О мерах по реализации Закона Республики Казахстан "О государственных наградах Республики Казахстан" Күшін жойған
Басқа 0
"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру шаралары туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2007 жылғы 19 ақпандағы № 1 шешімімен.
"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2676 Заңына және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II Заңының 29 бабы 1 тармағы 3 тармақшасына сәйкес кандидатураларды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен наградтауға iрiктеу және ұсыну жөнiндегi жұмысты одан әрi жетiлдiру, оны талқылаудың алқалылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң жанынан Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен наградтауға ұсынылатын адамдардың құжаттарын қарау жөнiндегi комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. Мыналар бекiтiлсiн:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен наградтауға ұсынылған адамдардың құжаттарын қарау жөнiндегi Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң жанындағы комиссия туралы ереже (N 1 қосымша);
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен наградтауға ұсынылатын адамдардың құжаттарын қарау жөнiндегi комиссияның құрамы (N 2 қосымша).
Тармақ 3
3. Облыс әкiмi аппаратының ұйымдастыру-кадр жұмысы және бақылау бөлiмi:
Тармақша 1
1) наградалық құжаттардың комиссияның қарауына "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртiбi туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары мен олардың құжаттарын есепке алу мен сақтаудың тәртiбi туралы" нұсқаулықтарға қатаң сәйкес ұсынылуын қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) аталған Заң мен нұсқаулықтар талаптарының орындалу сапасын арттыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн, оны қалалар мен аудандар әкiмдерiнiң аппараттарына, облыстық басқармаларға, комитеттерге, департаменттерге сөзсiз орындау үшiн жiберсiн.
Тармақ 4
4. "Шығыс Қазақстан облысының Грамотасын белгiлеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң 1998 жылғы 22 шiлдедегi N 550 шешiмi 3 тармағының облыстық наградалық комиссияның құрамын бекiту бөлiгiнiң, "Шығыс Қазақстан облысының Грамотасын бекiту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң 1998 жылғы 22 шiлдедегi N 550 шешiмiне өзгерiстер енгiзу
туралы" облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 12 желтоқсандағы N 958 шешiмi 3
тармағының күшi жойылды деп есептелсiн.
Тармақ 5
5. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Т.Ж.Абайдiлдинге жүктелсiн.
Басқа 10. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен
наградтауға ұсынылатын адамдардың құжаттарын қарау жөнiндегi
Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң жанындағы комиссия туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң
2002 жылғы 20 мамырдағы N 1178
шешiмiне N 1 қосымша
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен
наградтауға ұсынылатын адамдардың құжаттарын қарау жөнiндегi
Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң жанындағы комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен наградтауға ұсынылатын адамдардың құжаттарын қарау жөнiндегi Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң жанындағы комиссия (осыдан былай - Комиссия) наградтау мәселелерi жөнiндегi ұсыныстарды алдын ала қарау және әзiрлеу, наградалық заңнаманың өмiрге енгiзiлуiне ықпал жасау үшiн облыстың мемлекеттiк органдары, мекемелерi, ұйымдары мен кәсiпорындары өкiлдерiнiң, депутаттардың қатарынан құрылады.
Тармақ 2
2. Комиссия төрағадан, төраға орынбасарынан, хатшы мен комиссияның 5-7 мүшелерiнен тұрады. Комиссия құрамын облыс әкiмi бекiтедi.
Комиссия төрағасы: Комиссия қызметiн ұйымдастырады және оған басшылықты жүзеге асырады, Комиссия отырыстарының күн тәртiбiн қалыптастырады, Комиссияның отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етедi, Комиссияның құзыры шеңберiнде өзге де өкiлеттiктердi орындайды.
Комиссия хатшысы: Комиссия отырысын өткiзудi қамтамасыз етедi, Комиссия мүшелерiн Комиссия отырысының күн тәртiбi, өткiзiлетiн орны мен уақыты туралы хабардар етедi, түскен құжаттарды Комиссия мүшелерiне ұсынады, Комиссия төрағасының тапсырмаларын орындайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңнамалық актiлерi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi мен осы Ереже Комиссия қызметiнiң құқықтық негiзiн құрайды.
