жөніндегі қызметке қойылатын талаптар
12-бап. Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру жөніндегі қызметке қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өзіне берілген лицензиясына немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар уәкілетті банк Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін айырбастау пункттері қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабардар етеді. Уәкілетті банк айырбастау пункті қызметінің басталғаны туралы хабардар етуді айырбастау пункті операцияларды жүргізуді бастаған күннен кешіктірмей жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі хабардар етілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті банкке хабарламаны алғанын растайды.
Тармақ 2
2. Уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына ұйымдастыруға арналған лицензияның және уәкілетті ұйымның әрбір айырбастау пунктіне берілетін лицензияға қосымшаның негізінде қызметін жүзеге асырады. Уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған, құймалардағы аффинирленген алтынды сатып алу және (немесе) сату жөніндегі операцияларды өзінің айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыруға құқылы. Уәкілетті ұйымның басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуына жол берілмейді.
Тармақ 3
3. Уәкілетті ұйымдарға құрылтайшыларға (қатысушыларға) қойылатын талаптарды, оның ішінде уәкілетті ұйымның жарғылық капиталына олардың салымдарының шығу көздерін ашып көрсетуді, құрылтайшылардың (қатысушылардың) мінсіз іскерлік беделі бойынша талаптарды, ұйымдық-құқықтық нысанына, жарғылық капиталдың мөлшеріне және оны қалыптастыру тәртібіне, сондай-ақ айырбастау пункттерінің үй-жайына, жабдығына және персоналына қойылатын талаптарды қамтитын біліктілік талаптары қойылады.
Тармақ 4
4. Уәкілетті ұйымда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясын және (немесе) оған қосымшаны алу үшін айырбастау пунктін орналастыруға арналған үй-жайдың болуы міндетті. Уәкілетті ұйымдар лицензияны және (немесе) оған қосымшаны алу үшін «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған құжаттардан басқа, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне шетел валютасындағы шотының бар екені туралы уәкілетті банктің анықтамасын ұсынады. Құжаттар Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларында айқындалған шарттарда және тәртіппен ұсынылады.
Тармақ 5
5. Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензияны (оған қосымшаны қоса алғанда) беру немесе лицензияны (оған қосымшаны қоса алғанда) беруден бас тарту уәкілетті ұйым осы Заңда және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген барлық құжаттар мен мәліметтерді ұсынған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Жарамды лицензияға қосымшаны беру, лицензияны және (немесе) оған қосымшаны қайта ресімдеу немесе осындай құжаттарды беруден бас тарту уәкілетті ұйым осы Заңда және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген барлық құжаттар мен мәліметтерді ұсынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Лицензияны және (немесе) оған қосымшаны беруден, қайта ресімдеуден бас тартылған кезде өтініш берушіге уәжді жауап беріледі.
Тармақ 6
6. Лицензияны және (немесе) оған қосымшаны беруден, қайта ресімдеуден бас тарту үшін:
Тармақша 1
1) осы Заңда және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбау;
Тармақша 2
2) өтініш берушінің және (немесе) ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің осы Заңда және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады.
Тармақ 7
7. Уәкілетті ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын қоса алғанда, оларды лицензиялау, уәкілетті банктің айырбастау пункттері қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабардар ету тәртібі, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру жөніндегі қызметке қойылатын талаптар, айырбастау пункттерінің жұмыс істеу шарттары және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған құймалардағы аффинирленген алтынды сатып алу және (немесе) сату жөніндегі операцияларды жүргізу тәртібі, сондай-ақ есептердің нысандары және уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың оларды ұсыну мерзімдері Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.
Тарау 4. 4-тарау. ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ МОНИТОРИНГТЕУ. ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК БАНКТЕРДЕГІ ШОТТАР ЖӨНІНДЕГІ АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ
4-тарау. ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ МОНИТОРИНГТЕУ. ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК БАНКТЕРДЕГІ ШОТТАР ЖӨНІНДЕГІ АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ
Бап 13. 13-бап. Валюталық операцияларды мониторингтеу
13-бап. Валюталық операцияларды мониторингтеу
Тармақ 1
1. Валюталық операцияларды мониторингтеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталық операцияларға қатысушы резиденттерден және (немесе) валюталық операцияларды жүзеге асыратын уәкілетті банктерден валюталық операциялар, сондай-ақ шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттар туралы ақпарат алу арқылы жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталық операцияларды мониторингтеу мақсаттары үшін:
Тармақша 1
1) капитал қозғалысы операциялары және оларға теңестірілген операциялар солардың негізінде және (немесе) оларды орындау үшін жүргізілетін валюталық шарттарға (бұдан әрі – капитал қозғалысы бойынша валюталық шарттар) есептік нөмірлер береді және олар бойынша жүргізілетін валюталық операциялар мен олармен байланысты бейрезиденттерге қойылатын талаптар және бейрезиденттер алдындағы міндеттемелер туралы ақпарат алады;
Тармақша 2
2) валюталық операциялар бойынша жүргізілген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы ақпаратты қоса алғанда, жүргізілген валюталық операциялар туралы хабарламалар және (немесе) мәліметтер алады;
Тармақша 3
3) резиденттер (банктерді және шетелдік ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда) ашқан шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттар туралы мәліметтер алады және осындай шоттарға есептік нөмірлер береді;
Тармақша 4
4) шетелдік қаржылық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын филиалдарынан (өкілдіктерінен) тұрақты негізде ақпарат алады.
