О повышении ставок единого земельного налога и базовых ставок земельного налога на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения в городе Атырау Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Атырау қаласында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге біріңғай жер салығының мөлшерлемелерін және жер салығының базалық мөлшерлемелерін
арттыру туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 509 бабы 5 тармағына, 704 бабы 3 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Атырау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Атырау қаласында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге біріңғай жер салығының мөлшерлемелері және жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау мәслихаттың аграрлық, сәулет, құрылыс, жер қатынастары, энергетика, тұрғын үй және автокөлік жолдары мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Қ. Джаумбаев).
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.