Об ограничении доступа населения и въезда транспорта в леса области Күшін жойған
Басқа 0
Облыс ормандарына халықтың баруын
және көліктің енуін шектеу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды қолданылу мерзімі өтіп кеткендігіне байланысты - ШҚО әкімшілігінің 25.01.2005 N 66 қаулысымен.
2002 жылғы сәуірден мамырға дейінгі кезеңде Шығыс Қазақстан облысының ормандарында 627 га орман алабын қамтыған 64 өрт шығу оқиғасы болды. Орман өрттерінің пайда болу оқиғаларының көпшілігіне отпен абайламаушылық себеп болуда.
Облыс ормандарында өрт шығу қаупі жоғары кезеңде орман өрттерінің пайда болуының және таралуының алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасы Орман Кодексінің 15 бабы 1 тармағының 6 тармақшасы мен 65 бабының 5 және 6 тармақшаларын, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабы 1 тармағының 2 және 9 тармақшаларын басшылыққа алып Шығыс Қазақстан облысының Әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Өрт шығу қаупі жоғары кезеңде 2002 жылғы 1 маусымнан бастап Шығыс Қазақстан облысының ормандарына халықтың баруы мен көліктің енуіне шек қойылсын.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқарма (Қалмақов А.Ғ.) орманшаруашылық объектілерімен, табиғи орман алқаптарымен, жасанды ағаш екпелерімен және мемлекеттік табиғи қорықтармен байланысты автожолдарда бақылау-өткізу пункттері мен кезекшіліктер қоюды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Шығыс Қазақстан облысы ішкі істер Бас басқармасы (Құнғожинов С.Т.) ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелермен бірлесіп облыс ормандарына апаратын автожолдарда патруль құруды қамтамасыз етсін. Облыс ормандарына көлікті өткізу және оған халықтың баруы тек ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелердің рұқсат құжаттары болған жағдайда ғана іске асырылсын.
Тармақ 4
4. Қалалар мен аудандардың әкімдері 2002 жылғы 30 мамырға дейінгі мерзімде оперативтік штабтар құра отырып, облыс ормандарына халықтың баруы мен автокөліктің енуін шектеу жөніндегі күштер мен құралдардың өзара іс-қимылының аудандық жоспарларын әзірлеп, бекітсін.
Тармақ 5
5. Шығыс Қазақстан облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқарма (Қалмақов А.Ғ.), ішкі істер Бас басқармасы (Құнғожинов С.Т.), өртке қарсы мемлекеттік қызмет (Коншу В.П.), ішкі саясат департаменті (Саиров Е.Б.) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халық арасында ормандарда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігі және
ормандардағы өрттердің алдын алу және профилактикасы жөніндегі шаралар
жүргізу туралы түсінік жұмысын жүргізсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінің орынбасары
Ю.П.Швайченкоға жүктелсін.