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 679-бабы 1-тармағының 39) тармақшасына сәйкес, бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын кірісі деп танылатын операциялар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органына ұсынады.
Тармақ 2
2. Осы Заңда белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе уәкілетті банктер валюталық операциялардың мониторингін ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін, солардың негізінде және (немесе) оларды орындау үшін валюталық операциялар жүзеге асырылатын валюталық шарттарға, сондай-ақ резиденттердің (банктерді және шетелдік ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда) шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттарына есептік нөмірлер береді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттарға, резиденттердің (банктерді және шетелдік ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда) шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттарына, сондай-ақ есеп айырысулар осындай шоттар арқылы жүзеге асырылатын экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттарға есептік нөмірлер береді. Уәкілетті банктер есеп айырысулар уәкілетті банктердегі шоттар арқылы жүзеге асырылатын экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттарға есептік нөмірлер береді. Егер валюталық шартта капитал қозғалысы бойынша операциялардың немесе оған теңестірілген операциялардың жүргізілуі және экспорттың немесе импорттың жүзеге асырылуы көзделсе және ол бойынша есеп айырысулар уәкілетті банктердегі банктік шоттар арқылы жүзеге асырылса, онда резидент (уәкілетті банкті және шетелдік ұйымның филиалын (өкілдігін) қоспағанда) осындай валюталық шартқа есептік нөмір беруі үшін Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында көзделген тәртіппен уәкілетті банкке жүгінеді. Егер валюталық шартта қаржылай қарыз, оның ішінде лизинг беруші мен лизинг алушы арасында қаржы лизингі, инвестициялық жобаларды іске асыруға гранттар беру және экспортты немесе импортты жүзеге асыру көзделсе және ол бойынша есеп айырысулар уәкілетті банктердегі банктік шоттар арқылы жүзеге асырылса, резидент (уәкілетті банкті және шетелдік ұйымның филиалын (өкілдігін) қоспағанда) осындай валюталық шартқа есептік нөмір беруі үшін Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және уәкілетті банкке жүгінеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттарға, резиденттердің (банктерді және шетелдік ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда) шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттарына, сондай-ақ есеп айырысулары осындай шоттар арқылы жүзеге асырылатын экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттарға есептік нөмірлер беру бойынша іс-қимылдар жасауы әкімшілік актінің қабылдануына байланысты болмайды.
Тармақ 3
3. Валюталық шартқа есептік нөмір берілген кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе уәкілетті банк валюталық шартқа қатысушы – резиденттен валюталық шарттың ұсынылған көшірмесіне қосымша мынадай ақпаратты және (немесе) құжаттарды:
Тармақша 1
1) сәйкестендіру деректерін, тіркелу елін, валюталық шарт тарапының валюталық шарттың басқа тарапының капиталына қатысуы туралы мәліметтерді қоса алғанда, валюталық шартқа қатысушылар туралы мәліметтерді;
Тармақша 2
2) валюталық шарттың деректемелері мен сомасын, валюталық шарттың және ол бойынша есеп айырысулардың валютасын, валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындауды аяқтау күнін қоса алғанда, мәміле туралы мәліметтерді;
Тармақша 3
3) мәміле бойынша есеп айырысулар жүзеге асырылатын шоттар туралы мәліметтерді;
Тармақша 4
4) валюталық шартқа қатысушылары енгізген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды және жүзеге асырылатын мәмілеге байланысты валюталық шартқа қатысушылардың өзге де құжаттарын талап етуге құқылы.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттарға, резиденттердің шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттарына, есеп айырысулары шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттар арқылы жүзеге асырылатын экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттарға есептік нөмірлер беруі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тарапынан қандай да бір міндеттемелерсіз жүзеге асырылады. Есептік нөмірдің болуы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін жауаптылықтан босату үшін негіз болып табылмайды.
Тармақ 5
5. Резидент (банкті және шетелдік ұйымның филиалын (өкілдігін) қоспағанда) капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір беру және шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шотқа есептік нөмір беру үшін мәліметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландыру рәсімдерін сақтай отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық тәсілмен ұсынады. Капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттар бойынша есептерді, шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шоттағы ақша қозғалысы бойынша есептерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландыру рәсімдері сақтала отырып, ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы электрондық тәсілмен жүзеге асырылады.