Тармақ 3
3. Комиссияның функциялары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен наградтауға ұсынылатын адамдарға құжаттар қабылдау;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен наградтау туралы ұсынымдарды қарау;
Тармақша 3
3) наградаларға құқықтардың қалпына келтiрiлуi туралы өтiнiмдердi қарау;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы заңдылықтың сақталуына бақылауды жүзеге асыруға қатысу;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен наградтауға ұсынылатын адамдарды кеңiнен және ашық талқылауға ықпал жасау.
Тармақ 4
4. Комиссияның мынадай құқығы бар:
Тармақша 1
1) наградтауға ұсынылатын адамдардың қызметiмен танысуға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен наградтау туралы облыс әкiмiне ұсыныстар енгiзуге;
Тармақша 3
3) наградаларға құқықтарын қалпына келтiру туралы өтiнiмдер бойынша қорытындылар беруге;
Тармақша 4
4) мемлекеттiк органдардан, ұйымдар мен лауазымды тұлғалардан өзiнiң жұмысы үшiн қажеттi мәлiметтер, құжаттар, материалдар мен өзге де ақпараттар сұрауға;
Тармақша 5
5) наградтау заңнамасын қолдану мәселелерi бойынша қажет болған жағдайда мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың өкiлдерiн және лауазымды адамдарды шақыруға және тыңдауға;
Тармақша 6
6) мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ мекемелерге, ұйымдар мен кәсiпорындарға ерекше көзге түскен азаматтарды мемлекеттiк наградалармен наградтау мәселелерi бойынша ұсыныстар жiберуге;
Тармақша 7
7) азаматтарды наградтау туралы түскен ұсынымдар жөнiнде қорытындылар әзiрлеу үшiн қажет болған жағдайда ғалымдарды, мамандар мен сарапшыларды (келiсiм бойынша) тартуға.
Тармақ 5
5. Комиссияның отырыстары қажеттiгiне қарай өткiзiледi және оған Комиссия мүшелерi жалпы санының жартысынан астамы қатысқан жағдайда оның құқықтық күшi бар болып есептеледi.
Тармақ 6
6. Наградалық материалдардың түсуiн реттеу үшiн Комиссия мыналарды басшылыққа алады:
Тармақша 1
1) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мен орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлiмшелерi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен, Шығыс Қазақстан облысының Грамотасымен наградтау туралы, облыс әкiмiнiң алғысын жариялау туралы облыс әкiмiнiң атына тек өз қызметкерлерiне ғана ұсыным енгiзедi;
Тармақша 2
2) басқа барлық жағдайларда наградтауға ұсынымдарды мемлекеттiк органдар, кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер меншiк түрлерiне қарамастан қалалар мен аудандардың әкiмдерi арқылы енгiзедi.
Тармақ 7
7. Комиссия шешiмдердi отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылдайды. Комиссия шешiмдерi, сонымен бiрге сұрау салу тәртiбiмен де қабылдай алады. Дауыстар тең түскен жағдайда төрағалық етушiнiң дауысы шешушi болып табылады. Комиссия шешiмi хаттамамен ресiмделедi және оған Комиссия төрағасы қол қояды.
Тармақ 8
8. Комиссия қызметiн ұйымдастырушылық және ақпараттық қамтамасыз
етудi облыс әкiмi аппаратының ұйымдастыру-кадр жұмысы және бақылау бөлiмi
жүзеге асырады.
Облыс әкiмi аппаратының ұйымдастыру-кадр жұмысы және бақылау бөлiмi наградалық материалдарды Комиссияның қарауына тек Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң, ол болмаған кезде оның мiндетiн атқаратын тұлғаның бұрыштамасымен енгiзедi.
Комиссия хатшысының мiндеттерiн ұйымдастыру-кадр жұмысы және бақылау
бөлiмiнiң меңгерушiсi атқарады.
Шығыс Қазақстан облысының
әкiмi аппаратының басшысы
Басқа 33. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен
наградтауға ұсынылатын адамдардың құжаттарын қарау жөнiндегi
Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң жанындағы комиссияның
Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң
2002 жылғы 20 мамырдағы N 1178
шешiмiне N 2 қосымша
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен
наградтауға ұсынылатын адамдардың құжаттарын қарау жөнiндегi
Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң жанындағы комиссияның
ҚҰРАМЫ
Облыс әкiмi аппаратының
басшысы