Бап 14. 14-бап. Капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарт бойынша валюталық операцияларды мониторингтеу
14-бап. Капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарт бойынша валюталық операцияларды мониторингтеу
Тармақ 1
1. Капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарт бойынша валюталық операцияларды мониторингтеу мақсаттары үшін капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір беріледі. Валюталық шартқа қатысушы резидент Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептік нөмір берілген капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарт бойынша мәліметтер мен есептерді ұсынады. Резиденттер (банктерді және шетелдік ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда) қатысушылары болып табылатын капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттарға есептік нөмірлер берілуге тиіс.
Тармақ 2
2. Капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шартқа қатысушы болып табылатын резидент (банкті және шетелдік ұйымның филиалын (өкілдігін) қоспағанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір берілуі үшін оның тараптарының кез келгені осындай валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындауды бастағанға дейін жүгінеді. Егер капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерді резидент орындар алдында мүлік бейрезиденттен резиденттің пайдасына берілсе (ақша түссе), онда капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір беруге өтініш жасау мүлік резиденттің билік етуіне берілгенге (ақша түскенге) дейін және (немесе) түскен ақша резиденттің уәкілетті банктердегі банктік шоттарына есепке жатқызылғанға дейін жүзеге асырылады. Егер капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарт өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу нәтижесінде есептік нөмір беруге арналған өлшемшарттар мен талаптарға сәйкес келсе, онда капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір беру тараптар енгізілген өзгерістермен және (немесе) толықтырулармен бірге капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындауды бастағанға дейін (егер капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейін бейрезидент міндеттемені орындауды бастаса, мүлік резиденттің билік етуіне берілгенге (ақша түскенге) дейін) жүзеге асырылады. Есептік нөмір берілуге тиіс капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттар бойынша валюталық бақылау агенттерінің валюталық операцияларды жүргізуі есептік нөмір болған кезде ғана жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттар бойынша валюталық операцияларды мониторингтеу мақсаттары үшін капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттардың және оларға өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың түпнұсқаларын, сондай-ақ капитал қозғалысы операциясын жүзеге асыруға қатысты және (немесе) ұсынылған құжаттарда сілтеме жасалған өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді танысу үшін сұратуға құқылы. Шет тілінде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады. Капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмірді беру резидент талап етілетін құжаттар мен мәліметтерді ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қатысушылары болып табылатын капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттар бойынша валюталық операциялар есептік нөмірлер берілмей жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Резиденттердің (банктерді және шетелдік ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда) капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттарға есептік нөмірлерді алу тәртібі және олардың міндеттемелердің туындауын, орындалуын және тоқтатылуын растайтын құжаттарды ұсыну мерзімдері, есептердің нысандарын және банктер мен осындай шарттарға қатысушылар болып табылатын резиденттердің оларды ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттар бойынша ақша қозғалысы мен міндеттемелердің өзге де орындалуын мониторингтеу тәртібі, талаптар мен өлшемшарттар, оның ішінде олар болған кезде осындай шарттарға есептік нөмірлер берілуге тиіс капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарт сомасының шекті мәні және есептік нөмірлер беру рәсімдеріне жатпайтын жағдайлар Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларында айқындалады.
Тармақ 6
6. Осы баптың талаптары «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушылары оның аумағында жүргізетін валюталық операцияларға қолданылмайды.
Бап 15. 15-бап. Жүргізілген валюталық операциялар туралы хабарламалар және (немесе) мәліметтер
15-бап. Жүргізілген валюталық операциялар туралы хабарламалар және (немесе) мәліметтер
Тармақ 1
1. Жүргізілген валюталық операциялар, оның ішінде клиенттердің тапсырмасы бойынша жүргізілген валюталық операциялар туралы хабардар етуді және (немесе) мәліметтер ұсынуды уәкілетті банктер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберілетін есептер нысанында жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Уәкілетті банктер төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізу кезінде алынған мәліметтер негізінде, сомасы шекті мәнге тең болатын немесе одан асатын жүргізілген валюталық операциялар туралы хабардар етеді және (немесе) мәліметтер ұсынады. Резидент немесе бейрезидент болып табылатын клиент шекті мәнге тең болатын немесе одан асатын сомада валюталық операция бойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын жүргізу үшін уәкілетті банкке мынадай:
Тармақша 1
1) егер осы деректер төлем құжатында көрсетілгендермен сәйкес келмесе, төлем құжаты бойынша жөнелтушінің және бенефициардың тіркелген елі;
Тармақша 2
2) корпоративішілік ақша аударымының белгісі (заңды тұлға өзінің құрылымдық бөлімшелерімен жүзеге асыратын немесе бір заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің арасында жүзеге асырылатын операциялар үшін);
Тармақша 3
3) төлем және (немесе) ақша аударымы жүргізілетін валюталық операцияның коды туралы мәліметтерді ұсынады. Егер клиент резидент болып табылса, онда валюталық операция бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы соның негізінде және (немесе) оны орындау үшін жүргізілетін валюталық шарт бойынша қосымша мынадай:
Тармақша 1
1) төлем құжаты бойынша жөнелтушімен және бенефициармен сәйкес келмеген жағдайда, валюталық шарт бойынша ақша жөнелтуші және ақша алушы туралы мәліметтерді;
Тармақша 2
2) төлем құжаты бойынша жөнелтушімен және бенефициармен сәйкес келмеген жағдайда, валюталық шарт бойынша ақша жөнелтушінің және ақша алушының тіркелген елі;
Тармақша 3
3) валюталық шарттың деректемелері және валюталық шарттың есептік нөмірі (ол болған кезде) туралы мәліметтерді ұсынады. Валюталық операция бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы туралы осы тармақта көрсетілген мәліметтерді клиент уәкілетті банкке ұсынады немесе уәкілетті банк клиент ұсынған құжаттар және (немесе) мәліметтер негізінде Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде өз бетінше көрсетеді. Валюталық бақылау агенті ретінде уәкілетті банк валюталық операцияның кодын және осы тармақта көзделген өзге де мәліметтерді көрсетудің дұрыстығын қамтамасыз етеді. Хабардар етуге жататын және (немесе) мәліметтері ұсынылуға тиіс валюталық операция бойынша төлем және (немесе) ақша аударымының сомасына қатысты шекті мән, валюталық операциялардың кодтары және осы тармақта көрсетілген мәліметтерді ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.
Тармақ 3
3. Есептердің нысандарын және оларды ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, уәкілетті банктердің жүргізілген валюталық операциялар туралы хабардар ету және (немесе) мәліметтер ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады. Мәліметтердің тізбесіне және «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушылардың тапсырмасы бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын уәкілетті банктердің оларды ұсыну тәртібіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша «Астана» халықаралық қаржы орталығының актілерінде айқындалады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталық операцияларды жасау мән-жайларын нақтылау мақсатында валюталық бақылау агенттерінен немесе резидент жөнелтушіден немесе резидент бенефициардан мәліметтері және (немесе) хабарламасы ұсынылатын төлем және (немесе) ақша аударымы бойынша осындай төлем және (немесе) ақша аударымы валюталық шарт негізінде және (немесе) оны орындау үшін жүзеге асырылған осындай шарттың көшірмесін, сондай-ақ осындай валюталық шарт бойынша өзге де мәліметтерді талап етуге құқылы.
Тармақ 5
5. Осы баптың талаптары «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушылары оның аумағында жүргізетін валюталық операцияларға қолданылмайды.
Бап 16. 16-бап. Шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттарды мониторингтеу
16-бап. Шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттарды мониторингтеу
Тармақ 1
1. Резидент заңды тұлға (банкті және шетелдік ұйымның филиалын (өкілдігін) қоспағанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін шетелдік банкте, халықаралық қаржы ұйымында шот ашылғаны туралы осындай шотты пайдалана отырып операцияларды жүзеге асырғанға дейін оған есептік нөмір беру үшін осындай шот бойынша мәліметтерді ұсыну арқылы хабардар етеді. Шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шотқа есептік нөмір беру резидент талап етілетін құжаттар мен мәліметтерді ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Резидент заңды тұлға (банкті және шетелдік ұйымның филиалын (өкілдігін) қоспағанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептік нөмірін көрсете отырып, шетелдік банкте, халықаралық қаржы ұйымында ашылған шотты пайдаланып жүргізілген операциялар бойынша ақпарат береді. Есептік нөмір берілген шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шоттың деректемелері өзгерген немесе ол жабылған жағдайларда резидент заңды тұлға (банкті және шетелдік ұйымның филиалын (өкілдігін) қоспағанда) бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін белгіленген мерзімдерде хабардар етеді. Резиденттің шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы есептік нөмір берілуге тиіс шоттары бойынша есептік нөмірі болған кезде ғана осындай шотты пайдалана отырып, төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізу жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Резидент жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттары туралы мәліметтерді ұсынбайды. Жеке тұлғалардың шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы меншікті шоттарынан (меншікті шоттарына) ақша аударымдары туралы мәліметтерді осындай ақша аударымдарын жүзеге асыратын уәкілетті банк Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында көзделген тәртіппен ұсынады.
Тармақ 3
3. Резидент заңды тұлғалардың (банктерді және шетелдік ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда) шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттар үшін есептік нөмірлерді алу тәртібі, осындай шоттар бойынша ақша қозғалысы жөніндегі есептердің нысандарын және оларды ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, олардың шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шот деректемелерінің өзгергені немесе оның жабылғаны туралы хабардар ету тәртібі Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларында айқындалады. Уәкілетті банктердің жүргізілген валюталық операциялар туралы есептерді ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.
Тармақ 4
4. Осы баптың талаптары «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушыларына қолданылмайды.
Бап 17. 17-бап. Валюталық операцияларды мониторингтеу мақсаттары үшін ақпарат ұсыну
17-бап. Валюталық операцияларды мониторингтеу мақсаттары үшін ақпарат ұсыну
Тармақ 1
1. Шетелдік қаржылық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасында қызметін бір жылдан астам жүзеге асыратын филиалдары (өкілдіктері) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне резиденттермен және бейрезиденттермен жасалған операциялар туралы ақпаратты есептер нысанында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сұрау салуы бойынша ұсынады. Есептердің нысандарын және оларды ұсыну мерзімдерін, сондай-ақ шетелдік қаржылық емес ұйымдардың филиалдары (өкілдіктері) жүзеге асырған кезде есептерді ұсынуы талап етілетін қызмет түрлерін қоса алғанда, шетелдік қаржылық емес ұйымдар филиалдарының (өкілдіктерінің) ақпаратты ұсыну тәртібі шетелдік қаржылық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын филиалдарының (өкілдіктерінің) ақпарат ұсыну қағидаларында айқындалады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша «Астана» халықаралық қаржы орталығының актілерінде жүргізілетін валюталық операциялар туралы мәліметтерді ұсыну бойынша «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушыларына қойылатын талаптар, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының органдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл жасау тәртібі белгіленеді.
Тарау 5. 5-тарау. ВАЛЮТАЛЫҚ БАҚЫЛАУ
5-тарау. ВАЛЮТАЛЫҚ БАҚЫЛАУ
Бап 18. 18-бап. Валюталық бақылау органдары, агенттері және субъектілері
18-бап. Валюталық бақылау органдары, агенттері және субъектілері
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында валюталық бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, өзге де валюталық бақылау органдары мен агенттері осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және өзге де мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылау органдары болып табылады. Уәкілетті банктер, уәкілетті ұйымдар, сондай-ақ клиенттердің тапсырмалары бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар валюталық бақылау агенттері болып табылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасында валюталық бақылау валюталық операцияларды жүзеге асыратын резиденттерге, оның ішінде қаржы ұйымдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды жүзеге асыратын бейрезиденттерге (бұдан әрі – валюталық бақылау субъектілері) қатысты жүргізіледі. Қаржы ұйымдарына қатысты валюталық бақылауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізеді. Өзге тұлғаларға қатысты валюталық бақылауды мемлекеттік кірістер органы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және (немесе) басқа да валюталық бақылау органдары құзыреті шегінде жүргізеді.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқа да валюталық бақылау органдарымен өзара іс-қимыл жасайды, сондай-ақ валюталық бақылау агенттерінің басқа да валюталық бақылау органдарымен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауын үйлестіреді.
Бап 19. 19-бап. Валюталық бақылау органдары мен агенттерiнiң өкілеттіктері
19-бап. Валюталық бақылау органдары мен агенттерiнiң өкілеттіктері
Тармақ 1
1. Валюталық бақылау органдары мен агенттері өз құзыреті шегінде, резиденттер және бейрезиденттер Қазақстан Республикасында жүргiзетiн валюталық операциялардың Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес келуі бөлігінде осы операцияларды бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Валюталық бақылау органдары валюталық операциялар бойынша есептілікті ұсыну тәртібін айқындауға, валюталық операцияларды жүргізуге байланысты құжаттарды және (немесе) ақпаратты сұратуға, Қазақстан Республикасында барлық резиденттер мен бейрезиденттердің орындауы үшін мiндеттi болып табылатын, анықталған бұзушылықтарды, олардың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы талаптар қоюға және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да шараларды қабылдауға құқылы. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уәкілетті банктің валюталық операцияны жүргізуіне, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылауды іске асыруына байланысты мәліметтерді, құжаттарды және (немесе) ақпаратты уәкілетті банктен сұратуға құқылы.
Тармақ 3
3. Валюталық бақылау агенттері:
Тармақша 1
1) операциялар, оның iшiнде клиенттердің тапсырмалары бойынша операциялар жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) валюталық операциялар бойынша есепке алу мен есептiлiктiң толықтығын және объективтiлiгін қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) өздерінің клиенттері жол берген, өздеріне белгілі болған Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын бұзу фактілері туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өздерінің өкiлеттiктеріне сәйкес Қазақстан Республикасының басқа да валюталық бақылау органдары мен құқық қорғау органдарына хабарлауға;
Тармақша 4
4) валюталық бақылау органдарына өздерінің қатысуымен жүргізiлетiн валюталық операциялар туралы мәліметтерді, құжаттарды және (немесе) ақпаратты Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынуға мiндеттi.
Тармақ 4
4. Валюталық бақылау органдары мен агенттері өз өкiлеттіктерiн жүзеге асыру кезінде, оның ішінде Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес электрондық нысанда ақпарат алмасу кезінде өздеріне белгiлi болған, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұсынуды қоспағанда, оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтауға мiндеттi.
Тармақ 5
5. Валюталық бақылау агенті резиденттің және (немесе) бейрезиденттің валюталық операцияларын олар Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес талап етілетін құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынған жағдайда ғана жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Валюталық бақылау агенттері Қазақстан Республикасы валюталық заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында осы Заңға сәйкес резиденттер мен бейрезиденттер валюталық операцияларды жүргізген кезде олардан:
Тармақша 1
1) жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжатты;
Тармақша 2
2) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін – Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығын растайтын құжатты (ол болған кезде);
Тармақша 3
3) заңды тұлғалар және заңды тұлға болып табылмайтын ұйымдар үшін – құрылтай құжаттарын және өзге де құжаттарды, оның ішінде осы тұлғаның қатысушыларын сәйкестендіретін құжаттарды;
Тармақша 4
4) валюталық шартты немесе оның көшірмесін, оның ішінде осы Заңда белгіленген жағдайларда есептік нөмір берілгені туралы белгісі бар валюталық шартты немесе оның көшірмесін;
Тармақша 5
5) осы Заңда белгіленген жағдайларда лицензияны;
Тармақша 6
6) валюталық шарттар бойынша мiндеттемелердiң орындалғанын не солардың негiзiнде міндеттемелерді орындау қажет болатынын растайтын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді;
Тармақша 7
7) осы Заңның 15-бабына сәйкес валюталық операциялар бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы мәліметтерді талап етуге құқылы. Уәкілетті банк валюталық шарттардың және осы тармақта талап етілетін өзге де құжаттардың түпнұсқаларын, сондай-ақ шет тілінде жасалған құжаттардың қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасын танысу үшін сұратуға құқылы.
Тармақ 7
7. Валюталық бақылау агенттерінің жүргізілетін валюталық операцияға қатысы жоқ құжаттарды ұсынуды талап етуге құқығы жоқ.
Тармақ 8
8. Валюталық бақылау агенттері тұлға Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес талап етілетін мәліметтерді, құжаттарды және (немесе) ақпаратты ұсынбаған, ол анық емес құжаттарды ұсынған жағдайларда не Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында белгіленген әрекеттерді жүзеге асырмаған кезде валюталық операцияны жүргізуден бас тартады.
Бап 20. 20-бап. Валюталық бақылау нысандары
20-бап. Валюталық бақылау нысандары
Тармақ 1
1. Валюталық бақылау органдары валюталық бақылау субъектілеріне қатысты валюталық бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тексеру нысанында және бақылаудың өзге де нысандарында жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қаржы ұйымдарына қатысты тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер, валюталық бақылау органының жоспардан тыс және құжаттамалық тексерулері және бақылаудың өзге де нысандары жүргізіледі. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тексерулер немесе өзге де бақылау нысандары шеңберінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында уәкілетті банктердің валюталық операцияларды ішкі бақылауды іске асыруы туралы мәліметтерді, құжаттарды және (немесе) ақпаратты сұратуға құқылы. Валюталық операцияларды жүзеге асыратын өзге резиденттерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды жүзеге асыратын бейрезиденттерге қатысты олар валюталық операциялар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізген кезде валюталық бақылау рәсімдері, валюталық бақылау органының тексерулері және бақылаудың өзге де нысандары жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Валюталық бақылау органдары бақылаудың өзге де нысандарын:
Тармақша 1
1) уәкілетті ұйымның айырбастау пунктінің үй-жайы мен жабдығын біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарап-тексеру;
Тармақша 2
2) валюталық бақылау агентіне валюталық бақылауды тиісінше жүзеге асыру мақсатында орындалуы міндетті тапсырма жіберу;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы валюталық заңнамасының талаптарын ықтимал бұзғаны туралы ақпараттың келіп түсуіне байланысты валюталық бақылау органы сұратқан, валюталық операцияның жүргізілуіне байланысты ақпаратты, есептілік пен құжаттарды және Қазақстан Республикасы валюталық заңнамасының талаптарына сәйкес ұсынылатын өзге де ақпаратты (есептілікті) талдау арқылы жүзеге асырады. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген бақылаудың өзге де нысандарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ғана жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Бақылаудың өзге де нысанын жүзеге асыру рәсімдері:
Тармақша 1
1) рұқсат беру бақылауы шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы және (немесе) оған қосымша берілгенге дейін, қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан уәкілетті ұйымның айырбастау пунктіне арналған үй-жайға баруды және оны қарап-тексеруді, жабдықты қарап-тексеруді қамтиды. Бару және қарап-тексеру заңды тұлғаның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясын және (немесе) оған қосымшаны алуға келіп түскен өтініші негізінде жүзеге асырылады. Қарап-тексерудің нәтижелері заңды тұлғаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясын және (немесе) оған қосымшаны беру не беруден бас тарту туралы шешім қабылдау кезінде ескеріледі;
Тармақша 2
2) валюталық бақылау агентіне тапсырманың мәні және оны орындау мерзімдері көрсетілген жазбаша нысандағы тапсырманы жіберуді қамтиды. Валюталық бақылау агенті валюталық бақылау органының тапсырмасын осындай тапсырмада көрсетілген нысанда және мерзімдерде орындайды;
Тармақша 3
3) валюталық бақылау органының Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес немесе валюталық бақылау органының сұрау салуы бойынша ұсынылған ақпаратты, есептілікті, құжаттарды Қазақстан Республикасы валюталық заңнамасының талаптарын, оның ішінде алынған ақпараттың, есептіліктің, құжаттардың уақтылығы, толықтығы және анықтығы жөніндегі талаптарды сақтау тұрғысынан талдауды жүзеге асыруын қамтиды.
Бап 20-1. 20-1-бап. Мемлекеттік кірістер органының экспорт немесе импорт бойынша ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау бойынша валюталық бақылау жүргізу ерекшеліктері
20-1-бап. Мемлекеттік кірістер органының экспорт немесе импорт бойынша ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау бойынша валюталық бақылау жүргізу ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Осы Заңның 9-бабының 2-тармағында көрсетілген резиденттердің (бұдан әрі – тексерілетін резидент) экспорт немесе импорт бойынша ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындауын валюталық бақылауды мемлекеттік кірістер органы жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік кірістер органы тексерілетін резиденттің экспорт немесе импорт бойынша ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындауына валюталық бақылау жүргізу кезінде тексеру жүргізеді және (немесе) осы Заңның 20-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген бақылаудың өзге де нысанын жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Тексеру жүргізу оны тағайындау туралы акт ресімдеуді талап етпейді. Тексеру тексерілетін резидентке бармай, оған валюталық операцияны жүргізуге байланысты, оның ішінде экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт шеңберінде міндеттемелердің орындалуы бойынша ақпаратты және (немесе) құжаттарды беру туралы жазбаша сұрау салуды жіберу жолымен жүзеге асырылады. Жазбаша сұрау салуда мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) тексерілетін резиденттің атауы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі, оның тұратын жері;
Тармақша 2
2) тексерудің негізі;
Тармақша 3
3) сұратылатын құжаттардың тізбесі (олардың көшірмелері);
Тармақша 4
4) қажет болған кезде түсіндіруді талап ететін ақпарат (мәліметтер);
Тармақша 5
5) сұратылатын ақпаратты және (немесе) құжаттарды беру мерзімі.
Тармақ 4
4. Тексерілетін резиденттің атына мемлекеттік кірістер органының уәкілетті лауазымды адамы қол қойған жазбаша сұрау салудың жіберілуі тексерудің басталуы болып табылады. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген жазбаша сұрау салу тексерілетін резидентке мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберілгенде – пошта операторының хабарламасында тексерілетін резиденттің белгісі қойылған күннен бастап;
Тармақша 2
2) электрондық тәсілмен жіберілгенде: жазбаша сұрау салу веб-қосымшада жеткізілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі. Көрсетілген тәсіл мемлекеттік кірістер органының цифрлық жүйесін пайдаланушы ретінде тіркелген тексерілетін резидентке қолданылады; хабарлама пайдаланушының «цифрлық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинетіне жеткізілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі. Көрсетілген тәсіл «цифрлық үкімет» веб-порталында тіркелген тексерілетін резидентке қолданылады.
Тармақ 5
5. Тексерілетін резидент сұратылған ақпаратты және (немесе) құжаттарды (олардың көшірмелерін) мемлекеттік кірістер органының жазбаша сұрау салуында белгіленген мерзімдерде, бірақ тексерілетін резидент жазбаша сұрау салуды алған күннен кейінгі күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
Тармақ 6
6. Тексерілетін резидентке қызмет көрсететін уәкілетті банкте бар ақпаратты және (немесе) құжаттарды (олардың көшірмелерін) нақтылау үшін мемлекеттік кірістер органы осы Заңның 20-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген валюталық бақылаудың өзге нысанын пайдалана отырып, осындай банктің атына жазбаша сұрау салуды жібереді.
Тармақ 7
7. Тексерілетін резидент тарапынан қол қою талап етілмейтін нәтижелер туралы қорытындыға уәкілетті лауазымды адамның қол қойған күні мемлекеттік кірістер органы тексеруінің аяқталуы болып табылады.
Бап 21. 21-бап. Жекелеген валюталық операциялар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізуге қойылатын талаптар
21-бап. Жекелеген валюталық операциялар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізуге қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Уәкілетті банктер жүргізілуі Қазақстан Республикасынан ақшаны әкетуге, Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасының талаптарын орындаудан жалтаруға бағытталуы мүмкін жекелеген валюталық операциялар бойынша уәкілетті банк клиенттерінің төлемдерін және (немесе) ақша аударымдарын, сондай-ақ айқын экономикалық мағынасы жоқ валюталық операцияларды Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында көзделген тәртіппен және ақша жөнелтуші немесе ақша алушы болып табылатын уәкілетті банктің клиенті уәкілетті банкке осы төлем және (немесе) ақша аударымы туралы ақпаратты валюталық бақылау органдарына және құқық қорғау органдарына беруіне рұқсат берген кезде жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Жүргізілуі Қазақстан Республикасынан ақшаны әкетуге, Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасының талаптарын орындаудан жалтаруға, сондай-ақ айқын экономикалық мағынасы жоқ валюталық операцияларға бағытталуы мүмкін жекелеген валюталық операциялардың түрлері мен өлшемшарттары Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында белгіленеді.
Бап 22. 22-бап. Шектеулі ықпал ету шаралары, қадағалап ден қою шаралары және санкциялар
22-бап. Шектеулі ықпал ету шаралары, қадағалап ден қою шаралары және санкциялар
Тармақ 1
1. Валюталық бақылау органдары валюталық бақылау субъектілерінің Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын бұзушылықтарын анықтаған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын және санкцияларды қолдануға құқылы.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын бұзушылықтарды анықтаған кезде:
Тармақша 1
1) уәкілетті банктерге және клиенттердің тапсырмалары бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жазалар қолданылады, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жəне (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы талаптар қойылады.
Тармақша 2
2) уәкілетті ұйымдарға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жазалар, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес қадағалап ден қою шаралары және санкциялар;
Тармақша 3
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілмеген өзге де резиденттерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды жүзеге асыратын бейрезиденттерге қатысты анықталған бұзушылықтарды жою туралы жазбаша хабарлама түріндегі шектеулі ықпал ету шаралары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жазалар қолданылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің анықталған бұзушылықтарды жою туралы жазбаша хабарламасы осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген субъектілердің осындай хабарламада белгіленген мерзімде орындауы үшін міндетті болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің анықталған бұзушылықтарды жою туралы жазбаша хабарламасын орындамау тексеру жүргізу, оның ішінде басқа да валюталық бақылау органдарымен бірлесіп, құзыреті шегінде тексеру жүргізу үшін негіз болып табылады.
Бап 23. 23-бап. Резиденттер мен бейрезиденттердің құқықтары және мiндеттерi
23-бап. Резиденттер мен бейрезиденттердің құқықтары және мiндеттерi
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды жүзеге асыратын резиденттер мен бейрезиденттер:
Тармақша 1
1) валюталық бақылау органдары жүргізген тексерулердің нәтижелерімен танысуға;
Тармақша 2
2) валюталық бақылау органдары мен агенттерiнiң әрекеттеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды жүзеге асыратын резиденттер мен бейрезиденттер:
Тармақша 1
1) валюталық реттеу және валюталық бақылау органдары мен валюталық бақылау агенттеріне осы Заңда және Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында белгіленген талаптарды орындау мақсатында өздері жүргізетін валюталық операциялар бойынша есептілікті, ақпаратты және құжаттарды ұсынуға;
Тармақша 2
2) валюталық бақылау органдары мен агенттеріне валюталық операцияларды жүргізуге қатысты ақпаратты және сұратылатын құжаттарды валюталық бақылау органының жазбаша сұрау салуында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген мерзімдерде ұсынуға;
Тармақша 3
3) валюталық бақылау органдарына тексерулерді және бақылаудың өзге де нысандарын жүргiзуi барысында, сондай-ақ олардың нәтижелері бойынша түсініктемелер беруге;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзім ішінде есептіліктің сақталуын қамтамасыз ете отырып, жүргізілетін валюталық операциялар бойынша есепке алуды жүргізуге және есептілік жасауға;
Тармақша 5
5) валюталық бақылау органдарының анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптарын (нұсқауларын, нұсқамаларын, хабарламаларын) орындауға;
Тармақша 6
6) валюталық бақылау органдарына тексерулер жүргiзуi барысында өз үй-жайларына кіруді, құжаттарға және автоматтандырылған дерекқорға қолжетімділікті қамтамасыз етуге мiндеттi.
Тарау 6. 6-тарау. Төлем балансын қорғау жөніндегі шаралар
6-тарау. Төлем балансын қорғау жөніндегі шаралар
Бап 24. 24-бап. Төлем балансын қорғау жөніндегі шаралар
24-бап. Төлем балансын қорғау жөніндегі шаралар
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының төлем балансының орнықтылығына, ішкі валюта нарығының тұрақтылығына және экономикалық қауіпсіздігіне елеулі қатер төнген жағдайда, егер жағдайды экономикалық саясаттың басқа шараларымен шешу мүмкін болмаса, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісімен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен тиісті уәкілетті органдардың бірлескен ұсынуы негізінде жекелеген валюта операцияларын жүргізудің ерекше тәртібін көздейтін шаралар енгізілуі мүмкін. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шаралар Қазақстан Республикасы халықаралық бірлестіктерге (ұйымдарға) қатысу шеңберінде жасасқан және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес келуге тиіс.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шаралар уақытша сипатта болады және оларды енгізуді туындатқан мән-жайлардың жойылуына қарай күшін жояды.
Тармақ 3
3. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген шаралар рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізуді көздейтін болса, онда мұндай рұқсаттар мен хабарламаларға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші қолданылмайды.
Тарау 7. 7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 25. 25-бап. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
25-бап. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Бап 26. 26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Заң 2020 жылғы 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының жетінші абзацын қоспағанда, 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгiзiледі.
Тармақ 2
2. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж. № 11, 38-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 22-I, 140-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат) күші жойылды деп танылсын.